Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет17/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   129
§ 1. Тарлау салалары

 

652. Осы бөлімнің талаптары скегты және қосмекенді типті қалықтау режимінде қозғалуға қабілетті және су бассейндерінің «О», «Р» және «Л» разрядты шартында жүзетін және мына талаптарды қанағаттандыратын әуе көпшігіндегі жолаушылар, жүріп-тұратын және жүк кемелеріне қолданылады:

 

EI /(DгL) > 13;                      (373)

 



мұндағы Е — қалыпты серпімділік модулі, кПа;

І — жалпы иілуде берік қондырманың толық қатысуында есептелген көлденең қиманың инерция сәті, м4 (берік емес қондырмамен СВП үшін - корпустың көлденең қимасының инерция сәті);

g — еркін құлауды жылдамдату, м/с2.

Скегокты СВП үшін осы бөлімнің талаптары басты өлшемдерінің қатынасы мыналарға қанағаттандыратын кемелерді қамтиды:

 

L/H < 20;                            (375)

 

L/В = 3 ч 6;                         (376)

 

Н/hск = 2 ч 3.                       (377)

 

653. Осы бөлімнің талаптары аллюминий қоспадан орындалған, осы Қағиданың 2-бөлімі талаптарын қанағаттандыратын және стандарттарға сәйкес СВП қамтиды.



 

 

§ 2. Есептеу көлемі



 

654. Осы бөлімде скегокты және қосмекенді типті кеме корпустарының мүмкін болатын лайықсыз жүктелу жағдайы қарастырылады. Жобаланып жатқан кеме үшін есептеулердің нақты көлемі (жалпы көлденең беріктілік есебі қажет болғанда) кеменің конструкцияны ерекшелігіне байланысты жобалаушымен анықталады.

Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынылатын материалдарда кеме корпусының жалпы және жергілікті беріктілігін бағалау үшін қабылданған есептеулер көлемінің жеткіліктік негізі келтірілу қажет.

655. Осы бөлімге сәйкес орындалған есептермен, есебін Кеме қатынасының тіркеліміне бір мезгілде ұсынған жағдайда басқа да негізделген беріктілік есептерінің тәсілін қолдануға рұқсат етеді.

656. 1% қамтамасыз етілген толқынның есепті биіктігі әртүрлі кеме сыныптары үшін мыналарға тең қабылданады:

            Кеме сыныбы            h толқынның есепті биіктігі

                                   1%-тік қамтамасыз етілу, м

                «О»                         2,0          /

                «Р»                         1,2          /

                «Л»                         0,6

Қалықтау және жүзу режиміндегі толқынға СВП қозғалысы кезіндегі есепті жылдамдық кеме жобасына техникалық тапсырмамен беріледі.

657. Басты кемелер Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша жобалауға қарастырылған техникалық тапсырма шартымен, корпус беріктілігін тексеру мақсатында сыналу және Сынау нәтижелері Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылу қажет.

658. Беріктілік шарттары бойынша рұқсат етілген толқын парметрлері және оларға тиісті қалықтау және жүзу режиміндегі СВП қозғалысының жылдамдығы басты кемені сынау негізінде нақтыланады.

 

 

§ 3. Анықтама және түсініктеме



 

659. Осы бөлімде қондырма деп кеменің төменгі терезе тілігінің жиегінен жоғары бөлігі саналады, ал соңғысы болмаған жағдайда - кеменің жоғарғы палубадан жоғарғы бөлігі.

660. Артық жүк деп қарастырылып жатқан СВП корпусының нүктесіндегі қосынды тік жылдамдатудың еркін құлау жылдамдығына қатынасы айтылады.

661. Осы бөлімде мынадай белгілер қабылданған:

L — су ығыстырғыш жағдайдағы конструктивті ватерсызық бойынша кеме ұзындығы, м;

В — конструктивті ватерсызық бойынша мидель-шпангоут қимасындағы кеменің ені, м;

Н — скегоктардың төменгі шетінен қондырма сызығына дейін өлшенген, осы Қағиданың 659-тармағына сәйкес анықталған, мидель-шпангоут бойынша қимадағы борт биіктігі, ал қондырмасыз кемелер үшін - жоғарғы палубаға дейін, м;



Т - скегоктрадың төменгі жиегінен бастап конструктивті ватерсызыққа дейін өлшенген (соңғысы болмағанда - түптен бастап ) су ығыстырғыш жағдайдағы кеменің отыруы, м;

Dг - толық жүкпен кеменің су ығыстыруы, т;

DCK - кеменің есепті су ығысытыруына сәйкес скегоктардың жиынтық су ығыстыруы, D, т;

bск - Dск < D болғандағы түп деңгейіндегі және DCK > D, болғандағы конструктивті ватерсызық деңгейіндегі скеганың ені, м;

hск - скегактың биіктігі, м;

lо - кеменің ауырлық орталығының артқы жақты перпендикулярдан ауытқуы, м;

v - тынық суда қалқу режиміндегі кеменің есепті жылдамдығы, м/с;

LBn - әуе көпшігінің ұзындығы, м;

Fвп - әуе көпшігінің ауданы, м2;

рвп - әуе көпшігіндегі қалыпты қысым, МПа.

 

 

25. Беріктілік және орнықтылық есебі



 

§ 1. Жалпы иілудегі және бұрылудағы есепті жүктеме

 

662. СВП корпусының жалпы иілуін және бұрауын шақыратын есепті жүктеме, мынадай шарттар үшін анықталады:

1) есепті толқындағы қалықтау режиміндегі қозғалыс;

2) есепті толқындағы жүзу режиміндегі қозғалыс;

3) жағалауға шығу (тіректерге қою);

4) кранмен көтеру.

663. Осы Қағиданың 662-тармағында көрсетілген жағдай үшін, СВП конструктивті және пайдалану ерекшелігіне байланысты, жүктеменің едәуір мүмкін лайықсыз жағдайы қарастырылуы қажет.

664. СВП корпусының жалпы иілуін және бұрауын шақыратын есепті жүктеме, кеменің ауырлық орталығында өлшенген G ең үлкен артық жүктеме бойынша анықталады (осы Қағиданың 89-қосымшасы). Толқында СВП қозғалысы кезіндегі артық жүктеменің мәні жобаланушы кеменің моделді сынағының нәтижесі бойынша немесе прототип бойынша (қозғалыстың әрбір режиміне және корпустың жалпы деформациясының әр түріне жекелеп) анықталу қажет.

Басқа нүктелердегі артық жүктемені мәні мына формуламен анықталады:



мұндағы μ1, μ2 - осы Қағидаға 89-қосымша бойынша анықталатын коэффициенттер.

x1, x2, у1, у2 - осы Қағидаға 88-қосымша сәйкес ішкі күштердің координаттары;

Xg - кеменің ауырлық орталығының абциссасы;

х, у - артық жүктеме есептелетін нүкте координаттары;

p1 - ауырлық орталығы арқылы өтетін көлденең оське қатысты кеме көлемінің инерция радиусы, м;

p2 - ауырлық орталығы арқылы өтетін бойлық оське қатысты кеме көлемінің инерция радиусы, м;

ng - кеменің ауырлық орталығындағы артық жүктеме.

Ауырлық орталығында артық жүктеменің бойлық беріктілігін есептеуге арналған қажетті мәліметтер болмағанда қалықтау режиміндегі СВП-ны жобалаудың алғашқы сатысында мына формуламен анықтау ұсынылады:

665. Артық жүктеменің мәні басты кемені осы Қағиданың 657-тармағына сәйкес кейіннен артық жүктеменің нақты көлемінен туындайтын беріктілік есебін түзетумен сынау кезінде айқындалады.

666. Қосымша схемасы және ішкі күштердің СВП қозғалысы кезіндегі қалықтау және жүзу режиміндегі толқынға қатынасы осы Қағидаға 89 және 90-қосымшаға сәйкес қабылданады.

Ішкі күштердің мәні тең қабылданады, кН:

 

Р1 = 9,81 μ1Dпg;                     (380)

 

Р2 = 9,81 μ2Dпg.                     (381)

 

667. СВП тірекке орнату және кранмен көтеру кезіндегі есепті жүктеме тірек және рамаларды орналастыру схемасынан туындап анықталады. Сонымен бірге кемені тоқтатылмаған тік жылдамдықпен тіреуге отыру мүмкіндігін, сондай-ақ кранмен көтеру кезінде жүктеме қосымшасының серпінділігін ескеру қажет. Артық жүктеме ng коэффициенті 1,25 тең деп қабылданады.



Тіреулерді және рамаларды орналастыру схемасы мүмкіндігінше СВП - қимасындағы иілу сәттері жүктеменің тиісті пайдалану жағдайындағы мәннен аспайтындай етіліп қабылдану қажет.

668. СВП бойлық майысуындағы Жалпы иілу моменттері M және кесіп өту күштері N қарастырылып жатқан көлденең шпация орталығындағы және осы Қағиданың 638 - 641-тармағына сәйкес есептелген қуаттау күшінің артық жүктеме коэффициентіне ng көбейтілген әртүрлі салмақ күштерін көрсететін g(x), қисық есепті жүктемені ықпалдаумен есептелу қажет.

669. Жобалаудың алғашқы сатысындағы бойлық майысудағы СВП миделіндегі қосынды иілу сәтін мынадай формуламен анықтау ұсынылады:

1) қос мекенді және скегалық типті кемелердің қалықтау режиміндегі қозғалысы кезінде

 

М0 = 9,81[kтв ± 0,5(0,15 ± kтв)(пg - 1)] DL;     (382)



 

2) қосмекенді типті кеменің су ығыстырғыш режиміндегі қозғалысы кезінде

 

М0 = ± 4,9(0,15 ± kтв)DLng;              (383)

 

3) Скегалық типті кеменің су ығыстырғыш режиміндегі қозғалысы кезінде



 

М0=9,81[kтв±0,5(0,15±kтв)(пg+Dск/D)]DL±50bск(L/10)2h,  (384)

 

мұндағы kтв = Mтв/(9,81DL) — тынық судағы бойлық иілу сәтінің коэффициенті (таңбасын ескерумен);

ng — осы Қағиданың 379 формуласы бойынша анықталады.

Осы Қағиданың 382, 383 және 384 формуларындағы (+) таңбасы аса майысуға сәйкес келеді.

Осы Қағиданың 383 және 384 формуларындағы коэффициент ng прототип бойынша немесе моделді сынақ бойынша анықталады.

Ең көп кесіп өту күші

 

N0 = 4M0/L.                          (385)

 

Кеме қимасындағы қосынды иілу сәттерінің және кесіп өту күштерінің есепті мәндері осы Қағидаға 90-қосымша бойынша қабылданады.

670. Көлденең иілудегі иілу сәттері М' және кесіп өту күштері N' g(y), қарастырылып жатқан бойлық шпация орталығындағы артық жүк коэффициентіне және осы Қағиданың 638 - 641-тармағына сәйкес қуаттау күшіне көбейтілген әртүрлі салмақ күштерін көрсететін қисық есепті жүктемені ықпалдаумен есептеледі.

671. Жобалаудың алғашқы сатысындағы көлденең иілу кезіндегі СВП диаметралды жазықтығындағы қосынды иілу сәті кНм және мынадай формулалар бойынша анықтау ұсынылады:

1) қосмекенді және скегалық типті кемелердің қалықтау режиміндегі қозғалысы кезінде

 

М'0= 9,8l[k'тв-0,5(0,15-k'тв)(п'g-1)]DВ;         (386)

 

2) қосмекенді типті су ығыстырғыш режимдегі СВП қозғалысы кезінде

 

М'0=-4,9(0,15-k'тв)DBп'g;                 (387)

 

3) скегалық типті су ығыстырғыш режимдегі СВП қозғалысы кезінде

 

М'0=-4,9(0,25-0,5bск/В-k'тв)DBп'g,         (388)

 

мұндағы k'тв = Mтв/9,81DB — тынық судағы бойлық иілу сәтінің коэффициенті (таңбасын ескерумен).

Осы Қағиданың 386, 387 және 388 формуласындағы п'g коэффициент, прототип немесе моделді сынақ бойынша анықталады.

Ең көп кесіп өту күші, кН, мынадай формуламен анықталады:

 

N'0=4М'0/B.                          (389)

 

672. Ішкі бұралу сәттері Мскр, кНм, бұралу сәтінің есепті қисық интенсивтілігін ықпалдаумен есептеледі. Соңғысы m1 сәт интенсивтілігінің қуаттау күшінен Р1, m2 сәт интенсивтілігінің қуаттау күшінен Р2 және қума сәтінен m3 кеме көлемінің бойлық оске қатысты айналу инерциясының алгебралық сомасын көрсетеді. Сонымен бірге



 

m1 = 9,81μ1Dngy1/l1;                      (390)

m2 = 9,81μ2Dngy2/l2;                      (391)

m3 = -g(х)( μ1y1 + μ2y2);                  (392)

Кеменің ұзындығы бойынша m1 және m2 сәттердің интенсивтілік мәні осы Қағидаға 88-қосымша және 89-қосымшаға сәйкес қабылданады.

m3 интенсивтілік сәтінің мәні кеменің ұзына бойына қабылданады.

673. Осы Қағиданың 657-тармағына сәйкес басты кемеде толқында табиғи сынақтың беріктілігі кезінде бойлық иілудегі мидель-шпангоуттағы СВП қосынды иілу сәтін анықтайды.

Егер табылған мәндер осы Қағиданың 669-тармағына сәйкес есептелгеннен жоғары болған жағдайда, беріктілік есебін, сериялы кемелердің конструкциясын және корпус байланыстарының өлшемдерін табиғи сынақтың беріктілігінен алынған СВП-ның мидель-шпангоуттағы бойлық иілу сәтіне сәйкес түзету керек.

 

 

§ 2. Есепті жергілікті жүктемелер



 

674. Түптегі жергілікті жүктеме және СВП скегалары мынадай жағдайларға анықталады:

1) әуе көпшігіндегі қысым (конструкцияның сумен байланысы болмағанда);

2) су туралы конструкция соққысы;

3) гидростатистикалық қысым (кеменің су ығыстырғыш жағдайындағы жүзу кезінде);

4) тіреуге орнату.

675. СВП ұзындығы бойынша түптегі әуе көпшігінің қысымын бөлу, сумен байланыс болмаған кезде осы Қағидаға 91-қосымшаға сәйкес қабылданады.



Түп ені бойынша қысымды тең бөлінген деп санау керек.

Қысымның ордината эпюрлері мынаған тең:

 

р1 = 9,81(2Dng /Fвп);                (393)

 

р2 = 9,81Dng /Fвп.                   (394)

 

Есепті қысымның мәні ауаның нөлді шығуы кезінде желдеткіш қондырғыны жасайтын қысымның 30% ұлғайтылғанынан аз болмауы қажет.

676. Толқында түппен жалпақ соққы кезінде ұзындық бойынша қысымды бөлу осы Қағидаға 92-қосымшаға сәйкес қабылданады.



Кеменің ені бойынша қысымды тең бөлінген деп санау қажет.

Соққы процесіндегі конструкцияда әрекет ететін қысымның мәндері мыналарға тең деп қабылданады, кПа:

 

р0 = 9,81kDng /(0,3LB);              (395)

р10 = 9,81kDng /(0,4LB);             (396)

р20 = 9,81kDng /(0,4LB),             (397)

 

Мұндағы к - теңсіздік коэффициенті:

k = 1 - жабу есебі кезінде;

k = 3 - бойлық қабырға қаттылығын және 0-10 шп ауданындағы пластинді есептеу кезінде;

k - 1,25 - бойлық қабырға қаттылығын және 20 шп ауданындағы пластинді есептеу кезінде.

677. Гидростатистикалық қысым тең деп қабылданады, кПа:



түбінде

 

p = 9,81(T + 0,5h - h);              (398)

 

Скега және бортта

 

р = 9,81(Т + 0,5h - Z),              (399)

 

мұндағы h — есепті толқын биіктігі, м;

z — негізгі жазықтықтан қарастырылып жатқан скега немесе борттың беткі нүктесіне дейінгі биіктік бойынша арақашықтық, м.

678. Түп бойынша жергілікті жүктемелер және тіреуге орнату кезіндегі скегалар осы Қағиданың 667-тармағына сәйкес анықталады.

679. Скегалардыі ішкі беттеріне әуе көпшігінің қысымы биіктік бойынша тең бөлінген деп қабылданады. Әуе көпшігінің қысымын осы Қағидаға 91-қосымшаға сәйкес СВП ұзындығы бойынша бөлінген деп санау керек.

680. Палубалар үшін есепті жүктеме мыналарға тең деп қабылданады, кПа:



1) жолаушылар немесе командалар жиналуы мүмкін палубалар участкілері үшін — 5,0;

2) жолаушыларға арналған креслолар орналасқан аудандағы палубалар үшін — 3,5;

3) пластин және қондырмалардың палубаларының бойлық белдемі үшін— 3,0;

4) қондырма палубаларының бимстері үшін - 1,0.

681. Қарсы дуалдарға есепті тең бөлінген жүктеме және бірінші қабаттың қондырма терезелері төменегңілерге тең деп қабылданады, кПа:



 

Сынып сыныбы

есепті тең бөлу жүктеме, кПа

«О»

20

«Р»

10

«Л»

5

 

Борттық дуаладр және есепті жүктемелер тең бөлінген бірінші қабаттың қондырма терезелері үшін 3,0 кПа тең деп қабылданады.

682. Цистерналарды және су өткізгіш тесіктерді шектеуші конструкцияларға есепті жүктеме су өткізбеуге арналған сынақ схемасы бойынша қабылданады.

683. Су өткізбейтін аралықтарға есепті жүктеме кеменің негізгі жазықтығынан аралықтардың палубаларының қашықтығына тең, негізгі жазықтық деңгейіндегі үшбұрыш бойынша ең көп арынмен аралықтардың биіктігі бойынша бөлінуімен қабылданады; аралықтар палубалар болмаған жағдайда - су ығыстырғыш жағдайдағы СВП екі еселеніп отыруында.

684. Жүктік палубаларға есепті жүктеме ретінде қарастырылып жатқан нүктедегі артық жүктеме коэффициентіне көбейтілген жүк қысымы (теңсіздік мүмкіндігін ескерумен) қабылданады. Техника (дөңгелек немесе шынжыр) жүктемесін палубаға тасымалдау кезінде, техниканы жүк бөлмесінде нақты орнатуды және кеменің толқындағы қозғалысы кезіндегі артық жүктемені ескеріп жүктемелерді, дөңгелек іздерінің саны және ауданы, шынжырдың беткі тірегінің өлшемдері ось арқылы бөлуден анықталады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет