Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті



Дата27.02.2016
өлшемі94.7 Kb.
#28451





Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігінің Статистика комитеті

Жамбыл облысының Статистика департаменті

Талдамалы баяндама

2014 жылғы 30 қазан



2014 жылдың қыркүйек айындағы экономиканың нақты
секторындағы бағалардың өзгеруі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда өнеркәсіптердің дайын өнімдерінің, ауыл шаруашылық өнімдері және құрылыс өндірісіне сатып алынған құрылыс материалдары бағаларының өсу қарқыны байқалған.


2010-2014жж. экономиканың нақты секторындағы бағалар индексі

мерзім соңына, өткен жылдың желтоқсанына пайызбен




2010

2011

2012

2013

2014

Өнеркәсіп бағалар индексі
















- дайын өнімдерге

113,5

102,1

112,8

103,5

106,3

- сатып алынған ресурстарға

119,3

108,5

108,4

96,6

103,3

Құрылыс бағалар индексі

104,1

105,6

106,3

104,1

102,5

- құрылыстық-монтаждау жұмыстары

100,7

105,0

106,8

104,5

102,4

Өткізілген ауыл шаруашылық өнімдерінің бағалар индексі

108,7

121,1

114,7

102,2

107,9

- өсімдік шаруашылығы

108,9

120,6

125,9

91,4

113,1

- мал шаруашылығы

108,5

121,7

112,5

113,4

102,5


Өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі 6,3 %-ға өсті.

Түпкілікті мақсат бойынша сыныпталған өнімдер тобында тұтыну тауарларына – 14,9%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 6,1%-ға, өндірілген өнімдерге – 6,3%-ға, аралық тұтыну өнімдеріне 3,9%-ға бағаның өсуі байқалған.

Өнеркәсіп өндірісін қамтитын барлық секциялардағы өңдеу өнеркәсібінде – 5,6%-ға баға деңгейінің өсімі тіркелген, ал кен өндіру өнеркәсібінде бағалардың 8,8%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібінде 7,3%-ға, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау өнеркәсібінде 11,4%-ға өскенін байқауға болады.

2013 - 2014 жылдарлағы қыркүйек айындағы өнеркәсіп өнімдерін
өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі


өткен жылдың желтоқсанына пайызбен

Технологиялық процесс үшін өнеркәсіп кәсіпорындары сатып алынған ресурстар бағасы қаңтар-қыркүйек айларында 3,3%-ға өскен. Республика ішінде сатып алынған ресурстар бағасы 2,7%-ға өскен, ал ТМД елдерінің кәсіпорындарында 7,5%-ға кеміген.


2013-2014 жылдардағы қыркүйек айындағы өнеркәсіптегі өнімдер бағасының өзгеруі

ө
ткен жылдың желтоқсанына пайызбен

Әр түрлі арналар бойынша өткізілген ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қыркүйек айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7,9%-ға жоғарылаған (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,9%-ға).

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - өсімдік шаруашылығы болып табылады, оған келетін өнімдер бағасының 13,1%-ға өскені (0,9%-ға) байқалған.

Өсімдік шаруашылығы бағаларының күрт өскені, дәнді дақылдар бағаларының өсуімен түсіндіріледі. Облыс бойынша барлық арналарда өткізілген дәнді дақылдар бағалары 13,8%-ға жоғарылаған (0,2%-ға). Ал Республика бойынша 14,8%-ға жоғарылаған.

Көкөніс өнімдерін өткізу маусымдық жағдайға байланысты болып қалыптасады, олардың бағалары 7,1%-ға көтерілген. Республика бойынша көкөніс өнімдерінің өсімі 6,2%-ды құрады. Картоптың бағасы облыс бойынша 30%-ға (3,4%-ға), республика бойынша 9,3%-ға жоғарылаған. Тұтыну рыногында көкөністер бағасы 1,9%-ға арзандаған. Оның ішінде картоп – 5,4%-ға, қырыққабат – 12,7%-ға, қызанақ – 72,6 %-ға, қияр – 78,3%-ға арзандаған, ал сәбіз бағасы 26,4%-ға, басты пияз 34,9%-ға қымбаттаған.

Облыстағы мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2,5%-ға (7,1%-ға) өскен, республика бойынша аталған көрсеткіш 0,3%- ды құрады. Мал мен құсты (тірідей салмағында) өткізу бағасы облыс бойынша 6,5%-ға (12,2%-ға), республика бойынша – 4,5%-ға көтерілген. Тұтыну рыногында ет және ет өнімдерінің бағасы 4%-ға қымбаттаған. Оның ішінде жылқы еті – 0,8%-ға, шошқа еті – 1,6%-ға, сиыр еті 2,6%-ға, құс еті 10,6%-ға қымбаттаған.

Шикі сүтті өткізу бағасы 6,9%-ға (7,7%-ға) төмендеген. Талданып отырған кезеңде Республикада орта есеппен бұл көрсеткіш 5,5%-ға, облысымыздың тұтыну рыногында 8,3%-ға жоғарылаған.



2013-2014 жылдардағы қыркүйек айындағы ауыл шаруашылығы
өнімін өткізу бағасының өзгеруі

ө
ткен жылдың желтоқсанына пайызбен
Экономиканың нақты секторындағы күрделі құрылыс саласындағы бағалар 2,4%-ға жоғарлаған. Технологиялық құрылымның негізгі құраушы элементі болып табылатын күрделі құрастыру жұмыстарының бағалары өзгеріссіз қалған. Республика бойынша бұл көрсеткіш 4,1%-ға жоғарлаған. Машиналар мен жабдықтардың бағалары 3,9%-ға жоғарлаған.










2013-2014 жылдардағы қыркүйек айындағы құрылыстағы бағаның өзгеруі



ө
ткен жылдың желтоқсанына пайызбен

Келтірілген мәліметтерді қорытындылай келе, облысымыздың нақты секторындағы өнеркәсіп өндірісінде, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласындағы өнімдер бағаларының өсу қарқыны жоғарылағаны байқалады. Өнеркәсіп өндірісі бағаларының өсіміне тұтыну тауарларына бағалардың жоғарлауы ықпал етcе, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағаларының өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына байланысты, құрылыс саласындағы индекстер машиналар мен жабдықтардың қымбаттауына тәуелді болып қалыптасты.


Басшы С. Мәдиев

Орындаған: А. Өтелбаева


Б. Бопетай





Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындар бағасының индексі

мерзім соңына өткен жылдың желтоқсанына, пайызбен






2010

2011

2012

2013

2014

Өнеркәсіп өнімі, өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса

113,5

102,1

112,8

103,5

106,3

Өндірілген өнім

113,0

101,8

113,9

101,7

106,3

Аралық тұтыну өнімі

106,8

108,6

115,6

101,9

103,9

Тұтыну тауарлары

135,9

95,2

110,3

101,3

114,9

Өндірістік сипаттағы қызметтер

120,8

103,0

109,0

112,2

106,1

Өнеркәсіп кәсіпорындары сатып алған материалдық-техникалық ресурстар бағасының индексі

мерзім соңына өткен жылдың желтоқсанына, пайызбен






2010

2011

2012

2013

2014

Экономикалық қызметтің барлық түрлеріне арналған материалдық-техникалық ресурстар

119,3

108,5

108,4

96,6

103,3

Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары сатып алған материалдық-техникалық ресурстар

112,3

117,5

103,4

100,2

106,3

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары сатып алған материалдық-техникалық ресурстар

118,4

108,5

108,8

86,1

102,9

Электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауа баптауға сатып алынған материалдық-техникалық ресурстар

162,9

101,6

100,0

95,4

111,7


Ауыл шаруашылығы өнімін өткізу бағаларының индексі

мерзім соңына өткен жылдың желтоқсанына пайызбен




2010

2011

2012

2013

2014

Ауыл шаруашылығы өнімі

108,7

121,1

114,7

102,2

107,9

Өсімдік шаруашылығы өнімі

108,9

120,6

125,9

91,4

113,1

Дәнді дақылдар

106,2

121,0

125,2

90,7

113,8

Картоп

128,6

111,8

93,2

103,4

130,0

Көкөністер

121,3

126,5

95,4

84,9

107,1

Мал шаруашылығы өнімі

108,5

121,7

112,5

113,4

102,5

Мал және құс

111,4

122,7

113,6

116,2

106,5

Сүт

100,5

120,1

111,5

105,8

93,1

Жұмыртқа

86,9

120,5

91,1

115,6

81,7


Құрылыстағы бағаның индексі

мерзім соңына өткен жылдың желтоқсанына пайызбен






2010

2011

2012

2013

2014

Құрылыстағы баға

104,1

105,6

106,3

104,1

102,5

Құрылыс-монтаж жұмыстары

103,3

105,0

106,8

104,5

102,4

Машиналар мен жабдықтар

109,3

105,9

102,7

99,5

103,9




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет