Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстанның хвқ капиталындағы квотасын ұлғайту туралы ақпараттық хабарламасы



Дата19.07.2016
өлшемі17.55 Kb.
#208934
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстанның ХВҚ капиталындағы квотасын ұлғайту туралы ақпараттық хабарламасы
Қазақстан өзінің Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі – ХВҚ) жарғылық капиталындағы квотасын 365 700 000 СДР-ден 427 800 000 СДР-ге дейін ұлғайтады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы дауыстарының үлесі 17%-ға ұлғайтылатын болады. Тиісті шешімді ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы 24 сәуірде қабылдады.

Қазақстан «Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 298-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы ХВҚ Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялады.

ХВҚ Келісімінің Баптарына сәйкес өз квотасын ұлғайтатын әрбір мемлекет ХВҚ-тағы квотаны ұлғайту сомасынан 25%-ды төлеуге тиіс. Квотаны ұлғайту сомасының 75%-на барабар соманы төлеу вексель шығару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

«Квотаны ұлғайтқан кезде ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері азайтылмайтынын атап өткен жөн, себебі 25%-дық үлес мүше мемлекеттің резервтік активтерінің құрамдас бөлігі болып табылады, ал 75%-дық үлес шартты сипатқа ие және актив немесе міндеттеме ретінде жіктелмейді», – деп атап көрсетті ҚР Ұлттық Банкінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Айдар Қазыбаев.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның ХВҚ капиталындағы квотасын ұлғайту елдің одан әрі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды, себебі Қазақстан квота көлемінен үш еселенген мөлшерде ХВҚ-тың кредиттік желісіне сүйене алады. Қазақстанның ХВҚ капиталындағы ықпалын күшейту елдік рейтингті жақсарту көрсеткіштерінде жағымды көрініс табады және ХВҚ құрылымдарында дауыс берген кезде Қазақстанның ұстанымын нығайтады.
Анықтама:

Халықаралық экономикалық саладағы аса маңызды ұйымдардың қатарына кіретін ХВҚ 1944 жылы Бреттон-Вудстағы халықаралық валюта-қаржы конференциясында құрылды. 1969 жылы қор арнайы қарыз алу құқықтарын - СДР (SDR - special drawing rights) енгізді. СДР бағамы күн сайын бірнеше жетекші айырбасталатын валюталардың бағамдары бойынша айқындалады.



2008 жылғы 28 сәуірде ХВҚ Басқарушылар Кеңесінің № 63-2 қарарымен ХВҚ Келісімінің Баптарына «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау» түзетуі қабылданды. Бұл түзетуге сәйкес Қазақстан Республикасы үшін ХВҚ-тың жарғылық капиталында есептелген квота 365 700 000 СДР-ден 427 800 000 СДР-ге дейін ұлғайтылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Павлодар филиалы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет