Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


-бөлім. Су үсті қанатындағы кемелер корпусының конструкция



бет16/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129
5-бөлім. Су үсті қанатындағы кемелер корпусының конструкция

 

18. Жалпы талаптар

 

603. Осы бөлім су үсті қанатындағы екі аз жүктелген қанатты «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелерді мынадай сипаттамаларымен қамтиды:

Қаттылығы

 

I / (DL3) > 3•10-8                  (332)

 

жылдамдылығы



мұндағы І - кеменің ортаңғы бөлігіндегі эквивалентті брустың едәуір әлсіреген көлденең қимасының инерция сәті, м4;

D —кеменің жүкке су ығыстыруы, т;

L — кеме корпусының едәуір ұзындығы (осы Қағидаға 79-қосымша), м;



v — тынық судағы қанаттағы кеме жылдамдығының есебі, м/с.

604. Осы бөлім корпус жиынтығының және қондырманың бойлық жүйесін қарастырады.



Осы бөлімдегі кеменің төменгі терезе тіліктерінің жиегінен жоғарғы бөлігі қондырма деп саналады, ал соңғысы болмаған жағдайда - кеменің жоғарғы палубадан жоғары бөлігі.

605. Корпус және қондырма конструкциясын дайындау үшін осы Қағиданың 2-бөлімін қанағаттандыратын және стандарттарға сай аллюминді қоспалар қолданылу қажет.

606. Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын материалдарда мынадай есептер болу қажет:

1) кеменің жалпы беріктілігі;

2) кеменің жергілікті беріктілігі;

3) қанатты құрылғылар беріктілігі;

4) дірілдер.

607. Осы бөлімге сәйкес орындалған бір мезгілде Кеме қатынасы тіркеліміне есептерді ұсыну кезінде басқа да негізделген беріктілік есебінің әдістерін қолдануға рұқсат етіледі.

608. Әрбір жобаның бас кемесі беріктілік және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағадарлама бойынша дірілін тексеру мақсатында сыналу қажет.

Сынақ нәтижелері Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылу қажет.

609. Беріктілігі осы Қағиданың 19-бөлімі талаптарын қанағаттандыратын кеме мынадай толқын биіктігінде, м су ығыстыру жағдайымен жүзуге рұқсат етіледі:

 


Кеме сыныбы

толқын биіктігі, м

«О»

2,0

«Р»

1,2

«Л»

0,6

 

 

19. Жалпы беріктілік және орнықтылық есебі



 

610. Кеменің жалпы беріктілігі есепті толқын жағдайындағы қанатта жүру кезіндегі кесіп өту күшінің әрекетінің қалыпты және қатысты кернеу бойынша тексеру қажет.

Сондай-ақ конструкцияның бүтіндей және оның жекелеген элементтернің орнықтылығы тексерілу қажет.

611. Кеменің қанатта жүру кезінде толқынның есепті биіктігі, мынадан кем емес қабылдану қажет, м:



 

Кеме сыныбы

толқын биіктігі, м

«О»

1,3

«Р»

0,8

«Л»

0,4

 

612. Есепті иілу сәті, кНм, және кесіп өту күші кН, мына формуламен есептелу қажет(осы Қағидаға 80-қосымша):



 

Мр = Мт(1 + kмn)                     (334)

 

Np = Nт(l + kНn),                    (335)

 

мұндағы Мт, NT — тынық суда кеменің қанатта жүру кезіндегі қарастырылып жатқан көлденең қимадағы иілу сәті кНм, және, кесіп өту күші, кН;

kМ, kN — қарастырылып жатқан кеменің ұзындығы бойынша көлденең қиманың орналасуына қатысты және мынадай формуламен анықталатын коэффициенттер:

 

kм = 1- 0,040j;                     (336)

 

kN = 0,7 - 0,015j,                   (337)

 

мұндағы j - есепті шпангоут нөмірі:

шеткі шпангоут алдыңғы жағы үшін j = 0,

шеткі азық үшін j = 20;

n - жүктеменің қосымша есебі (мұрындық қанаттық құрылғысы үстіндегі қимадағы қосымша жеделдету қатынасы кеменің қанатқа кіруі кезінде бос құлауды жылдамдату есепті толқын шарты)

n - мәні прототип немесе моделді сынау нәтижелері бойынша анықтау қажет. Егер мұндай жағдайда болмаған кезде оны мына формула бойынша анықтайды рұқсат етіледі



Dпр — келтірілген су ығыстыру, т:

 



lн — кеменің ауырлық орталығының алдыңғы жақты қанатындағы күшті қолдау қосымшасы нүктесінен ауытқуы (О нүктесін осы Қағидаға 80-қосымша);

к — мыналарға тең коэффициент:

h = 1,5 м үшін 0,035;

h = 1,3 м үшін 0,030;

h = 0,8 м үшін 0,020;

h = 0,4 м үшін 0,010.

m — осы Қағидаға 81-қосымша бойынша түптің киловатының есепті бұрышына байланысты А - А қима (осы Қағидаға 82-қосымша) анықталатын коэффициент;



vв — есепті толқын шарттарында қанаттағы кеме жүрісінің жылдамдығы, мына формуламен анықталады, км/ч;

 

vв = 0,85v,                      (340)

 

мұндағы v — тынық судағы қанаттағы кеменің жылдамдығы, км/ч.

Толқын биіктігінің аралық мәндерінің коэффициенті к сызықтық интерполяция көмегімен анықталады.

vв және к мәндері моделді сынау мәліметтері немесе кеме - прототип бойынша нақтылау қажет.

Осы Қағиданың 334 және 335 формуласындағы n мәні аз қабылданбауы тиіс:

 

h = 1,5м үшін 1,0

h = 1,3м үшін 0,9

h = 0,8м үшін 0,6

h = 0,4м үшін 3

 

Кеменің қанаттағы жүрісі кезіндегі есепті толқын биіктігін таңдау (кеменің тиісті сыныбына сәйкес диапазон биіктігінде) жобалаудың техникалық тапсырмасы негізінде жүргізілу қажет. Бұл толқын биіктігі кеменің қанаттағы қозғалысының шектеуіші болып табылады және Пайдалану бойынша нұсқаулыққа енгізілу қажет.

613. Иілу сәттерін МТ және кесіп өту күшін NT есептеу кезінде мынадай нұсқауларды орындау қажет:



1) қисық жүктемелерді жалпы қабылданған тәсілдермен тік тұратын 21 кем емес ордината бойынша жасау керек;

2) қанаттарды қолдау күшінің семпті мәні, кН, мына формула бойынша анықталады:

алдыңғы жақты қанаты үшін

 

Fтн = 9,81(D - Fтк),                 (341)

 

қ қанаты үшін

 

Fтк = 9,81Dlн/l0;                    (342)

 

мұндағы l0 — алдыңғы жақтағы және артқы жақты қанаттар арасындағы күшті қолдау қосымшасы нүктесінің аралығының арақашықтығы,м;

3) қанаттарды қолдау күші қосымшасының нүктелері Fтн және Fтк осы Қағидаға 79-қосымшаға сәйкес анықталады;

4) қанаттарды қолдау күші FTH және FTK алдыңғы жақты (артқы жақты) қанаттарының бағаналарының кеме бойындағы ұзындығына байланысты шпация есебі бойынша бөледі.

614. Кеменің жалпы беріктілігін тексеру (осы Қағидаға 78-қосымша), едәуір қалыпты кернеу күтілетін Қалыпты кернеу бойынша қималарда жүргізілу тиіс:



І - І, қимада, едәуір иілу сәттерінде;

Кеменің ортаңғы бөлігіндегі II - II және III - III әлсіз қималарды;

IV - IV қималарда, қондырма дуалының жалпы участкісінің қанатты құрылғысынан болмаған жағдайда, құрылғының алдыңғы жақты қанаты ауданындағы.

І - І қималардағы есепті иілу моменті II - II немесе III - III қималардағы моментерден 10% кем айрықшаланатын болса, І - І қимасының жалпы беріктілік есебін жүргізбеуге болады.

615. І - І, II - II және III - III қималарда эквивалентті брустың қарсыласу моментін анықтау кезінде корпус және қондырманың байланысы, ал IV - IV — қимада тек корпус байланысын ғана ескеру қажет.



Егер қондырма тойтарылған, ал корпус пісірілген болса, қондырманың байланысы эквивлентті брусқа 0,9 коэффициентпен енгізілу қажет.

616. Терезе тіліктері жиі орналасқан жағдайда, қондырмаларда ұзындығы терезе биіктігінен 20% кем емес асатын екі шеткі (осы Қағидаға 78-қосымша) қондырма дуалының жалпы участкісі қарастырылу немесе кеменің жалпы иілуінде қондырманың қатысуын болдырмайтын конструктивті шаралар орындалуы қажет.

617. Қысылған пластиндер эквивалентті брус құрамына редукциялық коэффициентпен енгізіледі

 

φ = σкрσ ≤ 1,                       (343)



 

мұндағы σкрσэ/ReH, қатынасына байланысты осы Қағидаға 71-қосымша бойынша анықталатын қысылған пластиннің өлшемді қалыпты кернеуі;

мұндағы σэ - бойлық жиынтық жүйесінде осы Қағиданың 305-формуласы бойынша пластиннің эйлерлы қалыпты кернеуін анықтау қажет, МПа

σд — кеменің жалпы иіліндегі рұқсат етілетін қалыпты кернеу.



 

0,25а кезінде a/t ≤ 80,         (344)

 

20t кезінде a/t > 80,          (345)

 

Мұндағы а - бойлық белдеме арасындағы арақашықтық;

t - пластин қалыңдығы.

618. Эквивалентті брустың шеткі байланыстарындағы есепті қалыпты кернеу мына формуламен анықтау қажет:



 

σв = 10Мр/Wв;                                                (346)

 

σн =10Мр/Wн;                                                (347)

 

мұндағы σв, σн — эквивалентті брус жоғарғы және төменгі байланыстарындағы кернеу есебі, МПа;

σв, σн —мыналарға тең коэффициенттер:

қондырма дуалының жалпы участкісінен өтетін қималар үшін, сондай-ақ IV-IV қималар үшін (осы Қағидаға 78-қосымша) - 1,0;

терезе тіліктері ауданындағы қималар тиісінше - 0,85 және 1,40;

Мр — қарастырылып жатқан көлденең қимадағы есепті иілу сәті (осы Қағиданың 612-тармағы);

WB, WH — эквивалентті брус жоғарғы және төменгі байланысына арналған қарсыласу сәті (осы Қағиданың 615-тармағы);

Тойтарылған қондырмада және пісірлген корпуста аъ коэффициентін 10% төмендету керек.

619. Қатысты кернеу бойынша жалпы беріктілікті тексеру, ең үлкен қатысты кернеу күтілетін қималарда жүргізілу қажет:



Әлсіреген қималардағы ең үлкен кесіп өту күші әрекет ететін V - V және VI - VI (осы Қағидаға 78-қосымша) қималарда;

қондырма дуалдарының шеткі жалпы участкісіндегі қималарында.

620. Есепті қатысты кернеулер мына формуламен анықталуы қажет, Мпа:



 

τ = 10NрS/(IΣt),                     (348)



 

мұндағы Nр — көлденең қимадағы есепті кесіп өту күші, кН;

І - эквивалентті брус қиамсындағы инерция сәті, м4;

S - нейтралды осьтен жоғары немесе төмен орналасқан, осы оске қатысты алынған эквивалентті брус қимасы бөлігінің статистикалық сәті, см3;

Σt - корпус борттарының қаптама қалыңдығының сомасы немесе эквивалентті брустың нейтралды ось деңгейіндегі қондырма дуалы, см.

621. Терезелік немесе есік тіліктерімен әлсіреген қималарда, есепті қатысты кернеу τ осы Қағиданың 348-формуласы бойынша тіліктен жоғарғы қондырма бөлігін ескермей анықтау қажет.

622. Қондырма дуалдарының шеткі жалпы участкілері бойынша есепті қатысты кернеу τ', МПа, осы Қағиданың 620-тармағы талабына сәйкес және формула бойынша есептелгеннен үлкенінне тең деп қабылданады

 

τ' =σв f/ktс,                  (349)



 

Мұндағы σв - II — II қимадағы (осы Қағидаға 78-қосымша) қондырма палубасындағы есепті кернеу, МПа;

f - қысқартуды ескеріп II - II қимадағы терезе тідіктерінен жоғары қондырманың бойлық байланыстарындағы көлденең қиманың ауданы, см2;

k - мыналарға тең коэффициент:

қанатты құрылғы ауданында орналасқан, қондырма дуалының шеткі жалпы участкісі үшін - 3,0;

кеменің ортаңғы бөлігінде орналасқан, қондырма дуалының шеткі жалпы участкісі үшін - 1,5;

t, с - қарастырылып жатқан қондырма дуалының шеткі жалпы участкісіндегі тиісті қалыңдығы және ұзындығы,см.

623. Өлшемдік қалыпты кернеулер мына шарттарды қанағаттандыру қажет:



қондырма палубасының бойлық қабырғасы үшін қондырма

 

σкр/ σ≥1,5,                     (350)



 

σкр/RеН≥0,7                     (351)



 

мұндағы σкр - қондырма палубасының бойлық қабырғасы, Мпа.

RеН - түпкі бойлық қабырғасы материалының ағымдағы шегі, МПа.

Қабырғаның σкр сыни қалыпты кернеуі, қабырға ұштары бойынша еркін тірелген деп саналғандағы σэ/RеН мұндағы σэ - қабырғаның эйлерлік қалыпты кернеу қатынасына байланысты осы Қағидаға 71-қосымша бойынша анықталады.

624. Корпус борты қаптамасының пластинінің элерлы қатысты кернеуі және қондырма қабырғасы шартты қанағаттандыруы қажет



 

τэ/τ≥1,5,                     (352)



 

мұндағы τ— қимадағы пластиннің есепті қатысты кернеуі.

τэ пластиндерді анықтау кезінде контур бойынша еркін тірелген деп санау керек.



 

 

20. Жергілікті беріктілік есебі



 

625. Түпкі қаптаманың пластин және түптің бойлық қабырға беріктілігін тексеру үшін кеменің ұзындығы бойынша есепті арынмен берілген жергілікті жүктеменің мәні мынаған тең деп қабылдану қажет (осы Қағидаға 83-қосымша):



Ро - нөлдік есепті шпангоуттен А — А қимасына дейінгі участкідегі жүктеме (осы Қағидаға 82-қосымша),



ро - 10 м шпангоут есебінде;

0,7 ро - 20 м шпангоут есебінде,

мұндағы а — қатынасына байланысты осы Қағидаға 84-қосымша бойынша анықталатын коэффициент (мұндағы  - 10-шы есепті шпангоуттағы және А - А қимасында осы Қағидаға 82-қосымшада көрсетілгендей өлшенген бұрыштар).



Кеменің ұзындығы бойынша А қимасының аралығында 10, 20 шпангоутта орналасқан есепті арындардың мәнін (осы Қағидаға 83-қосымша) сызықты интерполяция анықтайды.

Түптің ені жөніндегі есепті жүктеме тең бөлінген болып қабылдану қажет.

Толқынның есепті биіктігіне (кеменің қанатта жүрісі кезінде) h жобаланған кемелер үшін коэффициент мәні к мыналарға тең:

 

h = 1,5 м кезінде 0,035;

h = 1,3 м кезінде 0,030;

h = 0,8 м кезінде 0,020;

h = 0,4 м кезінде 0,015.

 

Толқын биіктігінің аралығына жобаланған кеме үшін коэффициент к мәнін сызықты интерполяция анықтайды.

Dпp, vв және т мәндері осы Қағиданың 586-тармағында көрсетілгенге сәйкес есептеледі

626. Арынмен берілген 0,5 р, тең флорлардың және түпкі жабулардың беріктігі бірқалыпты бөлінген жүктеменің әрекетіне тексерілу қажет, мұндағы р — қарастырылып жатқан флорға арналған немесе флор жабуының ұзындығы бойынша орташасына арналған арын (жабуды есептеу кезіндегі) осы Қағиданың 589-тармағына сәйкес.

627. Қаптамаға және кеме бортының жиынтығына есепті жүктеме трапеция бойынша борт биіктігі бойынша бөлінген және терезе тіліктерінің төменгі жиегі деңгейінде 3 кПа бастап 0,5 р қаңқа деңгейіне дейін тең деп қабылдану қажет, мұндағы р - қаптама және бойлық қабырғаға арналған 589-тармағына сәйкес және шпангоут және борттық жабуға арналған осы Қағиданың 600-тармағына сәйкес анықталатын арын.

628. Есепті жүктеме мынадай арындармен берілу қажет:

жолаушылар және командаларды тасымалдауға арналған палуб және платформа үшін, сондай-ақ отырғызу кезінде жолаушылар табылатын қондырма палубаларының участкілеріне арналған - 5 кПа;

жолаушылар үшін кресло орналастыру ауданындағы палуб үшін - 3,5 кПа;

қондырма палубалары үшін - 3 кПа.

Осы жүктемелер қаптамаға және негізгі жазықтықққа жанасатын бұрыш аралығы 30о кем құрамайтын сызықпен шектелген палуба участкілеріне қабылдану қажет.

629. Қондырма палубаларының бимстері және жартылай бимстері мына формуламен анықталған иілу сәтінің әрекетіне тексерілу қажет, кНм:



 

Мб = 9,81•102kбdВ2,                  (354)

 

мұндағы kб - осы Қағидаға 84-қосымша бойынша анықталған коэффициент;

В — палуба бойынша кеменің ені, м.

Иілу сәтін анықтау кезінде, бимс үшін d мәнін, мынаған тең деп қабылдау қажет,м:

Тек қана бимстерді орнату кезінде

 

d = 0,500(d1+ d2)                    (355)

 

кезектесетін бимстерді және жартылай бимстерді орнату кезінде

 

d = 0,375(d1 + d2),                  (356)

 

мұндағы d1, d2— қарастырылып жатқан бимстан бастап оған жақын бимстерге немесе көлденең аралықтарға дейінгі арақашықтық, м.

Жартылай бимс үшін иілу сәтін анықтау кезінде d мынаған тең деп қабылдау керек:

 

d = 0,500(d1' + d2'),                (357)

 

мұндағы d'1, d'2 — қарастырылып жатқан жартылай бимстан бастап оған жақын бимстерге немесе көлденең аралықтарға дейінгі арақышықтық, м.

Бимстердің және жартылай бимстердің өлшемін бірқалыпты бөлінген және 0,15d, кН/м тең жүктемені қабылдап анықтауға рұқсат етеді.

Көлденең қиманың белдікпен жалғасқан бимстер және жартылай бимстерінің инерция сәттері см4, мынадан кем болмау қажет:

 

І = 0,55dB3.                      (358)

 

630. Қарсы дуалдарға есепті арын және қондырма терезелері мыналарға тең деп қабылдану қажет:

      Кеме сыныбы          есептік арын, кПа

          «О»                   20

          «Р»                   10

          «Л»                    5

Борттық дуалдар және қондырма терезелері үшін есепті арын 3 кПа тең деп қабылдану қажет.

631. Су өткізбейтін көлденең аралықтарға есепті жүктеме үшбұрыш бойынша бөлінген және кеменің түп деңгейіндегі кеменің түбінен аралықтар палубасына дейінгі қашықтыққа тең, ал аралықтар палубасы болмаған жағдайда - су ығыстыру жағдайындағы екі еселенген кеменің орташа отыруына тең берілген ең көп арын бойынша қабылдану қажет.

632. Цистерналарды шектеуші конструкцияға есепті жүктеме, трапецияның биіктігі бойынша бөлінген және қашықтығы цистерна түбінен әуе құбырының жоғарғы ұшына тең цистерна түбінің деңгейінде ең көп арынмен берілген деп қабылданады.

633. Осы бөлімдегі пластин жүктемесіне қабылданған беріктілікті есептеу кезінде абсолютті қатты және формасы өзгертілмейтін тіреу контурына қатты бекітілген деп санау керек.



Жергілікті беріктілікті есептеу кезіндегі бойлық қабырға қаттылығын қатты бекітілген деп санау керек.

634. Жиынтық белдемінің көлденең қимасы ауданындағы элементтерді анықтау жалғасқан белдіктер немесе төсенішті ескеріп жүргізілу қажет.



1) қаптамамен тікелей жалғасқан байланыстар үшін, жалғасқан белдік ені с мыналарға тең деп қабылдау қажет:

 

a/t ≤ 80 болғанда с = 0,5а;                (359)

 

a/t > 80 болғанда с = 40t,                 (360)

 

мұндағы а — бір атаулы байланыстар аралығының орташа қашықтығы,

t — қаптама және төсеніш қалыңдығы.

Барлық жағдайлардағы жалғасқан белдіктер ені есепті белдем 1/6 аралығынан аспау қажет.

2) бойлық қабырға қаттылығының жоғары жағына қарай жүретін байланыстар үшін (аспалы жиынтық жүйесі) жалғасқан белдік ені нөлге тең деп қабылдану қажет.

635. Жиынтық белдемінің орнықтылығын есептеу кезінде олардың қимасының ауданын анықтау үшін жалғасқан белдіктер ені бір атаулы белдіктер арлығының орташа қашықтығына тең деп қабылдау, ал белдемнің көлденең қимасының инерция сәтін анықтау кезінде жалғасқан белдік ені осы Қағиданың 634-тармағына сәйкес тағайындалу қажет.

636. Докқа қою немесе кранмен көтеру кезіндегі кеменің жергілікті беріктілігінің есебі конструкциямен жүргізілу қажет есепті кернеу қатынасы бойынша 1,5 артық қор коэффициенті қамтамасыз етілу қажет.

637. Корпустық конструкциясының жергілікті беріктілік және орнықтылық есебі қанаттық құрылғыларды бекіту жеріндегі осы Қағиданың 613-тармағында көрсетілген жүктеме үшін жүргізілу қажет.

638. Терезе аралығының маңдайшаларының өлшемі мынадай арақатынастың біреуін қанағаттандыру қажет:

 

h0 / b0 > 5;                         (361)

 

h0 / b0 < 2,5,                       (362)

 

мұндағы h0 - маңдайша биіктігі (терезе), м;

b0 - маңдайша ені (терезе аралығының қашықтығы), м.

Терезе қималарының дөңгелену бұрышының радиусы мынадан кем болмауы тиіс, м,

 

r = 0,15h0.                         (363)

 

 

21. Қанаттық құрылғылардың беріктілік есебі



 

639. Қанаттық құрылғы өзек қимасының ұзындығы бойынша ауыспалы рама және корпуста тіректері қатты бекітілген сияқты есептелу қажет.

Қанаттық құрылғылардың беріктілігі тік күшпен берілген және мыналарға тең жүктеме әрекетіне тексерілу қажет,

алдыңғы жақты қанаты үшін

 

Рн = kFтн;                         (364)

 

артқы жақты қанат үшін

 

Рк = 0,75kFтк,                       (365)

 

мұндағы к — толқынның есепті биіктігіне жобаланған кемелерге тең коэффициент (кеме қанатта жүрген кезде):

h — 1,5 м болғанда 2,2;

h — 1,3 м болғанда 2,0;

h — 0,8 м және төмен болғанда 1,8

Fтн, Fтк - осы Қағиданың 341 және 342 формулалары бойынша анықталатын алдыңғы жақты және артқы жақты қанаттардағы қуаттау күштері.

Толқынның аралық биіктігі үшін к мәні сызықтық интерполяциямен анықталады.

Қанаттық құрылғылардың беріктілігі сондай-ақ Fтн және Fтк күштердің біріккен әрекетіне және шоғырланған көлденең күшпен берілген тіректердің қанатпен біріккен жерінде қосылған мынаған тең әрекет ететін көлденең жүктемеге тексеру қажет, кН

 

Рс = 20,59 • 10-32 / l0,                (366)

 

мұндағы l0 - алдыңғы жақты және артқы жақты қанаттардағы қуаттау күшінің қосымша нүктесінің аралығының арақашықтығы, м.

Тең әрекет ететін Рс қанат тірегінің аралығына олардың тиелген ауданының диаметралды жазықтығының проекциясына пропорционалды бөлінген болу қажет.

FTH, FTK, PH және Рк күштер қанаттар қарқыныны бойынша бірқалыпты бөлініп қабылдану және олардың төменгі жазықтығына нормалды бағытталу қажет осы Қағидаға 85-қосымшаға сәйкес.

640. Қанаттардың қуысындағы қаптама пластинінің эйлерлік кернеулері Рн және Рк жүктемеге қанаттық құрылғыларды есептеуден алынған кернеуден кем болмау қажет.

641. Қосымша алдыңғы жақты қанаттарының беріктілігіжәне жабылуы Q, кН, тік күшпен берілген жүктеме әрекетіне тексерілу қажет:



 

Q = 0,49kcyv12Sl,                    (367)

 

мұндағы v1 - тынық судағы қосымша қанатқа шығу жылдамдығы, м/с;

cy - атаканың , бұрышында қосымша алдыңғы жақты қанатына шығуына тиісті көтеру күшінің коэффициенті;

                         (368)

 

мұндағы  - қосымша қанаттың және жабудың орнату бұрышы;

 - тынық суда қосымша тұмсық қанатының шығу кезіндегі дифферент бұрышы;

- қосымша қанат және жабылу қырының нөлдік көтеру күшінің бұрышы;

к — осы Қағиданың 637 тармағы талабына сәйкес анықталатын коэффициент,



S1- қосымша алдыңғы жақты қанатының немесе жабылудың ауданы, м2.

Экспериментальды мәліметтер болмаған жағдайда қабылдауға рұқсат етеді:

 

kcy = 1                             (369)

 

v1 = 0,7v.                           (370)

 

 

22. Рұқсат етілетін кернеулер нормасы және ең аз қалыңдықтар



 

642. Жалпы және жергілікті беріктілікті есептеу кезіндегі рұқсат етілетін қалыпты кернеу σд, осы Қағидаға 87-қосымшада көрсетілген мәндердің ең азына тең қабылдану қажет (ағымдылық шегінің бөлшегінде немесе материалдың уақытша қарсыласуы Rm).

643. Рұқсат етілетін жанама кернеулер σд тиісті рұқсат етілетін қалыпты кернеудің 0,57 тең деп қабылдану қажет:

 

σд = 0,57 σд                         (371)



 

644. Конструкция элементінің (пиллерстің, көлбеудің) аумалы қалыпты кернеуінің мәні есепті жүктемеден алынған екі еселенген қалыпты кернеуден кем болмау қажет.

645. сыртқы қаптаманың табақшаларының, палубалар төсенішінің және материал маркасынан тәуелсіз аралықтар қаптамасының қалыңдығы осы Қағидаға 88-қосымшада көрсетілгеннен кем болмау қажет.

 

 

23. Діріл есебі және нормалары



 

646. Жергілікті дірілді тексеру артқы жақты ұш ауданындағы және машинналық бөлімдегі жекелеген кемелік корпус конструкциялары, сондай-ақ артқы жақты қанаттық құрылғы және еспелі біліктің кронштейндері үшін виброметрді қолдануға міндетті.

647. Жекелеген конструкцияның еркін тербелісі жиілігінің резонансының алдын алу үшін негізгі пайдалану режимінде ауытқу күшінің жиілігінен аспау қажет (кеменің қанаттардағы және суы ығыстыру жағдайымен жүруі):



1) артқы жақты қанаттық құрылғы үшін және еспелі білік кронштейндері үшін - еспелі бұранданың айналу жиілігі 30% кем емес.

1Бос тербелу жылдамдығы үстіндегі қанатты қондырғылардың қарсыласу күші жылдамдығын асыру рұқсат етіледі;

2) қуыс қанаттарының пластині үшін - еспелі бұранданың айналу жиілігі және оның қалақ санына көбейтілген еспелі бұранданың айналу жиілігі 50% кем болмау;

3) артқы жақты ұшындағы корпус түбінің қабырға қаттылығы және пластин үшін - еспелі бұранданың айналу жиілігі және оның қалақ2 санынына көбейтілген еспелі бұранданың айналу жиілігі тиісті 50 және 30% кем емес.

2Бестен аз еспелі бұранда қалақтарының саны кезінде тексеру іске асады;

4) пластин және машиналық бөлім ауданындағы корпус жиынтығы үшін - буынды біліктің айналу жиілігі және екі еселенген басты және қосымша қозғалтқыштардың буынды білігінің айналу жиілігі тиісті 50 және 30% кем болмау қажет.

648. Осы Қағиданың 647-тармағында регламенттелгенмен салыстырғанда жиіліктің әртүрлілігін төмендету діріл кезінде амплитуда және кернеу рұқсат етілгеннен аспайтынына көрсететін негізделген мәліметтер ұсынылған жағдайда рұқсат етілуі мүмкін (осы Қағиданың 649 және 650-тармағы).

649. Корпус пластинінің орталығындағы дірілдің рұқсат етілген амплитудасы, мына формула бойынша анықталған мәннен аспау қажет, мм:

 

Aд = kt(a/100t)2,                    (372)

 

мұндағы к — мыналарға тең коэффициент:

бірыңғай екі жақты тігіспен контур бойынша пісірілген және жиынтыққа шегеленген пластин үшін — 2,90;

бірыңғай бір жақты немесе үзік-үзік екі жақты тігіспен контур бойынша пісірілген пластин үшін — 1,45;

a — пластиннің қысқа жағы, см;

t — пластин қалыңдығы, см.

650. Жиынтық дірілі мүмкін болып саналады, егер өлшенген немесе өлшенген амплитуда бойынша есептелген ең үлкен кернеу 20 МПа аспаса.

651. Қозғалтқыштар негізін орнату, корпусқа қанатты құрылғыларды бекіту жерлерінде және жүріп тұрған қысым әрекеті ауданындағы тірек контуры бойынша бұрандадан пластинді пісіру бірыңғай екі жақты тігіспен орындалу қажет.

 

 

6-бөлім. Қалқымалы кемелердің корпустарының конструкциясы



 

24. Жалпы талаптар

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет