Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты Инфляция



жүктеу 39.14 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі39.14 Kb.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының

кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты
Инфляция (2005 жылғы желтоқсан).

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2005 жылғы желтоқсан айында инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,9% құрады (2005 жылғы қарашада – 0,6%). Азық-түлік тауарлары 1,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%, ақылы қызмет көрсету – 0,3% қымбаттады.

2005 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларында ең жоғары өсу жұмыртқаға – 5,5% болды. Бұдан басқа, жемістер мен көкөністер – 4,7%, сүт және сүт өнімдері – 2,6%, балық және теңіз өнімдері – 1,6%, ет және ет тағамдары – 0,7% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бағаның бензинге 0,9% төмендегені байқалды. Ал киім – 1,1%, аяқ киім – 0,9%, тұрмыстық құралдар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары – 0,6%, маталар – 0,4%, жиһаз және үй заттары – 0,3% қымбаттады.

Газбен жабдықтауға бағаның 0,8% және тұрғын үйді ұстауға – 0,2% өсуі нәтижесінде 2005 жылғы желтоқсанда тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласында қызметтер 0,2% қымбаттады. Бағалардың өсуі мәдениет мекемелерінің қызметтері – 0,7%, денсаулық сақтау қызметтері – 0,4%, көлік қызметтері – 0,3%, білім беру мекемелерінің қызметтері – 0,2% өсті.

2005 жылғы желтоқсанда инфляция жылдық көрсетуде 7,5% болды (2004 жылғы желтоқсанда – 6,7%), азық-түлік тауарлары 8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%, ақылы қызметтер – 8,0% қымбаттады.


Валюта нарығы (2005 жылғы желтоқсан).
2005 жылғы желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты шамалы номиналдық нығаюы байқалды (0,31% қарашаның соңындағы 1 АҚШ доллары үшін 134,18 теңгеден желтоқсанның соңында 1 АҚШ доллары үшін 133,77 теңге).

Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 доллар үшін 133,46 теңге – 134,18 теңге ауқымында өзгерді. Жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына қатысты номиналдық құнсыздануы 2,90% құрады.

Әлемдік валюта нарығында еуроға қатысты доллар бағамы 1 1843 ( 2005 жылдың басынан бері доллар 12,63% нығайды) құрады.

Теңгенің ресми айырбас бағамы 2005 жылғы желтоқсанда орташа алғанда 1 АҚШ доллары үшін 133,88 теңгені, 1 еуро үшін 158,59 теңгені және 1 ресей рублі үшін 4,65 теңгені құрады.

Нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2005 жылғы 11 айда 5,8% өсті. Сонымен бірге ТМД елдерінің валюталарына қатысты теңге 3,6% құнсызданды, ал басқа елдердің валюталарына – 10,8% нығайды.

2005 жылда ресей рубліне қатысты нақты көрсетуді 2,6% құнсызданды, ал еуроға қатысты 15,9% нығайды. АҚШ долларына қатысты теңгенің нақты тиімді айырбас бағамы алдын ала деректер бойынша өткен жылда 1,5% нығайды.




Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары (KASE)

Желтоқсанда биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықты қоса есептегенде қарашамен салыстырғанда шамамен 2 есеге өсті және 1743,3 млн. долларды құрады (жыл басынан бері – 11,7 млрд. доллар).

KASE-ның қосымша сессиясындағы сауда-саттықтың қорытындылары бойынша ресей рублімен – 800 мың рубльді құрады, еуропа валютасында операция жүргізілген жоқ.

Биржадан тыс операциялар

Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 23,8% төмендеді және 1691,9 млн.долларды құрады (жыл басынан бері – 18,5 млрд. долл.).

Банктер арасындағы еуро валютасымен жасалған операциялар көлемі желтоқсанда қараша айымен салыстырғанда 7,7%-ға төмендеп, 6,6 млн. еуроны құрады (жыл басынан бері – 92,5 млн. еуро).
Банкаралық ақша нарығы (2005 жылғы желтоқсан).

Банкаралық ақша нарығында 2005 жылғы қарашамен салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсанда өтімді қаражаттарды орналастыру бойынша банктер белсенділігінің төмендегені байқалды.

Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттер көлемі қараша айымен салыстырғанда желтоқсанда 21,8% төмендеді және 319,6 млрд. теңге болды.

Орналастырылған теңгелік депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы қарашамен салыстырғанда 3,35% өсіп, 3,46%-ға дейін жетті.

Валюталық қарыз алудың банкаралық нарығында АҚШ долларында банкаралық депозиттерді орналастыру бойынша банктердің белсенділігінің артқаны байқалды. Ағымдағы жылдың желтоқсанында долларлық депозиттер 12,8 млрд. АҚШ долларына орналастырылды, бұл қарашадағы операциялар көлемінен 16,9% аз.

Орналастырылған долларлық депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы қарашадағы 4,01%-дан 4,23%-ға дейін өсті.

Банкаралық қарыз алудың қалған түрлері бойынша операциялар шамалы көлемде жасалды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы (2005 жылғы желтоқсан)

2005 жылғы желтоқсанда Қаржы министрлігі 22,0 млрд. теңге сомасына 4 жылдық МЕОКАМ орналастырылды. Орналастырылған қағаздар бойынша тиімділік кірістілігі 3,53% болды.

Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу 2005 жылғы желтоқсанда сыйақы бойынша төлемдерді есепке алғанда 1,1 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде Қаржы министрлігі айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі желтоқсан айының соңында 4,1%-ға өсіп, 291,4 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2005 жылы желтоқсанда 2005 жылғы қарашамен салыстырғанда 6,1% көбейіп, 192,0 млрд, теңгеге жеті, бұл ретте қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі қарашадағы 2,26%-дан желтоқсанда 2,24%-ға өсті. 2005 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің ноталарын, сыйақы бойынша төлемді қоса алғанда, өтеу 212,4 млрд. теңге болды.

Айналыстағы ноталардың көлемі өткен аймен салыстырғанда 11,0%-ға төмендеді және желтоқсанның соңында 161,0 млрд. теңге болды.

2005 жылы қарашада репо, кері репо операциялары жүргізілген жоқ. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сату және сатып алу операциялары да жүргізілген жоқ.




ЗСД директоры Д. Ақышев

Орындаушы Сидорова В.А.



Тел. 704-986


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет