3. Пайдаланылатын кемелердегі үрлемелі ұжымдық құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету және сынау
103. Осы бөлім пайдалануда табылатын кемелерде орнатылған үрлемелі құтқару салдарына және үрлемелі кемелік эвакуациялық сырғымаларға қолданылады.
104. Үрлемелі құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету, тексеру және сынау Кеме қатынасы тіркелімінің тануы бар және үрлемелі құтқару құралдарын дайындаушы зауыттың осы жұмыстарды орындауға құқы бар құжаты оның талаптарына сәйкес келетін мамандандырлған учаскелерде (станцияларда) жүргізіледі.
105. Үрлемелі құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсетуді орындауға арналған үй-жай жабық, жеткілікті жарықтандырылған, жеткілікті ауданы және үрленген ең үлкен салдарды аударуға арналған биіктігі болуы тиіс немесе салдардың түбін аудармай қарауды қамтамасыз ететін басқа да тиімді құралдар көзделуі тиіс.
106. Үй -жай құтқару құралдарына және дайындаушының талаптарыны сәйкес ажыратқыш құралдарға қызмет көрсетуге арналған қажетті құралдармен және аспаптармен жабыдқталуы тиіс.
107. Үй-жай өтпе желді туындатпайтын желдеткішпен жабдықталуы тиіс. Жұмысқа арналған үй-жайдағы температура және салыстырмалы ылғалдылық үрлемелі құтқару құралдарына қызмет көрсетуге және жөндеуге қалыпты жағдайды қамтамасыз ету үшін бақылануы тиіс.
108. Мына үй-жайлар көзделуі тиіс:
Қызмет көрсетуді, жөндеуді немесе жіберуді күтіп тұрған құтқару салдарын сақтауға арналған;
материалдарды немесе қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған.
109. Контейнерлердегі немесе қаптардағы құтқару салдарын сақтауға арналған сөрелер, салдар бірі біріне екеуден артық қойылмайтындай етіліп жасалуы тиіс.
110. Қызмет көрсету және жөндеу үрлемелі құтқару құралдарын дайындаушымен оқытылған және аттестациядан өткен білікті персоналдармен орындалуы тиіс. Персоналдарды аттестациялау Сыныптау қағидасының 14-тармағына сәйкес Кеме қатынасы тіркелімімен учаскені (станцияны) куәландыру алдында жүйелі түрде өткізілуі тиіс.
111. Учаскеде (станцияда) мыналар болуы тиіс:
Үрлемелі құтқару құралдарын, олардың газ толтыру жүйесін қоса дайындаушының талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету, тексеру және сынау үшін құралдар және аспаптар;
саны және сапасы дайындаушымен келісілуі тиіс, үрлемелі құтқару құралдарын жөндеуді жүзеге асыруға арналған материалдар және жинақтар.
112. Учаскеде үрлемелі құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету, тексеруге және сынау үшін қажетті техникалық құжаттамалар жиынтығы болуы тиіс.
Үрлемелі құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша құжаттамада мыналар болуы тиіс:
1) теңіз флотының кемелерін пайдаланудың ерекшелігін ескере отырып барлық қызмет ету мерзімінде дайындаушы өзінің бұйымдарының сенімді жұмыс істеуіне кепілдік беретін техникалық қызмет көрсетудің зауыттық жүйесі туралы мәлімет;
2) учаскенің персоналдарының біліктілігіне қойылатын талаптар;
3) техникалық қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын үй-жайға және жабдықтарға қойылатын талаптар;
4) техникалық қызмет көрсету процедурасы.
113. Үрлемелі құтқару құралдарына қызмет көрсету және жөндеу дайындаушының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
114. Үрлемелі құтқару құралдарына кемніде мынадай сынаулар және процедуралар жүргізілуі керек:
1) зақымдарды байқау мақсатында салдың қабын немесе контейнерін қарау;
2) ылғалдың болуына тыйым салу мақсатында жиналатын салды және қаптың және контейнердің ішкі бөліктерін қарау;
3) бір сағат ішінде жұмыс қысымын ұстап тұруға сынау, осы уақыт ішіндегі қысымның төмендеуі дайындаушымен бұйымның техникалық құжаттамасында көрсетілген мәннен аспауы тиіс;
4) дайындаушының нұсқаулығына сәйкес үрленген салды қарау;
5) түптің тұтастығын қарау және дайындаушының нұсқаулығына сәйкес сынау;
6) деформацияны байқау немесе жиегін көтеру мақсатында түптер және жүзгіштік камерасының арасындағы тігістерді тексеру;
7) олардың жақсы жағдайда және қолданылу мерзімі өтіп кетпегендігіне көз жеткізу мақсатында жабдықтау және қамдау заттарын тексеру;
8) дайындаушының нұсқаулығына сәйкес газ толтыру жүйесін арматурасымен баллаондарды ішкі қарау және баллон зарядының көлемінің сақталуын тексеру;
9) талап етілетін таңбалауды тексеру және жаңарту;
10) ажыратқыш гидростатикалық құрылғыны қарау және оның жұмыс қабілеттідігін осы құрылғыны дайындаушының нұсқаулығына сәйкес тексеру;
11) әрбір бес жыл сайын жүргізіліп тұратын, штатты газ толтыру жүйесінен газды үрлеумен сынау. Сонымен бірге сақтандырғыш клапанның тиісді жұмыс істеуін тексеру қажет. Жұмыс қысымна дейін үрленген сал кемінде 1 сағат бойы тұруы тиіс, соынмен бірге қысымның төмендеуі салды дайындаушының техникалық құжаттамасында көрсетілген мәннен аспауы тиіс.
115. Кемелік эвакуациялық сырғымалар үшін, кемінде мынадай сынаулар мен процедуралар жүргізілуі керек:
1) зақымдануды байқау және оларды ылғалды болдырмау мақсатында қапты және контейнерді қарау;
2) осы Қосымшаның 113-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес жұмыс қысымын ұстап тұруға сынау;
3) дайындаушының нұсқаулығына сәйкес адамдарды түсіру үшін жұмыс бетінің тұтастығын тексеру;
4) жұмыс беті және көтергіш камера арасындағы тігістерді тексеру;
5) олардың жарамды жағдайда екендігіне көз жеткізу үшін жабдықтау және құралдандыруды тексеру;
6) осы Қосымшаның 113-тармағының 8) және 11) тармақшаларына сәйкес газ толтыру жүйесін тексеру және сынау;
7) талап етілген таңбалауды тексеру және жаңарту.
116. Контейнерлерге немесе қаптарға оның атауы және техникалық қызмет көрсеткен күнімен техникалық қызмет көрсеткен ұйымның штампы қойылады.
117. Үрлемелі құтқару құралдарына қызмет көрсету нәтижелері, сондай-ақ олардың жүйелерін және құрылғыларын қарау және сынау, жинақтаушы бұйымдардың және ауыспалы элементтерді ауыстырудың нәтижелері тиісті паспорттарда, мамандандырылған учаскенің (станцияның) журналында, актіде (осы Қосымшаның 1-нысаны), дайындаушының құжатында көрсетіледі және мамандандырылған учаске бастығының қолымен және мөрімен (штамп) куәландырылады.
118. Әрі қарай пайдалануға жарамды деп табылған үрлемелі құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету, тексеру және сынау нәтижелері бойынша акті кеме иесінің өкіліне беріледі, ал дайындаушының техникалық қызмет көрсету нәтижесі туралы белгісі бар құжаты әрі қарай пайдалануға жарамды әрбір үрлемелі құтқару құралына қоса беріледі. Актінің көшірмесі Кеме қатынасы тіркеліміне жолданады.
119. Қызмет ету мерзімінің бітуі бойынша үрлемелі құтқару құралының техникалық жағдайын бағалау үшін, әдеттегідей осы Қосымшаның 113 және 114-тармақтары бойынша тексеру және сынаудан басқа, дайындаушының нұсқаулығына сәйкес қысыммен барлық үрлемелі бөліктерге қосымша сынау, сондай-ақ тігістердің беріктілігіне, олардың жалпақ конструкциялармен(салдың түбі, сырғыманың жұмыс беті) жалғануыне тексеру жүргізеді.
120. Үрлемелі бөліктердің (камералардың) герметикалығының, құтқару құралының сыдырылуы және тігістердің зақымдалуы болмаған кезде құрал кезекті техникалық қызмет көрсетілгенге дейін және оның техникалық жағдайын тексергенге дейін пайдалануға жарамды деп танылады.
121. Құтқару құралының қызметету мерзінің бітуі бойынша қосымша сынау кеме иесіне берілетін актімен (осы Қосымшаның 2-нысаны) ресімделеді. Актінің көшірмесі Кеме қатынасының тіркеліміне жолданады.
4. Пайдаланудағы кемелердегі жеке құтқару құралдарын сынауды тексеру
122. Осы бөлім пайдалануда табылатын кемелерде қолданылатын, құтқару щеңберлеріне, кеудешелерге, гидрокостюмдарға және жылу қорғағыш құралдарға қолданылады.
123. Құтқару құралдарын тексеру және сынау Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мамандандырылған учаскеде жүргізіледі.
124. Құтқару құралдарын сынаудың мерзімділігі Кеме қатынасы тіркелімінің қағидаларымен регламенттелген.
125. Тексеру және сынау процедураларына қарау, беріктілікке, жүзгіштікке, герметикалыққа сынау, қосымша жабдықтардың жинақтылығын тексеру, таңбалау және жүргізілген жұмыстар бойынша құжаттарды ресімдеу жатады.
126. мамандандырлған учаскеде ішкі қарауға кемеде табылатын барлық жеке құтқару құралдары ұшырайды.
127. Шекті жағдайлардың белгісі бойынша құтқарау құралдарын брактау (осы Қосымшаның 23-тарауы) кеме иесі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
128. Құтқару құралдарының брактарының ішінен беріктілікке және жүзгіштікке 25% шеңберлер бірақ кемінде 1, 10% кеудеше бірақ кемінде 2 сынауға ұшырайды, жүзгіштікке және герметикалыққа сынауға гидрокостюмдердің 10%, бірақ кемінде 2 ұшырайды.
Сынаудың 50% және одан жоғары құтқару құралдарының теріс нәтижесі кезінде, қалған барлық құтқару құралдары сыналуы тиіс.
129. Брактау және сынау нәтижелері бойынша жарамсыз деп танылған құтқару құралдары, Кеме қатынасы тіркелімінің өкілі хабарланатын ауыстыруға жатады.
130. Құтқару құралдарында шекті жағдайдың белгілеріне (осы Қосымшаның 138-143-тармақтары) сәйкес келмейтін ақаулар байқалған кезде, беріктілікке және жүзгіштікке сыану алдында оларға жөндеу жүргізілген болуы тиіс.
131. Құтқару құралдарын тексеру және сынауға арналған үй-жай жабық, жылытылатын, желдетілетін және жеткілікті жарақтандырылған болуы тиіс, құтқару шеңберлерін сынау үшін қажетті биіктігі және бетон едені болу қажет.
132. Қарауды, сынауды, жөндеуді немесе жөнелтуді күтіп отырған құтқару құралдарының әртүрлі түрін жеке сақтауға арналған орын көзделуі тиіс. Сақтау шарттары дайындаушының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
133. Учаске мыналармен жабдықталуы тиіс:
жүзгіштікті сынау үшін бассейнмен;
беріктілікке сынау үшін құрылғымен;
әртүрлі көлемдегі тексерілген жүктер жиынтығымен;
герметикалықты тексеру үшін компрессорлар немесе үрлеу сорғыларымен;
нысанын және құтқару құралдарының ұзындық өлшемдерін тексеру үшін калибрлер және өлшеуіш саймандармен;
көрсеткіші оңай алынатын манометрлер және термометрлермен.
134. Жүзгіштікті сынауға арналған бассейн, коррозияға ұшырамайтын материалдан жасалуы немесе тиісті жабыны болуы тиіс. Ол суды құюға және төгуге арналған құрылғылармен жабдықталуы және қалдықтардан және балшықтардан бассейнді жууды және тазартуды мерзімді жүзеге асырып отыратын конструкциясы болуы тиіс.
135. Құтқару құралдарын сынауға арналған су тұщы болуы және ішуге арналған су құбырынан келуі тиіс немесе салынды заттардан және мұнай өнімдерінен алдын ала тазартылуы тиіс.
136. Құтқару құралдарын беріктілікке сынауға арналған құрылғы осы Қосымшаның 149-тармағында көрсетілген тиеу схемасын қамтамасыз етуі тиіс.
137. Тексерілген жүктердің жиынтығы құтқару құралдарын сынау кезінде барлық тиеу схемасын қамтамасыз ету үшін, әртүрлі жүк көлемінің саны бойынша жеткілікті болуы тиіс.
138. Құтқару шеңберлерінің нысанын және ұзындық өлшемін тексеруге арналған калибрлеу конструкциясы осы Қосымшаның 20-тарауының 2 параграфында көрсетілген өлшеудің дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс.
139. Учаскеде құтқару құралдарын тексеруге, сынауға және техникалық қызмет көрсетуге үшін қажетті техникалық құжаттама комплектісі болуы тиіс.
140. Құтқару құралдарын тексеру, сынау және жөндеу осы жұмыстарды орындауға құқы бар білікті персоналдармен орындалуы тиіс. Персоналдарды оқыту осы мақсат Кеме қатынасы тіркелімімен танылған құтқару құралдарын тексеру, сынау және жөндеу учаскелерінде жүргізілуі тиіс. Жұмыстарды орындауға құқық беретін куәлік учаске иесінің және Кеме қатынасы тіркелімінің өкілінен құралған комиссиямен, тиісті емтиханды тапсырғаннан кейін беріледі. Кеме иесімен ұйымдастырылған немесе оның қатысуымен, учаскені Тану туралы куәлік жұмысты Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауымен орындаған жағдайда берілуі тиіс.
141. Қарау кезінде материал жағдайын материал жағдайының қабығын және жарықты қайтарушы жолды (үзілудің, жоғалудың, шірудің болмауы), тығынның тұтастығын немесе құтқару шеңберін толтыру үшін пайдаланылған басқа материалды және қабығының барлық тігісін тексереді.
142. Өздігінен жанатын буйкалардың және белгіленген үлгідегі аккумуляторлы батареялардың болуын, техникалық жағдайын және жұмыс қабілеттілігін, белгіленген өлшемдердің жарық қайтарушы жолдарын, құтқару линияларының болуы және бұйымның қызметету мерзімін тексереді.
143. Шекті жағдай белгілеріне сәйкес (осы Қосымшаның 23-тарауы) ақаулар байқалғанда құтқару шеңберлерін, беріктілікке және жүзгіштікке сынауға, сондай-ақ әрі қарай пайдалануға рұқсат етілмейді.
144. Беріктілікке сынау алдында құтқару шеңберінің ±5 мм дәлдікпен өлшемін тексереді.
145. Құтқару шеңберін үш рет жалпақ жағымен 2 м биіктіктен бетон полға лақтырады. Егер сынаудан кейін шеңбер нысанының өзгеруі, матаның және жалғаудың жарылуы байқалса, шеңбер бракталады.
146. Лақтырумен сынақтан өткен құтқару шеңберін, ені 50 мм арқанға іледі. Шеңбердің қарам қарсы жағына осындай арқанда салмағы 90 ± 0,5 кг жүк іледі. 30 минуттан кейін құтқару шеңберін қарайды. Егер онда жарылулар, сызаттар немесе қалдық деформациялар белгісі болмаса, шеңбер сынақтан өтті деп саналады.
147. Жүзгіштікке құтқару шеңберін сынауға, беріктілікке сынаудан өткен құтқару шеңберлері жіберіледі. Шеңберді көлемі 14,5 кг болат немесе шойын жүкпен 24 сағатқа бассейнге орналастырады. Жүкті леерге бекітуге рұқсат етілмейді.
24 сағат өткеннен кейін құтқару шеңберіне көлемі 1 кг қосымша болат немесе шойын жүкті іледі. Шеңбер, егер ол 15 минут бойы жүзуде қалса, сынақтан өтті деп саналады.
Сынаудың барлық уақыты кезінде, сондай-ақ қосымша жүкті ілу кезінде шеңбер судан шығарылмауы тиіс.
148. Қарау кезінде құтқару кеудешесінің түсін, қабықшасының материалының жағдайын және жарықты қайтарушы жолды (үзілудің, жоғалудың, шірудің болмауы), материалдың, толтырушының тұтастығын, сондай-ақ құтқару кеудешелерінің тігісін және жібін тексереді. Жөнделген сигналды ысқырғыштың, қорек көзімен электр отының болуын тексереді.
149. Шекті жағдай белгілеріне сәйкес (осы Қосымшаның 138-143-тармақтары) ақаулар байқалған құтқару кеудешелерін әрі қарай пайдалануға жіберілмейді.
150. Құтқару кеудешелерін беріктілікке сынауды мынадай үлгімен жүргізеді:
1) 2 минут бойына суда ұсталған құтқару кеудешесін, болашақта киілген адамда қалай түймеленсе солай түймелейді. Кеудешенің оны адам денесінде ұстап тұратын бөлігіне, 30 минут бойы көлемі 135 кг жүкті салады (балалар кеудешесі үшін - 105 кг) (осы Қосымшаның 1-суреті). Осы сынау нәтижесіндегі кеудешенің зақымдануы брак белгісі болып табылады;
2) иығын немесе көтеру ілгегін сынау үшін 2 минут бойы суда ұсталған құтқару кеудешесін, болашақта адам кигенде қалай түймеленеді солай түмелейді.
Сонан соң 30 минут бойы кеудешенің иық немесе көтеретін ілгек бөлігіне (осы Қосымшаның 2-суреті) көлемі 75 кг жүкті салады (балалар кеудешесі үшін - 52 кг). Осы сынау нәтижесіндегі кеудешенің зақымдануы брак белгісі болып табылады.
151. Жүзгіштікке сынауға беріктілікке сынаудан өткен кеудешелер жіберіледі. Құтқару кеудешесін оған ересектер үшін көлемі 7,5 кг және балалар кеудешесі үшін 5 кг монолитті болат немесе шойын жүкті іліп 24 сағатқа суға батырады. Осы уақыт өткеннен кейін кеудешеге қосымша ересектер үшін көлемі 1 кг және балалар кеудешесі үшін 0,5 болат немесе шойын жүкті іледі. Осындай күйде кеудешені 1 сағат бойы ұстап тұрады. Егер ол суға толықтау батпаса кеудеше сынақтан өтті деп саналады.
152. Қарау кезінде материалдың жағдайын және жарықты қайтарушы жолды (жарылулардың, ысқылаудың, шірудің болмауы), сыдырма ілгектің жұмыс қабілеттілігі тексеріледі.
153. Жарықтың, аккумуляторлы батареялардың, ысқырғыштардың және балақтардағы ауа көлемін төмендету құралының болуын тексереді.
154. Шекті жағдайдың белгісіне сәйкес (осы Қосымшаның 138-143-тармақтары) ақаулар байқалған гидрокостюмдар, әрі қарай жүзгіштікке және су өткізбеушілікке сынауға және пайдалануға жіберілмейді.
155. Гидрокостюмдарды су өткізбеушілікке сынауды гидрокостюмның барлық саңылауларын жапқаннан кейін жүргізеді. Оны 1 сағатқа 100 м тереңдікте суға батырады. Егер осы уақыт ішінде кірген су 200 г аспаса гидрокостюм сынақтан өтті деп саналады.
156. Құтқару кеудешесін киюді қажет етпейтін гидрокостюм, оның барлық саңылауларын жапқаннан кейін осы Қосымшаның 150-тармағына сәйкес сыналады. Егер ол суға толықтай батпаса, гидрокостюм сынақтан өтті деп саналады.
157. Жылу қорғағыш құралдарды оладың орауының герметикалығы бұзылған жағдайда сыналады. Сонымен бірге сыртқы қараумен жылу қорғағыш құралдың жабылуын қамтамасыз етуші тігістердің материал жағдайын, сыдырма ілгектің және басқа да құралдардың жұмыс қабілеттілігін, пайдалану бойынша нұсқаулықтың болуын тексереді.
158. Шекті жағдайдың белгісіне сәйкес (осы Қосымшаның 138-143-тармақтары) ақаулар байқалған жылу қорғағыш құрал әрі қарай пайдалануға жіберілмейді.
159. Қолданылу мерзімі өткен жылу қорғағыш құрылғы, егер олар қызмет ету мерзімін ұзартуды сынау және шарттары бойынша дайындаушымен әзірленген ілеспелі құжаттамамен жинақталмаған болса ауыстырылады.
160. Құтқару құралдарының олар бракталатын және әрі қарай пайдалануға жіберілмейтін шекті жағадайының белгілері материалдардың шіруі, беріктілікке сынағаннан кейін беткі және ішкі жарылулар, тігістердің үзілуі, құтқару шеңберлерінің нысанының өзгеруі, гидрокостюмдардағы және жылу қорғағыш құралдардағы герметикалық еместігі және сыдырма ілгектің жұмысқа қабілетсіздігі, сондай-ақ гидрокостюмдардың балақтарындағы ауа көлемін төмендететін құралдардың жұмысқа қабілетсіздігі болып табылады.
161. Матаның азғантай сыртқы ақауын байқаған кезде, дайындаушы-зауытта құтқару құралдарын жөндеудің мүмкіндігін анықтау үшін қабын (қабықшасы) ашады.
Егер сонымен бірге толтырушының ақау байқалса (мысалы, пластинчатты тығыннан толтырушымен құтқару шеңберінде - пластин қалыңдығынан 0,5 жоғары таралған сызаттар, күйреу, шіру, тығынның ағаштануы, көгеруі, сары немесе олардағы қоңыр дақтар, қараюлар, құрттау) құтқару құралдары бракталады және әрі қарай пайдалануға жіберілмейді.
162. Құтқару құралдарында (немесе ілеспе құжаттарда) тексеруді және сынақты жүргізген ұйымның штампы қойылады. Штампта ұйымның атауы тексеру және сынау күні болуы тиіс.
163. Құтқару құралдарын тексерудің және сынаудың нәтижелері журналда және белгіленген нысандағы актіде көрсетіледі және мамандандырылған учаске бастығының қолымен және оның штампымен куәландырылады.
164. Әрі қарай пайдалануға жарамды деп танылған құтқару құралының актісі (осы Қосымшаның 3-нысаны) кеме иесінің өкіліне беріледі. Актінің көшірмесі Кеме қатынасы тіркеліміне жолданады.
1-сурет. Құтқару кеудешесін белбеуге күшті салумен беріктілікке сынау:
а) «жилетка» типті құтқару жилеті
б) «хомут» типті құтқару кеудешесі; Р - сынама жүктеме
2-сурет. Құтқару кеудешесіне бойлай күш салумен сынау:
а) «жилетка» типті құтқару жилеті
б) «хомут» типті құтқару кеудешесі; Р - сынама жүктеме
1-кесте
Бойы, м
|
Саны, адам.
|
Көлем, кг
|
1,4-1,6
|
1
1
|
60 кіші
60 жоғары
|
1,6-1,8
|
1
1
|
70 кіші
70 жоғары
|
1,8 артық
|
1
1
|
80 кіші
80 жоғары
|
1-нысан
Достарыңызбен бөлісу: |