§ 1. Жалпы нұсқаулар
1484. Осы талаптар толық құйылған еспелі бұрандаларға, қалақтарға және аз қоспалы және қоспалы болаттан жасалған көміртекті алмалы-салмалы бұрылатын қалақтан еспелі бұрандалы күпшектерге қолданылады. Сондай-ақ, осы Қағиданың 102-тармағында қолданылатын талаптар орындалуы қажет.
1485. Химиялық құрамы немесе механикалық қасиеті бойынша осы Қағиданың 1486 және 1487-тармақ талаптарына сәйкес келмейтін қоспалы болат Кеме қатынасының тіркелімімен жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда болаттың коррозиялық тозуына сынау нәтижелері ұсынылуы тиіс. 10 цикл базасында коррозиялық тозудың шегі 75 МПа аса болуы тиіс.
§ 2. Химиялық құрамы және механикалық қасиеті
1486. Еспелі бұрандаларға арналған болатты құймалардың химиялық құрамы осы Қағиданың 231-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы;
барлық дәрежелі болаттар үшін S және Р құрамы әрбір элементте 0,035 % аспауы қажет.
1487. Еспелі бұрандаларға арналған болаттың механикалық қасиеті Кеме қатынасының тіркелімінің қарауы бойынша бөлек құйылған сынама мен күпшектерге немесе қалақтың ернекті жағына құйылған үлгілерді сынау кезінде анықталады және осы Қағиданың 232-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.
§ 3. Термиялық өңдеу, сынамаларды дайындау және сынақтар көлемі
1488. Еспелі болаттарға арналған құймалар осы Қағиданың 232-қосымша талаптарына сәйкес термоөңдеуге жатады.
Кернеуді тоқтатуға арналған термиялық өңдеу құйма металының механикалық қасиетіне және оның коррозиялық тұрақтылығына кері әсер етпеуі қажет. Термиялық өңдеу режимін дайындаушы белгілейді.
1489. Бөлек сынамалар бір құйылатын шөмішті металынан құйылуы және құйылумен қоса бір тұнбада термоөңдеуді өту қажет.
Әрбір құймаға немесе құйма партияға үлгілер дайындау үшін бір сынама дайындалуы қажет.
1490. Сынауларға бұранданың әрбір құймасы ұсыну қажет.
Бір тұнбада термоөңделген және бір ерітінді металынан жасалған диаметрі 1,0 м кем құймалар партиямен ұсынылуы мүмкін. Құймаларға немесе құймалар партиясына мынадай сынаулар жүргізілуі қажет:
1) созылуына — ең аз дегенде бір үлгіде;
2) соғудан майысу — ең аз дегенде бір үлгілер жинақтамасында.
Кеме қатынасының тіркелімінің талабы бойынша микроконструкцияның бақылауы жүргізілуі қажет.
§ 4. Байқау және таңбалау
1491. Құймалар көзбен шолу және бұзылмайтын бақылауға дайындалған қабатымен куәландырылуға ұсынылуы қажет.
Құймалар бет қабаты каппилярлы немесе магнитұнтақты бақылауға жатады. Қалақтың айдауыш және соратын бет қабаты, сондай-ақ қалақтан күпшекке немесе ернекке өтетін жері жоғарыда айтылған бірден-бір тәсілдермен міндетті түрде бақылауға жатады. Кеме қатынасының тіркелімінің талабы бойынша құймалар ішкі ақауларды анықтау үшін бұзылмайтын бақылауға жатады.
Бақылаудың көлемі мен бақылау тәсілі, рұқсат етілген ақаулар нормалары Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамамен келісілген талаптарға сәйкес болуы қажет. Табылған ақаулар механикалық тәсілмен жойылуы және расталуы мүмкін.
Түзетулерсіз жіберілетін және механикалық тәсілмен немесе дәнекерлеумен жойылуға жататын ақаулар өлшемдері, көлемі және орналасуы Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша белгіленеді. Ақауларды толық жойылуы және оларды пісіру орындары бұзылмайтын тәсілмен тексерілуі қажет. Пісірілген ақаулардың өлшемдері мен күйі еспелі бұранданы құю сертификатына қоса берілген сызбаларда көрсетілуі тиіс.
1492. Еспелі бұрандалар үшін болатты құймаларды таңбалау осы Қағиданың 91-тарауы талаптарына сәйкес болуы қажет.
104. Дәнекерлеуші конструкция үшін мықтылығы жоғары болат
§ 1. Жалпы нұсқаулар. Химиялық құрамы
1493. Осы талаптар корпусты және басқа пісірілетін конструкция дайындауға арналған пісірілетін табақты және ені жазық мықтылығы жоғары қалыңдығы 70 мм дейін болаттарға қолданылады.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша осы тараудың талаптары қалыңдығы 70 мм және басқа пішінді прокатқа, мысалы, көлденең, конструктивті түтіктерге және т.б. қолданылуы мүмкін.
Кепілденетін ағымдылықтың ең аз шегіне байланысты болат мықтылығының алты дәрежесіне бөлінеді: 420, 460, 500, 620 және 690 МПа; соғудан майысу сынауларының температурасына байланысты әрбір мықтылық дәрежесіне үш дәреже белгіленген: D, Е және F.
Осы тарауда алдын-ала жазылғаннан механикалық қасиеті, химиялық құрамы ерекшеленетін болат Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
1494. Болаттың химиялық құрамы әрбір ерітінде немесе шөміштен жасалған кезде анықталады және Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құжаттама талаптарын қанағаттандыру қажет. Қоспалы және түйір ұсақтайтын элементтер құрамының шекті мәні осы Қағиданың 233-қосымшасында көрсетілген.
Болат толық ашытылуы және түйірді ұсақтайтын элементтермен өңделуі қажет. Қоспалы және ұсақтайтын элементтердің құрамы Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құжаттамамен белгіленеді.
§ 2. Термиялық өңдеу және және механикалық қасиеті
1495. Болат шыңдау мен босатуға жатады.
Осы талаптар дисперсиялық болаттарға қолданылады.
1496. Созылу мен соғудан майысуға сынау кезінде болаттың механикалық қасиеті осы Қағиданың 234-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.
§ 3. Сынамаларды таңдау. Сынақтар көлемі
1497. Созылуына сынау үшін үлгілер осьтері ені 600 мм және одан кем ені жазық прокат, үлгінің бағдары Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша белгіленетін қапталды және сортты прокаттардан басқа соңғы прокат бағытына перпендикуляр бағытталуы қажет.
1498. Әдетте, созылуына сынау үшін жазық үлгілер бір жағынан болса да прокат қабаты сақталатындай етіп, дайындалуы қажет.
Егер созылу сынаулары цилиндрлі үлгілерде орындалса, олардың осьтері бет қабатынан қалыңдығы ә ара-қашықтықта немесе мұндай күйге мүмкіндігінше жақын орналасуы қажет.
1499. Егер Кеме қатынасының тіркелімімен басқасы келісілмесе ені 600 мм және одан аса табақты немесе ені жазық болатты соғудан майысу сынаулары осы Қағиданың 178-қосымшасына сәйкес бойлық осі прокат бағытына перпендикуляр бағытталаған (көлденең үлгі) үлгілерде жүргізіледі.
Қиманың басқа формасын прокаттау үшін және соғудан майысу сынаулары бойлық үлгілерде орындалады.
1500. Әрбір табақты (жайылым) термиялық өңдеуден кейін созылу мен соғудан майысу сынауларын өту қажет.
Өтетін үзіліссіз пештерде шыңдау мен босатуды өткен прокат үшін үлгілер саны мен олардың қималарының бағытын қоса сынаулар көлемі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құжаттамамен белгіленеді.
Созылуына сынау үшін әрбір сынамадан аз дегенде бір үлгі, ал соғудан майысу сынаулар үшін - үш үлгі дайындалады.
Кеме қатынасының тіркелімінің талабы бойынша көлденең қиманың қатысты тарылуын анықтаумен қоса бойлық осьтері табақ бет қабатына перпендикуляр үлгілер созылуына сыналуы тиіс.
§ 4. Байқау және таңбалау
1501. Прокат мынадай көрсетілгенді ескере отырып, осы Қағиданың 1333-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Ақауларды тазалаумен бет қабатын түзету кезінде тазалау орнындағы прокат қалыңдығы мүмкін болатын ауытқулар шегінен шықпауы тиіс.
Прокат Қағидамен талап етілген кезде Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттарға сәйкес ультрадыбыстық бақылауға жатады.
1502. Таңбалау осы Қағиданың 91-тарауы және 1358-тармағы талаптарын қанағаттандыуы тиіс.
105. Болатты арқандар
§ 1. Жалпы нұсқаулар
1503. Осы талаптар жүк көтеруге, қайық және басқа кемелік құрылғыларға арналған арқандарға қолданылады.
1504. Арқандар олармен танылған кәсіпорындардағы Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттарға сәйкес жасалуы және сыналуы тиіс.
§ 2. Дайындау
1505. Арқандарды дайындау үшін коррозиядан сақтау үшін жабулары мен жарылуға уақытша қарсыласуы 1180-1770 МПа доңғалақ қиманың сым темірі қолданылуы тиіс.
1506. Арқандардың органикалық өзектері манила, сизали, кендір жіп немесе синтетикалық талшықтардан болуы тиіс.
Есепті диаметрі 12 мм және одан аса арқандар кем дегенде үш есе өзегі болуы тиіс.
1507. Дайын арқанның сымдары маймен жағылуы тиіс.
Органикалық өзекшелер суда ерімейтін және қышқылдар мен сілтілері жоқ антикоррозиялық және көгергенге қарсы сұйықтықтар сіңілуі немесе жағылуы тиіс.
Физика химиялық қасиеттері бойынша арқандарды жағу мен органикалық өзектерді сіңіруі бірге жүруі тиіс.
§ 3. Сынамаларды дайындау және сынақтар көлемі
1508. Сынауларды жүргізу үшін ұзындығы 200 м және одан кем әрбір арқаннан бір соңғы тілік, ал ұзындығы 200 м жоғары арқандарды екі шеттерінен де соңғы тіліктерді бөледі.
Арқанның соңғы тіліктерінің ұзындығы барлық алдын-ала жазылған сынауларды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
1509. Дайындау кезінде әрбір арқан толығымен жарылуларға сыналады.
1510. Сынаулар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге, арқанның толығымен жарылуларына сынау кезінде қысқыштан 50 мм кем ара-қашықтықта жүргізіледі, сынау қайталануы қажет.
1511. Сынаулар нәтижелері стандарттар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1512. Өндірістің біріздірілген жағдайында сынау жабдықтары болмаған кезде арқанды толығымен жарылуларын сынау үшін арқанның мынадай формуласы бойынша барлық сымдардың созылуына F сынаулар нәтижелері бойынша үлестері анықталуы мүмкін, кН:
мұнда с — стандарттар бойынша қабылданатын немесе стандартпен талап етілетін арқанның толығымен жарылулар үлесінің арқандағы барлық сымдарының жарылулар үлесінің санына қатынасы;
і — бірдей өлшемді сымдар тобының саны;
т — стандарттар талаптарын қанағаттандыратын диаметрлері бойынша әрбір топтың созылуына сыналған сымдардың саны;
Fm — бір сымды созылуына сынау кезінде үлгінің бұзылу алдыңғысынан көп жүктемесі, кН;
п — диаметр бойынша әрбір диаметрінің сымдар саны;
Z — диаметр бойынша созылуына сыналған әрбір топтың сымдарының саны.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша тағайымына қатысты арқанның созылуына сыналған сымдар саны кемуі, бірақ арқандағы сымдардың жалпы санына дейін 25 % кем болуы мүмкін.
§ 4. Байқау және таңбалау
1513. Арқанның конструкциясы, диаметрі және басқа параметрлерінің стандарттарға сәйкестігі көзбен шолып бақылау мен өлшеулер кезінде расталуы тиіс.
1514. Тарқатылмаған арқанның ширатылған жіптері мен жіптердегі сымдары байлануларды немесе пісіру орындары тарқатылмауы тиіс немесе қандайда бір оңай тәсілмен бастапқы жағдайына қайтару тәсілімен тарқатылуы мүмкін.
1515. Арқанның диаметрін өлшеу тартылған арқанда оның осіне перпендикуляр екі бір-біріне қарама-қарсы жіптердің екі күйінде жүргізілуі тиіс.
Арқан диаметрі белгіленгенді 6 % аса аспауы тиіс.
1516. Арқанның бет жағында жіптердің ширатып орау мен масайрауы, арқанның тағайымы бойынша пайдалануына кедергі болатын жіптердегі сымдардың үзілуі мен түсіп кетуі, қиысуы, коррозиясы болмауы тиіс.
1517. Арқандарды таңбалау стандарттарға сәйкес жүргізілуің тиіс.
1518. Байқау мен сынаулар нәтижелері мазмұны Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиісі, сынаулар туралы куәлікке жазылуы тиіс.
106. Шар тәрізді графиті бар шойыннан жасалған құйма
§ 1. Жалпы нұсқаулар
1519. Шар тәрізді графиті бар шойыннан жасалған құймалар мынадай көрсетілген талаптарға сәйкес орындалады және сыналуы тиіс.
1520. Осы тараудың талаптар кеме жасау мен кемелік машина жасауға арналған және қолдану аймағы бөлме температурасында анықталған қасиетіне байланысты белгіленетін шар тәрізді графиті бар шойыннан жасалған құймаларға қолданылады.
1521. Төмен және жоғары температурада жұмыс істеуге арналған құймалар бөліктеріне қойылатын талаптар әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады. Сонымен бірге, Кеме қатынасының тіркеліміне химиялық құрамы, механикалық және арнайы қасиеттері, термиялық өңделуі, көлемі және сынаулар тәсілдері туралы толық мәліметтер ұсынылуы қажет.
1522. Біркелкі құймалардың біріздендірілген өндірісі кезінде Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша технологиялық процестер мен құйма сапасының тұрақтылығын растау шартымен басқа да сынаулар тәсілдері және көлемі рұқсат етілуі мүмкін.
§ 2. Химиялық құрамы және механикалық қасиеті
1523. Химиялық құрамы құймалардың қажетті механикалық қасиеттеріне байланысты белгіленеді. Кеме қатынасының тіркелімінің талабы бойынша құйманың техникалық құжаттамасында шөмішті сынаманың химиялық құрамы көрсетілуі тиіс.
1524. Құймалардың механикалық қасиеттері осы
Қағиданың 235-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.
Құйма материалдарын созылуына сынау кезінде уақытша қарсыласу мен қатысты ұзартуларын анықтайды.
Созылу кезінде қажетті ең аз уақытша қарсыласу Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құйманың техникалық құжаттамасында көрсетіледі, бірақ, кез-келген жағдайда ол осы Қағиданың 235-қосымшасында белгіленген шектеріне сәйкес болуы тиіс.
Сондай-ақ, Қағиданың тиісті бөлімдерінің қосымша талаптары орындалуы тиіс.
Уақытша қарсыласудың аралық мәндері үшін қатысты ұзартулардың және ағымдылық шегінің ең аз мәндері осы Қағиданың 235-қосымша мәліметтерімен сызықтық интерполяциямен анықталуы мүмкін.
Қаттылық твердомермен анықталады.
1525. Соғудан майысу сынауларын өткізу қажет болса, үлгінің нормалары мен типі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.
1526. Құйманың микро конструкциясындағы шар тәрізді графит мөлшері кем дегенде 90 % тұруы тиіс. Тілімше тәрізді графит рұқсат етілмеді.
§ 3. Термиялық өңдеу
1527. Құймаларды термиялық өңделген және термиялық өңделмеген түрде жүргізіледі.
Термиялық өңдеудің қажеттілігі және оның режимін дайындаушы құйманың химиялық құрамы, тағайымы және формасына байланысты белгілейді.
Кеме қатынасының тіркелімі конструктивті жетілдіру мен кернеуді тоқтату үшін міндетті түрде термиялық өңдеуді қажет етуі мүмкін. Кернеуді тоқтатуға арналған термиялық өңдеуді конструктивті жетілдіру үшін термиялық өңдеуден кейін механикалық өңдеуге дейін орындалуы қажет.
1528. Егер жергілікті бет қабатын нығайту қажет болғанда тәсілі мен технологиялық талаптары Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынылуы қажет.
§ 4. Сынамаларды дайындау
1529. Сынамалар бөлек немесе құймаға құйылуы мүмкін.
Бөлек құйылған сынамалардың көлемдері осы Қағиданың 236, 237, 238-қосымшасына сәйкес болуы тиіс, сонымен бірге сынама ұзындығын машина типіне байланысты созылуына сынау үшін таңдайды.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынамалар басқа көлемді болуы немесе тікелей партияның бір құймасынан таңдалуы мүмкін.
Бөлек сынамаларды құймалар формасының материалына ұқсас материалдан жасалған формадан құйылуы қажет. Сынамаларды осы формалардан сынама металлының 500оС төмен температурада шығарылуы қажет.
1530. Сынаманың құймаларын термиялық өңделген күйінде жеткізу кезінде сынамаларды осы партия құймаларымен бірге термиялық өңдеуге алу қажет.
1531. Металлографиялық сынаулар үшін сынама ретінде созылуына сынау үшін үлгі бөліктерін немесе шөміштен металды құю соңында өңделу шартымен бөлек құйылған сынама қолданылуы мүмкін.
§ 5. Сынақтар көлемі
1532. Әрбір құймадан кем дегенде бір сынама таңдалуы тиіс. Егер бір құймаға бірнеше шөміштен жасалған металл қолданылса, әрбір шөміштен бір сынамадан таңдалуы тиіс.
1533. Тазартылған күйдегі салмағы 1 т және одан кем құймалар партиямен сынаулы мүмкін.
Әрбір партия бір шөміш металынан құйылған шамамен пішіні мен өлшемдері бірдей құймалардан тұруы тиіс. Бір партияның тазартылған құймалардың әрбір 2 т бөлек құйылған сынамамен өңделуі тиіс.
1534. Әрбір сынамадан созылуына сынау үшін кемінде бір үлгі, және қажет болғанда соғудан майысуына сынау үшін үлгі жинақтамасы жасалуы тиіс.
1535. Егер құйма қысыммен тығыздылығын сынауға жатса, техникалық құжаттамада жұмыс және сынамалық қысымы көрсетілуі тиіс.
§ 6. Байқау және таңбалау
1536. Құйманы литниктерін тазартылған, жаншылулары, кірістері жойылған күйде байқауға және соңғы сынауға жатады.
Құймаларда тағайымы бойынша қолдауына кері әсер ететін ақаулары болмауы тиіс. Ақауларды пісірумен түзету, әдетте рұқсат етілмейді. Беткі қабатындағы ақаулар Кеме қатынасының тіркелімі жұмысшыларымен келісу бойынша тазартумен жойылуы мүмкін.
Құйманың ішкі ақаулары жоқтығы туралы бұзылмайтын бақылаумен расталуы мүмкін.
1537. Шар тәрізді графитімен қоса шойыннан жасалған құймаларды таңбалау осы Қағиданың 91-тарау талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
107. Сұр шойыннан жасалған құймалар
Достарыңызбен бөлісу: |