Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 4. Қарапайым темір бетоннан жасалған кеме корпусының элементтерінің беріктілігін есептеп тексеру



бет21/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   129
§ 4. Қарапайым темір бетоннан жасалған кеме корпусының элементтерінің беріктілігін есептеп тексеру

 

833. Негізгі белгілері:

Rnp - осьтік сығылудағы бетон беріктілігінің шегі, МПа;

Rp - осьтік керілудегі бетон беріктілігінің шегі, МПа;

RеН - арматуралардың ағымдылық шегі, МПа;

М - элементтің қалыпты қимасындағы есептік жүктемедегі иілу сәті, Нем;

Мр - элементтің қалыпты қимасындағы есепті жою сәті, Нсм;

N - есепті жүктемеден бойлық күш, Н;

Nр - есепті жоятын бойлық күш.

Q - есепті жүктемеден кесіп өту күші, Н;

Qр - есепті жойылатын кесіп өту күші, Н;

Qб - көлбеу қимадағы бетон элементінің ось элементінің қалпына шекті күшінің проекциясы, Н;

σгл.р - басты созылатын кернеу, МПа;

τ - жалпы иілуден борттардағы және бойлық аралықтардағы ең үлкен жанама кернеулер, МПа;

Fa - керілген арматураның көлденең қимасының ауданы, см2;

F'a - сығылған арматураның көлденең қимасының ауданы, см2;

F - борт немесе бойлық аралықтардың 1 м ұзындықта қимасынан өтетін, тік және көлденең армаутралардағы көлденең қима ауданы, см2/м;

а- арматураның көлденең қимасы ауданының ауырлық орталығынан Fa қиманың жақын жердегі жиегіне дейінгі арақашықтық, см;



b — тікбұрышты немесе таңбалық қиманың толық биіктігі; борттардың плиталарының және бойлық аралықтардың қалыңдығы, см;

h — тікбұрышты көлденең қиманың ені; таңбалық қиманың қабырға ені, см;

h0 — h — а тең, қиманың жұмыс биіктігі, см;

е0 — M/N тең, бойлық күштің эксцентриситеті, см;

k, k1 — осы Қағидаға 100-қосымша бойынша қабылданатын беріктілік қорының коэффициенті.

834. Элементтердің беріктілігін тексеру кезінде орындау қажет:

1) қалыпты қима бойынша иілу сәттерінің, бойлық күштердің әрекетіне, сондай-ақ иілу сәттерінің және бойлық күштердің біріккен әрекетіне;

2) кесіп өту күштерінің әрекетіне көлбеу қима бойынша.

Борттар және бойлық аралықтар, бұдан басқа жалпы иілуден кесіп өту күшінің әрекетіне тексерілу қажет.

835. Қалыпты қима бойынша беріктілікті тексеруді ең үлкен иілу сәттері, элемент қимасының және арматураның үзілу жерлерінде орындайды.



Сонымен бірге мынадай шарттарды сақтау қажет:

иілу сәттерінің әрекеті кезінде

 

Мр/М ≥ k;                      (427)

 

бойлық күштердің әрекеті, сондай-ақ иілу сәттерінің және бойлық күштердің біріккен әрекеті кезінде

 

Nр/N ≥ k.                      (428)

 

836. Кесіп өту күштерінің әрекетіне көлбеу қима бойынша беріктілігін тексеру мыналарды қолданып (осы Қағидаға 101-қосымша) орындалу қажет:



1) ең үлкен кесіп өтетін күштердің әрекет ету жерлерінде;

2) элементтің көлденең қимасының кенеттен өзгеру жерлерінде;

3) тіректің қыры арқылы өтетін қималарды (қима I — I);

4) керілген зонада орналасқан майысу басынан өтетін қимада (қима II - II, III - III, IV - IV);

5) керілген зонада орналасқан көлденең арматураның интенсивтілік өзгеру нүктесі арқылы өтетін қималармен;

Сонымен бірге мына шарттар орындалуы қажет:

 

Qр / Q ≥ k1,                   (429)

 

Мұндағы k1 — осы Қағидаға 100-қосымша бойынша қабылданатын беріктілік қорының коэффиценті

 

Q ≤ bh0Rпp / 7.                (430)

 

Майысқан өзекшелер болған жағдайда есептеп кесіп өту күшінің мәні мыналар сияқты қабылданады:

бірінші жазықтықтың майысулары үшін - тірек қырының кесіп өту күшінің мәніне тең;

әрбір мынадай жазықтықтардың майысуы үшін - майысу жазықтығының тірегіне қатынасы бойынша алдыңғы, төменгі нүктенің кесіп өту күшінің мәніне тең.

837. Егер мынадай шарттарды орындайтын болса, беріктіліктің көлбеу қимасы бойынша кесіп өту күші әрекетіне тексеруді жүргізбеуге болады.



 

bh0Rp / Q ≥ k1.                (431)

 

838. Кесіп өту күшінің әрекетіне көлбеу қима бойынша орталықтандырылмаған сығылған элементтердің беріктілігін тексеруді майысатын элементерге арналған сияқты жүргізу қажет (осьтік сығылуды ескермей).

839. Орталықтандырылмаған керілген элементтердің беріктілігін кесіп өту күшінің әрекетіне тексеру мынадай нұсқауларды ескеріп орындалу қажет:

1) аз эксцентриситеттерде (Fa және F'a көлденең арматура қимасы алаңының ауырлық ортасы арасындағы созылатын күш қосылған) қимадағы барлық қиатын күш бойлық ось элементінің бұрышы 60о және жоғары көлденең арматурамен қабылдануы қажет.

Бойлық осьпен элементтің 60о бұрышын құраушы, қималардағы элементтердің беріктілігін тексеруді жүргізбеуге болады;

2) барлық аз эксцентриситеттерде (керілу күші арматуралардың көлденең қима ауданының ауырлық орталығы аралығына қосылған Fa және F'a) беріктілікті тексеру майысу элементтеріне арналған сияқты жасалу қажет.

Егер осы Қағиданың 495-формуласы бойынша есептелген мән e0≤1,5/ho тең болса, коэффициентке kв көбейтілу қажет

 

kв = е0 /h0 - 0,5.                   (432)

 

840. Жоғары эксцентриситеттегі орталықтандырылмаған керілген элементтердің беріктілігін кесіп өту күшінің әрекетіне тексеру, кемінде мынадай шарттардың бірін қанағаттандырса орындалуы мүмкін:



 

τгл.р ≤ Rp / k1;                     (433)



 

Q ≤ 102 kвRpbh0/k1,                  (434)

 

Мұндағы kв — осы Қағиданың 432 формуласы бойынша есептелген коэффициент.

Осы Қағиданың 433 формуласында көрсетілген шарттардың біріншісін қанағаттандырса аз эксцентриситеттегі беріктілікті тексеруді орындамауға болады.

841. Жалпы иілуден борттардың және бойлық аралықтардың кесіп өту күшіне әрекетінің беріктілігін тексеру мынадай шарттар үшін орындалу қажет:



 

Τ ≤ Rпp /7;                          (435)



 

Fа.бRеН /100τh ≥ k.                  (436)

 

Тік және көлденең қималардың ауданына Fаб шартты түрде қима бойынша бірқалыпты орнатылған тиісті тік немесе көлденең қабырғалардың арматураларының көлднең қимасының ауданын қосуға рұқсат етіледі.

842. Егер мынадай шарттар орындалса, борттардың және бойлық аралықтардың кесіп өту күшіне әрекетін тексермеуге болады.

 

τ≤ Rp / k1.                         (437)



 

 

§ 5. Күштерді және сәттерді бұзуды анықтауға арналған материалдар мен формулалардың есепті сипаттамасы



 

843. Негізгі белгілері:

Rпp - осьтік сығылудағы бетон беріктілігінің шегі (призмалық беріктілік), МПа;

Rp - осьтік керілудегі бетон беріктілігінің шегі, МПа;

Eб - сығылу және керілудегі бетон серпімділігінің алғашқы модулі, МПа;

RеН - арматура ағымдылығының шегі, МПа;

Ea - арматураның серпімділігінің модулі, МПа;

М - элементтің қалыпты қимасындағы есепті жүктемеден иілу сәті, Нем;

Мр - элементтің қалыпты қимасындағы есепті бұзу сәті, Нем;

N - есепті жүктемеден бойлық күштер, Н;

Nр - есепті бұзушы бойлық күш, Н;

Q - есепті жүктемеден кесіп өту күші, Н;

Qр - есепті бұзушы кесіп өту күші, Н;

Qб - элемент осінің қалыптылығына көлбеу қимасының бетонындағы ағымдылығының күшейтудің проекциясы, Н;

qx - элемент ұзындығының бірлігіне көлденең өзекшелердегі ағымдылық күші, Н/см;

l0 - элементтің есепті ұзындығы, см;

r - элементтің көлденең қимасының ауданындағы инерцияның ең кіші радиусы, см;

F - барлық элементтердің көлденең қимасының ауданы, см2;

Fб - бетонның көлденең қимасының ауданы, см2;

F0 - барлық бойлық арматуралардың көлденең қимасының ауданы, см2;

Fa - бойлық арматураның көлденең қимасының ауданы, см2:

керілген зонада табылатын - иілу сәттері үшін,

бойлық күшейтудің қосымша нүктесінен едәуір қашық қима шетінде орналасқан - орталықтандырылмаған сығылған элементтер үшін N,

бойлық күшейтудің қосымша нүктесінен едәуір қашық қима шетінде орналасқан -орталықтан тыс керілген элементтер үшін N;

F'a- бойлық арматураның көлденең қиасының ауданы, см2:

керілген зонада табылатын - иілу сәттері үшін,

бойлық күшейтудің қосымша нүктесінен едәуір қашық қима шетінде орналасқан - орталықтандырылмаған сығылған элементтер үшін N,

бойлық күшейтудің қосымша нүктесінен едәуір қашық қима шетінде орналасқан -орталықтан тыс керілген элементтер үшін N;

Fот - қарастырылып жатқан көлденең қиманы қиып өтетін бір жазықтықта орналасқан, майысқан өзекшелердің көлденең қимасының ауданы, см2;

Fп - қарастырылып жатқан көлбеу қиманы кесіп өтетін, бір қалыпты элемент осінің жазықтығына орналасқан, көлденең өзекшелердің көлденең қимасының ауданы, см2;

fx - қамыттың бір бұтағының көлденң қиимасының ауданы, см2;

n - элементтіің бір қимасындағы қамыттар бұтағының саны;

t - элемент ұзындығы бойынша көлденең өзекшелер (қамыттардың) аралығының арақашықтығы, см;

α- элемент осіне майысқан өзекшелердің көлбеі бұрышы, град;

а - арматураның көлденең қимасы ауданының ауырлық орталығынан қиманың жақын жердегі диегіне дейінгі арақашықтық, см;

а' - арматураның көлденең қимасы ауданының ауырлық орталығынан F'a қиманың жақын жердегі жиегіне дейінгі арақышықтық, см;



b - тікбұрышты қиманың ені; таңбалық қима қабырғасының ені, см;

bп - жалғасқан белдік ені, см;

h - тікбұрышты немесе таңбалық қиманың толық биіктігі, см;

h0 - h — а тең, қиманың жұмыс биіктігі, см;

h'0- h - а' тең қиманың жұмыс биіктігі;

hп — жалғасқан белдік қалыңдығы, см;

z - сығылған арматура жұмысын ескеріп есептелген, бетонның сығылған зонасының биіктігі, см;

z0 - сығылған арматура жұмысын ескермей есептелген, бетонның сығылған зонасының биіктігі, см;

S0 - арматураның көлденең қимасының Fa ауданының ауырлық орталығы арқылы өтетін, оське қатысты бетоның барлық жұмысының көлденең қимасы ауданының статистикалық сәті, см3;

Sб - арматураның көлденең қимасының Fa ауданының ауырлық орталығы арқылы өтетін, оське қатысты, беонның сығылған зона ауданының статистикалық сәті см3;

е0 - M/N, тең, бойлық күштің эксцентриситеті, см;

е - күшейту әрекетінің сызығынан бастап N арматураның көлденең қимасының ауырлық орталғы ауданына Fa дейінгі арақашықтық, см;

е' - күш әрекетнің сызығынан N арматураның көлденең қимасының ауырлық орталғы ауданына Fa дейінгі арақашықтық, см;

с - көлденең қиманың ауырлық орталығы ауданынан керілген немесе шамалап сығылған жиекке дейінгі арақышқытық, см;

с' - көлденең қиманың ауырлық орталығы ауданынан сығылған немесе аздап керліген жиекке дейінгі, см.

844. Кеме жасаушы бетонның беріктілігінің есепті көрсеткіші осы Қағидаға 102-қосымша бойынша, ал арматуралар 103-қосымша бойынша қабылдауы қажет.

845. Бетон беріктілігі кеме жасаушы ұйымдарда қолданылатын, шығарылатын материалдармен тәжірибелі жолмен анықтау қажет.

Тәжірибелі мәліметтер болмаған жағдайда жобалу сатысында ауыр бетонның тығыздығы 2,40 — 2,45 т/м3 ал жеңіл бетонды осы Қағидаға 104-қосымша бойынша қабылдауға рұқсат етіледі.



Темірбетонның тығыздығын конструкция көлемінің бірлігіне қатысты, бетон және арматура массасының сомасы сияқты анықтау керек.

846. Орталық-сығылған элементтердегі есепті бұзу күшейтулері, Н,



 

Nр = 100φ (RпрFб + RеНF0),                (438)

 

мұндағыφ- осы Қағидаға 105-қосымша анықталатын бойлық иілу коэффициенті.



Элементтің l0 есепті ұзындығы оның геометриялық ұзындығының элемент ұштарының қысу және қозғалу деңгейіне қатысты коэфициентке көбейтумен анықталады және мыналарға тең қабылданады:

екі ұштарын толық қысу кезінде - 0,5;

бір ұшын толық қысу және басқасын шарлық-қозғалмайтын бекіту кезінде - 0,7;

екі ұштарын шарлық-қозғалмайтын бекіту кезінде - 1;

біреуі толық қысылған және біреуі бос ұшында - 2;

ұштарды біртіндеп қысу кезінде және бөліктермен сыймайтын рамкаларда - 0,7.

847. Орталық керілген элементтердегі есепті бұзу күштері, Н,



 

Nр = 102RеНF0 .                      (439)

 

848. Тікбұрышты қимадағы майысатын элементтердегі есепті бұзу сәттері (осы Қағидаға 106-қосымша), Нсм



 

Мр = 102Rпрbz(h0 - z/2) + 102RеН F'а(h0 - а'),      (440)

 

мұндағы

Z = RеН (Fа - F'а)/ Rпрb.                  (441)



 

Сонымен бірге, осы Қағиданың 441 формула бойынша есептелген Z мәні, мына шарттарды қанағаттандырады деп жобалануда:

 

2а' < Z < 0,55h0.                    (442)



 

егер

 

Z < 2 < AZ0,                       (443)



 

мұндағы

 

Z0 = RеН Fа / Rпр b,                 (444)



 

онда бүліну есебінің сәті осы Қағиданың 440-формуласы бойынша есептелінеді,

 

Z = 2a'                        (445)

 

және

 

F'а = FаRпрb2а' / RеН,                  (446)

 

Егер z0 < 2а'есепті бұзу сәті осы Қағиданың 440-формуласы бойынша F'a = 0 қолданумен анықталады.

849. Керілген зонадағы белдікпен жалғасқан таңбалық қимадағы майысу элементтеріндегі есепті бұзу сәттерін ені қабырға еніне тең, тікбұрышты қимадағы майысу элементтері сияқты анықталады.

850. Сығылған зонадағы белдікпен жалғасқан таңбалық қиманың майысу элементтеріндегі, есепті бұзу сәттері мынадай есептеледі:

болғанда

 

FаRеН < (Rпрbп hп + F'аRеН)                (447)



 

осы Қағиданың 467 формуласы бойынша, bп x hп өлшемді тік бұрышты майысу элементінің қимасы (осы Қағидаға 107-қосымша);



болғанда

FаRеН > (Rпрbп hп + F'аRеН)                (448)

 

формула бойынша

 

мұндағы


Z = [(Fa - F'а) RеН - 0,8(bп - b) hпRпp]/Rпpb.      (450)

сонымен бірге шарт сақталуы тиіс (осы Қағидаға 108-қосымша)



 

Sб < 0,8S0.                          (451)

851. Шарттарды қанағаттандыратын, тікбұрышты қимадағы орталықтан тыс сығылған элементтердегі септі бұзу күштері Np (осы Қағидаға 109-қосымша)



 

2а' < Z < 0,55h0,                    (452)



 

Н, формула бойынша анықталады:

 

Nр = 102RпрbZ - 102(Fа - F'а )RеН,         (453)

 

мұндағы



 



е және е' мәні формула бойынша анықталады

 

е = M/N + с - а;                     (455)

 

е' = M/N - с + а'                    (456)

 

кезіндегі

 

M/N > (c' - a')                      (457)

 

және

 

е' = c' - M/N - а'                   (458)

 

кезіндегі

 

M/N ≤ c' - а'.                     (459)

 

Осы Қағиданың 454-формуладағы минус мәні түпастындағы екінші құрамдағы мәнер, күш N арматуралардың Fa және F'а орталық ауырлығының шегіне қосылғанда қабылданады.

Тікбұрышты қима элементтеріндегі шартты қанағаттандырушы

 

z < 2a < z0,                         (460)



 

мұндағы



Есепті бұзу күштері осы Қағиданың 453-формуласы бойынша анықталады

 

z = 2а'                        (462)

 

және

 

F'а = (eF'аRеН - 2Rпр)/(e'RеН).            (463)



 

z0 < 2a' болған кезде есепті бұзу күштерін сығылған арматураны ескермей, Fa = 0 қабылдап осы Қағиданың 453 формуласы бойынша анықталады.

Шартқа сәйкес келетін тік бұрыш қима элементі (осы Қағидаға 110-қосымша)



 

z > 0,55 h0,                   (464)

 

есепті қирау күші формула бойынша анықталады, Н:

Np = [F'aR(h0 - a') + 0,5Rпpbh'02]102/e.       (465)



 

Сонымен бірге, егер N күш арматуралардың Fa және Fa, көлденең қимасы ауданының ауырлық орталығы аралығына қоса берілсе, мына шарт орындалу қажет

 

Npe' < [102FaR(h0 - a') + 102•0,5Rпpbh'02].     (466)

 

852. Керілген немесе аздап сығылған зонада орналасқан белдікпен жалғасқан таңбалық қимадағы орталықтан тыс сығылған элементтердегі есепті бұзу күштер, ені, қабырға енініе тең, тікбұрышты қималардағы орталықтан тыс сығылған элементтерге арналған сияқты анықталады.



853. Шартын қанағаттандыратын, сығылағн зонада орналасқан, белдікпен жалғасқан таңбалық қимадағы орталықтан тыс сығылған элементтердегі есепті бұзу күштері, ені, белдікпен жалғасқан енге,

 

z ≤ hп                               (467)

 

яғни осы Қағиданың 453 формуласы бойынша тікбұрышты қималардағы орталықтан тыс сығылған элементтерге арналған сияқты b — bП қабылдап анықталады. Егер b — bп қабылданса,

 

z > hп                         (468)

 

онда есептеп бұзу күштері мынадай тәртіпте анықталады:

1) сығылған зонаның биіктігі есептеледі, см;



Екінші түп астындағы мәнерде қосылған минус таңбасы, күштің қосымша нүктесі N арматуралардың көлденең қимасы ауданының Fa және F' a шектелген ауырлық ортылығы қимасының участкісінен тыс табылатын болған жағдайда қабылданады;

2) орталықтан тыс сығылған жағдайда мынадай шарттар қарастырылады:

жоғары эксцентриситет кезінде

 

Sб ≤ 0,8S0;                          (470)

 

аз эксцентриситет кезінде

 

Sб > 0,8S0;                          (471)

 

3) жоғары эксцентриситет кезінде есептеп бұзу күштері, Н,

 

Np = 102Rпpbz - 102(Fa - F'a)R + 102Rпp (bп - b)hп;  (472)

 

4) аз эксцентриситет кезінде есептеп бұзу күштері, Н,

 



Егер барлық қималар сығылған болса, осы Қағиданың 473-формуласы бойынша анықталған есептеп бұзу күштері, мына формуламен есептелген Np күшке теңестіріледі



Беріктілікті тексеру үшін, осы Қағиданың 473 және 474 формулалары бойынша есептелген бұзу күшінің ең аз мәні қабылданады.

854. Орталықтан тыс қысылған элементтерді есептеу кезінде, иілгіштің әсер етуінде мыналар ескерілуі тиіс:



тікбұрышты қималар үшін болғандағы

 

l0/b > 10;                           (475)

 

кез келген нысандағы қима үшін, болғандағы

 

l0/r > 35.                           (476)

 

Бұл әсер ету l0 мәнін мынадай формула бойынша есептелген з коэффициентіне көбейту жолымен ескеріледі:

Тікбұрышты қималар үшін

η = 1/[1 - kN(l0/h)2/(40000RпрF)];          (477)

 

кез келген нысандағы қима үшін

η = 1/[1 - kN(l0/r)2/(480000RпрF)],         (478)

 

Мұндағы к — осы Қағидаға 100-қосымша бойынша қабылданған беріктілік қорының коэффициенті.

855. Орталықтан тыс керілген элементтердегі есепті бұзу күштері, егер керілу күші арматуралардың көлденең қимасының Fa және F' ауырлық орталығы ауданы аралығына қосылса, мына формуламен анықталады, Н: (осы Қағидаға 111-қосымша)



Nр = 102 Fa (h0 - а) ReH /е'               (479)

 

және

 

Nр = 102 F'a (h0 - а') ReH /е,             (480)



 

е, е' — мәні мына формула бойынша анықталатын параметрлер:

 

е = с - М/N - а;                     (481)

 

е' = М/N + с' - а' .                 (482)

 

мұндағы с — элементтің көлденең қимасының ауырлық орталығы ауданынан керілген жиекке дейінгі арақашықтық;

с' - элементтің көлденең қимасының ауырлық орталығы ауданынан сығылған жиекке дейінгі арақашықтық.

Беріктілікті тексеру үшін бұзу күшінен алынған мәндердің ең кішісі қабылданады.

856. Керілу күшейтулері арматуралардың көлденең қимасының Fa және F'a (осы Қағидаға 112-қосымша), ауырлық орталығы ауданынан тыс қосылған болса, тікбұрышты қималардың орталықтан тыс керілген элементтеріндегі есепті бұзу күштері, Н, мына формуламен анықталады:



Nр = 10-2 (Fa - F'а) ReH - 102 Rпрbz,      (483)

 

мұндағы



e, e' — мәнінің параметрін формула бойынша есептеу қажет

 

е = М/N - c + a;                     (485)

 

е' = М/N + с' - а' ,                 (486)

 

мұндағы с — барлық арматуралардың көлденең қимасының ауырлық орталығы ауданынан едәуір керілген жиекке дейінгі ара қашықтық;

с' — барлық арматуралардың көлденең қимасының ауырлық орталығы ауданынан ең аз керілген жиекке дейінгі арақашықтық.

Сонымен қатар қысылған бетонның биіктік аймағы шарты қанағаттандыру болжанады.

 

2а' < z < 0,55h0.              (487)



 

егер

 

z < 2а' < z0,                  (488)

 

мұндағы

 



 

z = 2а'                        (490)

 

және

F' = (eFaReH - 2e' Rпрba')/e'ReH.      (491)



 

z < 2а' кезінде бұзатын есепті күш осы Қағиданың 483 формуласы бойынша Fa = 0 қабылдауме сығылған арматураны есебінсіз анықталады.

857. Керілу күшейтулері арматуралардың көлденең қимасының Fa және F'a ауырлық орталығы ауданынан тыс қосылған болса, керілген зонадағы белдікпен жалғасқан таңбалық қимадағы орталықтан тыс керілген элементтердің есепті бұзу күштері, ені қабырға еніне тең, тік бұрышты қимадағы орталықтан тыс керілген элементтерге арналған сияқты анықталады.

858. Керілу күшейтулері арматуралардың көлденең қимасының Fa және F'a ауырлық орталығы ауданынан тыс қосылған болса, сығылған зонадағы белдікпен жалғасқан таңбалық қимадағы орталықтан тыс керілген элементтердің есепті бұзу күштері, мынадай жолмен анықталады:

z < hп болғанда, мұндағы z мәні осы Қағиданың 484-формуласы бойынша есептеледі, есепті бұзу күшейтулері b — bП қабылдап, ені жалғасқан белдік еніне тең, тікбұрышты қима элементтеріне арналған сияқты анықталады;

z > hп, болғанда есепті бұзу күштері мына формуламен анықталады, Н:



 

мұнда

 

859. Элементтің көлбеу қимасындағы есепті бұзатын кесіп өту күші, Н,

Qр = 102(ReH (еFот sina + еFп ) + Qб),       (494)

мұндағы

Qб = 102•0,15Rпрbh02 /c0.             (495)



мұндағы со — ұзындығын қамыт қадамдарының санын параметрдің % бүтіндей бөлік мәніне дейін ұлғайту жолымен алатын, элемент осіне едәуір лайықсыз көлбеу қимасы проекциясының мынаған тең есепті ұзындығы



 

мұндағы

 

qх = 102ReH fxn/t.                   (497)

 

Майысқан өзекшелер болмағандағы, есептеп бұзатын кесіп өту күші, Н,

860. Су қысымынан жүктемете тең бөлінген деп қабылданатын, элементтердегі есептеп бұзатын көлденең қималарды осы Қағиданың 859-тармағына сәйкес анықтайды.



Сонымен бірге осы Қағиданың 496 - 498 формулаларындағы qx биіктік орнына мынадайын қою керек

 

q'x = qx + p,                   (499)

 

мұндағы р — элемент ұзындығының бірлігіне су әрекетінен есепті жүктеме, Н/см.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет