Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Жамбыл облысының Статистика департаменті



жүктеу 167.85 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі167.85 Kb.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің Жамбыл облысының Статистика департаменті




Талдамалы баяндама





28.05.2015
Шығыс.N 09- 05


Жамбыл облысы халқының көші-қоны

Көші-қон - бұл адамның немесе адамдар тобының жаңа аумаққа болмаса орынға ауыстыруы.

Көші-қон шығыны Қазақстанның барлық облыстарында орын алған. Ең жоғарғы қарқынды эмиграция Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында және Алматы, астана қалаларында кең тараған.

Көші-қон халық санының қалыптасуында және өсуінде едәуір рөл атқарады, сонымен қатар, облыстағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерге ауқымды әсерін тигізеді.

2013 жылғы көші-қон үрдістеріне 40024 адам қатысты. Өткен жылы ішкі облыстық көші-қонды қосқанда 16034 адам келіп, 23990 адам көшіп кетті. Көші-қон айырмасы 7956 адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға кеміді.

Қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі халықтың ширақтығы облыстағы сияқты жеке аудандардағы және Тараз қаласындағы демографиялық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізді.

Соңғы жылдары көші-қон ағынының сипаты да құрылымы да өзгерді. Егер 2004 жылы халықаралық көші-қон жалпы көші-қонның 17,7%-ын, ал республикалық 82,9%-ын құраса,2014 жылы тиісінше 5,8% және 94,1% болды.

2014 жылы халықаралық алмасуда 142 адаммен теріс қалдық қалыптасты.Республикалық көші-қонның көлемі Қазақстанның басқа өңірлеріне кеткен ағынның өсуіне қарай өзгерді



2004-2014 жылдардағы халықтың көші-қоны

адам



Барлығы

Халықаралық

көші-қон


Республикалық

көші-қон


Көші-қон қалдығы

Иммигранттар

Эми-гранттар

Көші-қон қалдығы

Иммигрант-тар

Эми-грант-тар

Көші-қон қалдығы

Иммигранттар

Эми-гранттар

2004

-5 568

19 537

25 105

2 446

5 186

2 740

-8 014

14 351

22 651

2005

-3 879

16 932

20 811

4 052

5 744

1 692

-7 931

11 188

19 119

2006

-6 882

12 597

19 479

800

2 262

1 462

-7 682

10 335

18 017

2007

-7 032

14 387

21 419

477

1 855

1 378

-7 509

12 532

20 041

2008

-6 987

15 084

22 071

355

1 881

1 526

-7 342

13 203

20 545

2009

-6 085

17 691

23 776

991

2 191

1 200

-7 076

15 500

22 576

2010

-8 548

12 828

21 376

57

1 099

1 042

-8 605

11 729

20 334

2011

-11 153

8 178

19 331

1 037

1 702

665

-12 190

6 476

18 666

2012

-6 391

13 928

20 319

1 145

1 924

779

-7 536

12 004

19 540

2013

-6 431

14 904

21 335

369

1 169

800

-6 800

13 735

20 535

2014

-7 956

16 034

23 990

-142

1 100

1 242

-7 814

14 934

22 748

2012-2014 жылдардағы көшіп қонушыларды ағындар бойынша аудандарға бөлу

адам





2012

2013

2014

Иммигрант-тар

Эми-грант-тар

Көші-қон қалды-ғы

Иммигрант-тар

Эми-грант-тар

Көші-қон қалды-ғы

Иммигрант-тар

Эми-грант-тар

Көші-қон қалдығы

Барлығы облыс бойынша

13 928

20 319

-6 391

14 904

21 335

-6 431

-7 956

16 034

23 990

соның ішінде




























Тараз қ.

5 766

6 913

-1 147

8 769

6 769

2 000

-734

8 001

8 735

Байзақ

2 506

1 825

681

921

2 120

-1 199

-735

1 478

2 213

Жамбыл

680

1 527

-847

1 071

1 842

-771

-1 043

853

1 896

Жуалы

229

1 331

-1 102

246

1 299

-1 053

-706

649

1 355

Кордай

594

1 879

-1 285

778

2 142

-1 364

-804

1 499

2 303

Т.Рыскулов

322

1 327

-1 005

229

1 402

-1 173

-1 258

214

1 472

Мерке

1530

1 368

162

532

1 460

-928

-459

1 132

1 591

Мойынқұм

328

592

-264

292

599

-307

-264

270

534

Сарысу

482

927

-445

623

960

-337

-441

494

935

Талас

574

1 048

-474

608

1254

-646

-48

1 190

1 238

Шу

917

1 582

-665

835

1 488

-653

-1 464

254

1 718

Біздің Республиканың басқа өңірлеріне 14,5 мың адам облыстан көшіп кетті. Ең көп қоныс аудару өңіраралық көші-қонда байқалды, Алматы қаласына-4,5 мың адам (ҚР барлық кеткендердің 31,3%-ы), Астана 2,3 мың адам (15,9%), Оңтүстік Қазақстанға 1,5 мың адам (10,4%), Алматы облысына 2,6 мың адам (18%), Қарағанды облысына 0,9 мың адам (6,4%).Қазақстан бойынша эмигранттардың ең көп саны Тараз қаласынан (кеткендердің жалпы санынан 36,4% немесе 8,7 мың адам), Қордайдан (9,6% немесе 2,3 мың адам), Байзақтан (9,2% немесе 2,2 мың адам), Жамбылдан (7,9% немесе 1,8 мың адам), Шудан (7,1% немесе 1,7 мың адам), Меркеден (6,6% немесе 1,5 мың адам), Жуалыдан (5,6% немесе 1,3 мың адам) көшіп кеткені анықталды. Осы уақыт ішінде бізге 6,7 мың адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан-1,7 мың адам (Республикаға барлық келгендердің 0,9%-ы), Алматы қаласынан-1 мың адам (0,7%), Алматы облысынан-0,7 мың адам (0,5%), Астана қаласынан-0,9 мың адам (0,5%) қоныс аударды.

Сыртқы көші-қон облыс халқының ТМД елдеріне және алыс шетелдерге орын ауыстыруымен сипатталады. Ең жоғарғы көші-қондық алмасу ТМД елдерімен болғаны тіркелді, оның үлесіне 4,9% тиесілі.

ТМД елдерімен көші-қондық алмасу иммигранттардың көбінесе біздің облысқа келіп, көші-қонның оң қалдығын түзегендігімен сипатталады. ТМД елдерімен көші-қонның оң қалдығы Байзақ және Меркі аудандарында тіркелді. Сонымен, 2014 жылы ТМД елдерінен облысқа 1088 адам көшіп келіп, 1172 адам көшіп кетті. Ең көп саны Өзбекстаннан 711 адам (4,4%) қоныс аударып, оның көбісі Байзақ ауданына 507 адам (3,2) %, Меркі ауданына 116 адам (0,7%) орналасты.Ал Қырғызстаннан 279 иммигрант (1,7%), Ресейден 72 адам (0,4%), Түрікменстаннан 12 адам (0,1%) орын ауыстырды.

Осы кезеңде облыстан ТМД елдеріне эммигранттардың ең көп саны-1,1 мың адам, барлық кеткендердің 4,9%-ы, (оның ішінде Ресейге 1,0 мың адам), Тараз қаласынан (3%), Қордай ауданынан (0,5%), Шу ауданынан (0,5%), Мерке ауданынан (0,2%), Байзақ ауданынан (0,1%) көшіп кетті.




2004-2014жылдардағы халықтың көші-қоны.

а
дам



2013-2014 жылдардағы ТМД елдерімен халықтың көші-қоны.

человек





Көші-қон айырымы

Иммигранттар

Эмигранттар

2013

2014

2013

2014

2013

2014

Барлығы

389

-84

1 139

1 088

750

1 172

соның ішінде



















Әзербайжан

1

2

1

3

-

1

Армения

1

4

1

4

-

-

Белоруссия

-8

-14

1

-

9

14

Кырғызстан

265

215

311

279

46

64

Молдова

2

-1

2

1

-

2

Ресей

-638

-992

33

72

671

1 064

Тәжікстан

9

-1

9

1

-

2

Туркіменстан

25

12

25

12

-

-

Өзбекстан

737

694

755

711

18

17

Украина

-5

-3

1

5

6

8

Негізінде жалпы Қазақстан сияқты біздің облыстан қоныс аудару ТМД елдеріне бағытталған. 2014 жыл бойы осы елдерге 1172 адам көшіп кетті. Сыртқы көші-қон бойынша ең жоғарғы қарқынды қоныс аудару Ресей федерациясына-1064 адам (90,8%), Қырғыз Республикасына-64 адам (5,5%), Өзбекстанға 17 адам (1,5%), Белорусияға 14 адам (1,2%), Украинаға 8 адам (0,7) % көшіп кеткені белгіленді.


2013-2014 жылдардағы ТМД-дан тыс елдерімен халықтың көші-қоны

адам





Көші-қон айырымы

Иммигранттар

Эмигранттар

2013

2014

2013

2013

2013

2014

Барлығы

-19

-58

31

12

50

70

соның ішінде



















Германия

-44

-50

1

1

45

51

Грузия

3

-

3

-

-

-

Израиль

-1

-2

-

-

1

2

АҚШ

-3

-7

-

-

3

7

Греция

-1

-2

-

-

1

2

Қытай

20

5

20

5

-

-

Литва

-

-

-

-

-

-

Монғолия

-

-1

-

-

-

1

Түркия

1

-2

1

-

-

2

Канада

-

-

-

-

-

-

Басқа мемлекеттер

6

1

6

6

-

5

Сыртқы көші-қонға қатысушылардың 5,6%-ы ТМД-дан тыс елдерге тиесілі. ТМД-дан тыс елдерден 12 адам келді, оның 5-уі Қытайдан келіп, Байзақ, және Меркі аудандарына орналасты.

ТМД-дан тыс елдерге немесе алыс шетелдерге қоныс аударушылардың ең көп саны 70 адам (барлық кеткендердің 77,1%-ы) облыс орталығынан болды.

Эмигранттардың негізгі ағыны алыс шетелдерге кеткендердің 72,9%-ы немесе 51 адам Германияға бағытталды.Германиядан басқа АҚШ-қа 7 адам (10%) және Грецияға 2 адам (2,8%) Түркияға 2 адам (2,8) және Монғолияға 1 адам (1,4%) кеткенін атап көрсетуге болады. Сонымен қатар, көші-қонның оң қалдығы Қытаймен болғаны байқалады.

Халықтың көші-қоны халықтың жыныстық жас құрамына әсерін тигізеді. Қоныс аударушылардың жалпы санының 44,4%-ы (17,7 мың адам)-ерлер де, 55,6%-ы (22,3 мың адам)-әйелдер.

Көші-қонға қатысушылардың негізгі контингенті еңбекке жарамды жастағы тұлғалар. Облысқа көшіп келушілердің жалпы санының 72,5%-ы (11,6 мың адам), ал кетушілердің 75,2%-ы (18 мың адам) еңбекке жарамды жастағылар 16-63 (58). Облыстан еңбекке жарамды жастағылардың шетке кету үрдісі байқалады (көші-қон қалдығы-6,4 мың адам).

Осы жас санатының көші-қон көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артып, барлық қоныс аударушылардың 74,1%-ын құрады.15-29 жастағы жастардың қоныс аударуы, олардың астаналық жоғары оқу орындарына заманауи беделді білім алуға және жоғары еңбекақылы жұмысқа орналасуға ұмтылуымен түсіндіріледі. Бізден кеткендердің 20,9%-ы еңбекке жарамды жастан төмен жастағы жасөспірім жеткіншектер мен қыздар, ал 3,9%-ы егде немесе еңбек жасынан үлкен жастағылар болды
ТМД елдеріне қоныс аударушылардың ұлттық құрамы

адам





2013

2014

Иммигранттар

Эми-

гранттар


Көші-қон айырымы

Иммигранттар

Эми-

гранттар


Көші-қон айырымы

Барлығы облыс бойынша

1 138

750

388

1 088

1 172

-84

соның ішінде



















Казақтар

739

33

706

714

37

677

Орыстар

46

569

-523

77

870

-793

Украиндер

4

37

-33

6

58

-52

Кырғыздар

187

20

167

119

16

103

Немістер

1

28

-27

5

36

-31

Өзбектер

41

9

32

41

22

19

Әзербайжандар

11

3

8

13

6

7

Татарлар

7

15

-8

11

28

-17

Корейлер

14

5

9

13

29

-16

Дүнгендер

4

-

4

5

2

3

Туріктер

28

7

21

25

10

15

Күрдтер

11

-

11

14

9

5

Басқа ұлттар

45

24

21

45

49

-4

.
2013-2014 жылдардағы еңбекке жарамдылық дәрежесі бойынша


халықтың көші-қоны

адам





2013

2014

Иммигранттар

Эмигрант-тар

Көші-қон айырымы

Иммигранттар

Эмигрант-тар

Көші-қон айырымы

Барлығы облыс бойынша

14 904

21 335

-6 431

16 034

23 990

-7 956

соның ішінде



















Еңбекке жарамды жастан төмен жастағылар

3 651

4 227

-576

3 882

5 012

-1 130

Еңбекке жарамды жастағылар

10 664

16 250

-5 586

11 620

18 031

-6 411

Еңбекке жарамды жастан үлкен жастағылар

589

858

-269

532

947

-415


2014 жылғы еңбекке жарамдылығы бойынша халықтың көші-қоны.

адам
Облыс өңірлеріндегі көші-қондық үрдістерді талдай келе, көші-қонның оң қалдығы Тараз қаласында құрылғанын айта кетуге болады.

Облыстағы әлеуметтік-демографиялық жағдайдың қолайлы өзгеруі үшін біздегі барлық алғышарттардың барлығын ескере отырып, облыстан көшіп кетушілердің саны азайып, бізге көшіп келушілердің артатынына сенеміз.
Басшының орынбасары Е.А. Тоққұлиев

Орын: Мырзағалиева А.Б.



Тел: 45-74-34



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет