Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Магистратурасы



жүктеу 26.92 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі26.92 Kb.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Магистратурасы  — ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Қазақстан Қаржыгерлерінің ІІІ Конгреcсінің шешімдерін жүзеге асыру шеңберінде құрылған болатын.

Магистратура білім беру нарығында 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп, келесідей мамандықтар бойынша қаржыгерлерді дайындауды жүзеге асырып келеді:

Қаржылық сарапшы;

- Қаржылық Тәуекел - менеджері;

- Сақтандыру  Бизнесі;

- Актуарий.

Магистратурада күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі 2 жыл. Магистратураға жоғары экономикалық, математикалық немесе техникалық білімі бар тұлғалар қабылданады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі Магистратурада оқитындар үшін арнайы грант бөлу арқылы Қазақстанның қаржылық секторында жан-жақты  терең қаржылық білім алуға және мансаптық өсуге ұмтылатын талантты жастарды қолдайды.

Магистратураға қабылдау екі емтиханның нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.  Олар:



  1. Шет тілдері бойынша емтихан  (тест түрінде);

  2. Келесі пәндердің сұрақтары кіретін пәнаралық кешенді емтихан  (жазбаша):

  • Макроэкономика;

  • Микроэкономика;

  • Бугалтерлік есеп негіздері;

  • Жоғары  математика (3 есеп).

Магистранттарды әлеуметтік қолдау: 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қаражаты есебінен оқитын магистранттар үшін  шәкіртақы қарастырылған.  Қалалық емес магистранттарға жатақханаұсынылады.

Магистранттарды даярлау ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісілген  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірге университеттің  дайындаған оқу жоспары негізінде  жүзеге асырылады.

Оқу жоспары МВА бағдарламасы бойынша  халықаралық стандарттарды оқыту, сондай-ақ  ҚР ұлттық мемлекеттік стандарттарының талаптарын басшылыққа алу негізінде құрастырылады. Оқу жоспарын құрастыруда   IESEG School of Management (Франция), Маастрихс  менеджмент мектебінің (Нидерланды), Лондон бизнес мектебінің   (Ұлыбритания), Виктория  Университеті (Австралия),  Стокгольм университетінің бизнес мектебі (Швеция), Ланкастерс университетінің менеджмент мектебі (Ұлыбритания), Халықаралық іскерлік байланыс институты  (Германия) сияқты алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінің, сондай-ақ  Ресей, Украина және Белоруссь  мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы бизнес-мектептері мен университеттерінің оқытудың сараптамалық бағдарламаларына ұсынатын талаптары қарастырылған.



Магистратура оқытушылары құрамының  80%-ы  тәжірибелі маман-практиктерден құралған. Атап айтқанда олар:

Магистратурада Республикаға танымал қаржыгерлер және халықаралық қаржылық институттардың  сарапшылары үнемі шеберлік сабақтары мен қонақтық дәрістер оқиды.

ҚРҰБ  түлектері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде,  ҚРҰБ  Қаржылық қадағалау комитетінде (ҚҚК), экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, екінші деңгейлі банктерде, зейнетақы қорларында, сақтандыру ұйымдарында, халықаралық аудиторлық компанияларында табысты еңбек етуде.

 

Біздің  координатымыз:

050035  Алматы қаласы,  Жандосов көшесі, 55, Т.Рысқұлов атын.ҚазЭУ АҚ  (IBS)

Тел./факс: +7 (727) 377 11 08

+7 (727) 377 11 08, +7 (727) 303 71 03,



+7 (727) 377 13 24, +7 (727) 377 13 25.

Сайт: www.finmba.kz

E-mail: info.magi@mail.ru


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет