25-қосымшасына
4-қосымша
Шығанақ
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
5-қосымша
Жаншылу
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
26-қосымша
Есептеу әдісімен пайдаланудағы кемелер корпустарының техникалық жай-күйін анықтау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқау есептеу әдісімен пайдаланудағы кемелер корпустарының техникалық жай-күйін анықтау (бұдан әрі - Нұсқау), сондай-ақ осы Қағидасының 199-тармағына сәйкес бір жобадағы кемелер сериясын тозу нормалары мен қалдық деформациясын есептеу үшін арналған.
2. Нұсқау осы Қағиданың 197-тармағына сәйкес кемелердің І-тобына жататын корпустарының техникалық жай-күйін анықтау үшін қолданылады.
3. 2-тармақта көрсетілмеген кемелерге арналған осы қосымшаны колдануға Кеме қатынасының тіркелімінің келісімімен рұқсат етіледі.
4. Кеме корпусының техникалық жай-күйі қор беріктіктің нормативтік мағынасына көбейтіліп корпустың ақырғы сәтін есепті майысу сәтімен салыстыру нәтижесі бойынша анықталады.
5. Бір жобадағы кеме корпустарының қалдық қалыңдығы мен деформация параметрлерінің мүмкін болатын мағынасының нормативтерін жасау кезінде болуы мүмкін ақау комбинациясының (тозу мен деформацияларын) параметрлерінен корпустың ақырғы сәтінің тәуелділігін анықтау мақсатымен есептеу сериясы орындалады.
6. Корпустардың техникалық жай-күйін есептеу тәсілімен анықтау үшін мынаны ескере отырып әзірленеді:
1) нақты кеме корпусының техникалық жай-күйін есептеу тәсілімен анықтау кезінде инспекцияға осы Нұсқаудың 3-тарауына сәйкес орындалған ақау табу актісі мен есептер ұсынылады.
2) Кеме қатынасы тіркелімінің есебінде тұрған бір жобадағы кемелер сериясы үшін байланыстардың тозуы мен қалдық деформациясының нормативтерін жасау кезінде осы нұсқауларға сәйкес корпустың жалпы беріктілігі талаптарымен анықталған есеп нормативтері, сондай-ақ осы кемелер сериясы үшін өзгеріссіз қалатын осы Қағиданың нормативтері қоса берілетін нормативтерді есептеу нәтижесі нұсқаулық хат түрінде рәсімделеді.
Нұсқаулық хат осы жобада есепте тұрған кемелер Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен бекітіледі;
3) Нұсқаулық хат бірнеше Кеме қатынасының тіркелімі аймақ қызметкерлерінің есепте тұрған бір жобадағы кемелер сериясы үшін корпустардың тозуы мен қалдық деформациясының рұқсат етілген мәндерімен есептеу нормативтері, осы Нұсқаудың 6-тармағының 2) тармақшасына ұқсас жасалған Кеме қатынасының тіркелімімен бекітіледі.
2. Корпус ақауларын нормалау параметрлері
7. Осы Нұсқаудың 5-тармағына сәйкес тозу мен өзгерістер нормативтерін жасау кезінде есеппен кеме ұзындығының орта бөлігінде, яғни мидельшпангоуттан ұшы мен корма 0,35L арақашықтықта орналасқан, қалдық қалыңдықтары мен байланыс деформациясының параметрлері анықталады.
Кеменің есепті бойлық қималары көрсетілген шектен аса орналасса, онда есептелген параметрлерінің қолдану саласы да лайық кеңейтіледі.
8. Тозулардың және деформациялардың жекелеген нормативтерін әзірлеу кезінде, байланыстардың, корпустың бір бойлық қималарындағы палуба мен түптердің жаншылуының қосынды ұзындығы (жүктік палубаның кемелік-алаңын қоспағанда), түптегі, палубадағы (кеме-алаңның палубасын қоса) екінші түп төсеміндегі жаншудың майысу жебесінің рұқсат етілген орташа қалдық қалыңдығы, ал палубалардың көлденең жүйелі жиынтығының, түптің және ширстректі белдіктің кемелері үшін - осы құрылымдардағы майысу жебесі белгілененді.
9. Орташа қалдық қалыңдықтарының және бойлық аралықтардың, борттардың және ішкі борттардың деформацияларының нормативтері жалпы беріктілік есеп негізінде анықталмай, осы Қағидаға сәйкес тағайындалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда рұқсат етілген қалдық қалыңдығы және деформациялардың параметрі бұл конструкцияларда басқа байланыстардың тозулар және деформациялар нормативтерін әзірлеу кезінде жалпы беріктілік есебінде ескеріледі.
10. Шеттер үшін кеме орта бөлігінің палубасы мен түбі жаншылудың ең шеткі майысудың және палуба төсенішінің кеңірдектелуінің, түп және ширстекті белдіктің қаптамаларының көрсеткіші есептеу нәтижесіне қарамастан, осы Қағиданың 201-тармағында ІІ-топтың кемелерінің шеті үшін белгіленгеннен жоғары қабылдана алмайды.
11. Есеппен белгіленген рұқсат етілген жаншылудың майысу көрсеткішінде қаптама мен жинақтардың қиратылуына жол берілмейді.
3. Корпустың техникалық жай-күйін анықтау
12. Корпустың жарамды техникалық жай-күйінде жалпы беріктілік талаптары орындалуы тиіс
Мпр экс ≥ Kгодн|Мр| (1)
мұндағы Мпр - кНм абсалютті ұзындығы бойынша иілу мен тым аса майыстыру үшін тозу мен қалдық деформацияларын ескере отырып анықталған пайдаланудағы кеме корпусының шекті сәті.
Кжарам - жарамды техникалық жай-күй үшін беріктілік қор коэффицентінің нормалық мәні;
Мр — кНм модулі бойынша алынған майысу мен асыру иіп жіберуді есептелінген иілу сәті.
13. Пайдаланудағы кеме корпусының шекті сәті мынадай формуламен есептелінеді:
(2)
мұндағы Wпайшм - шамамен осы балансқа қатысты кернеу қимасының бірден-бір нүктесінде қалдық қалыңдықтары мен деформация параметрлер уақыттары байланысын ескере отырып, қаралып жатқан корпус қимасының қарсыласу сәті, м3;
п — жергілікті салмақ келтірмейтін байланыстармен бірдей қабылданатын көрсетілген байланыстағы қауіпті кернеу.
(3)
жергілікті салмақ келтіретін байланыстар үшін
(4)
мұндағы ReH — материал ағынының шегі, МПа;
(5)
14. Беріктілік запас коэффициентінің нормативтік мәні Кгодн осы Нұсқаулықтың 26-қосымшасына 1-қосымшада көрсетілген.
15. Кемені майыстыру мен аса иіп жіберу кезінде иілімсәтінің есепті мәні ІЖКЖҚ және АЖКЖҚ-ның 1-бөлімі талаптарына сәйкес есептелінеді.
Оларды пайдалану тәжірибесін растау шартымен және Кеме қатынасының тіркелімімен арнайы келісілгеннен кейін кеменің техникалық жобасында қабылданған есепті иілім сәтінің мәнін қолдануға рұқсат етіледі.
16. Шекті сәт бойынша жалпы беріктілігі кеме ұзындығы бойымен иілімсәтін тарату есебімен әбден босатылған екі-үш бойлық қималарда тексерілуі тиіс.
Сонымен қатар қима босануының конструктивтік себебі, сондай-ақ байланыстардың тозуы мен қалдық деформацияларымен негізделген беріктіліктің төмендеуі деп есептелінуі тиіс.
Егер кеме ұзындығы бойымен әбден босанған қималардың орналасқан жері күмән келтірмейтін болса, олардың бір қимасында беріктілігін тексеруге рұқсат етіледі.
17. Корпустың техникалық жай-күйін анықтау үшін осы Нұсқаудың 1-теңсіздігін тексеру қажет.
Егер ол орындалып жатса, корпустың техникалық жай-күйі осы Қағиданың 204-тармағын ескере отырып 201-202, 205-тармақтарының, сондай-ақ осы Нұсқаудың 20-тармағының талаптарын орындау шартымен жарамды болып танылады.
Егер осы Нұсқаудың 1-теңсіздігі орындалмай жатса, кеме иесі Кеме қатынасының тіркеліміне шектеулермен пайдалану ұсыныстарын ұсына алады.
Шектеулер ретінде есепті иілімсәтін азайтатын шектеулер қабылданады (осы Қағиданың 136-тармағы).
18. Қабылданғаннан шектеулерден кейін кемені пайдалану мүмкіндігін қарастыру үшін теңсіздік орындалып жатқанын тексеру қажет.
Мпр.экс ≥ Kгодн Мр.огр (6)
мұнда, Мр - пайдаланудың қабылданған шектеулерінен есептелінген есепті иілім сәті.
19. Егер осы тараудың 6-қосымшасының теңсіздігі орындалған жағдайда, онда жергілікті беріктілік, жергілікті тозу мен растау осы Қағиданың талаптарын орындау шартымен белгіленген шектеулермен кемені осы Қағиданың 230, 204 және 207-тармақтарына сәйкес пайдаланылуы рұқсат етіледі.
Осы Нұсқаудың 6-теңсіздігі орындалмаған жағдайда корпустың техникалық күйі жарамсыз болып танылады.
20. Егер теңсіздік орындалып жатса, осы Қағиданың 206-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді асыратын параметрлерімен рама байланыстарының жиек деформациялары жіберілуі рұқсат етіледі.
(Wтозу/Wр)(аКкд+1-а)≥b, (7)
мұндағы Wтозу — тозу есебімен есептелінген байланыстардың бойлық қимасының қарсыласу сәті;
Wp — қарастырылатын байланыстардың бойлық қимасының қарсыласу сәті;
Ккд — мынадай формула бойынша есептелінетін жиек деформацияларының аралық беріктілігіне ықпал ету коэффициенті:
Ккд= 1 - f/hс [-1,875 + 0,106 hс/tс + 35,06(f/hс)2 -0,0012(hс/tс)2(f/hс) - 0,575(hс/tс)(f/hс)2] (8)
мұнда, hс, tс — аралық қабырғаларының ұзындығы, қалыңдығы, мм;
f — қабырға қаңсуының иілім көрсеткіші, мм;
а — коэффициент; егер шпангоуттың бимс және флормен байланыс бөлігі зақымданбаған (темір табақтың тұрақтылығы жоғалмаған, жарықтар мен жарылулар жоқ) флорлар мен бимстер ұштары және кеменің кез-келген аумағындағы борттық жиынының рамалық байланысы үшін а = 0,67; рамалық жиынының қалған аралықтары үшін а = 1;
b — коэффициент; борттық жиынның рамалық байланысы үшін b = 0,55, II топ кемелерінің қалған байланыстары үшін және І топ кемелерінің ұштары үшін b = 0,60, І топ кемелерінің орта бөлігіндегі флор, бимс, кильсондар және карлингстер үшін b = 0,70.
Барлық жағдайда теңсіздік орындалады:
f ≤0,2 hс. (9)
21. Ұзындығы 50 м және одан кіші кемелер үшін осы Қағиданың 12-18-тармақтарына сәйкес есептерді орындамауға рұқсат етіледі.
22. Корпустың техникалық жай-күйі жарамды деп есептеледі, егер палубалық және түптік белдік үшін теңсіздікті орындау қамтамасыз етілсе:
F.экс≥kF (10)
мұндағы F.жс - корпустың бойлық палубалқы байланыстарның немесе түптік белдігіктің көлденең қимасы Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 318-тармағының нұсқауларына сәйкес, корпустың қалдық байланыстарын есепке алып анықталатын қосынды ауданы;
F - жобаланатын кемелер үшін Қағидамен талап етілетін палубалық немесе түптік белдіктің бойлық байланыстарының көлденең қимасының қосынды ауданы ІЖКЖҚ 1-бөлімінің 318-тармағын пайдаланған және АЖКЖҚ 1-бөлімінің 23, 29, 34-тармақтарына сәйкес.
k - байланыс тобының орташа қалдық қалыңдығының нормаларына саны жағынан тең етіп қабылданатын коэффициент (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
Палубаның және түптің бойлық қабырға қаттылығында жаншылу болған кеззде, сондай-ақ жаншылу зонасындағы оған жанасатын палуба төсенішінің және түп қаптамасының пластиндары F.жс. анықтау кезінде ескерілмейді.
Есептеу үшін осы Нұсқаудың 16-тармағының нұсқаулығына сәйкес едәуір көлденең қималары таңдалады.
4. Корпустың шекті сәтін анықтау
23. Пайдаланудағы кеме корпусының шекті сәтін ІЖКЖҚ 1-бөлімі 4-тарауының және Нұсқаудың 4-тарауына сәйкес анықталады.
24. Қабырғалар арасының жартысына тең енімен белдіктері жалғанған түрі өзгерген бойлық қаттылық қабырғалар Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 1-бөлімінің 4-тарауына сәйкес анықталатын кему коэффициенттерімен эквивалентті білеуге қосылуы керек, мұндағы түрі өзгерген қабырғаның иілім көрсеткіші Һ өлшем негізінде қабылданады (осы Қағиданың 25-қосымшасы).
Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген түрі өзгерген қабырғалардың басқа да редукциялау тәсілдерін қолдануға рұқсат етілуі мүмкін.
25. Тілімшелердің редукциялық коэффициентін ІЖКЖҚ 1-бөлімінің 4-тарауының талаптарына сәйкес анықтайды.
Жиынның бойлық жүйесінде тілімшелердің редукциялық коэффициентін кемені жасау механикасы тәсілімен анықтауға рұқсат етіледі.
Шығанақ пен кеңірдекше теңдікті орналасқан аумағында тілімшелер үшін кеме жасау механикасының теңдігі міндетті түрде қолданылуы тиіс, оған қоса бастапқы иілімнің көрсеткіші өлшемдер негізінде белгіленеді.
Бойлық жиын жүйесіндегі тілімшелердің редукциялық коэффициенті осы Нұсқаудың 24-тармағына сәйкес анықталған оның бойлық қабырғаларын тірейтін коэффициентінен аса болуы мүмкін емес.
26. Бойлық қаттылық қабырғаларының редукциялық коэффициенті, бойлық байланыстардың көлденең алаңын және олардың инерцияларсәті осы байланыстардың қалдық қалыңдықтарымен, яғни корпустың ақауын табу кезінде өлшенген байланыстардың тозуымен есептелінуі тиіс.
Деформацияланған бойлық қабырға қаттылығын және бухтин және кеңірдектеу ауданындағы пластиннің редукциялық коэффициентін ақау кезіндегі өлшенген иілім және пластин үшін анықтайды.
Қалдық қалыңдық және деформацияның жекелеген нормативтерін әзірлеу кезінде деформацияланған бойлық қабырға қаттылығының санын осы көлденең қимадағы жаншылудың қосынды ені бойынша қабылдайды.
Жиынтықтың көлденең жүйесіндегі корпус ауданында сондай-ақ палубаның, түптің және ширстректі белдіктің барлық пластиндарын майысу көрсеткішін кеңірдектеу кезінде рұқсат етілгенмен, деформацияланған деп саналады.
27. Корпустың техникалық жай-күйін болжамдау кезінде шекті сәтін анықтау үшін қажет байланыстар тозуының есепті жылдамдығы қаралып жатқан кеме немесе кеме сериясының ақауын табу материалдарын өңдеу нәтижелері, ал егер мұндай материалдар болмаған жағдайда - ІЖКЖҚ 23-қосымшасы және АЖКЖҚ 5-қосымшасы бойынша қабылданады.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
26-қосымшасына
1-қосымша
Кеме сыныбы
|
Кжарам
|
«Л», «Р», «О», «М»
«О-ПР»
«М-ПР»
«М-СП»
|
1,15
1,19
1,26
1,27
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру
Достарыңызбен бөлісу: |