Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының



бет1/9
Дата15.06.2016
өлшемі467.5 Kb.
#137688
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2015 жылғы 6 сәуірдегі


№ 19 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының

тергеу изоляторларындағы адамдарды

күзету мен қадағалауды жүзеге асыру

қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) туралы ереже 12-тармағының 55) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы (бұдан әрі – тергеу изоляторы) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды (бұдан әрі – күдіктілер мен айыпталушылар) күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

  1. Тергеу изоляторларының қадағалауы мен күзетуі:

  1. кезекші ауысымдардың қызметті атқаруын ұйымдастыруды;

  2. тергеу изоляторларындағы қауіпсіздік шаралары, дене күшін, арнайы құралдарды және газды оқ ату қаруын қолдануға негіздемелерді;

  3. күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүруді;

  4. шиелініскен күрделі жағдайларда күзету мен қадағалауды қамтамасыз ету;

  5. жеке құрамды күшейтілген күзетке ауыстыруды;

  6. күзету мен қадағалау, дабыл және байланыс техникалық құралдарын пайдалануды қамтиды.

  1. Кезекші ауысымдардың сандық құрамы пост санын, күдіктілер мен айыпталушылардың тәуліктік қозғалысын, айдауылдау және тінту бойынша міндеттерді орындауды ескере отырып, белгіленеді.

  2. Тергеу изоляторларының ішкі және сыртқы күзетін, күзетте ұсталатын адамдардың тәртібін қадағалауды сержант құрамындағы адамдар – бақылаушылар жүзеге асырады.

Бақылаушылар сыртқы және ішкі пост бақылаушылары, резервтегі бақылаушылар мен айдауыл тобының бақылаушылары болып бөлінеді.

  1. Бақылаушылар тергеу изоляторының бастығына, оның орынбасарына, тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісіне (бұдан әрі – кезекші) бағынады.



2. Кезекші ауысымдардың қызметті атқаруын ұйымдастыру тәртібі
6. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету және олардың тәртібін қадағалау тәулік бойы сыртқы және ішкі посттар арқылы тиісті кезекшінің басшылығымен кезекші ауысымның жеке құрамы жүзеге асырылады. Сыртқы және ішкі күзеттегі посттардың саны мен орналастырылуы тергеу изоляторының бастығымен белгіленеді және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы тергеу изоляторының пост табелінде көрсетіледі.

7. Пост қызметін атқару үшін төрт кезекші ауысым қалыптастырылады, олар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы кезекші ауысымдар жұмысының кестесіне сай кезектесіп қызмет атқарады.

8. Әр ауысымның өзінің тұрақты нөмірі бар. Бақылаушыларды бір ауысымнан басқа ауысымға уақытша ауыстыру қызметтік қажетілікке орай тергеу изоляторының бастығымен немесе оның орынбасарымен жүргізіледі. Тергеу изоляторына әйел күдіктілер мен айыпталушылар орналастырылған жағдайда, кезекші ауысым құрамына әйел-бақылаушылар қосылады.

9. Камераларда ұсталатын адамдардың жүріс-тұрысын қадағалауды ішкі пост бақылаушысы есіктегі қарау саңылаулары арқылы жүзеге асырады.

10. Бір ішкі пост бақылаушысының күзетінде тіке көрінетін дәлізде аралас немесе қарама-қарсы орналасқан жиырма камера болады. Карцер оқшау орналасқан жағдайда оған жеке пост қойылады.

11. Ішкі пост бақылаушысында күдіктілер мен айыпталушылар ұсталатын (бұдан әрі – режимдік корпус) режимдік корпустың немесе дәліздердің кіреберіс есіктерінің кілті болмайды, жалғыз өзі камераны ашпайды және оған кірмейді.

12. Ішкі пост бақылаушысы камераға тамақ, қайнаған суды таратуды, баспа шығарылымдарын, заттар мен нәрселерді беруді, сондай-ақ бір камерадан екінші камераға әр түрлі заттарды, хаттарды беруді жүргізбейді, күдіктілер мен айыпталушылардан арыздарды қабылдамайды және қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ тақырыпта әңгімелеспейді.

13. Резервтегі бақылаушы күдіктілер мен айыпталушыларға камераға тамақты, дәрілерді, кітаптар мен басқа да заттарды есік желкөздері арқылы береді және арыздарды қабылдайды.

14. Тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары, медицина қызметкерлері немесе қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерге бару құқығы бар адамдар камераларды аралаған кезде оларды резервтегі бақылаушы алып жүреді және ішкі пост бақылаушы камера есігін ашқаннан кейін бірінші болып камераға кіреді.

Ішкі пост бақылаушысына камераларды тексеруді өткізуші адамдармен бірге камераға кіруге болмайды.

15. Камераларға кіру қажетті сақтық шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

Камера есігін ашпастан бұрын ішкі пост бақылаушысы есік желкөзі арқылы күдіктілер мен айыпталушыларға есікке қарама-қарсы қабырғаға тізілуін өтінеді.

16. Күдіктілер мен айыпталушыларды басқа камераларға ауыстыру кезінде, ауыстыру сипатына қарай бір-бірлеп немесе топпен не камераның барлық құрамымен кезекшінің және резервтегі бақылаушының қатысуымен жүргізіледі.

17. Күдіктілер мен айыпталушыларды айдауыл тобының бақылаушылары медициналық қабылдау үшін тергеу изоляторының шегінде орналасқан кабинетке апарады.

18. Санитарлық өңдеуге және серуендеуге апарарда күдіктілер мен айыпталушылар шығарылу мақсаты туралы ескертіледі. Қалған жағдайларда камерадан шақырту немесе шығару барысында шығарылу мақсаты хабарланбайды.

Алдағы тергеу изоляторынан ауыстырылуы немесе босатылуы туралы күдіктілер мен айыпталушыларды алдын-ала ескертуге жол берілмейді.

19. Күзетте ұсталатын адамдарды камерадан шығару кезекшінің нұсқауы бойынша ішкі пост бақылаушысымен айдауыл тобының бақылаушысына беру жолымен жүзеге асырылады.

20. Серуендеуге, санитарлық өңделуге, медициналық пунктке апару журналдарда есепке алынады:

осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күдіктілер мен айыпталушылардың серуендеуін есепке алу;

осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күдіктілер мен айыпталушылардың санитарлық өңделуін есепке алу;

осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күдіктілер мен айыпталушылардың медициналық қабылдануын есепке алу.

21. Күдіктілер мен айыпталушыларға сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші адамның келуі, туысқандары мен өзге адамдардың онымен кездесуі қылмыстық істі өндіруші адамның немесе органның жазбаша рұқсатымен беріледі.

Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі – ҰААТ) қатысушылары Адам құқықтар бойынша уәкілетті тұлғаның шешімімен немесе онымен бекітілген жоспар бойынша тергеу изоляторында болады.

ҰААТ қатысушысының алдын ала болуға өкілеттілігін растайтын құжат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл беретін ҰААТ қатысушысының куәлігі болып табылады.

22. Күдіктілер мен айпталушыларды камерадан шығару бір-бірлеп немесе қатарынан екеуден жүзеге асырылады.

23. Постқа тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары келген кезде ішкі пост бақылаушысы өзін таныстырады және посттағы жағдайды баяндайды.

24. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды жедел медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға апарған жағдайда, стационар жағдайында олардың күзету үшін екі бақылаушыдан кем емес тәуліктік пост белгіленеді, олардың біреуі басшы болып тағайындалады. Бір бақылаушы қызметі тікелей аурудың палатасында, ал екіншісі, жағдайға қарай стационар дәлізінде, терезе алдында немесе басқа орында, медицина ұйымың сыртқы жағында қызметті атқарады.

Медицина ұйымдарындағы постқа тағайындалған бақылаушылар нысанды киім кимейді, радиостанция ұстап, оқ ату қаруымен және арнайы құралдармен қаруланады.

25. Әр тәуліктегі кезекші ауысымның құрамы және пост құрылымдары осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделген тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен жарияланады.

26. Ішкі пост бақылаушыларының ауысуы кезекшінің нұсқауы бойынша күзетте ұсталатын адамдардың бар болуын тексергеннен кейін осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы ішкі (сыртқы) пост ведомосына сәйкес жүргізіледі. Кезекші жеке өзі қатыса алмаған жағдайда, ауысу өздігінен жүзеге асырылып, соңынан түскен бақылаушы постты қабылдағандығы туралы және ауысқан бақылаушы өзінің постты тапсырғандығы туралы тікелей кезекшіге баяндайды. Постағыларды уақытша ауыстыру осы тәртіпте жүзеге асырылады. Әр ауысу (ауыстыру) туралы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы ішкі (сыртқы) пост ведомосына белгі қойылады.

27. Сыртқы посттың ауысуы аталмыш тәртіпте осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы ішкі (сыртқы) пост ведомысына сәйкес жүргізіледі. Сыртқы посттан ауысушы бақылаушы қаруды кезекшіге тапсырады, ал осы постқа кезекшілікке түсуші кезекшіден осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысандағы қарулар мен оқ-дәрілерді беру және қайтарып алуды есепке алу журналына қол қою арқылы алады.

28. Ауысым кезекшілігіне түсуші жеке құрам тергеу изоляторына кезекшіліктің басталуына он бес минут қалғанға дейін келеді.

29. Кезекшілікті тапсырып-қабылдау кезінде күзетте ұсталатын адамдардың қозғалысы мен шығарылуы тоқтатылады.

30. Ауысымды қабылдаушы кезекші тергеу изоляторындағы жағдаймен танысады, бақылаушылардың қызметтік куәліктерін, қару, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың түгелдігін тексереді.

31. Бақылаушылар постқа түсер алдында кезекші нұсқаулық өткізеді, соңынан посттарды тапсырып-қабылдау жүзеге асырылады.

32. Ішкі посттарды тапсырып-қабылдау күзетте ұсталатын адамдарды қабылдаудан басталады, олардың камераларда болуын күзетке түсуші ішкі пост бақылаушы ауысымды тапсырушы бақылаушымен бірлесіп камералардың қарау саңылауы арқылы тексереді және осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы ішкі (сыртқы) пост ведомосындағы мәліметтермен салыстырылады.

33. Күзетте ұсталатын адамдардың жоқ болу себебі осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы шақырту талаптамасы мен осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы жауап алуға шақыру туралы талаптаманың бақылау талоны бойынша тексеріледі.

34. Күзетте ұсталатындарды салыстырып тексеруден кейін ауысымды қабылдаушы бақылаушы посттағы жарықтың, күзет сигнализациясы мен байланыстың дұрыстығын, өртке қарсы заттардың түгелдігін, сондай-ақ торлардың, есіктердің, тиектердің жағдайын тексереді. Күзетте ұсталатын жекелеген адамдардың тәртібіне қатысты ескертулер кезекшілікке түсетін кезекшіге және посты қабылдаушы бақылаушыға хабарланады.

35. Постты тапсырып-қабылдау туралы бақылаушылар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы ішкі (сыртқы) пост ведомосына қол қояды және кезекшіге баяндайды. Осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы тергеу изоляторынан шыққан адамдардың шақырту талаптамасын постты тапсырған бақылаушы өз ауысымының кезекшісіне береді.

36. Сыртқы поста үздіксіз болу уақыты ауа-райы температурасы мен метеорологиялық жағдайларға байланысты екі сағатқа дейін белгіленеді.

37. Кезекшілікке түсетін ауысым күзетте ұсталушы адамдардың белгіленген қозғалыс бағытының қауіпсіздігін тексереді.

38. Демалыс және мейрам күндері ауысымға түсетін кезекші тергеу изоляторының бастығына кезекшілікті қабылдағаны туралы баяндайды.

39. Бақылаушыларды посттар бойынша таратып, айдауылмен апару бағытын тексергеннен кейін түсетін ауысымның кезекшісі қаруды, арнайы құралдарды, оқ-дәрілерді, қызметтік кілттерді, қолкісендерді, күзет сигнализациясы мен байланыс құралдарын, өртке қарсы мүкәммалды тексереді және тапсырушы ауысымның кезекшісінен оларды қабылдайды.

40. Кезекші кезекшілік бөлімінде:

осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы кезекшілікті қабылдап-тапсыру журналын;

осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысандағы қарулар мен оқ-дәрілерді беру және қайтарып алуды есепке алу журналын;

осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысандағы изолятордың қызметтік кілттерін есепке алу журналын;

осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысандағы кездесулерді, сәлемдемелерді, сәлем-сауқатты және ақша аударымдарын есепке алу журналын;

осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың келуін және кетуін тіркеу журналын;

осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысандағы изолятордың санитарлық есепке алу журналын;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет