Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет27/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129
§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1146. Осы тарау «О», «Р» және «Л» сыныпты әуе көпшігінде қалқып жүретін кемелерге (одан әрі - СБҚЖК) қолданылады.

1077, 1081, 1082, 1093-1095, 1097, 1100-1103, 1105-1108, 1110, 1112, 1114-тармақтарында және осы Қағиданың 62, 66 - 68 тарауларында көрсетілген нұсқаулар су бетінде қалқып жүретін режимінде СБҚЖК орнықтылығын тексеру үшін қолданылмайды.

Осы Қағиданың 1102, 1103, 1105, 1106, 1114, 1115-тармақтарында және 66 - 68, 72-тараулары көрсетілген нұсқаулар су ығыстырғыш режимде жүзу кезінде СБҚЖК орнықтылығын тексеру үшін қолданылмайды.

Қағиданың осы бөлімнің қалған талаптары қарсы айтылмаса СБҚЖК қолдану үшін қажет шамада көрсетілуі қажет. Осы Қағиданың 1193-тармағында көрсетілген нұсқаулар СБҚЖК су ығыстырғыш режимде жүзу кезінде қолданылмайды.

1147. СБҚЖК орнықтылығын есепті-эксперименталды жолымен негізделуі қажет.

1148. Эксперименттен анықталуы тиіс Кеме қатынасының тіркелімі қанағаты бойынша ұқсас түптұлға-кемені сынау есептері, нәтижелері бойынша орнықтылық сипаттамасының талаптары дәлелденсе, эксперименталды сынаулар толық немесе бөліктеп жүргізілмеуі мүмкін.

1149. СБҚЖК орнықтылығын осы Қағиданың 1060-тармағында көрсетілген жүктеменің барлық нұсқасында тексеріледі, екі режим үшін:



1) жүзудің;

2) ауа жастығындағы әрекет.

Орнықтылықтың сипаттамасы қисайту нәтижелері бойынша жүзу режимі, сондай-ақ осы СБҚЖК жылдам және маневрлі сынаулар немесе серияның басты кемесі үшін, ал су бетінде қалқып жүретін әрекет режимі үшін - СБҚЖК қабылдау-тапсыру процессінде жүргізілетін едәуір қолайсыз жағдайда эксперименталды сынаулар мәліметтері үшін түзету қажет. Сынау бағдарламалары, есеп, сондай-ақ есеп пен эксперимент негізінде жасалған кеменің орнықтылығы мен суға батпайтындығы туралы ақпарат Кеме қатынасының тіркелімімен арнайы қарауына жатады.

Ескертпе. Натуралы кемелерде орнықтылықты эксперименталды тексеруді есеп нәтижелері немесе түптұлға сынаулар бойынша анықталуы тиіс орнықтылықтың ең нашар жүктеме нұсқаулары бойынша жүргізуге рұқсат етіледі. Егер кеме жүктемесінің минималды нұсқасы ең нашары болса, онда тиісті қисаю сәтін жасау үшін аз салмақты қисаю-балласты қолдану қажет.

1150. Креннің шекті рұқсат етілетін бұрыштарын кеме жылдамдығы мен меңгерікті қайта салу қисаю сәтінің қисаю бұрышының эксперименталды байланысы арқылы анықталуы қажет.



 

 

§ 2. Скегті СБҚЖК орнықтылығына қойылатын негізгі талаптар



 

1151. Су бетінде қалқып жүру режимінде желдің динамикалық әрекетінен қисаю сәті, кНм, мына формула бойынша анықталуы қажет:

 

Мкр = 0,001kpS(zп - 0,5Т),              (553)

 

мұнда к — осы Қағиданың 1152-тармағында қарастырылған коэффициент,



р - Осы Қағиданың 1078-тармағына сәйкес анықталатын шартты есепті динамикалық жел қысымы, Па;

S — осы Қағиданың 1079 және 1080-тармағына сәйкес анықталатын әрекеттегі ватерсызығы бойынша орта тұнбада кеменің желкенді ауданы, м2;

zп — скегтердің астыңғы жиек деңгейінде өтетін желкенді орталығының кеменің негізгі жазықтығынан жоғарлауы, м;

Т — су бетінде қалқып жүретін кемедегі әрекеттегі ватерсызық бойынша қозғалыстағы орташа тұнба, м.

1152. Су бетінде қалқып жүретін кемеде жүру кезінде кеменің аэродинамикалық күш жылдамдығына әсерін ескере отыратын к коэффициенті мына формалу бойынша анықталады:





мұнда v — толық жүрістегі кеме жылдамдығы, м/с.

1153. Жүзу режиміне желдің динамикалық әрекетінен қисаю сәтін осы Қағиданың 61-тарауына сәйкес анықталуы тиіс, сонымен қатар а1 (осы Қағиданың 519-формуласы) коэффициентін В/Т қатынасына қарамастан 1 тең деп қабылдау қажет.

1154. Барлық сыныпты кемелер үшін рұқсат ету шегі Мпоп Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бірден-бір тәсілдермен жасалған динамикалық және статикалық диаграмма бойынша су бетінде қалқып жүру режимі үшін анықтайды. Крен бұрышының рұқсат ету шегі вдоп осы Қағиданың 1091-тармағына сәйкес қабылдануы қажет.

Ескертпе. Негізгі критерийлер бойынша орнықтылықты есептеу кезінде қозғалыссыз су бетінде қалқып жүрген кеменің булану режимі үшін жасалған орнықтылық диаграммасын қолдануға рұқсат етіледі.

1155. Ауа-райы бойынша шектеулер «О» разрядты бассейндерде жүзуге рұқсат етілетін «О» сыныбы, сондай-ақ «Р» сыныбы үшін рұқсат ету шегі Мдоп су бетінде қалқып жүру режимінде және жүзі режиміндегі есепті амплитудасы борт жағынан айдауды жасау жолымен анықталады.



 

 

§ 3. Скегті СБҚЖК орнықтылығына қойылатын қосымша талаптар



 

1156. Осы Қағиданың 1151-1155-тармағында көрсетілген негізгі критерий бойынша жолаушы және жүк пен жолаушылар таситын кемелер орнықтылығын тексеру 1096-тармағында көрсетілген жүктеме нұсқасында орындалуы қажет.

1157. Жолаушы кемелер орнықтылығы су бетінде қалқып жүзетін және кемелер жүзу режимдеріндегі жылдамдықтың бір бортының барлық диапазонында жолаушылар жиналу кезінде жеткілікті болуы қажет. Су бетіндегі қалқып жүзу кезінде нұсқауы орындалуы қажет

 

Өп < Ө'доп,                         (555)

 

мұнда Өпжолаушылар бір бортта жиналудан крен бұрышы, осы Қағиданың 1098-тармағы бойынша қисаю сәті кезіндегі бұрыш

Ө,доп - крен бұрышының рұқсат ету шегі, осы Қағиданың 1099-тармағына сәйкес қабылданатын бұрыш.

Тиісті жылдамдығы мен қисаю сәті кезінде қисаю бұрышын кеме жылдамдығы мен қисаю сәтінен қисаю бұрышының эксперименталды байланысын ескере ала отырып креннің ең үлкен бұрышына тең деп қабылданады (осы Қағиданың 149-қосымшасына 1099-тармағының 1) тармақшасы).



Жүзу режимі үшін СБҚЖК орнықтылығы осы Қағиданың 1097-1111-тармақтарына сәйкес тексеріледі.

1158. Жолаушылардың бір бортта жиналу кезінде жолаушылар таситын кемелер орнықтылығы су бетінде қалқып жүзу және жүзу режимдерінде айналымның даму кезеңінде пайда болатын едәуір жоғары динамикалық кренде жеткілікті болуы, яғни шарт орындалуы қажет



 

Өц < Ө,доп,                        (556)

 

мұнда Өц — креннің ең үлкен бұрышы, жолаушылардың бір бортта жиналу кезінде (осы Қағиданың 1098-тармағы) айналымның даму кезеңінде және эксперименталды анықталатын (осы Қағиданың 149-қосымшасына 7-тармағының 2) тармақшасы) пайда болатын бұрыш;

Ө,доп - осы Қағиданың 1104-тармағына сәйкес қабылданатын крен бұрышының рұқсат ету шегі.

1159. Әрекеттегі ватерсызығынан 2 м желкенді орталығын жолаушылар таситын кемелер орнықтылығы желдің статикалық қозғалысы кезінде жолаушылардың бір бортта жиналу кезінде жеткілікті болуы қажет.



Су бетінде қалқып жүзу режимінде орындалуы қажет нұсқаулар

 

Өвп < Ө'доп,                       (557)

 

мұнда Өвп - бір уақытта желдің статикалық қозғалыс кезінде (осы Қағиданың 1157-тармағы) жолаушылар жиналудан (осы Қағиданың 1098-тармағы) қисаю бұрышы (осы Қағиданың 1160-тармағы);



Ө'доп - осы Қағиданың 1099-тармағына сәйкес анықталатын, сонымен қатар 10 немесе 12о шектелмейтін крен бұрышының рұқсат ету шегі

Жүзі режимі үшін орнықтылықты осы Қағиданың 1082 тармағына сәйкес, ал қисаю сәтін Мв анықтау кезінде (осы Қағиданың 1083 тармағы) а3 коэффициент мәнін тексеруді В/Т байланысына қарамастан нөлге тең деп қабылдануы қажет.

1160. Су бетінде қалқып жүзу режимі үшін статикалық жел қысымынан қисаю сәтін, кНм



 

Мв = 0,001kрсSп (zп - 0,5Т),                (558)

 

мұнда к — 0,47р тең желдің динамикалық қысымын р статикалық рс қысымымен ауыстырумен қоса осы Қағиданың 1152-тармағына сәйкес анықталатын коэффициент.

рс — кеме сыныбы мен желкен ортасының әрекеттегі ватерсызығы жазықтығынан жоғарлауына байланысты осы Қағиданың 127-қосымшасына сәйкес анықталған динамикалық қысымның 0,47 тең қабылдануы тиіс шартты есепті статикалық жел қысымы, Па.

1161. Жүк таситын кемелердің орнықтылығын осы Қағиданың 1111- тармағын ескере отырып, 1151-1155-тармағына сәйкес негізгі критерийлер бойынша тексереді.

1162. Әрекеттегі ватерсызығынан 2 м жоғары желкен ортасының барлық жүк таситын кемелер үшін статикалық жел қысымы кезінде орнықтылығы тексеру қажет.

Су бетінде қалқып жүзу кезінде орындалу қажет нұсқаулар

 

Өв < Ө'доп,                      (559)

 

мұнда Өвстатикалық жел қысымынан крен бұрышы, осы Қағиданың 558 формула бойынша есептелінген қисаю сәті Мв кезіндегі бұрыш;

Ө'доп — осы Қағиданың 1113-тармағында қарастырылған кренның рұқсат ету шегі, бұрыш.

Жүзу режимі үшін осы Қағиданың 1159-тармағын ескере отырып тексеру 1087 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

1163. Су бетінде қалқып жүзу және жүзулер режимінде барлық жүк таситын кемелер үшін айналымның даму кезеңінде орнықтылық тексерілуі, яғни шарт орындалуы қажет.

 

Өц < Өдоп,                      (560)

 

мұнда Өц — креннің ең үлкен бұрышы, айналымның даму кезеңінде пайда болатын және эксперименталды анықталатын бұршақ (осы Қағиданың 149-қосымшасына 7-тармағының 2) тармақшасы);

Өдоп - крен бұрышының рұқсат ету шегі, бұрыш, осы Қағиданың 1115-тармағымен қарастырылған.

 

 

§ 4. Амфибия типті СБҚЖК орнықтылығына қойылатын қосымша талаптар



 

1164. Жүзу сондай-ақ СБҚЖК амфибиялық ерекшелікті ескере отырып су ығыстырғыш режиміндегі орнықтылық осы Қағиданың 1060-тармағында көрсетілген барлық жүктеме нұсқасында тексерілуі қажет.

1165. Су бетінде қалқып жүзу режиміндегі орнықтылық Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген едәуәр қолайсыз жайғдайда пайдалану бағдарлама кезінде бас кемені тапсыру-қабылдау сынаулар процесінде алынған эксперименталды қорытындымен бекітілуі қажет.



 

 

71. Тез жүзетін су ығыстырғыш кемелер



 

1166. Тез жүзетін су ығыстырғыш кемелер орнықтылығы (Фруд кемесі санымен ұзындығы бойынша: ) бас кемені сынау кезінде тексеру қажет.

Орнықтылықты тексеру меңгеріктің орнын ауыстыру бұрышының біртіндеп сатылы өсу ретімен тынық су айналымында, оған қоса жолаушылар жиналуына (жолаушы кемелері үшін) қарсы бортқа ең көп қозғалтқыш айналым жиілік мәнінің жоғарғысын қоса біртіндеп сатылы өсу кезінде тексерілу қажет.

1167. Жолаушылар таситын кемені сынау кезінде жолаушылар бір бортта жиналған кездегі ауыртпалық орталығы және креннің алғы бұрышына тиісті су ығыстырығышты қамтамасыз ету үшін кемеге арнайы қабылданған және ажыратылғын қатты балласт пайдалану қажет.

1168. Сынау процесінде хаттамада жазылады:

1) Су ығыстырғышын;

2) алдыңғы жақты пен артқы жақты тұнбасы;

3) қозғалтқыштардың айналу жиілігі және оған тиісті жылдамдықты;

4) акватория тереңдігін;

5) ауа-райы күйі;

6) креннің алғы бұрыштарын;

7) әрбір сынау режимі үшін крен бұрыштары;

8) меңгеріктің орнын ауыстыру;

9) крен барысында борт бойынша су қабатының деңгейі.

1169. Сынау кезінде алынған крен бұрыштарын әр-түрлі типті кемелерге қойылатын қосымша бойынша рұқсат етілген крен бұрыштарымен салыстырады (осы Қағиданың 64 - 67-тарауы).

1170. Сынаулар нәтижелері бойынша Кеменің орнықтылығы мен суға батпайтындығы жөніндегі ақпаратқа бас қозғалтқыштардың айналу жиілігі немесе басқа меңгеріктің орнын ауыстыру бұрыштарына үйлесімге қажетті шектеулер жазылуы қажет.

1171. Сынау бағдарламасы, хаттама, сондай-ақ есептер мен сынаулар негізінде жасалған Кеменің орнықтылығы мен суға батпайтындығы жөніндегі ақпарат Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.



 

 

72. Катамарандар



 

§ 1. Жалпы талаптар

 

1172. Осы тараудың талаптары мидель-шпангоут қимасында ватерсызық жазықтығы корпус суынан шығып тұратын қаңқа тең көлемді қисаю кезінде рұқсат етілетін шегінен аспайтын «М», «О», «Р» және «Л» сыныпты катамаран сыныптарына қолданылады.

Осы Қағиданың 62-тарауының және 1081, 1082, 1103, 1108-тармағының талаптары катамаранға таралмайды. Қалған талаптар катарандарға осы кемелерге пайдаланылуы мүмкін және осы тараудың талаптарына қарсы болмайтын шамада қолданылады.

 

 

§ 2. Катамарандар орнықтылығына қойылатын негізгі талаптар



 

1173. Желдің кемеге динамикалық әсер ету кезінде катамарандар үшін көрсетілген қоса қисайған иін мынадай формула бойынша анықталады, м:

 

Z = Zп - 0,5T,                    (561)

 

мұнда Znжелкенділік орталығының кеме жазықтылығынан жоғарлауы, м;

Т — әрекеттегі ватерсызығы бойынша катамаранның орташа тұнбасы, м.

1174. Тиісті сыныпты катамарандар үшін борт жағынан айдаудың есепті амплитудасы, бұрышты qB және V/2L байланысты осы Қағиданың 150-қосымшасына сәйкес қабылдау қажет, (В, L және V - катамаранның тиісті ені, ұзындығы және көлемді су ығыстырғышы, сонымен қатар, q көбейткішті формула бойынша анықталуы қажет, с-2,



 

q = (Zm - Zg)/i,                      (562)

 

мұнда Zmкөлденең метаорталықтың ординатасы, м;

zg — катамаран ауырлық ортасының ординатасы, м;

і — сұйықтық қоспасын есепке ала отырып инерцияның қатынас сәті, мс2;



g — бос құлату жылдамдату, м/с2.

Zm ординатасын осы Қағиданың 1175-тармағына сәйкес анықталуы қажет.

1175. Катамаранның көлденеі метаорталығының ординатасы мынадай формула бойынша анықталады, м:



мұнда а — корпустардың әрекеттегі ватерсызығы ауданның толықтық коэффициенті;

Вк — мидель-шпангоуттағы әрекеттегі ватерсызық деңгейіндегі корпус ені, м;

b — корпус енінің Вк тұнбаға Т қатынасы;

δ — корпустардың су ығыстырғышы толықтылығы коэффициенті;



= С/2ВК — корпустардың көлденең клиренс қатынасы;

С — мидель-шпангоуттағы әрекеттегі ватерсызық деңгейіндегі корпустардың ішкі борттар арасындағы ара-қашықтық, м.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет