Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті Алматы, 2015 жылғы ақпан



бет4/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.61 Mb.
#23661
1   2   3   4

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША НАРЫҒЫ

Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 6 банк эмитенттері болып табылатын 8 электрондық ақша жүйесі жұмыс істейді:

1. Операторы «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК, эмитенттері «Эксимбанк Қазақстан» АҚ және «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ болып табылатын «e-kzt» жүйесі;

2. Эмитенті «Еуразиялық банк» АҚ болып табылатын «Woopay» жүйесі;

3. Эмитенті «Альянс банк» АҚ болып табылатын «KZM ЭТЖ» жүйесі;

4. Эмитенті «AsiaCredit Bank» АҚ болып табылатын «Visa Qiwi Wallet» жүйесі;

5. Эмитенті «Цеснабанк» АҚ болып табылатын «Жеке Касса» жүйесі;

6. Эмитенті «Эксимбанк Қазақстан» АҚ болып табылатын «Tau - tenge» жүйесі;

7. Эмитенті «Эксимбанк Қазақстан» АҚ болып табылатын «TV - Money» жүйесі;

8. Эмитенті «Эксимбанк Қазақстан» АҚ болып табылатын «Paypoint» жүйесі.

Қазақстандағы электрондық ақша нарығы 2013 жылдың ортасынан бастап белсенді түрде дами бастады және үдемелі даму қарқынын көрсетті. Мәселен, 2014 жылы Қазақстан аумағында қазақстандық эмитенттердің электрондық ақшасының көмегімен 21,0 млрд. теңге сомасына 7,9 млн. транзакция жасалды. 2013 жылға қарағанда электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалған операциялардың саны 70%-ға ұлғайды. 2015 жылғы 1 қаңтарда 18,7 млрд. теңге электрондық ақша шығарылды, ал айналыстағы ақша 949,8 млн. теңгені құрайды.

Орташа алғанда электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен сомасы бойынша тоқсан сайынғы өсу 65%-ды құрады.



2014 жылы электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалған операциялар санының өзгеру динамикасы


Электрондық ақша аздаған сомаға он-лайн төлемдерін (ұялы байланыс, кабельдік теледидар, Интернет қызметтеріне ақы төлеуді) жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы болып табылады, мәселен, электрондық ақша арқылы жасалған бір төлемнің орташа сомасы 2 690 теңгені құрайды. Электрондық ақша Интернеттегі он-лайн ойындарының аккаунттарын (стратегияларды) толықтыру, әлеуметтік желілерде электрондық сыйлықтарды сатып алу және сол сияқты «эмоциялы төлемдерді» жүзеге асыру кезінде де кеңінен таралған әдіс болып келеді.

Қазақстанда электрондық ақшаны пайдалану әлі де болса кеңінен қолданылмаған тәжірибе болып қалып отыр, оны Қазақстан халқының24 10%-ға жуығы ғана игерген. Соған қарамастан, тіпті аздаған пайыздың өзін (шамамен 2 млн. адам) Словенияның немесе Латвияның халқымен салыстыруға болады.

Электрондық ақшаны дамыту динамикасы көрсеткендей, аталған жүйелердің аудиториясы мен сервистері біртіндеп тек қана үдей беретін болмақ. Басқа елдердің тәжірибесі электрондық ақша электрондық коммерция сегментінде ақы төлеу үшін барған сайын танымал болатынын көрсетті. Оларды пайдалану қолма-қол жасалатын айналымның қысқаруына, онлайн қызметтер нарығын дамытуға, есеп айырысуды тездетуге мүмкіндік береді және азаматтардың төлем мәдениетін арттырады. Әлемге танымал үрдістерді ескере отырып, аталған құралға немесе жаңа инновациялық төлем сервистеріне деген сұраныс үдей түседі деген ойдамыз. Бұл процесс көп жағдайда Интернеттің кеңінен таралуына және тұтынушыларға Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің әртүрлі салаларының барған сайын өсуіне, кеңеюіне байланысты. Электрондық ақша оларды пайдалану тиімділігі аз салалар мен сегменттерде ақы төлеудің дәстүрлі құралдарын біртіндеп қолданыстан шығарып тастауға қабілетті. Бұл үрдістер электрондық ақша жаппай пайдалануды «жаулап алады» деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.



ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ

2014 жылы банктер және «Қазпочта» АҚ қаржы құралдарын25 пайдалана отырып, 131 915,30 млрд. теңге сомасына 379,3 млн. транзакция мөлшерінде транзакция жүргізді.


Төлем құралдарын пайдалану жөніндегі мәлімет

(мың транзакция мен млрд. теңге)

Төлем құралы

2013 жыл

2014 жыл

Өзгеріс (%-бен/бөл.)

абс. мәні

жалпы көлеміндегі %-бен

абс. мәні

жалпы көлеміндегі %-бен

Төлем тапсырмалары26

Саны

129 639,84

37,3%

136 378,02

36,0%

5,2%

Сомасы

117 571,1

93,7%

123 858,5

93,9%

5,3%

Төлемдік талап-тапсырма

Саны

2559,8

0,7%

2077,9

0,5%

-18,8%

Сомасы

6,9

0,01%

13,2

0,01%

90,9%

Инкассалық өкім

Саны

96,7

0,03%

130,1

0,03%

34,4%

Сомасы

85,1

0,07%

108,2

0,08%

27,2%

Төлем карточкалары

Саны

215 076,30

61,9%

240 691,04

63,5%

11,9%

Сомасы

6 537,30

5,2%

7 734,7

5,9%

18,3%

Басқа да құралдар27

Саны

30,88

0,01%

13,5

0,004%

-56,4%

Сомасы

1 315,18

1,0%

200,7

0,2%

-84,7%

Жалпы жиынтығы

Саны

347 403,60

100,0%

379 290,47

100,0%

9,2%

Сомасы

125 515,62

100,0%

131 915,30

100,0%

5,1%

Қазақстан аумағындағы аталған төлем құралдарының ішіндегі ең көп таралғандары төлем тапсырмалары (жоғарыда аталған төлем құралдарын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 36,0% және жалпы сомасының 93,9%) мен төлем карточкалары (тиісінше 63,5% және 5,9%) болып табылады. Бұл ретте бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2014 жылы 908.2 мың теңгені құрады. Төлемдердің саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және көлемі бойынша төмен үлес салмағы аталған төлем құралы негізінен қолма-қол ақшаның аз ғана сомасын алу үшін пайдалануға арналғандығын көрсетеді (бір транзакцияның орташа сомасы 2014 жылы 32.1 мың теңгені құрады).

Неғұрлым аз үлес инкассалық өкімге (төлемдердің саны бойынша 0,03% және көлемі бойынша 0,08%) тиесілі.





1 БААЖ – Банкаралық ақша аудару жүйесі.

2 БКЖ – Банкаралық клиринг жүйесі.

3 Экономиканың «үй шаруашылығы» секторы жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өздерінің табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің (тұрғын-үй, тамақ өнімдері мен басқалары) белгілі бір түрлерін бірге пайдаланатын жеке тұлғалардың аздаған топтарынан (отбасылардан) тұратын институционалдық бірліктерді білдіреді.

4 «Тауарлар» және «Қызметтер» бөлімдері бойынша тауарларды жөндеуді, басқа да төлемдерді (оның ішінде, тауарларды қайтаруды) қоспағанда.

5 http://www.stat.gov.kz – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің сайты.

6 Осы көрсеткіш көлеңкелі экономика көлемдерін есепке алмастан ұсынылды.

7 «Басқа да банктер» тобына Мемлекетаралық Банк пен Еуразия Даму Банкі қосылды.

8 «Ұйымдар» тобына банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ҚР Ұлттық Банкі, «БЖЗҚ» АҚ Кастодиан Банкі, ҚР Қаржыминінің Қазынашылық комитеті және ЗТМО кірді.

9 «Басқа да банктер» тобына Мемлекетаралық Банк пен Еуразия Даму Банкі қосылды.

10 «Ұйымдар» тобына банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ҚР Ұлттық Банкі, «БЖЗҚ» АҚ Кастодиан Банкі, ҚР Қаржыминінің Қазынашылық комитеті және ЗТМО кірді.

11 Қор нарығын дамытуға талдауды, ҚР Ұлттық қорынан банктерге жасалған аударымдарды және оларды кейіннен салаларға кредиттеуді есептемегенде.

12 2013 жылы.

13 2013 жылы.

14 ҚРҰБ бөлімшелерін қоспағанда.

15 Электрондық банк қызметтерінің анықтамасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы №18 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметтерін көрсету қағидаларында берілді.

16 http://www.cbr.ru/statistics/print.aspx?file=p_sys/sheet013.htm&pid=psrf&sid=ITM_55789.

17 2013 жылдың соңындағы деректер.

18 Банк дүңгіршектері мен импринтерлері.

19 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 232 қаулысы.

20 http://www.stat.gov.kz – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің сайты.

21 Кеден төлемдерінің аз ғана саны қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлеміне едәуір әсер ететін елеулі сомаға (орташа сомасы 680 мың теңгеден астам) жасалады.

22 Белсенді төлем карточкаларына операциялар жасалып отыратын төлем карточкалары жатады.

23 Экономиканың «үй шаруашылығы» секторы жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өздерінің табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің (тұрғын-үй, тамақ өнімдері мен басқалары) белгілі бір түрлерін бірге пайдаланатын жеке тұлғалардың аздаған топтарынан (отбасылардан) тұратын институционалдық бірліктерді білдіреді.

24 2015 жылғы 1 қаңтарда электрондық ақша иелерінің саны 1 783 546 адамды, белсенді пайдаланушылары 295 935 адамды құрады.

25 Клиенттердің төлемдері және Қазақстан Республикасының шегіндегі ҚР Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотты, Қазақстан Республикасының аумағындағы ақша аударымдарының жүйелерін қоспағанда, БААЖ, БКЖ, ҚР Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттар, ностро және лоро корреспонденттік шоттары арқылы жүргізілген банктер мен «Қазпочта» АҚ-тың меншікті операциялары бойынша төлемдері есепке алынады.

26 Банктер мен «Қазпочта» АҚ клиенттерінің төлем тапсырмалары, сондай-ақ банктер мен «Қазпочта» АҚ-тың меншікті операциялары бойынша төлем тапсырмалары есепке алынады.

27 Басқа да төлем құралдары тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысуға арналған чектерді және банк шотын тікелей дебеттеуді қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет