Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi



жүктеу 244.9 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі244.9 Kb.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат


       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      5. Қоса берiлiп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      4) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
      8. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен.



Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы
ереже

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келiсiм, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.


      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Тiл комитетi, Дiни iстер комитетi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      4. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      7. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      8. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:


      010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      9. Министрлiктiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.


      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      10. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


      Егер Министрлiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:


      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл, тiл саясаты саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      14. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:


      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
      3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асыру және үйлестiру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
      4) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      5) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      6) шығармашылық қызметтiң әртүрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;
      7) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      8) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл салаларында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;
      9) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту;
      10) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлеу;
      11) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;
      12) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
      13) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      14) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту;
      15) шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификат беру тәртiбiн бекiту;
      16) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiту;
      17) көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ереженi бекiту;
      18) мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу жөнiндегi сараптау комиссиясы туралы ереженi бекiту;
      19) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшiн сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;
      20) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;
      21) мәдени-демалыс ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн бекiту;
      22) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      23) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      24) Мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлеу;
      25) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану ережесiн әзiрлеу;
      26) мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдау;
      27) объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
      28) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi жөнiндегi сараптау комиссиясын құру;
      29) тарихи-мәдени сараптама жүргiзу ережесiн бекiту;
      30) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн бекiту;
      31) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;
      32) мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      33) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;
      34) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiру;
      35) республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      36) меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      37) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      38) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне құрметтi атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзу;
      40) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
      41) - 44) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      45) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.11.17 N 1863 Қаулысымен.
      46) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      47) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      48) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiру;
      49) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      50) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      51) мәдениет саласында көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын талдау;
      52) саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      53) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi сақтауға, бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
      54) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      55) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      56) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.11.17 N 1863, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.

      15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:


      1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      2) тарих және мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.
      4) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру;
      5) - 8) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.
      9) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзу;
      10) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегiн айқындау;
      11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзу;
      12) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      13) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;
      14) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды қамтамасыз ету, оның халықаралық беделiн нығайту;
      15) - 29) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.
      30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiмдерiн қарау;
      31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
      32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      33) қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;
      34) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;
      35) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
      36) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және күтiп ұсталу тәртiбiн бақылау;
      37) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;
      38) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      39) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
      40) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;
      41) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
      42) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
      43) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      44) - 45) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.
      46) дiни сенiм бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы саясатты iске асыру;
      47) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың қызметiн зерделеу және талдау,
      48) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша шетел мемлекеттерiнiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау;
      49) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
      50) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзу;
      51) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының дiни бiрлестiктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметiн үйлестiру;
      52) дiнтану сараптамаларын жүргiзудi қамтамасыз ету;
      53) Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығы мен дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелердi қарау;
      54) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      55) мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      56) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету мәселелерiн ресми түсiндiру жөнiндегi функциялар жүктелуi мүмкiн.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.11.17 N 1863, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.

3. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Министр Министрлiкке басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

      17. Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Министр:


      1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) қызметi өз бақылауында болатын комитеттердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) жауапты хатшының келiсiмiмен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3-1) Министрлiкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшiн дербес жауапты болады;
      4) Қазақстан Республикасы Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      19. Министрлiктiң аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      20. Үкiметтiң, Министрдiң қызметтен кетуi жауапты хатшының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкелiп соқпайды.

      21. Жауапты хатшы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Президентiне, Премьер-Министрге, Министрге есеп бередi.



      22. Жауапты хатшы:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану, тiл саясаты азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлiк аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi;
      3) Министрлiктiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      4) Министрмен келiскеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Министрлiктiң штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң, комитеттердiң құрылымы мен штат санын бекiтедi;
      5) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Министрлiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi ұйымдастырады;
      8) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң департаменттерi мен басқармалары басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      9) Министрмен комитеттердiң басшылары тағайындау үшiн ұсынатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды келiседi;
      10) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      11) Министрмен келiсiм бойынша Министрлiктiң қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;
      12) Министрмен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiк қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;
      13) Министрлiктiң Республика Президентi, Республика Үкiметi және Министр бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      14) Министрлiктiң жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Министрге бекiтуге ұсынады;
      15) Министрлiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерiсiнiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;
      16) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктi қаржыландыру жоспарын және Министрлiктiң қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етедi;
      17) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      18) Министрлiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      19) Министрлiкке келiсуге түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      23. Өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындау үшiн жауапты хатшы:


      1) Министрлiк аппаратының қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актiлер қабылдауға құқылы.

      24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген мiндеттердi орындауға жауапты болады.

      25. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан бекiтедi.

      26. Министрлiк қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкiлеттiктерi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен және құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелермен белгiленедi.



4. Министрлiктiң мүлкi

      27. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.


      Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

      28. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      29. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.

      Ескерту. Тiзбе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.06.26 N 610 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.11.21 N 1080, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.

      "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.  

            Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):


      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрлерi 36, 42, 45-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Қазақстан Республикасы     бiлiм беру ұйымдарындағы


      Мәдениет, ақпарат және спорт    қызметтi қоспағанда, дене
      министрлiгiнiң Спорт iстерi     шынықтыру-сауықтыру, спорттық
      комитетi                        қызметтер көрсету жөнiндегi
                                      қызмет;
      42. Қазақстан Республикасы      археологиялық және тарихи,
      Мәдениет, ақпарат және спорт    мәдени ескерткiштерге
      министрлiгi                     реставрациялық жұмыстарды
                                      жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
      45. Қазақстан Республикасы      телевизия және (немесе) радио
      Мәдениет, ақпарат және спорт    хабарларын таратуды
      министрлiгiнiң Ақпарат және     ұйымдастыру жөнiндегi
      мұрағат комитетi                қызмет;".

      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):


      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi";
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң тетi";
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi";
      реттiк нөмiрi 517-1-жолда "Алматы қаласы" деген сөздер "Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:


      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне".

      4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат):


      тақырыпта және мәтiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгi Спорт iстерi комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгi Спорт iстерi комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тiзбе алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
    министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

      Ескерту. Тiзбе алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен. 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысына    
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат).

      5. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 250-құжат).

       7. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 251-құжат).

      8. "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 997 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 332-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 362-құжат).

      10. "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1071 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 363-құжат).

      11. "H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 285 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 84-құжат).

      12. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы N 323 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 102-құжат).

      13. "Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213  қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1253 қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.01.28. N 73 қаулысымен. 

      15. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 251 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 58-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 наурыздағы N 343 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 81-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 наурыздағы N 382 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы.

      18. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 203-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 99 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 50-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы N 629 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 261-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 356-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегi N 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 386-құжат).

      23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 477-құжат).

      24. "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 480-құжат).

       25. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 91-құжат).

      26. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.

      27. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 100-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 25-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат).

      30. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi N 461 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 240-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат).



      32. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 415-құжат).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет