Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екiншi деңгейдегi банктер, Алматы қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық бірлестіктер мен Ұлттық Банк өкілдерінің қатысуымен 2014 жылғы 25 қарашада



жүктеу 47.34 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі47.34 Kb.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екiншi деңгейдегi банктер, Алматы қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық бірлестіктер мен Ұлттық Банк өкілдерінің қатысуымен 2014 жылғы 25 қарашада «Нұр Отан» партиясының ғимаратында проблемалық ипотека алушылардың мәселелерін шешу үшін қабылданып жатқан шаралар бойынша өткізілген кездесу қорытындылары жөніндегі ақпараттық хабарламасы
Ипотекалық кредиттер қайтарылмауының әлеуметтік салдарын түсіне отырып, қарыз алушылардың проблемалары Ұлттық Банктің, Алматы қ. әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ мен екiншi деңгейдегi банктердің (бұдан әрі – банктер) бірлесіп күш салуымен шешіледі.

Жоғарыда көрсетілген институттар қатысушылары болып табылатын, проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша құрылған Жұмыс комиссиясы шеңберінде банктер проблемалық қарыз алушыларға ұсынатын жеңілдік берілген қайта құрылымдау талаптарын талқылау бойынша тұрақты кездесулер өткізіледі.

Сонымен қатар Жұмыс комиссиясына қатысушылар қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі, олардың кейбірі әзірленіп жатқан заң жобаларында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүктелген функциялар аясында өз тарапынан борыштарды өтеу жолдарын іздеуде проблемалық қарыз алушыларға көмек көрсету мәселелеріне баса назар аударуда.

Қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:


  • қарыз алушылармен және банктермен бірлесіп проблемалық берешекті өтеу бойынша ымыралы шешімдер әзірлеу;

  • заңнаманы жетілдіру.

Ипотекалық қарыз алушылардың жеке проблемаларын тез арада шешу үшін Ұлттық Банк тұрақты негізде:

- қарыз алушыларға қолайлы қайта құрылымдау талаптарын ұсыну жөніндегі ұсынымдармен банктерге хаттар жібереді;

- қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен проблемалық қарыз алушылардың банктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Ұлттық Банк соңғы 3 айда өткізілген 85 кездесуді қоса алғанда, ағымдағы жылғы қаңтар – 25 қараша аралығында 284 кездесу өткізді.

Сондай-ақ Ұлттық Банк өңірлердегі ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарымен өзара іс-әрекетін нығайту бойынша шаралар қабылдады. Мәселен, 2014 жылғы 13 қазанда Ұлттық Банкте кездесу ұйымдастырылды, бұл кездесуде қоғамдық бірлестіктердің және Ұлттық Банк аумақтық филиалдарының басшылары соңғылардың Қазақстан өңірлерінде проблемалық қарыз алушылардың банктер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсетуі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың қазан айында Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша шұғыл консультациялар беру және құқықтық көмек көрсету үшін Қоғамдық қабылдау бөлмесі өз қызметін бастады.

Ағымдағы жылдың екі айында (қазан – қараша) Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасаған 105 азаматты қабылдап, консультациялар берді, бұл оның қызметінің өзекті және халықтың оған мұқтаж екенін куәландырады.

Ұлттық Банк қарыз алушыларға жеңілдік берілген қайта құрылымдау талаптарын ұсыну бойынша банктерге жіберілетін ұсынымдарды ескере отырып, олар ұсынатын талаптар жөнінде сұрау салды.

Банктер ұсынған мәліметтерді талдау банктердің уәкілетті органы қайта құрылымдау мәселелерін проблемалық қарыз алушының ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жай-күйін және төлем жүргізу тәртібін ескере отырып, жеке тәртіппен қарайтынын көрсетті.

Атап айтқанда, банктер қайта құрылымдау талаптарын ұсынады:

- 100 % өсімпұлды, кейбір жағдайларда – сыйақыны, негізгі борыш бөлігін, ерекше жағдайларда – бүкіл борышты есептен шығару;

- төленген өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығару;

- сыйақы есептеуді тоқтату;

- негізгі борыш пен сыйақыны өтеуді 6 айдан 36 айға дейін кейінге қалдыру;

- жеке өтеу кестесі (ағымдағы кірістерге сәйкестей отырып төлейді);

- кредит мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту;

- борышты жаңа қарыз алушыға аудару мүмкіндігі;

- борыш қалдығын есептен шығара отырып, кепілді бағалау құны бойынша өздігінен сату мүмкіндігі;

- ерекше жағдайларда сыйақы мөлшерлемесін базалық көрсеткіштен төмен, бірақ 0,1%-дан төмен емес төмендету және басқалар.

Банктердің деректері бойынша ағымдағы жылғы қаңтар - қазан аралығында қарыздарды өтеу бойынша 5000-нан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді, соның салдарынан көптеген қарыз алушылар кестеге қайта енгізілді, кейбіреуі кредитті өтеді, кейбіреулеріне проблеманы шешу жолдарын іздеуге уақыт берілді және т.б.

Ұлттық Банк норма шығару қызметінің шеңберінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – Заң жобасы) Тұжырымдаманы әзірледі. Заң жобасында қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар тыйым салу мен шектеулерді белгілеу ұсынылады.

Заң жобасын әзірлеуге қатысу үшін қоғамдық бірлестіктердің мүшелері жұмыс тобының құрамына енгізілді.

Ұлттық Банк қазіргі кезде Ұлттық Банк, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, әкімдіктер, «Нұр Отан» партиясы және қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктер арасындағы Меморандум жобасын дайындады, ол банктердің талапарыздары бойынша азаматтарды баспанасынан жылу берілетін мерзімде шығаруды тоқтатуға және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің пікірінше, ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мынадай пәрменді шараларды қабылдаумен көрінеді:

- Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын қайта құрылымдау үшін қаражат бөлу туралы өтініш жасау;

- кепіл затын өндіріп алу туралы сот шешімдері бар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (бұдан әрі – ӘОТ) санатына жатқызылған қарыз алушылардан тұрғын үйді негізгі борыш қалдығының сомасы бойынша сатып алу құқығын бере отырып, әлеуметтік/жалдау тұрғын үй қорын құру;

- банктерді жеке тұлғалардың үмітсіз берешегін есептен шығаруға ынталандыру үшін жеке тұлғаларға берілген ипотекалық кредиттер бойынша берешекті кешіру кезінде банктерді жеке табыс салығын төлеуден босату бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер енгізу;



- жұмыссыз қарыз алушылар мен олардың отбасыларының мүшелерін жұмысқа орналастыру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет