Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісi



бет17/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісi

 

1. Осы облигациялар шығарылымы (эмитенттің толық атауы) облигациялық бағдарлама проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады.



2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:

облигациялық бағдарлама проспектісінің мемлекеттік тіркелген күні;

шеңберінде шығарылым жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның ақшалай көлемі;

облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;

облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәліметтер (шығарылымның көрсетілетін қызметті берушіде тіркелген күні, облигациялар саны, номиналдық құны бойынша шығарылым көлемі және осы облигациялық бағдарлама шегінде әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке орналастырылған облигациялардың саны);

бұрын облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.

3. Шығарылымның құрылымы:

1) облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген);

2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);

3) бір облигацияның номиналдық құны;

4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:

облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;

сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудің кезеңділігі және күні, тәртібі және оны төлеудің шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);

сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.

Егер сыйақының ставкасы белгіленбеген болып табылса, оның мөлшерін белгілеу тәртібі көрсетіледі;

5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:

облигациялар айналысының басталу күні;

облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары;

облигацияларды өтеу күні;

облигациялар өтелетін орын (орындар);

облигацияларды өтеу тәсілі;

6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде):

қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:

кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;

облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;

егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;

7) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер


(атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызмет көрсетуі жөніндегі шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);

8) тіркеуші туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті көрсету шартының жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);

9) облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер (облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерлері, тиісті шарттардың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);

10) төлем агенті туралы мәліметтер (оның атауы, орналасқан жері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);

11) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:

эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құның алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан  ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;

эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде  осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;

12) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.

Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.

Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға  талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның  толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;

13) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқығы эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).

эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;

14) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулер (ковенант) туралы хабардар ету тәртібі;

15) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану туралы мәліметтер:

облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгізілуі мүмкін өзгерістерді көрсету кезінде басталатын талаптар көрсетіледі

4. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.

5. Эмитент қабылдайтын және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).

Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.

6. Опциондар туралы мәліметтер:

егер опциондар облигацияны ұстаушыға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, осы тармақшада опционды жасау шарттары көрсетіледі.

7. Айырбасталымды облигациялар:

айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртібі мен шарттары көрсетіледі.

8. Облигацияларды орналастыру тәсілі:

1) облигацияларды орналастыру мерзімі және тәртібі:

облигациялар ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күні (бар болған кезде) көрсетіледі;

2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетіледі;

3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:

облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетіледі.

9. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымының проспектісіне бірінші басшысының, бас бухгалтері не олардың орнын алмастыратын тұлғалардың қолы қойылады және эмитент мөрінің таңбасымен куәландырылады, тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылады және бірінші басшының немесе оның орнын алмастыратын тұлғаның қойылған қолдарымен куәландырылады.
________________

«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша
Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттерiнiң облигацияларын шығару проспектiсi

 

Облигацияларды шығару проспектiсiнiң бірiншi бетi

 

Құжаттың атауы: «Облигацияларды шығару проспектiсi».



Эмитенттiң атауы.

Орналастырылатын облигациялардың түрi, саны, жиынтық көлемi.

Эмитентке берiлген рейтингтер және (немесе) рейтинг агенттiктерiнiң атауларын көрсете отырып, олар шығарған бағалы қағаздар туралы мәлiметтер.

Жазбасы: «Комитеттің облигацияларды шығару проспектiсiн мемлекеттік тiркеуi шығарылым проспектiсiнде сипатталған облигацияларды инвесторлардың сатып алуына қатысты ұсынымдар берудi көрсетпейдi және уәкiлеттi орган осы құжаттың  мазмұнына жауап бермейдi».

 

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер



 

1. Эмитенттiң атауы

Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқартылған атауын көрсету керек. Егер эмитент жұмыс iстеген уақыт iшiнде оның атауы ауыстырылса, онда осы тармақта оның бұрынғы барлық толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олар өзгертiлген күндер көрсетiледi.

2. Эмитенттiң заңды тұлға ретiнде құрылуы және тiркелуi жөніндегі мәлiметтер.

Осы тармақта эмитенттiң заңды тұлға ретiнде тiркелгендiгін растайтын құжаттың берiлген күнi және нөмiрi, сондай-ақ осы құжатты эмитентке берген мемлекеттің органының атауы көрсетiледi.

3. Облигацияларды шығару проспектiсiнде ақпаратты дұрыс көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөнi, әкесiнiң аты, орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық поштасының мекенжайы туралы мәлiметтер.

4. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң қысқаша тарихы. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң мақсаты. Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қосылуы, ажыратылуы, бөлiнiп шығуы не қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде құрылған болса, онда осы тармақта қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитентке қатысты жасалған қайта ұйымдастыру және заңды мұрагерлер туралы мәлiметтер көрсетiледi.

2. Эмитенттiң басқару органдары

 

5. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.



Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың құзыретi эмитент мемлекетiнiң заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес көрсетiледi.

6. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).

Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.

7. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) мүшелерi.

Осы тармақта:

1) тәуелсiз директорларды көрсете отырып, эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау органының) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау органының) төрағасының аты-жөнiн, туған жылын;

2) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбір мүшесiнiң атқарған қызметтерi;

3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбір мүшесiнiң оның жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;

4) өткен екi жыл iшіндегі директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.

8. Ішкі аудит қызметі (бар болса).

9. Эмитенттiң атқарушы органы (менеджмент).

Осы тармақта:

1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi және туған жылы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының аты-жөнi, туған жылы;

2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының қазiргi уақытта қоса атқаратын қызметтерi;

3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органының әрбір мүшесiнiң әрқайсының жарғылық капиталындағы (акциялар/үлестер) қатысу үлесi көрсетiледi.

10. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне төленетiн сыйақылар.

Осы тармақта осы Қосымшаның 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күнінен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.

11. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.

Осы тармақта эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi, эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны, эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер, бөлiмшелер мен филиалдардың қызметкерлерiне келетiн жарғылық капиталдағы үлес көрсетiледi. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылымдық бөлiмшелердiң атауын жеке көрсету керек.
3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және үлестес тұлғалары

 

12. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).



Осы тармақта:

1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылсы осы заңды тұлғаның ірі акционерлері немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленген қатысушылар көрсетіледі) жалпы саны, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы не эмитент орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлердің (қатысушылардың) тегі, аты;

2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

13. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бірiншi басшысының атын көрсете отырып, орналастырылған акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.

14. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

15. Эмитенттiң басқа үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер.

Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнiн), оның орналасқан жерiн (тұрғылықты жерiн), қызметiнiң түрiн, бірiншi басшысының аты-жөнiн, қызметiнiң түрiн көрсете отырып, жасасқан Шарт арқылы немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал ететiн не эмитенттiң он және одан артық дауыс берушi акцияларымен жанама дауыс беру мүмкiндiгі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәлiметтер көрсетiледi.

16. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған мәмiлелер.

Осы тармақта эмитентке қатысты үлестес болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық мәмiлелер туралы ақпарат ашылады.
4. Эмитент қызметiнiң сипаты

 

17. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.



Осы тармақта:

1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы қысқаша мәлiметтер;

2) эмитенттiң бәсекелестерiмен қызметiнiң салыстырмалы сипаттамасы;

3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.

18. Эмитенттiң қызметiне кейiннен терiс әсер етуi мүмкiн, эмитент жасаған келісім-шарттар, келісімдер туралы мәлiметтер.

19. Эмитенттiң өз қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар және басқа рұқсаттар туралы мәлiметтерi.

20. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:

1) мәмiле сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асқан жағдайда, облигация шығару туралы шешiм қабылдаған күнінен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмiлелер) туралы мәлiметтер;

2) болашақ мiндеттемелер (эмитенттiң негiзгi болашақ мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне терiс әсер етуi мүмкiн, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша кепiлдiк беруi туралы).

21. Эмитент инвесторлар үшiн маңызды деп есептейтiн эмитент қызметi туралы басқа да ақпарат.


5. Қаржылық жай-күй

 

22. Эмитент капиталы.



Осы тармақта эмитент елiнiң валютасы көрсетiлген валютадағы эмитенттiң меншiктi және жарғылық капиталының мөлшерi көрсетiледi.

23. Осы тармақта эмитенттiң өтiмділiктi, қаржы тәуелсiздiгiн (тәуелдiлiгiн), эмитенттiң активтерiн, жеке және заемдық қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн, жеке қаражаттың заем капиталына қатысын сипаттайтын қаржылық коэффициенттердiң есебiн, сондай-ақ эмитенттiң пiкiрi бойынша эмитент қызметiн бағалау кезiнде айрықша мәндi болып табылатын басқа да коэффициенттер ұсынылады.

24. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.

 

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер



 

25. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында айналыста болған эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының тiркелген шығарылымдарына қатысты мыналар көрсетiледi:

1) шығарылым облигацияларының жалпы саны және көлемi, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған қаражаттың жалпы көлемi, төленген сыйақы сомасы, нарықтық құн;

2) әрбір тіркелген облигациялар шығарылымы бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;

3) айналыстағы, оның iшiнде сатып алынған акциялардың саны, акциялардың нарықтық құны, соңғы екi жылдағы акциялардың барынша жоғары және барынша төмен бағасы;

4) бұрын шығарылған бағалы қағаздардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар, ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсетумен;

5) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қосқандағы эмитенттiң бағалы қағаздармен саудасын жүзеге асыратын негiзгi нарықтары.
7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер

 

26. Облигациялар туралы мәліметтер:



1) шығарылатын облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген) және саны;

2) бір облигацияның номиналдық құны;

3) облигациялардың айналыс мерзімі;

4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:

облигациялар бойынша сыйақы ставкасы, оның мөлшерін айқындау тәртібі;

сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн, сыйақы төленген күн, төлем валютасын көрсете отырып, оны төлеу тәртібі мен талаптары және валютаны айырбастау бағамы анықталатын күнді белгілеу тәртібі;

сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

5) облигациялар айналысының басталуын анықтау тәртібін, оларды өтеу, облигацияларды өтеу күнін белгілеу талаптарын көрсете отырып, облигациялардың айналысы және оларды өтеу жөніндегі мәліметтер;

6) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).

Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

7) мыналар қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары:

эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;

эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;

8) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;

9) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы болатын жағдайлар, облигациялар бойынша дефолт болған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар немесе негізгі борыш бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі.

Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілікті атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолттың басталу фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты ашуды эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі..

27. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.

28. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:

1) инвесторлардың облигацияларды төлеу шарты және тәртібі:

облигацияларды төлеу шарты, тәртібі, есеп айырысу тәсiлдерi көрсетiледi;

2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (банк кепiлдiгi қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару кезiнде):

облигацияларды қамтамасыз етуге банк кепiлдiк берген жағдайда кепiлдiк берген тұлғаның кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерiн, байланыс телефондарын, кепiлдiк беру мерзiмiн және шарттарын көрсететiн деректер (кепiлдеме);

облигация ұстаушының өкiлi туралы мәлiметтер (атауы, орналасқан жерi, байланыс телефондары, аты-жөнi, бар болса – бірiншi басшысының, атқарушы органы мүшелерiнiң әкелерiнiң аттары);

3) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:

тiркеушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, жасалған шарттың күнi және нөмiрi көрсетiледi;

4) облигацияларды орналастыруға қатысатын андеррайтерлер туралы мәлiметтер:

облигациялар орналастыруға қатысатын ұйымдардың атауы, орналасқан жерi көрсетiледi;

5) төлем агентi туралы мәлiметтер:

оның атауы, орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, тиiстi шарттың нөмiрi және күнi көрсетiледi.

29. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.

Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.

30. Эмитент қабылдайтын және заңмен көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).

Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
 8. Қосымша ақпарат

 

31. Облигациялар айналысындағы шектеулер.



Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.

32. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндiгi туралы мәлiметтер.

Тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) олардың тиiстілігiн көрсете отырып эмитенттiң қаржылық есеп берудiң аудитiн жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдарының толық ресми атауы (аты-жөнi, бар болса аудитордың әкелерiнiң аттары).

Тиiстi алқаларға, қауымдастықтарға, палаталарға олардың тиiстілігiн көрсете отырып, тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заңды және қаржы мәселелерi жөніндегі кеңесшiлердiң толық ресми атауы.

Жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда қай тараптың бастама көрсеткенiн анықтай отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпаратты беру қажет.

33. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен таныса алатын орындар, сондай-ақ эмитент қызметi ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат.

Облигацияларды шығару проспектiсiне бірiншi басшы не өзге уәкiлеттi тұлға бас бухгалтер қол қояды және эмитенттiң мөртаңбасымен расталады.

Проспектiнiң әрбір данасы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге құжаттарды мемлекеттік тiркеуге берудiң алдындағы соңғы тоқсандағы аудиторлық және қаржылық есеп беру есептерiмен расталған эмитенттiң соңғы екi қаржы жылына жасалған жылдық аудиторлық есептермен бірге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп бекітіледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірiншi басшысының қойған қолымен куәландырылуға тиiсті.


________________

«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі:

1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;

2) Халықаралық қаржы корпорациясы;

3) Азия даму банкі;

4) Африка даму банкі;

5) Еуропа қайта құру және даму банкі;

6) Америкааралық даму банкі;

7) Еуропа инвестициялық банкі;

8) Ислам даму банкі;

9) Скандинавия инвестициялық банкі;

10) Еуропалық Кеңестің даму банкі;

11) Халықаралық есеп айырысу банкі;

12) Еуразиялық даму банкі.


________________
«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

5-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет