Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы №508 қаулысы



Дата29.02.2016
өлшемі310.21 Kb.
#30552
Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 508 қаулысы

 

Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:



1. Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде ипотекалық ұйымдарға жіберсін.

5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

"Кредиттік серіктестіктердің

және ипотекалық ұйымдардың

қаржылық есеп беру тізбесі,

нысандары мен мерзімдері туралы

нұсқаулықты бекіту туралы"

2002 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 508 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп

танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 17 шілдедегі № 217 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 909 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 436 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1046 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір-7 мамырда жарияланған);

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1093 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған);

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 472 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы № 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1331 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2002 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 508 қаулысымен бекітілген

Ипотекалық ұйымдардың



қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы

нұсқаулық

 

 



1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленген және ипотекалық ұйымдардың қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі уәкілетті органға) қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.



2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты ипотекалық ұйымдардың уәкілетті органға беретін қаржылық есебі бірыңғай талаптар белгілеу болып табылады.

3. Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында белгіленген талаптарға және осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалады.

4. ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. № 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. № 61 бірлескен қаулысымен алыып тасталды

2-тарау. Есеп беру

5. Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есебіне:

1) бухгалтерлік баланс - № 1 нысан (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);

2) пайда және зиян туралы есеп - № 2 нысан (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);

3) ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс) - № 3 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);

4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп - № 4 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-1-қосымшасы);

5) түсіндірме жазба кіреді.


6. ҚР ҰБ Басқармасының 2004.15.12. № 179 қаулысымен алып тасталды

7. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органға мынадай кезеңділікпен қаржылық есепті (бұдан әрі - есеп) ұсынады:

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес пайда және зиян туралы есеп;

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес пайда және зиян туралы есеп, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс), осы Нұсқаулықтың 3-1 қосымшасына сәйкес капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба, есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп (еншілес ұйымдар болған жағдайда - есепті жылдың шоғырландырылған қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп).

8. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органға есепті электрондық тасымалдауышпен және қағаз түрінде береді.

9. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.

10. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және ипотекалық ұйымның мөрімен расталады.

11. ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. № 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. № 61 бірлескен қаулысымен алыып тасталды

12. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.

13. Есеп жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғарғы сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

14. Түзетілген және өшірілген қағаз түріндегі есепті уәкілетті орган қабылдамайды және кері қайтарады.

15. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, ипотекалық ұйымдар есеп берген күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіріп, уәкілетті органға жазбаша өтініш хат жібереді.

16. ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. № 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. № 61 бірлескен қаулысымен алып тасталды

17. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымның ұсынған есебінде дәлсіздіктер немесе қателер анықтаған жағдайда, оны пысықтау үшін қайтаруға құқылы.

18. ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. № 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. № 61 бірлескен қаулысымен алып тасталды

19. Уәкілетті орган өзінің өкілеттігі шегінде және өздерінің бақылау және қадағалау функциясын атқару мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растайтын құжаттар талап етуге құқылы.

20. Ипотекалық ұйымдар есеп бермегені немесе осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

21. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.


 

Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп



беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері

туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша

1 нысан

200___ жылғы жағдай бойынша

бухгалтерлік баланс

______________________________

(ипотекалық ұйымның толық атауы)

 

                                                           мың теңгемен



   

             Активтер                   

                                         

                                         

                                         

                                         


Ескерту

      


       

       


       

200_   

жылғы  


31     

жел.   


тоқсанда

есепті 

кезеңнің


соңында

        


        

                 1                           2       3       4    

Ақша және ақша баламалары                   1                     

Қазақстан Республикасының Ұлттық            2                     

Банкіндегі салымдар мен корреспонденттік                          

шоттар                                                            

Саудаға арналған бағалы қағаздар (ықтимал                         

шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 3                     

Туынды қаржы құралдары,                     3-1

Банктердегі және банк операцияларының       4                     

жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын                                 

ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттiк                         

шоттар (ықтимал шығындарға арналған                               

резервтерді шегергенде)                                           

Заемдар және қаржылық жалдау (ықтимал                              

шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 5                     

Клиенттерге қойылатын басқа талаптар                              

(ықтимал шығындарға арналған                                      

резервтерді шегергенде)                     6                     

Басқа бағалы қағаздар (ықтимал                                    

шығындарға арналған резервтерді                                   

шегергенде)                                 7                     

Капиталға инвестициялар және реттелген                            

борыш                                       8                     

Материалдық емес активтер (амортизацияны                          

шегергенде)                                 9                     

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер,     9-1

Инвестициялық жылжымайтын мүлік,            9-2

Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны                            

шегергенде)                                 10                    

Басқа активтер (ықтимал шығындарға                                

арналған резервтерді шегергенде)            11                     

Активтердің жиынтығы                        12                    


         Міндеттемелер                                            

Банктердiң және банк операцияларының                              

жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын                                

ұйымдардың салымдары                        13                    

Жеке және заңды тұлғалардың салымдары       14                    

мен ағымдағы шоттары                                              

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің алдындағы 15                    

берешек                                                           

Банктердің және банк операцияларының                              

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын                                

ұйымдардың алдындағы берешек                16                    

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар         17                    

Басқа тартылған қаражат                     18                    

Реттелген борыш                             19                     

Салық міндеттемелері                        20                    

Туынды қаржы құралдары,                     20-1

Басқа міндеттемелер                         21                    

Бағалау міндеттемелері,                     21-1

Міндеттемелердің жиынтығы                   22                    

Азшылық үлесі                               23                    

Азшылық үлесін ескере отырып                                      

міндеттемелердің жиынтығы                   24                    


                       Капитал                                     

Жарғылық капитал, оның ішінде:              25                    

жай акциялар                                26                    

артықшылықты акциялар                       27                    

Сыйлықақылар  (Қосымша төленген капитал)    28                    

Алынған капитал                             29                    

Резервтік капитал                           30                    

Басқа резервтер                             31                    

Таза пайда (шығын):                         32                     

Алдыңғы жылдардың таза пайдасы (шығыны)     33                    

Есепті кезеңнің таза пайдасы (шығыны)       34                    

Капиталдың жиынтығы:                        35                    

Капитал мен міндеттемелер                 

жиынтығы:                                   36                    


 

Бірінші басшы: _______________

Бас бухгалтер: _______________

орындаушы: _________________

телефоны:_____________

Мөр орны


 

Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп

беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері

туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша

2 нысан

200___ жылғы жағдай бойынша

пайда және зиян туралы есеп

______________________________

(ипотекалық ұйымның толық атауы)

мың теңгемен

   

Баптардың атауы          

                          

                          

                          

                          

                          

                          

                          



Ескерту

      


       

       


       

       


       

       


Есепті

кезеңге


      

       


       

       


       

       


Ағымдағы

жылдың


басынан

кезеңге


(өспелі

жиынтық.


пен)   

        


Алдыңғы

жылдың


ұқсас 

есепті


кезеңі.

не    


       

       


Алдыңғы

жылдың 


басынан

ұқсас  


кезеңге

(өспелі


жиынтық.

пен)   


           1                 2       3      4         5      6     

Сыйақы алуға байланысты                                            

кірістер, оның ішінде:      1                                       

корреспонденттік шоттар                                            

және орналастырылған                                               

салымдар бойынша            2                                      

берілген заемдар және                                               

қаржылық жалдау бойынша     3                                      

бағалы қағаздар бойынша     4                                      

сыйақы алуға байланысты                                            

басқа кірістер              5                                      

Сыйақы төлеуге байланысты                                          

шығыстар:                   6                                      

ағымдағы шоттар және                                                

тартылған салымдар бойынша  7                                      

алынған заемдар бойынша     8                                      

бағалы қағаздар бойынша     9                                      

сыйақы төлеуге байланысты                                           

басқа шығыстар              10                                     

Заемдар бойынша ықтимал                                            

шығынға арналған резервті                                          

қалыптастырғанға дейін                                              

сыйақы алуға байланысты                                            

таза кіріс (шығыс)          11                                     

Заемдар бойынша ықтимал                                            

шығынға арналған резервтер                                         

/(резервтерді қалпына                                              

келтіру)                    12                                     

Сыйақы алуға байланысты                                             

таза кіріс (шығыс)          13                                     

Дивидендтер түріндегі                                              

кірістер                    14                                     

Комиссиялық және алымдар                                            

түріндегі кірістер          15                                     

Комиссиялық және                                                   

алымдарды төлеу жөніндегі                                          

шығыстар                    16                                     

Бағалы қағаздарды сатып                                            

алудан/сатудан түскен                                              

кірістер (шығыстар)                                                 

(нетто)                     17                                     

"РЕПО" операциялары                                                

бойынша кірістер                                                   

(шығыстар) (нетто)          18                                      

Саудаға арналған

бағалы қағаздар                                                    

құнының өзгеруінен                                                  

кірістер (шығыстар)                                                

(нетто)                     19                                     

Шетел валютасымен                                                  

операциялар бойынша                                                

кірістер (шығыстар)                                                

(нетто)                     20                                     

Шетел валютасында                                                   

көрсетілген қаржылық                                               

активтерді қайта бағалау                                           

кірістері (шығыстар)                                              

(нетто)                     21                                     

Қауымдасқан ұйымдарға                                              

қатысуға байланысты                                                

кірістер                    22                                     

Қаржылық емес активтерді                                           

сатудан және активтерді                                            

алудан түскен кірістер      23                                     

Сыйақы алуға байланысты                                             

емес басқа операциялық                                             

кірістер                    24                                     

Сыйақы алуға байланысы                                             

жоқ таза кіріс (шығыс)      25                                      

Жалпы және әкімшілік                                               

шығыстар                    26                                     

оның ішінде:                                                       

еңбекақы және іссапар                                              

төлемдеріне арналған                                               

шығыстар                    27                                     

амортизациялық аударымдар                                          

және тозу                   28                                     

корпоративтік табыс                                                

салығын қоспағанда салықтар                                        

және бюджетке басқа                                                 

міндетті төлемдер төлеу                                            

бойынша шығыстар            29                                     

Қаржылық емес активтерді                                           

сатудан және активтерді                                             

беруден шығыстар            30                                     

Сыйақы төлеуге байланысы                                           

жоқ басқа операциялық                                              

шығыстар                    31                                     

Басқа операциялар бойынша                                          

резервтерді                                                        

қалыптастырғанға дейінгі                                            

және салық салғанға                                                

дейінгі пайда (шығыс)       32                                     

Басқа операциялар бойынша                                          

ықтимал шығынға арналған                                            

резервтер/(резервтерді                                             

қалпына келтіру)            33                                     

Болжанбаған кірістер                                               

(шығыс)                     34                                      

Кезең ішіндегі пайда (зиян), 34-1

Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян), 34-2

Салық салғанға дейінгі                                              

пайда (шығыс)               35                                      

Корпоративті табыс салығы   36                                      

Азшылық үлесіне дейінгі                                            

таза пайда (шығыс)          37                                     

Азшылықтың үлесі            38                                     

Таза кірістің (шығыс)                                               

жиынтығы                    39                                     



 

Бірінші басшы: _______________

Бас бухгалтер: _______________

орындаушы: _________________

телефоны:_____________

Мөр орны


 

Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп

беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері

туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша

3 нысан

200___ жылғы жағдай бойынша

ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)

______________________________

(ипотекалық ұйымның толық атауы)

(мың теңгемен)

   

Баптың атауы                             

                                          

                                          

                                          

                                          

                                          

                                          

                                          



Ескерту

      


       

       


       

       


       

       


Ағымдағы

жылдың 


басынан

кезеңге


(өспелі

жиынтық.


пен)   

        


Алдыңғы

жылдың 


басынан

ұқсас  


кезеңге

(өспелі


жиынтық.

пен)   


           1                                  2      3        4    

Салық салғанға дейінгі пайда (шығын)          1                    

Ақшалай емес операциялық баптарға түзету:     2                     

амортизациялық аударым және тозу              3                    

күмәнды борыштар бойынша резервтер                                 

бойынша шығыстар                              4                    

шетел валютасымен операциялар бойынша                              

жұмсалмаған кірістер мен шығыстар             5                    

алынатын сыйақы түрінде есептелген кірістер   6                    

сыйақы төлеу бойынша есептелген шығыстар      7                    

ақшалай емес баптарға басқа түзетулер         8                    

Операциялық активтер мен міндеттемелер                             

өзгергенге дейінгі операциялық кіріс (шығыс)  9                    

Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю         10                    

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі                        

салымдар мен корреспонденттік шоттардың                            

(ұлғаюы) азаюы                                11                   

Саудаға арналған және сату үшін қолда                               

бар бағалы қағаздардың (ұлғаюы) азаюы         12                   

Банктердегі және банк операцияларының                              

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын                                 

ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттік                          

шоттардың (ұлғаюы) азаюы                      13                   

Заемдар мен қаржылық жалдаудың (ұлғаюы)                            

азаюы                                         14                    

Клиенттерге басқа талаптардың (ұлғаюы)                             

азаюы                                         15                   

Басқа активтердің (ұлғаюы) азаюы              16                   

Операциялық міндеттемелердегі (ұлғаю) азаю    17                   

Банктердегі және банк операцияларының                              

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын                                 

ұйымдардағы салымдардың (ұлғаюы) азаюы        18                   

Жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен                          

ағымдағы шоттарының (ұлғаюы) азаюы            19                   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы                        

берешектің (ұлғаюы) азаюы                     20                   

Банктердің және банк операцияларының                               

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын                                 

ұйымдардың алдындағы берешектің (ұлғаюы)                           

азаюы                                         21                    

Басқа тартылған қаражаттың (ұлғаюы) азаюы     22                   

Салық міндеттемелерінің (ұлғаюы) азаюы        23                   

Басқа міндеттемелердің (ұлғаюы) азаюы         24                   

Операциялық қызметтен ақшаның ұлғаюы                               

немесе азаюы                                  25                   

Есептелген корпоративтік табыс салығы         26                   

Салық салғаннан кейін операциялық қызметтен                        

ақша ұлғаюының (азаюының) жиынтығы            27                   

Инвестициялық қызметке байланысты ақша                             

түсімі мен төлемдер                           28                   

Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды                          

сатып алу                                     29                   

Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды                         

сату                                          30                   

Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық                          

емес активтерді сатып алу                     31                   

Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық                            

емес активтерді сату                          32                   

Басқа заңды тұлғалардың капиталына                                 

инвестициялар және реттелген борыш            33                   

Басқа түсімдер мен төлемдер                   34                   

Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаның                            

ұлғаю немесе азаю жиынтығы                    35                   

Қаржылық қызметке байланысты ақшалай                               

түсімдер мен төлемдер                         36                   

Жарғылық капиталдағы өзгерістер               37                    

Борыштық міндеттемелерді шығару               38                   

Сатып алынған меншік акциялар немесе                               

қатысушылардың үлестері                       39                   

Дивидендтерді төлеу                           40                   

Азшылықтың үлесін ұлғайту (азайту)            41                   

Басқа түсімдер мен төлемдер                   42                   

Қаржылық қызметтен түскен ақшаның ұлғаю                            

немесе азаю жиынтығы                          43                   

Есепті кезеңдегі ақшаның ұлғаю немесе азаю                         

жиынтығы                                      44                   

Есепті кезеңнің басындағы ақшаныңжәне ақша 

баламаларының  қалдығы                        45                    

Есепті кезеңнің соңындағы ақшаның және

ақша баламаларының қалдығы                     46                    


 

Бірінші басшы: _______________

Бас бухгалтер: _______________

орындаушы: _________________

телефоны:_____________

Мөр орны


Ипотекалық ұйымдардың

қаржылық есеп беру тізбесі,

нысандары мен мерзімдері

туралы нұсқаулыққа

3-1 қосымша

4-нысан


200___жылғы «___»______________жағдай бойынша

капиталдағы өзгерістер туралы есеп

_______________________________________________

(ипотекалық ұйымның толық атауы)

 

                                                  (мың теңгемен)



 

Бас ұйымның капиталы

Азшы-

лық-


тың

үлесі


Капи-

тал-


дың

жиын-


тығы

 


Жарғы-

лық


капи-

тал


Резерв-

тік


капитал

Басқа

да

резерв-



тер

Бөлін-

беген


пайда

(зиян)


Бар-

лығы


1

2

3

4

5

6

7

8

Өткен кезеңнің

басындағы сальдо



  

  

  

  

  

  

  

Есеп саясатындағы

өзгерістер және

қателерді түзету


  

  

  

  

  

  

  

Өткен кезеңнің

басында қайта

есептелген сальдо


  

  

  

  

  

  

  

Негізгі құрал-жабдықтардықайта бағалау

  

  

  

  

  

  

  

Сатуға арналған

қолда бар бағалы

қағаздар құнының

өзгеруі


  

  

  

  

  

  

  

Ақша ағынын

хеджирлеу



  

  

  

  

  

  

  

Басқа

операциялардан

түскен пайда

(зиян)


  

  

  

  

  

  

  

Капиталдың өзінде

тікелей танылған

пайда (зиян)


  

  

  

  

  

  

  

Кезең ішіндегі

пайда (зиян)



  

  

  

  

  

  

  

Кезең ішіндегі барлық пайда

(зиян)


  

  

  

  

  

  

  

Дивидендтер

  

  

  

  

  

  

  

Акцияларды

эмиссиялау



  

  

  

  

  

  

  

Сатып алынған акциялар

  

  

  

  

  

  

  

Ішкі аударымдар

  

  

  

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

  

  

  

  

негізгі құрал-

жабдықтардың

жинақталған қайта

бағалауының

өзгеруі


  

  

  

  

  

  

  

резервтік

капиталды

қалыптастыру


  

  

  

  

  

  

  

Басқа да

операциялар



  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезеңнің

басындағы сальдо



  

  

  

  

  

  

  

Есеп саясатындағы

өзгерістер және

қателерді түзету


  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезеңнің басындағы қайта саналған сальдо

  

  

  

  

  

  

  

Негізгі құрал-жабдықтардықайта бағалау

  

  

  

  

  

  

  

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруі

  

  

  

  

  

  

  

Ақша ағынын хеджирлеу

  

  

  

  

  

  

  

Басқа операциялардан түскен пайда (зиян)

  

  

  

  

  

  

  

Капиталдың тікелей өзінде танылған пайда

(зиян)


  

  

  

  

  

  

  

Кезең ішіндегі пайда (зиян)

  

  

  

  

  

  

  

Кезең ішіндегі барлық пайда (зиян)

  

  

  

  

  

  

  

Дивидендтер

  

  

  

  

  

  

  

Акцияларды эмиссиялау

  

  

  

  

  

  

  

Сатып алынған акциялар

  

  

  

  

  

  

  

Ішкі аударымдар

  

  

  

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

  

  

  

  

негізгі құрал-

жабдықтардың жинақталған қайта бағалауының

өзгеруі


  

  

  

  

  

  

  

резервтік капиталды қалыптастыру

  

  

  

  

  

  

  

Басқа да операциялар

  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезеңнің аяғындағы сальдо

  

  

  

  

  

  

  

 

«Бас ұйымның капиталы» және «Азшылықтың үлесі» бағандары шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде толтырылады.

Шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасау кезінде немесе еншілес ұйымдары болмағанда ипотекалық ұйымдар 2-6-бағандарды толтырады.

Бірінші басшы ___________________ Күні ____________________

Бас бухгалтер ___________________ Күні ____________________

Орындаушы _______________________

Телефон _________________________

Мөрдің орны



 

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет