Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет1/20
Дата25.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#24130
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы «5» желтоқсандағы

№ 132 бұйрығымен

бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

(26.12.2014 жылғы № 173, 30.01.2015 жылғы № 68, 11.04.2015 жылғы № 325, 29.12.2015 жылғы № 829 бұйрықтармен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескерілген)
1-бөлім. Миссия және пайымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру.

Пайымы – 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты

Макроэкономикалық саясат саласы

1. Негізгі даму параметрлері

2014 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (бұдан әрі – ЖІӨ) 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,4%-ға ұлғайды. Сыртқы жағдайлардың нашарлауы аясында экономиканың өсуінің негізгі факторлары: тұтыну нарығындағы сұраныстың сақталуы, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі және экономика секторларын кредиттеу болып табылады.

Ішкі сұраныстың өсуіне қызметтер көрсету саласындағы жоғары қарқындар есебінен қол жеткізіледі. 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда 7,9%-ға, байланыс қызметтертері – 10,3%-ға, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдар – 3,6%-ға ұлғайды.

2014 жылдың 12 айында негізгі капиталға 6591,5 миллиард теңге көлемінде инвестициялар салынды, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,2%-ға көп. Инвестициялардың басым көздері шаруашылық субъектілердің меншік қаражаты (жалпы көлемінен 57,9 %) мен мемлекеттік бюджет қаражаты (20,1 %) болып қалып отыр. Инвестициялардың елеулі үлесі тау-кен өнеркәсібі мен карьерлер өндірісіне (30,3 %), көлік пен қоймалауға (18,3 %) және жылжымайтын мүлікпен операцияларға (10,2 %) келеді.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялардың елеулі өсуі белгіленіп отыр. 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда инвестициялар көлемі 18,1 %-ға ұлғайып, 613,6 миллиард теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7516,5 мың шаршы метрді құрады, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 9,8 %-ға артық. Инвестициялардың өсуі есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 4,1 %-ға өсіп, 2652,5 миллиард теңгені құрады.

Өнеркәсіпте өндіріс көлемінің өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібінде 1,1%- ға, оның ішінде азық-түлік өндірісінде 13,7%-ға, сусындар – 15,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 2,8 %-ға, мұнай өңдеу – 2,5 %-ға, минералды өнімдер – 12,4%-ға, қара металлургия – 8,6 %-ға, өнім шығару 0,3%-ға өсуі байқалады. Тау-кен өнеркәсібінде шикізат өндіру көлемінің 0,3%-ға, оның ішінде мұнайдың – 1,2%-ға, көмір мен лигниттің -2,0%-ға, темір рудасының – 0,7%-ға құлдырауы байқалады. Сонымен қатар, салада табиғи газ өндірісінде – 7,5 %-ға, темір кенін – 6,3 %-ға, түсті метал кендерін 9,7% өндірудің өсуі байқалады.

Мал шаруашылығында жұмыртқа өндірудің – 9,5%-ға, еттің – 3,1%-ға және сүттің – 2,5%-ға ұлғаюы есебінен өнім шығару 3,9%-ға өсті.

2014 жылғы желтоқсанның соңында экономика салаларына екінші деңгейлі банктер берген кредиттер 12105,7 миллиард теңгені құрап, 7,2%-ға өсті. 2014 жылғы 1 қаңтарда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1788,1 миллиард теңгеге дейін 39,3%-ға өскені байқалады.

2014 жылғы ақпанда теңге бағамының түзетілуі және инфляцияның орын алуы нәтижесінде инфляциялық процестердің күшеюі байқалады. 2014 жылғы желтоқсанда инфляция 7,4% құрады, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары. Жылдың басынан бастап азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасының өсіміне инфляцияға салымдар ұлғайды. Азық-түлік тауарларына бағаның 2013 жылғы ұқсас кезеңдегі 3,3%-ға қарағанда 8%-ға артуына байланысты азық-түлік тауарларының инфляцияға қосқан үлесі 3 пайыздық тармақты (2013 жылы 1,3 пайыздық тармақ) құрады. Азық-түлік емес тауарларға баға 7,8%-ға (3,3%) өсті, инфляцияға қосқан үлесі 2,5 пайыздық тармақты (1,1 пайыздық тармақты) құрады. Ақылы қызметтер бағасы 6,4%-ға (8%) өсті, жылдың басынан бастап қосқан үлесі 2013 жылғы ұқсас кезеңдегі 2,3 пайыздық тармаққа қарағанда 1,9 пайыздық тармақты құрады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Экономиканы әртараптандыру жөнінде жүргізілген реформаларға қарамастан, шикізат тауарлары экспорттың негізгі бабы болып қалуда, энергетикалық тауарлар мен металдардың әлемдік бағаларына экономиканың әлсіздігін алдын ала айқындайтын шикізат тауарлары болып қалады. Осылайша, экспорттың жалпы көлемінде миниралдық өнімдердің үлес салмағы 2012 жылы 75,0%-ды құраса, онда 2013 жылы ол өсті және 80,1%-ды, 2014 жылы – 81,6%-ды құрады. Соңғы өтке үш жылда ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 2012 жылы 11,3%-дан 2013 жылы 10,9%-ға дейін және 2014 жылы 10,3%-ға дейін қысқарды.

Сыртқы сұраныстың төмендеуінің нәтижесінде және соның салдарынан өнеркәсіптегі, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың және саудада өсу қарқынының баяулауының нәтижесінде ЖІӨ 2012 жылы 5,0%-дан 2014 жылы 4,4%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында ЖІӨ 1,7%-ды құрады, ал 2012-2014 жылдардың ұқсас кезеңдерінде өсу 5,6%, 5,1% және 3,9%-ды құраған болатын.

Қазақстаннның ЖІӨ-не ШОБ кәсіпорындарының ЖҚҚ үлесі 25% құрайды, халықтың бұл жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері ұқсас елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Бұл көрсеткіш бай ресурстық қоры бар Норвегия (65%-дан аса) және Австралия (60%-дан астам) сияқты елдермен салыстырғанда артта қалды.

Өткен жылдарда әртүрлі бағдарламалардың іске асырылғанына қарамастан, экономикалық әлеуетті бөлу сипатына байланысты өңірлер әркелкі дамуын жалғастыруда. Елдің бірқатар өңірлері мен елдімекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның тозуы мен жоғары тапшылығы сақталып отыр. Жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз ету және халық кірісінің төмен деңгейі проблемалары да сол күйінде қалуда.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қазақстан экономикасы дамуының серпіні, әлемдік экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде көп жағдайларда әлемдік экономиканың серпініне тәуелді. 2014 жылы Қазақстанның экономикасы әлемдік экономиканың біркелкі дамымауы жағдайында дамыды. Бір жағынан АҚШ-тың, Жапонияның экономикасының жандануы, екінші жағынан Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдері - Еуроаймақ елдірінің, Ресей мен Қытай экономикасының бәсеңдеуі байқалады. Бұдан басқа, Украина мен Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалдың нәтижесінде геосаяси тәуекелдердің күшеюіне байланысты әлемдік нарықта шикізат бағасының құлдырауы байқалады.

Халықаралық валюта қорының деректері бойынша 2014 жылы әлемдік ЖІӨ өсуі 2013 жылғы 3,3 қарағанда 3,4% құрады. АҚШ экономикасының өсуі 2014 жылғы қазандағы нақтыланған деректер бойынша 2,4% (2013 жылғы 1,5% қарағанда) құрады, Германияда – 1,6% (0,4% қарағанда), Францияда – 0,2% (0,7% қарағанда), Италияда – құлдырау 0,4%-ға (-1,7% қарағанда), Испанияда – 1,4% (-1,2% қарағанда), Қытайда – 7,3% (7,7% қарағанда), Жапонияда – 0,1% (1,6% қарағанда). Ресейде – 0,6% (1,3% қарағанда) құрады.

Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Brent сұрпындағы мұнайдың орташа әлемдік бағасы 2014 жылы барелліне 98,9 долларын құрады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салысырғанда 9,1%-ға төмендеді. Мыстың орташа әлемдік бағасы 6,4% төмендеп, бір тоннаға 6863,0 АҚШ долларын, темір - 28,4% (бір тоннаға 97,0 АҚШ долларын) құрады. Мырыштың бағасы 13,1%-ға өсіп, 2161,0 АҚШ долларын, алюминий – 1,1% (1867.0 АҚШ долларын) құрады.

Жиынтығында бұл факторлар Қазақстанда ел экспортының 80%-дан астамы келетін экспортқа бағдарланған өнім өндірісінің қысқаруына, экспорт көлемінің құлдырауына алып келді, ол Қазақстан экономикасының өсуінің бәсеңдеуіне себеп болды.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сұраныстың қысқаруына және мұнай мен жекелеген металл түрлеріне бағаның елеулі қысқаруына байланысты тауар экспортының 7,6%-ға (78,2 миллиард АҚШ доллары) құлдырауы байқалады. Ішкі нарықтағы сұраныстың бәсеңдеуі және теңге бағамының түзетілуі есебінен тауар импортының көлемі 15,6% (41,2 миллиард АҚШ доллары) қысқарды. Жалпы елдің сыртқы сауда айналымы осы кезеңде 10,5%-ға қысқарып, 119,5 миллиард АҚШ долларын құрады.

Экономикадағы ішкі сұранысты қолдау үшін экономика мен жұмыспен қамтуға ең көп мультипликативтік әсер беретін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды басымдықпен қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады.

Сыртқы жағдайлардың салдарларын нивелирлеу мақсатында ішкі көздер мен резервтер есебінен экономикалық өсуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Бұдан басқа, экономиканың дамуына, әсіресе шикізат емес экономика секторларына сыртқы және ішкі инвестициялардың өсуі ықпал ететін болады.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы

1. Дамудың негізгі параметрлері

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы концессия тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз салынды.

МЖӘ жобаларының тартымдылығын арттыру және олардың кеңінен таралуы үшін 2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде заңнамаға қосымша тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Жарлығына сәйкес концессияға медициналық мақсаттағы обьектілерді (қан, АИТВ/ЖИТС профилактикасы қызметтері, апаттар медицинасы ұйымдарын қоспағанда), орта жалпы білім беру ұйымдарын, халықты әлеуметтік қорғау, су дайындау және сумен жабдықтау ұйымдарын беруді шектеуді алып тастау арқылы МЖӘ қолдану аясы кеңейтілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет