Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 1. Жалпы нұсқаулар. Химиялық құрам



бет31/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129
§ 1. Жалпы нұсқаулар. Химиялық құрам

 

1349. Осы тараудың талаптары дәнекерленетін қалыңдығы 50 мм ыстықтай жайылған табақты, ұзыншы қиықты және профильді болатты және сортталған болаттарға қолданылады.

Химиялық құрам, ашу тәсілімен, термиялық өңдеумен немесе механикалық қасиетіне бойынша ерекшеленетін болат, сондай-ақ шымдалған болат Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы көздеуінен кейін қолданылуы мүмкін. Мұндай болаттың арнайы белгісі болуы рұқсат етіледі: категория рәмізіне S әріпі қосылады.

1350. Болаттың химиялық құрамы әрбір ерітіндінің әр шөмішінен таңдалған сынамаларды талдау нәтижелерінен анықталуы қажет. Дайындаушымен орындалған талдау Кеме қатынасының тіркелімі бойынша оны мерзім сайын тексеру шартымен қабылданады.

Беріктілігі қалыпты болаттың химиялық құрамы осы Қағиданың 193-қосымшасы, ал беріктілігі жоғары болаттар - 194-қосымша талаптарына сәйкес болуы қажет.

Осы Қағиданың 193, 194-қосымшаларында қышқылда ерітілетін алюминий құрамы көрсетілген. Егер алюминийдің жалпы құрамы анықталатын болса, ол 0,020 % кем болмауы қажет.

Кеме қатынасының тіркелімі, сондай-ақ, осы Қағиданың 193, 194-қосымшаларында көрсетілмеген элементтері құрамын анықтауды қажет етуі мүмкін, сонымен бірге, қалыпты беріктілікті болатта хром, никель және мыс құрамы әрқайсында 0,30 % аспауы қажет.

Беріктілігі қалыпты көміртекті болат үшін көміртек құрамы 1/6, марганец құрамы 0,40 % аспауы қажет.

Рұқсаттама алу үшін беріктілігі жоғары болаттар үшін көміртек эквиваленті (пайызда) шөмішті тергеу мәліметтері бойынша сынаулар кезінде анықталады және мынадай формула бойынша есептелінеді.

 

Сэкв =С + Мn/6 +(Cr + Mo + V)/5 + (Ni + Cu)/15.       (575)

 

Барлық дәрежелі болаттарда күшән құрамы 0,08 % аспауы қажет.

Осы Қағиданың 193, 194-қосымшаларда көрсетілген жағдайларда болат ниобий, ванадий, алюминий немес бөлек немесе әрбір комбинацияда басқа ұсақталатын түйір элементтерден тұру қажет. Бір элементпен өңдеу кезінде оның болат құрамы кестеде белгіленгенмен сәйкес болуы тиіс. Егер элементтер қисандастырылып қолданылса ең болмаса біреуінің болат құрамы қосымшада көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.

Егер алюминий немесе басқа ұсақталатын түйір элементтерінің құрамы талап етілгеннен кем болса, Кеме қатынасының тіркелімі сонымен бірге бесінші баллмен анықталып жатқаннан ірілей болмауы қажет аустенитті түйір өлшемін анықтауды талап етуі мүмкін.

 

 

§ 2. Механикалық қасиеті. Жеткізу күйі



 

1351. Беріктілігі қалыпты болаттың механикалық қасиеті осы Қағиданың 193-қосымша, беріктілігі жоғары болаттар - 194-қосымшада көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.

Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша соққы иілімін сынау кезінде соғу жұмысы немесе бойлық (KVL), немесе көлденең үлгілерде (KVT) анықталуы мүмкін.

1352. Болатты жеткізу күйі осы Қағиданың 195, 196-қосымшаларына сәйкес болуы және сертификат немесе мекеме құжатында көрсетілуі қажет. Бақыланып жатқан температурамен немесе термомеханикалық өңделумен прокатты нормалауды (N) ауыстыру мүмкін болса, прокаттың мұндай процесстері Кеме қатынасының тіркелімінің арнауы қарауына жатады.



Сонымен бірге мынадан қарау қажет:

1) бақыланып жатқан температурамен прокат (CR) - прокатканың соңғы температурасы аустенитті қайта толық кристалдандыру мақсатымен нормалаудың температура диапазонында белгіленетін процесс.

2) термомеханикалық өңдеу (ТМСР) — сығу температурасы мен дәрежесі қатал регламенттелетін процесс. Қағида сияқты, кішкене сығулар Асз ауыспалы температураға жақын немесе төмен орындалады, әдетте прокатка екі фаза облысындағы температура диапазонының төменгі шегіне жақын орындалады, соның нәтижесінде аустенитті қайта кристалдандыруы болмайды дерлік.

Егер кейіннен пішін пайда болуы немесе кернеуді алып тастау үшін термомеханикалық өңдеуден өткен болаттың қызуы қарастырылса немесе ұзына бойы жоғары қуатпен дәнекерлеу кезінде механикалық қасиеттерінің тиісті кему мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

Прокат аяқталғаннан кейін шапшаң салқындату, сондай-ақ Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауынан кейін рұқсат етілуі мүмкін.

 

 

§ 3. Сынама мен үлгілерді дайындау. Сынақтар көлемі



 

1353. Сынаулар үшін үлгілерді мынадай жолмен орындалуы қажет.

Ені 600 м аса табақтар мен ұзынша қиықтан сынаманы бір шетінде сынама осі табақтың бойлық осі немесе ұзынша қиық және оның жиектері арасында орналасатындай етіп ойып кесіледі (осы Қағиданың 197-қосымшасы).

Ені 600 мм және кем ұзынша қиық және қапталынан сынамалар бір шетінде сынама осі ұзынша қиық жиегінен немесе текшенің сыртқы жиегінен 1/3 ара-қашықтықта орналасатындай етіп, ал кішкене қаптал үшін - осы күйге мүмкіндігінше жақын (осы Қағиданың 198, 199 және 200-қосымшасы) ойып кесіледі.

Швеллерлер, таңбалар және бульба сынамаларын, сондай-ақ қабырға ортасынан ә ара-қашықтықта ойып кесуге болады (осы Қағиданың 199-қосымшасы).

Шыбықтар және басқа сол сияқты жартылай өңделген өнімдерден сынамаларды бір шетінде үлгі осі қаптал бағытына паралель болатындай етіп ойып кесіледі.

Кішкене көлемді жартылай өңделген өнімдер үшін қажетті ұзындықты сыналып жатқан үлгілердің қималары жартылай өңделген өнімнің толық қимасына тең болуы мүмкін, және оларды алдын-ала механикалық өңдеусіз (соғудан майысу сынаулары үшін үлгілер механикалық өңдеуден өтеді) сыналуы мүмкін.

Басқа жағдайларда үлгілер олардың осьтері мынадай орналасатындай етіп ойып кесіледі:

1) Цилиндрлі емес жартылай өңделген өнімдер үшін төбесінен диоганаль жартысынан 1/3 ара-қашықтықта (осы Қағиданың 201-қосымшасы);

2) Цилиндрлі жартылай өңделген өнімдер үшін сыртқы жиегінен радиусы 1/3 ара-қашықтықта (осы Қағиданың 202-қосымшасы).

Созылу мен майысу сынаулары үшін үлгілерді, олардың бойлық осьтері ені 600 мм және одан кем қаптал, шыбық және ұзынша қиықтан басқа материалдардың соңғы прокаткасы бағытына перпендикуляр болып, ойып кесілуі тиіс.

KV соғудың жұмысын анықтау үшін үлгілерді, олардың бойлық осьтері соңғы прокат бағытына паралель немесе перпендикуляр болатындай етіп ойып кесіледі.

Тілікті прокат қабатына перпендикуляр және жалынмен немесе қайшымен қиылған жиектен 25 мм аса қашықтықта орындалуы тиіс.

1354. Прокат партиямен сынауларға жатады. Әрбір партия бір түрдің, бір ерітіндінің және жеткізудің бір күйінен тұруы қажет. Егер басқасы айтылмаса, салмағы 50 т кем әрбір партиядан созылуына бір үлгісі және соғудан майысуға үлгілер жиыны (Е, Е32, Е36, Е40 дәрежелі болаттан басқа) сыналуы қажет.



Егер партия салмағы 50 т асатын болса, қосымша әрбір толық 50 т және одан кем үлгілер жиындары бір реттен созылу мен соғудан майысу сынаулары жүргізіледі.

Егер партия қалыңдығы 10 мм аса ерекшеленетін табақтардан немесе қалыңдығы немесе диаметрі 10 мм аса ерекшеленетін қаптал мен шыбықтардан жасалған болса, сол сияқты қосымша бір реттен сынаулар жүргізіледі.

1355. Егер Кеме қатынасының тіркелімімен ыстық жайылған күйде жеткізілуі рұқсат етілсе, соғудан майысу сынаулары үшін үлгілердің бір жиынтығы әрбір толық немесе одан кем 25 т үшін сыналуы қажет.

1356. Е, Е32, Е36 және Е40 дәрежелі болатты соғудан майысу сынаулары мынадай көлемде жүргізіледі:

1) Табақты және кең ұзынша қиықты болат - әрбір өнім сыналады;

2) Қапталды және сортты болат - әрбір толық және одан кем 25 т бір жиынтығы.

Егер қапталды болат үшін Кеме қатынасының тіркелімімен рұқсат етілген ыстықтай жайылған күйде немесе бақыланып жатқан температурамен прокаткадан кейін үлгілердің бір жиынтығы толық және одан кем 15 т үшін сыналады.

 

 

§ 4. Байқау. Таңбалау



 

1357. Корпусты конструкция дайындауға арналған табақты және ұзынша қиықты болат қалыңдығының шекті кему ауытқулары толщиномердің көмегімен анықталғаннан 0,3 мм аспауы;

кемелік машина жасау үшін арналған табақты және ұзынша қиықты болаттың және басқа бөлшектері қалыңдықтарының шекті кему ауытқулары осы Қағиданың 203-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы;



болаттағы сегрегация және металлды емес қосқыштар қабылданған нормадан аспайды. Жартылай өңделген өнімдерде материалды тағайымы бойынша қолдануға кері әсер ететін сызаттар, шлакты қоспалар және басқа ақаулар болмайды. Жартылай өңделген өнім беткі қабаты таза болады және соғумен түзетуге жатпайды;

дайындаушы-мекеме бақылау сынауларымен расталатын отырғызу шұңғылшаның толық жойылуын кепіл етеді. Сынаулар жүргізу тәсілдері Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.

Жергілікті тазалау арқылы бет қабатының ақауларын жою номиналды қалыңдықтың тереңділігі 7 % кем, бірақ барлық жағдайларда 3 мм кем. Тазалаудың есепті алаңы жартылай өңделген өнімнің бет қабатының 2 % кем болуы қажет.

Жергілікті тазалаумен жойылмайтын бет қабатының ақаулары Кеме қатынасының тіркелімімен және оның қарауында шауып алынып немесе мынадай шарттармен артынан дәнекерленіп қойылатын тазалау арқылы жойылуы мүмкін:

1) дәнекерлеу алдында ақауларды жою кезіндегі жартылай өңделген өнім қалыңдығы 20 % жоғары кемуіне жол берілмейді;

2) дәнекерлеуді расталған технологиялық процесске сәйкес рұқсат етілген электродтармен білікті дәнекерлеуші жүргізеді;

3) дәнекерлеу орны жартылай өңделген өнімнің номиналды қалыңдығына дейін тазартылады;

4) дәнекерлеудің бөлек орындарының ауданы 25·10-4 м2 кем болуы тиіс;

5) пісіріндінің жалпы алаңы жартылай өңделген өнімнің жазықтығнда 1 % көп болмауы тиіс.

6) бет қабатындағы ақауларды дәнекерлеуден кейін термиялық өңдеуді жүргізу және оның түрі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс.

1358. Болат дайындаушы ерітіндіні орнатуға мүмкіндік беретін кесек, сляб және жартылай өңделген өнімдерді белгілеу жүйесі болуы қажет.



Әрбір жартылай өңделген өнім белгіленген тәсілмен белгіленген жерде анық түсірілген Кеме қатынасының тіркелімінің мөр немесе таңбасы және ең аз дегенде мынадай мәліметтер болуы қажет:

1) дайындаушы-мекеменің атауы немесе белгілері;

2) жартылай өңделген өнім нөмірі немесе белгілері;

3) ерітінді нөмірі;

4) болат дәрежесінің және ағымдылық шегінің біріздірілген белгілері (мысалы, А, D36).

Егер болат термомеханикалық өңдеуден кейін әкелінсе, Кеме қатынасының тіркелімінің талаптары бойынша дәреже белгісінен кейін «ТМ» индексі қосылуы қажет (мысалы, Е36ТМ).

 

 

98. Қысымда жұмыс істейтін қазан және сауыттарға арналған болат



 

§ 1. Жалпы ережелер

 

1359. Осы тараудың талаптары қысым астында жұмыс істейтін кемелік қазан, жылу алмастырғыш аппараттар және сауыттарға арналған жайылған болаттарға қолданылады.

1360. Болат Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе техникалық талаптарға сәйкес дайындалады.

1361. Осы талаптарға сәйкес дайындалған және сыналған жайылған болат бөлме немесе жоғары температурада жұмыс істеу үшін арналған.

 

 

§ 2. Химиялық құрамы



 

1362. Болаттың химиялық құрамы бөлмелік немесе есептелген жоғары температурада қажетті механикалық қасиетіне байланысты стандарттармен белгіленген; сонымен қатар негізгі элементтер құрамы мыналардан аспуы қажет, %:

1) Көміртекті және көміртекті-марганецті болат үшін (шөмішті сынама):

Көміртек - 0,20, кремний - 0,50, марганец - 1,6, күкірт - 0,040, фосфор - 0,040, никель, хром, мыс - әрбір элементтен 0,30. Тиісті дәнекерлеу қамтамасыз етілген жағдайда құрамы 0, 20 % дан аса көміртегі бар болатты қолдану мүмкіндігі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс;

2) Аз қоспалы болаттарға: көміртек - 0,18, кремний - 0,50, марганец - 0,80, күкірт - 0,040, фосфор - 0,040, хром - 2,50, молибден - 1,10, ванадий - 0,35.

1363. Болат жайлы ерітінділі болуы қажет. Қайнап жатқан ерітінді болатын қолдануға рұқсат етілмейді, ал жартылай жайлыны - Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етіледі.



Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша болат басқа түйір ұсақтайтын элементтерімен өңделуі мүмкін.

Жұмыс 400оС жоғары температураға арналған көміртекті және көміртек-марганецті болатта алюминий болмауы тиіс.

1364. Көрсетілген шектерден асқан негізгі элементтер құрамы, сондай-ақ басқа химиялық құрамды болаттарды қолдану Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.



 

 

3. Механикалық қасиеті. Термиялық өңдеу.



Сынамалар дайындау. Сынақтар көлемі

 

1365. Бөлмелік және есепті жоғарғы температурадағы болаттың механикалық құрамы стандарттармен белгіленеді.

Болат қасиеті мынадай сынаулармен расталуы қажет:

1) созылуына (уақытша қарсыласу, ағымдылық шегі және қатысты ұзартуларды анықтаумен);

2) майысуы;

3) соғудан майысуы (KCU немесе KV).

Егер стандарттармен жоғары температурада созылуын сынау, сондай-ақ болатты шөгу төзімділігін анықтауға арналған сынаулар регламенттелген болса, өткізілуі қажет. Кеме қатынасының тіркелімінің талаптары бойынша жоғары температурада ұзақ уақыт бойы беріктілік шегін анықтау бойынша болаттың сынаулар нәтижелері ұсынылуы қажет.

1366. Болат нормаланған, нормаланған және жіберілген немесе ширатылған және жіберілген күйде әкелінеді. Термиялық өңдеу түрі стандарттармен белгіленеді.



Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша болат қажетті қасиетпен қамтамасыз ету шартымен термиялық өңдеусіз әкелінуі мүмкін.

1367. Сынаулар үшін сынамалар осы Қағиданың 1353-тармағы талаптарына сәйкес дайындалуы қажет.



Созылуын және соғу жабысқақтығын KCU анықтау үшін сынаулар үлгілерін көлденең ойып қияды, ал соғу жұмысын KV анықтау үшін - соңғы прокатка бағыты бойы.

1368. Табақты илем табақ сайын сынаулар үшін ұсынылады. 12 мм дейін қалыңдықты көміртекті болаттан табақты сынама үшін сондай-ақ табақшаның (жайылым) және пішіннің жалпы көлемі 10 % сынау үшін пішінді сынаманы тартып алу рұқсат етіледі, бірақ қалыңдықтың бірден екеуінен көп емес (диаметр немесе кескін) бір балқығыш және бірдей термиялық өңдеу.



Егер басқасы айтылмаса, созылулар мен майысу сынаулары үшін жартылай өңделген өнімнен бірден бір үлгілерден кем емес, сондай-ақ, соғудан майысу сынаулары үшін үлгілердің бірден бір жиынтықтары ойып кесілуі қажет.

Жоғары температурада созылу мен беріктік ұзақтығын сынауларға арналған үлгілер саны Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша белгіленеді.

Салмағы 6 т жоғары табақтардан (жайуы) немесе ұзындығы 15 м жоғары сынамалар үшін сынауларды екі шеттерінен іріктеледі.

 

 

§ 4. Байқау, таңбалау. Беріктілік сипаттамасы



 

1369. Прокат, оны тағайымы бойынша пйдалануға кедергі келтіретін ақаулары болмауы қажет. Индикатор трещин және толшиномер, дефектоскопты қолданумен ақаулардың болмауы дайындаушымен кепілденіп және бұзылмайтын бақылаумен расталуы мүмкін.

Дайындаудың сол немесе басқа тәсілімен мүмкін болатын сыртқы қабаттағы ақаулар, егер олардың тереңділігі нормаланған міндер шегінен аспайтын болса рұқсат етіледі.

Беттегі ақаулар Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша дәнекерлеумен, кейіннен термиялық өңдеумен жойылуы мүмкін.

1370. Таңбалауды осы Қағиданың 91-тарауы талабтарына сәйкес орындалады.

1371. Қазанды болаттардың беріктілік сипаттамасы осы Қағиданың 204, 205-қосымшасында келтіріледі.

 

 

99. Болат түтіктер



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1372. Осы талаптар қысым астында жұмыс істейтін қазан, жылу алмастырғыш аппараттар, сауыттар, кемелік жүйелер және құбырларға арналған болатты ыстық және салқын өзгертілген, сондай-ақ дәнекерленген түтіктерге қолданылады.

1373. Болатты құбырлар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандартар мен техникалық шарттарға сәйкес дайындалады.

1374. Осы Қағидаға сәйкес дайындалған және сыналған құбырлар бөлме және одан жоғары температурада жұмыс істеуіне арналған.

1375. Дәнекерленген құбырларды электрлі индукциялық немесе жалғанушы қысыммен немесе ерітумен дәнекерлеу арқылы дайындалуы мүмкін.



 

 

§ 2. Химиялық құрам



 

1376. Құбырларға арналған химиялық құрамдар бөлме немесе есепті жоғарланған температурада қажет етілетін механикалық қасиетіне байланысты стандарттар бойынша таңдалады, сонымен бірге, негізгі элементтер құрамы мыналардан аспауы қажет:

көміртекті және көміртекті-марганецті болаттар үшін (шөмішті сынама),%:

күкірт — 0,04;

марганец — 1,50;

кремний — 0,50;

көміртек — 0,23;

фосфор — 0,04;

хрома, никель,

мыс - по 0,30 каждого элемента.

Аз қоспалы болат үшін (шөмішті сынама), %:

күкірт — 0,035;

марганец — 1,0;

кремний — 0,50;

көміртек — 0,20;

фосфор — 0,035;

хром — 2,50;

молибден — 1,20;

ванадий — 0,35.

1377. Болат жазық ерітілген болуы қажет. Құбырлар дайындау үшін қайнап жатқан болатты пайдалануға тыйым салынады. Жартылай жазық, сондай-ақ түйір ұсақтайтын элементтермен өңделген болаттарды Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша қолданылуы мүмкін. 400 оС жұмыс температураларына арналған көміртекті және көміртекті-марганецті болаттарда алюминий болмауы тиіс.

1378. Негізгі элементтер құрамы осы Қағиданың 1376-тармағында көрсетілген шектері, сондай-ақ негізгі қоспалы элементтері бар болаттарды қолдану Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етілуі мүмкін.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет