§ 10. Ескіш біліктің штевендері, килдері, кронштейндері
297. Жүкке арналған ватерсызығынан төмен болат тілік қимадан жасалған форштевннің көлденең қимасының өлшемі,мм, мынадан кем болмауы қажет:
«М», «О» сыныпты және барлық сыныптағы сүйреп-итеруші кемелер үшін
сүйреп-итерушіден басқа «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін,
мұндағы t — тілік қима қалыңдығы, мм; а тілік қиманың ені, мм.
298. Жүкке арналған ватерсызығынан төмен болат шыбықтан жасалған форштевннің көлденең қимасының диаметрі төмендегіден кем болмау қажет:
«М», «О» сыныпты және барлық сыныптағы сүйреп-итеруші кемелер үшін
d = 46 + 0,96L; (214)
сүйреп-итерушіден басқа «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін
d = 32 + 0,63L. (215)
299. Жүкке арналған ватерсызығынан төмен бұрыштық тең бүйірлі болаттан жасалған форштевннің көлденең қимасының ауданы см2, төмендегіден кем болмауы қажет:
«М», «О» сыныпты және барлық сыныптағы сүйреп-итеруші кемелер үшін
F = 11 + 0,22L; (216)
сүйреп-итерушіден басқа «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін
F = 7 + 0,22L. (217)
300. Жүкке арналған ватерсызығының жоғарысында форштевеннің көлденең қимасының ауданын біртіндеп төмендетуге және осы Қағиданың 299-тармағы формуласы бойынша анықталған жоғарғы ұшында 70% тең деп қабылдауға болады.
Егер форштевень жекелеген бөліктерден тұрса, онда олардың жапсары жүкке арналған ватер сызығы ауданында тұрмау қажет.
Форштевеннің жоғарғы ұшы жүкке арналған ватер сызығының үстінде орналасқан жақын жердегі палубаға немесе платформаға дейін жеткізілу қажет.
Форштевеннің төменгі ұшы форпик аралығынан 2-3 шпациядан кем емес алдыңғы жағына қарай қашықтықта тұрған қимаға дейін жеткізілу қажет.
301. Майысқан форштевендер (осы Қағиданың 57-қосымшасы) үшін қалыңдығы 25% болат табақшаларды, қалыңдығы одан жоғары кеменің алдыңғы жағының ұшындағы сыртқы қаптамаға қолдануға рұқсат етіледі.
302. Орналасуы борттық стрингерлер және алдыңғы жағының ұшындағы басқа да жиынтықтың орналасуымен келісілетін, оған қаптамалар жанасатын форштевендер брештуктармен нығайтылу қажет. Брештуктың қалыңдығы сыртқы қаптаманың іргелес табақтарының қалыңдығынан аз болуы қажет.
Брештуктарды шпангоутқа дейін жеткізу ұсынылады.
303. Табақша майысқан форштевендердің брештуктары сыртқы қаптаманың форштевеннің 5 қалыңдығынан кем емес форштевенмен жапсарланып жалғасуы жабу қажет (осы Қағиданың 57-қосымшасы).
304. Көлденең қиманың өлшемі, мм қырлы болаттан жасалған ахтершевеннің старнпостасы мыналардан кем болмау қажет:
«М» сыныпты кемелер үшін
«О» сыныпты кемелер үшін
«Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін
мұндағы a, t — ахтершевеннің старнпостасының көлденең қимасының ені мен қалыңдығы, мм.
305. Алмадан төмен рудерпостың және старнпостың көлденең қимасының қалыңдығын осы Қағиданың 218-220-формулаларымен есептеленмен салыстырғанда екі есе ұлғайту қажет.
Осы формуламен анықталған мәндермен салыстырғанда жоғарғы бөліктегі рудерпостың және старнпостың көлденең қимасының енінің мәндерін 15% ұлғайтуға болады.
306. Старнпост алмасының дуалының қалыңдығы (бұрғыланған күйде) осы Қағиданың 218-220-формулалары бойынша анықталғаннан 60% кем болмау қажет.
307. Старнпост және рудерпост аралығының аумағындағы ұлтан мүмкіндігінше қысқа және осы Қағиданың 218 - 220-формулалары бойынша есептелген a және t өлшемді қима ауданынан 25% жоғары көлденең қима учаскесі болуы қажет.
Қаптамамен сенімді бекіту үшін ахтершевеннің ұлтаны старнпостан алдыңғы жағына қарай алмадан төмен старнпостың көлденең қимасының енінен 10 еседен кем емес созылыңқы болуы қажет. Ахтершевень ұлтанының төменгі бөлігі 1/10 тең рудерпост бағытындағы қалқымалы көтеруі болу қажет.
Көлденең жиынтықты бекіту үшін ахтершевень рамасының жоғарғы бөлігінде 1-2 қабырға қарастырылу қажет (көтерілу).
308. Егер кемеде қырлы киль орналасса оның көлденең қимасының өлшемдері мына формула бойынша есептелгеннен кем болмауы қажет:
h = 100 + L; b = 12 + 0,4L, (221)
мұндағы h, b - қырлы килдің биіктігі мен ені, мм.
309. Еспелі біліктің кронштейндері бір табанды немесе екі табанды болуы мүмкін; табандар біреуі басқасына қатысты 80 — 100 бұрышпен орналасады, табанның осьтік сызықтары еспелі білік осімен қиылысады.
Екі табанды кронштейндердің өлшемдері төмендегі есептелген формуладан кем болмау қажет:
мұндағы tл, tc - табандардың және күпшектердің тиісті қалыңдығы, мм;
d — еспелі біліктің диаметрі, мм;
Fл - табанның көлденең қимасының ауданы, см2;
tс - — күпшек ұзындығы, мм.
25 м дейінгі ұзындықтағы кемелердегі екі табанды кронштейндердің күпшегінің дуалының қалыңдығын 0,25d дейін төмендетуге болады.
Кронштейндер табаны корпус жиынтығына және дәнекердегі сыртқы қаптамаға бекітілу қажет. Кронштейн табандарын бекіту аудандарындағы сыртқы қаптама табақшасының қалыңдығы осы Қағиданың 47-қосымшасына сәйкес анықталатын артқы жағының ұшындағы қаптама қалыңдығымен салыстырғанда 25% ұлғайтылу қажет.
§ 11. Жарылған мұзда жүзу үшін корпусты күшейту
310. Ұсақтап жарылған мұзда ауық-ауық жүзетін барлық сыныптағы кемелер, талабы осы Қағиданың 312-326-тармақтарында бекітілуі болу қажет.
Бұл талаптар осы Қағидаға 58-қосымшасында көрсетілген ұсақтап жарылған мұздың қалыңдығына бағытталған.
311. Ауыр мұз шарттарында жүзуге арналған кемелер, осы Қағидаға 58-қосымшасында көрсетілгеннен басқа Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген және түрі, міндеті кеменің жүзу шарты ескеріліп жобаланған қосымша корпус нығайтулары болу қажет.
312. Кеменің ұзына бойына, жоғарғы шегі жүкке арналған ватерсызығынан - 0,5 м, ал төменгі шегі кеменің мүмкінді дифференті ескерілген бос төменгі ватерсызығынан - 0,5 м өтетін сыртқы қаптаманың мұздық белдігін орнату қажет.
Егер кеменің алдыңғы жағының бөлігінде бос ватерсызығы және сыртқы қаптаманың түпкі табақшалары аралығының биіктігі бойынша арақашықтығы 0,5 м кем болса, алдыңғы жағының бөлігіндегі жүкке арналған ватерсызығынан төмен барлық сыртқы қаптаманың қалыңдығы цилиндрлік ендіруге дейін, бірақ ұзындығынан кем емес, кеме еніне тең мұздық белдік қалыңдығы сияқты болу қажет.
313. Мұздық белдіктің табақшалар қалыңдығы tn, мм осы Қағиданың 59-қосымшасында көрсетілгеннен кем болмау қажет, мм.
314. Шпация өлшемдері мынадан үлкен болмауы қажет:
1) кеменің алдыңғы бөлігіндегі цилиндрлік ендірудің үшінші шпангоутына дейін, ал ұзындығы 0,3 L кем цилиндрлік ендіруі бар шпангоутқа дейінгі толық жүкке және ДП кеменің ватерсызығына қатысты аралықтың бұрышы 7о> бірақ кеменің ені - 400 мм тең кеменің ұзындығынан кем емес;
2) кеменің қалған ұзындығында - 550 мм.
315. Шпацияны мұзсыз нығайтылған кемелерге арналған сияқты көлденең қимасының қарсыласу сәті осы Қағиданың 318-тармағын қанағаттандыратын борттық шпангоуттар аралығын орнату шартында тағайындауға рұқсат етіледі.
316. Белдікпен жалғасқан рамалық борттық шпангоуттардың көлденең қимасының қарсыласу сәті W, см3 мынадай анықталған формуладан кем болмауы қажет:
1) осы Қағиданың 314-тармағы 1) тармақшасына сәйкес кеменің алдыңғы бөлігінде
2) ахтерпика ауданында
3) кеменің қалған ұзындығында
мұндағы d — рамалық борттық шпангоут аралығының арақашықтығы,м;
Нс — кеменің тиісті ауданындағы борт биіктігі, м.
317. Белдікпен жалғасқан негізгі бос борттық шпангоуттардың көлденең қимасының қарсыласу сәті W, см3, мынадай формуламен анықталғаннан кем болмауы қажет:
1) осы Қағиданың 314-тармағы 1) тармақшасына сәйкес кеменің алдыңғы бөлігі
2) ахтерпика ауданында
3) кеменің қалған ұзындығында
мұндағы а — шпация (негізгі бос борттық шпангоуттардың аралығының арақашықтығы), м;
l — кеменің тиісті ауданындағы борт бойынша өлшенген түп және борттық стрингер аралығының, борттық стрингер немесе борттық стрингер және палуба аралығының ең үлкен арақашықтығы, м.
318. Белдікпен жалғасқан борттық шпангоут аралығының көлденең қимасының қарсыласу сәті белдікпен жалғасқан негізгі бос шпангоуттардың көлденең қимасының қарсыласу сәтінен 75% кем болмауы қажет.
319. Мұздық белдік ауданындағы кеменің барлық ұзындығы бойынша борттық стрингерлер болу қажет, сонымен бірге олардың біреуін жүкке арналған ватерсызығынан төмен орнату қажет.
Азын-аулақ биіктік кезінде бір стрингерлі айнымалы ватерсызығының орнатылуы мүмкін.
320. Борттық шпангоуттардың төменгі бөлігі қаңқаларды жабу қажет.
Оларды жақын жердегі түптің жиынтық байланысына немесе екінші түп төсеміне бекіту ұсынылады.
Аралық шпангоуттың жоғарғы ұшы палубаға, платформаға немесе борттық стрингерге дейін жеткізілу қажет, бірақ мұздық белдіктің жоғарғы жиегінен төмен болмау қажет.
321. Толық қоршалған кемелерде форпик және ахтерпик ұшындағы шпангоуттарды қаптамаға қалыпты орнатады.
322. Форпик және ахтерпик аралықтарында, сондай-ақ машиналық бөлімшеді шектеуші аралықтарда бос тік тіреуге қарағанда ені әрбір борт аралықтарының жоғары қарсыласу сәтімен 25% көлденең қабырға қаттылығы орнатылады.
Осы қабырға жеткізілетін аралықтар тіреуді күшейту қажет.
323. Форштевннің көлденең қимасының ауданын осы Қағиданың 297 - 301-тармақтардың талабымен салыстырғанда 50% ұлғайтылады.
Кеме сыныбы «М» және «О», ал ұсақ жарылған мұздың қалыңдығы 20 см азырақ «Р» және «Л» сыныпты кемелерге осы Қағидаға сәйкес келетін тармағы талабын басшылыққа ала отырып, сонымен бірге кемелер үшін, ұсақ жарылған мұздың қалыңдығы 20 см және одан жоғарыда жүзуге рұқсат етіледі.
Форштевнге жанасатын сыртқы қаптама табақшаларының жиегі мұз әрекетінен қорғалу қажет.
324. Ахтершевннің көлденең қимасының ауданы осы Қағиданың 304-307-тармақтары талабымен салыстырғанда 15% ұлғайту қажет.
Кеме сыныбы «М» және «О», ал ұсақ жарылған мұздың қалыңдығы 20 см азырақ «Р» және «Л» сыныпты кемелерге осы Қағиданың сәйкес келетін тармағы талабын басшылыққа ала отырып, сонымен бірге кемелер үшін, ұсақ жарылған мұздың қалыңдығы 20 см және одан жоғарыда жүзуге рұқсат етіледі.
325. Бұранда және меңгерік мұз әрекетінен қорғалу қажет (крейсерлік артқы жағы, мұзға қарсы төбешіктер және с.с.).
326. Жарылған мұзда жүзу үшін корпусты күшейту ауданындағы жиынтықты үздіксіз тігіспен дәнекерлеу қажет.
§ 12. Басты палубаның қондырмалары және кемерлері
327. Қондырманың көлденең жиынтығы негізгі корпустың бір жазықтығында орналастыру қажет.
«М» және «О» сыныпты кемелердің қондырмаларының борттық шпангоуттарының белдікпен жалғасқан көлденең қимасының қарсыласу сәтінің мәні 9 см3 кем болмауы қажет.
328. Бактың және юттың сыртқы қаптамасының қалыңдығы «М» сыныпты кемелер үшін 3,5 мм кем болмауы, ал «О» сыныпты кемелер үшін 3 мм кем болмауы қажет.
329. Қондырмалардың бойлық дуалдары қондырманың шеткі аралықтарына қондырма биіктігіне тең және палубамен бір қалыпты жанасатын ұзындығына жалғасуы қажет.
Алдыңғы жағына қарай үш шпациядан кем емес ұзына бойындағы қондырманың әрбір ұштық аралығынан, сондай-ақ қондырманың қаптамасының төменгі белдігінің негізгі бөлігі және оның қондырма биіктігінің жартысына тең ұзындықта қондырма ішіне созылатын бөлігіндегі кеме корпусының ширстегі «М» сыныпты кемелер үшін 40%, «О» сыныпты кемелер үшін - 25% және «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін - 10 % қалыңдатылу қажет.
Ширстрек сияқты сол ұзындықта жоғарғы палубаның палубалық стрингері, «М» және «О» сыныпты кемелер үшін 20% және «Р» и «Л» сыныпты - 10% қалыңдатылу қажет.
Егер бак және юттың ұзындығы 0,25Z төмен болса, онда қалыңдатпауға болады.
330. Басты палубаның кемерімен бірге арнайы нығайтулар қарастырылу қажет.
Палуба карлингстері бірқалыпты байлану қажет. Ширстрек кемермен біргекемердің екі жағынан үш шпациядан кем емес 35% қалыңдатылу қажет.
Егер кемер еңіс болса, онда ұзындығы екі биіктіктен кем болмау қажет.
Бірінің үстіне біреуі өтетін басты және көтеріңкі палубалардағы, аумақ ұзындығын корпустың жалпы беріктілігін қамтамасыз ету шартынан, ал ұзындығы 50 м-ге дейін кемелер үшін осы Қағиданың 340-341-тармақтарында анықталғанға сәйкес осы аумақтағы палуба төсенішінің және борт қаптамасының қима учаскесін есепке қосып осы Қағиданың 61-63-тармақтар талабына сәйкес келтірілген шарттан таңдау керек.
Осы палубалардың төсенішінің қимасының ауданын олардың арасында бойлық тік бракет орнату арқылы ұлғайту қажет болса, соңғысының ұзындығы олардың екі есе биіктігінен кем болмау қажет, ал қалыңдығы - осы аудандағы аралықтарға талап етілгеннен кем болмау қажет.
Бракет ұштары осы Қағиданың 140-тармағы талабына сәйкес бекітілу қажет.
Бракеттер қабырға қаттылығымен нығайтылу қажет.
Егер қондырманың бойлық дуалының жазықтығы борт жазықтығымен біріктірілмесе, онда олар осы дуал жазықтығына қойылған карлингстерге сүйену қажет.
§ 13. Фальшборт
331. Фальшбортты орнату ауданын, оның ұзындығын, биіктігін және с.с. осы Қағиданың 54-тарау талаптарына сәйкес тағайындалады.
332. Фальшборт табақшасының қалыңдығын кеменің ортаңғы бөлігіндегі талап етілетін борт қаптамасының қалыңдығынан 2 мм төмен қабылдауға болады, бірақ 2 мм кем емес.
333. Кеменің ортаңғы бөлігіндегі фальшбортконструкциясы, жалпы корпус иіліміне қатыспау қажет.
334. Фальшборт арақашықтығы үш шпациядан аспайтын тіреулермен нығайтылу қажет.
335. Борттық клюз және трапқа қарай өтетін жол аудандарында нығайтушы тіреулер орнатылу қажет, ал фальшборт табақшаларының қалыңдығы басқа табақшалармен салыстырғанда 1 мм ұлғайтылу қажет.
§ 14. Цистерналар
336. Мұнайы бар және ағынды сулардың отын және май цистерналары қосымша және іштей орындалады.
337. Цистерналар, олардағы құралдар түп және бортқа қаптамасына қақтығыспайтындай конструкциялануы қажет.
Ішінен орнатылған цистернаның түптен бастап оның ең төменгі түптің қаптамасына дейінгі арақашықтық 800 мм кем болмау қажет, ал цистернаның борттық дуалынан борттық қаптамаға дейін қарау және жөндеуге рұқсатты қамтамасыз етілетіндей етіп қабылдау керек. Мұндай рұқсатты қосымша цистерналарға барлық жағынан қамтамасыз ету қажет.
Ұзындығы 50 м кем емес кемелер үшін Кеме қатынасының келісімімен қоршаған ортаны ластаудан қорғауды қамтамасыз ететін басқа да шешімдер қабылдануы мүмкін.
338. Ішінен орнатылған цистерналардың және табақша конструкциялардың дуалының қалыңдығын осы Қағиданың 47-қосымшасының 4-тармағы 1) тармақшасы және 5-тармағы 2) тармақшасына сәйкес қабылдау қажет.
Рамалық және бос байланыстардың қарсыласу сәтін аралықтардың сәйкес байланыстарының үйлесі бойынша қабылданады.
7. Кемелердің жекелеген түрлеріне қосымша талаптар
§ 1. Ұзындығы 50 м төмен кемелер
339. Ұзындықтары 50 м, барлық сыныпты кемелер үшін 314-тарамақтың талаптары сақталмайтын болса, осы Қағиданың 4-бөліміне сәйкес жалпы беріктілік есебін орындау қажет.
Бұл жағдайда майысу сәтін Мтв кеме бойынша деректерді қолдану негізінде анықтауға рұқсат етіледі - тік тұлға, сондай архитектуралы-конструктивті үлгісі бар және қаралатын кеме, жақын ырғақты, кеменің ұзындығы бойынша үйлесімді орналасқан машиналық бөлмелер және су ығыстыру немесе миделдегі майысу сәтіндегі тармақта есептеу негізіндегі алгебриялық жиынтықтар сәті салмақ жүктемесінен әртүрлі жүктеме тармағы және әлсіз қолдау.
Сонымен қатар кез келген жағдайда майысу сәтінің абсолютті шамасы аз қабылдануы қажет, кН м,
Мтв min = атвD (229),
мұндағы атв = 1,1 - өздігінен жүретін кемелер үшін;
атв= 0,74 - өздігінен жүрмейтін кемелер үшін;
D - толық жүкпен кеменің су ығыстыруы, кН.
Осындай тәсілмен алынған кеме ұзындығы бойынша миделден ± 0,25L қашықтықтағы және сызықты заң бойынша нөлге дейін азаю, мәні тұрақты учаскеде қабылдануы қажет.
5 және 6 бөлім талабын орындау кезінде осы Қағиданың 4-тарауда белгіленген талап етілетін жергілікті беріктілік есебін орындамауға болады.
340. Ұзындығы 50 м және кем кемелер үшін палубалық немесе түпкі белдіктің бойлық байланысының көлденең қимасының ауданының қосынды мәні (кіші мәні қабылданады) см2, мынадан кем болмауы қажет:
мұндағы D — толық жүкпен кеменің су ығыстыруы, т;
k1 - 60-қосымша бойынша анықталатын коэффициент;
k2 - өздігінен жүретін кемелер үшін 1,0/Z; өздігінен жүрмейтін кемелер үшін 0,67/Z коэффициент;
η- — палубалық байланысқа тең, жергілікті жүкті тасымалдамайтын 0,65; түп және палубалық белдік байланысына тең жергілікті жүкті тасымалдайтын 0,75 коэффициент;
α - тең қолданатын және мидел есепті қимасынан таралатын х/L бір шама қорғаудан бағынышты, коэффициент:
х - мидел есепті қимасының қаралатын қоршауы, м.
Формула жақшасында тұрған осы Қағиданың 230 мәндер жинағы 0,125 жоғары қабылданбайды.
Егер акваториялық толқыннан қорғанбаған құрғақ жүктер үшін кранмен бір қабатта немесе кранмен бір бағытта жүк операциясын жүргізу рұқсат етіледі, сонымен қатар бойлық байланысты палубалық және түпкі белдіктердің көлденең қимасы алаңының жиынтық мәні, коэффициент мәнін k2 20 % жоғарылату кезінде осы Қағиданың 230-формуласы бойынша анықталудан аз болмауы қажет.
Коэффициент k1 мәні бұл жағдайда кеме сыныбы үшін акватория кіретін сәйкес келетін бассейн разрядына қабылдануы қажет.
Осы Қағиданың 230-формуласында жақша ішінде тұрған мәнінің мағынасы бұл жағдайда 0,15 көп қабылданбайды.
341. Осы Қағиданың 22-тармағы және 23-тармағы 5) тармақшасы талабына сәйкес анықталатын әртүрлі бағытта екі кранмен бір қабатта жүк операцияларын жүргізу кезінде корпус беріктілігі тура беріктілік есебімен майысу сәті мәнінде орындалатын және тыныш суда күшті қиюы кезінде расталуы қажет.
342. Палубалық белдіктің көлденең қимасының қосынды ауданына мыналар қосылу қажет:
1) жиынтықтың бойлық жүйесі кезіндегі палуба төсеніші қимасының 65% ауданы.
2) ені 0,25 шпация төсеніш аумағының толық ауданы көлденең жиынтық жүйесі кезінде әрбір жақтан әрбір бойлық байланыс;
3) көлденең жиынтық жүйесі кезінде қалған төсеніш ауданының 10%;
4) үздіксіз бойлық қабырға қаттылығы;
5) үздіксіз бойлық комингстер және оларды нығайтушы үздіксіз бойлық қабырға қаттылығы;
6) карлингстер;
7) ширстректің жоғарғы аумағы палубаның үстіне биіктетілетін, сондай-ақ ширстректің палубадан төмен биіктігінің аумағы борт жиынтығының көлденең жүйесі кезінде 0,5 шпация және 0,25 шпация бойлық;
8) жоғарғы палуба бетіндегі бойлық аралық учаскесі және көлденең жүйе жиынтығы кезінде шпация биіктігі 0,5 ішкі борттар және бойлық кезіндегі бойлық қабырға арасындағы арақашықтық 0,25.
343. Түптік белдіктің көлденең қимасының қосынды ауданына мыналар қосылу қажет:
1) жиынтықтың бойлық жүйесі кезінде түптік қаптаманың және екінші түп төсенішінің 65% ауданы;
2) көлденең жиынтық жүйесі кезіндегі әрбір бойлық байланыстардың әрбір жағынан ені 0,25 шпация түптік қаптама және екінші түп төсеніші аумақтарының толық қима ауданы;
3) көлденең жиынтық жүйесі кезіндегі басқа аудандардың 10%;
4) екінші түп төсенішінің үздіксіз бойлық қабырға қаттылығы;
5) түптің үздіксіз бойлық қабырға қаттылығы және нығайтушы және үздіксіз бойлық қабырғаларымен кильсондар;
6) домалақтанған бөліктегі қаңқалық табақша;
7) бойлық аралықтардың, сыртқы және ішкі борттардың екінші түп төсеніші немесе флорлардан 0,25 шпацияға жоғары деңгейдегі төменгі бөлігі.
344. Палубалық және түпкі белдіктің көлденең қимасының қосынды ауданына кіретін бойлық байланыстар қарастырылып жатқан қиманың барлық орналасуы бойынша, ұзындығы және корпуспен жалғасуы осы Қағиданың 59-тармағы талабына шарттарына сай болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |