«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: қоршаған болмыстың эстетикалық жағына қызығушылығын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- балалардың шығармашылығын, байқағыштығы мен әлемді бейнелі қабылдауын, өз қиялын, күйзелісін, сезімін, ойын көркем түрде көрсете білуін дамыту;
- өнер әлеміне деген тұрақты қызығышулығын, ұлттық музыкаға, шығармашылықтың элементіне, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін қалыптастыру;
- мәдениет іс-әрекеттеріне тәрбиелеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, жұмысты ұжыммен бірге орындауға үйрету; балалардың талдау-жинақтамалы қабілеттерін дамыту: алға қойған міндеттерге сай өз жұмысының нәтижесін бағалау іскерлігі.
-
I ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
-
Сурет салу
Заттық сурет салу
Балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін – ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу.
Пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету.
Бірнеше біркелкі заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.
Бұрын меңгерген форма туындайтын қимылдарды реттілікпен бекіту:
- жемістер мен жидектер; балық, жануарлардың суретін салу барысында жұмырланған формадағы бірнеше заттардың көлемін берудегі айырмашылықты;
- төрт бұрыш формадағы бірнеше заттардың көлемін берудегі айырмашылықты;
- көлік құралы, адамдардың тұлғасы сияқты күрделі формадағы бірнеше заттардың көлемін берудегі айырмашылықты.
Балаларды суретке қарап салуға және елестете отырып жануарлардың, адамдардың және ойыншықтардың суретін салуға үйрету. Күрделі емес қимылдарды бере білу, бейненің айқындылығына, қимыл барысында қолдың, аяқтың орналасуының өзгеруіне қол жеткізу. Заттардың көлемі мен үйлесімділігінің айырмашылығын бере білуге үйрету. Қарындашпен оңай сызықпен сызуға, бояудың қажетті қоюлығын алу үшін акварель бояуын су тақтайшасында сумен араластыра білуге үйрету. Суретке қарап салу.
Сәндік сурет салу
Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі сақина, дөңгелектерді, нүктелерді бірқалыпты орналастыра отырып қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту. Түрлі өлшемдегі өрнектегі элементтерді үйлестіру, ақ және түрлі түсті қолдана отырып түстерді таңдауды қолдану.
Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға, қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.
Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.
Сурет салу барысында қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізіледі.
Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды, бояуларды қолдануды үйрету.
Түрлі халықтардың қолданбалы өнеріне тән өрнектердің элементтерімен және түстердің үйлесімділіктерімен таныстыру. Қазақ мәдениетіндегі зергерлік, ағашты ойып, өрнектеу, киімге кестелеп және алтынмен тігу өнерлері туралы түсінік беру. Табиғат күйлері, гүлдер, қауыздар, төселіп жатқан өркендер мен дәндердің қазақтың әшекей өнеріндегі киіз басу, кілем тоқу, тоқыма заттарында кездесетінін атап өту.
Түзу сызықтардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың (1-2) өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білу. Қазақтың оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән элементтерін қолдана отырып құрастыра білу іскерліктерін дамыту. Дымков ойыншықтарымен таныстыру. Балалардың өз ойлары бойынша ойыншықтарды, заттарды безендіру. Ұжыммен бірге жұмыс істеуге, халықтың зергерлік еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ өрнектерінің, городец, хохлома көркем суреттері мен сәнді маталардың мотивтері бойынша өрнектерді құрастыру барысында түстерді сезінулерін дамыту.
Мазмұнды сурет салу
Бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру іскерліктерін қалыптастыру. Бейненің айқындылық құралдарын, ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып балаларды күзгі табиғаттан алған әсерлерін көрсете білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет құру.
Бір мазмұнға біріктіре отырып бірнеше заттардың суреттерін бейнелей білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- бейнелеу өнерінің суреттеу құралдары туралы бастапқы түсініктері бар;
- гүлдер, көкөністер, жемістерге қарап сурет салады;
- суретті салуда суреттеу құралдарын қолдану;
- гуашьпен, акварельмен, графитті және түсті қарындаштармен жұмыс істей алады;
- қазақтың ою-өрнегінің, городец пен хохлома нақышының элементтерінің суретін салады;
- түрлі сюжеттерді сала біледі.
ІI ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Заттық сурет салу
Қоршаған ортадағы болмысты, заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді елестету және заттарға қарау арқылы бере білу. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.
Көктем мезгіліндегі күрделі емес бейнені суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір дала немесе бау-бақша гүлдеріне қарап сурет салу.
Түрлі жануарларға тән ерекшеліктерді байқау және олардың суреттерін сала білу іскерліктерін қалыптастыру.
- жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білуге;
- жүн мен қауырсынға тән бейнелеуге;
- қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдануға;
- табиғат нысандарын бейнелеуге;
- түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдауға;
- жылы және суық түстерді, фонға сәйкес түрлі түстердің шоғыларын қолдануға;
- бояу тақтайшасына түстерді араластыруға үйрету.
Балалардың талдау-жинақтамалы қабілеттерін дамыту: алға қойған міндеттерге сай өз жұмысының нәтижесін бағалау іскерлігі.
Құстардың сыртқы бейнесі, барлық құстардың сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсастығы, пішіні мен бөліктерінің шамаларынан жалпы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету. Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдар балалардың сюжетті сурет салуға құруға ауысады.
Сәндік сурет салу
Қағаз бетіне ортасын, бұрышын, жиегін бөле отырып түрлі формадағы жапсырылған және қатырма қағаздан жасалынған көлемді пішіндерді безендіру іскерлігіне тәрбиелеу.
Ирек және доға тәрізді сызықтар арқылы бұтақтар, гүлдер, жемістерді ырғақпен орналастыра отырып алуан түрлі пішінде өрнектердің суретін салу іскерліктерін дамытуды жалғастыру. Шығармашылықтарын және халықтың сәнді маталар желісі бойынша орамал, үшкіл орамал, майлық, сүлгі суреттерін салу барысында өрнектер ойлап табу іскерліктерін дамытуға ықпал ету. Қазақ, городецк, хохлома әшекейлерінің, сондай-ақ екі түстің үйлесімділігіне құрылған әшекейдің желісі (гжель әшекейі, вологодск шілтерінің желісі бойынша) бойынша көп түсті гаммаларды құру барысында түстерді сезінулерін дамыту.
Имек және доға пішіндерінен құрастырылған «Қызғалдақ гүлі» және т.б. өрнектерін сұлбаларға орналастыра отырып қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу, жапсырылған бұйым немесе папье-машеден жасалған пішіндер, өрнектің элементі, оның композициясы түстердің үйлесімділігі, өздігінен заттың сұлбасын таңдау. Халықтың сәндік өнерінің желісі бойынша сурет салу.
Мазмұнды сурет салу
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі жарығы жанған кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.
Қағаздың төменгі жолақшасына жердегі заттарды, жоғарғы бөлігіне жоғарыдағы заттарды орналастырып кеңістіктік қатынасын бере білуге үйрету.
Қоғамдағы жағдай, қоршаған ортадағы жағдай, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және т.б. сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.
Көктем мезгілінен алған әсерлерін суретте көрсете білу. Балаларды көктем құбылыстарына сәйкес түстерді беру үшін, қарама-қарсы, пастел түстер гаммасын қолданып қағаз түсін және түстердің үйлесімділігін таңдауға үйрету. Бейнелеу материалдарының түс байлықтарын қолдана отырып туған табиғатынан алған әсерлерді жеткізу.
Қазақ халқының өмірі, еңбегі, тұрмысын көрсете отырып қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.
Ертегінің сюжетіне сурет салу.
Жаз мезгілінің құбылысын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу іскерлігін бекіту. Ойдан салу және ұжымдық жұмыстарды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
- заттарды сипаттау белгілерін және құбылыстарын бөліп қарап және оны өзінің бейнелеу іс-әрекетінде көрсетеді;
- бейнелеуі күрделі емес ойыншықтар, жануарлар мен адамдарға қарап сурет салады; сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын жеткізеді;
- қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;
- қарапайым пішіндерде өрнек құрастырады;
- розеткаларда, үшбұрыштар мен алтыбұрыштарда ортасы, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып сәнді өрнектерді салады;
- өрнекте геометриялық пішіндерді және өсімдік элементтерін ырғақпен орналастырады;
- суретте түрлі техниканы дербес қолданады;
- бейнелерді бүкіл параққа орналастырып, заттардың кеңістіктік қатынасын береді;
- ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.
I ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.
Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін мүсіндеуге үйрету.
Көшеде, үйде және балабақшада көрген заттарын бейнелей отырып, елестету арқылы мүсіндеу. Олар бақылау жасаған кездеріндегі заттардың бейнесін жеткізе білуге, заттарды түрлі қалпында мүсіндеуге, бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету.
Жұмыста сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдануға үйрету. Өздігінен тақырып ойлап табу және өз ойын іске асыру іскерліктерін дамыту.
Сәндік мүсіндеу
Балаларды халық шеберлігінен шыққан ойыншықтармен таныстырып, оларды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну. Балаларды халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, халықтық керамика мәнерінде ыдыс жасауға үйрету, сыртын теп-тегіс етіп, күрделі рельефпен безендіріп, әшекейлеу.
Түбі мен қабырғасына қысу және ленталық әдіспен, лента тәрізді пластиналарды орналастырып, бір-біріне іші-сыртын бекіту арқылы ыдыстар жасауды үйрету.
Мазмұнды мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістері мен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге жаттықтыру.
Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету.
Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасау. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасау. Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, фактурасын жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін жасауға, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен мейлінше көркемдеп жеткізуге үйрету. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасау білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
- қарапайым үйлесімділікті сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін мүсіндей біледі;
- халық ойыншықтары мен керамикалық бұйымдардың желісі бойынша бейнелерді беру біледі;
- заттармен және элементтермен толықтыра отырып кейіпкерлер мен композицияларға тән бөлшектерді мүсіндейді.
II ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Заттық мүсіндеу
Түрлі пішіндегі, әсіресе бір кесектен ыдыс-аяқты балшықтан мүсіндеуге, үстіңгі пішінді суланған саусақпен тегістеуді, кескішті қолдануды (егер мүсінді бояйтын болса) үйретуді жалғастыру.
Қозғалыстағы адамдардың, жануарлардың пішіндерін мүсіндеу. Адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге, үйлесімділікті, қол-аяқтың күйін дұрыс жасауға үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуді үйрету.
Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.
Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды). Қарап мүсіндеу кезінде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің (қазақ, дымковский, тульский және т.б.)
Сәндік мүсіндеу
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәнді мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру.
Декоративті пластиналарды мүсіндеуге, жұмыстарында әртүрлі құралдарды қолдануға үйрету. Сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға үйрету. Түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өз беттерінше мүсіндеуге үйрету, оларды өрнектермен, жапсырмалармен әсемдеу.
Халық сарыны бойынша ойыншықтар мүсіндеу және әсемдеу.
Мазмұнды мүсіндеу
Қоршаған өмір, ертегілер мен әңгімелердің, халық әндерінің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасауды үйретуді жалғастыру.
Топтық жұмыстарды орындауға үйрету.
Ойынға, үйді, ғимаратты және мереке күндері ауланы сәндеу үшін жеке мүсіндеу, топпен мүсіндеуді орындау барысында алынған іскерлік пен дағдыларды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
- жалпы композиция үшін топтық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;
- түрлі тәсілдерді қолдана отырып заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;
- сәндік элементтермен заттарды безендіреді;
- күнделікті өмірде іскерлік пен дағдыларды қолдана біледі.
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Балаларды өнермен таныстыру
Балалардың шығармаларды қарау барысында бейнеленген құбылыстарды сезіну, суретшінің жеткізбек ойын түсіне білу, қоршаған орта мен жасампаз еңбек туралы қабілеттерін қалыптастыру. Аңдар бейнесін мейіріммен жылы қабылдауға үйрету.
Қазақ халқының ұлттық өнер туындыларының 2-3 түрімен, әшекей бұйымдарымен, тұрмыстық заттарымен, ат әбзелдерімен, киім-кешегімен таныстыру. Ұлттық ойыншықтар мен әшекейлер туралы (тәрбиешінің қалауымен) түсінік беру.
Балаларды бейнелеу өнер түрлерімен (кескіндеме, графика, мүсіндеу, сәнді-қолданбалы өнер) таныстыруды жалғастыру.
Әр түрлі материалдардан (фарфор, сүйек, керамика, ағаш, шойын, шыны т.б.) жасалған мүсіндермен таныстырып, бұл мүсіншінің қолынан шыққан туынды екендігін әңгімелеу. Жұмыс үстіндегі мүсіншінің суретін көрсету.
Ғимараттардағы өнер туындыларының әсемдігіне назар аударуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- бейнелу өнерінің түрлі түрлерін біледі;
- қазақ халық өнерінің кейбір түрлерін біледі;
- орыс халық ойыншықтарын ажырата алады.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Кескіндеме өнері туындыларымен (суреттер мен қазақ, орыс және кеңес дәуірі суретшілерінің өңдеген суреттері) таныстыру. Суретшінің әр жыл мезгілінде табиғат сұлулығын қалай көрсеткенін сезіне білуге үйрету. Шығарманың мазмұнын көріп, түсінумен қатар, суретшінің табиғатты суреттей отырып, нені жеткізгісі келгендігін қандай әсерлендіргіш құралдар пайдаланғандығын түсіне білуге үйрету. Портреттік кескіндемемен танысу барысында суретші адамның көңіл күйін қалай беріп тұрғандығына назар аудару.
Балаларды балаларға арналған кітаптарын безендіру құралдарымен таныстыру.
Қауырсынмен, қарындашпен, акварельмен орындалған суреттердің айқындылығы мен кітапты безендірудің ерекшеліктерін (суреттердің мәтінге сәйкестілігі, мұқаба, титул парағы, басы, соңы) ескеруге үйрету.
Мүсіндеу құралдарымен таныстыру: ағаш, фарфор. Көлемдік пішініне, қалыбына, ырғағы мен материалына көңіл аудару. Суретшінің мүсіндік портрет құралдарын қолдана отырып кейіпкердің мінез-құлқын түсінуге үйрету. Ұлы Отан соғысының батыры анасының бейнесімен таныстыру.
Балаларды өнер туындыларын,олардың түрлерін өз бетінше қарастыруға, оның мазмұны мен мәнерлілік құралдарына назар аударуға үйрету (түсі, пішіндері, композициясы, ырғақ және т.б.).
Күтілетін нәтижелер:
-
бейнелеу өнерінің алуан түрлілігі (кескіндеме, графика, мүсіндеу, сәнді-қолданбалы өнер) туралы түсініктерге ие;
-
кескіндеме өнері туындыларымен, кескіндеме түрлерін, сәнді-қолданбалы өнерін біледі.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Жапсыру
Заттық жапсыру
Балалардың қайшыны қолдану іскерліктерін бекіту: жолақшаларды төртбұрыштарға, шаршыларды үшбұрыштарға, шаршы немесе төртбұрыштардың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қию.
Балаларға:
- екіге бүктелген қағазды қатпарлап, түрлі бейнелерді қиюды;
- қатпарланған қағаздардан бірдей бірнеше пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюды;
- өз ойлары бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды;
- жырту тәсілімен жапсыруға үйрету.
Дайындалған қағаздан тіктөртбұрыштан дөңгелек формада кесу, бірнеше бөліктен заттарды бейнелеу іскерліктерін бекіту.
Сәндік жапсыру
Ұлттық мәнер бойынша таныс геометриялық элементтерден, түрлі пішіндегі қағазға ой-өрнектер жасауға үйрету.
Кешке шақыру билеттерін, қуыршақтарға арналған қағаз сүлгілер мен кілемшелерді, мерекеге арналған жалаушаларды, сурет салуға арналған папкаларды, би костюмдеріне арналған алжапқыштар мен орамалдарды безендіру.
Бөліктерден бейнелер жасау, мерекелерге үй-жайды безендіру үшін ұжымдық жұмыстарды орындау.
Ұлттық кілемдерді, ас тақтайшаларын, сүлгілерді, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді (аяқ қап), тері белдіктерін, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), кеселерге арналған қаптарды әшекейлеуге үйрету. Қойдың екі мүйізі — қос мүйізді «төрт айшық» өрнегі негізінде қолдану. Бұйымдарды, шырша әшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашықхаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.
Мазмұнды жапсыру
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруларды құрастыру барысында нысандардың көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.
Жапсыруларда әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге үйрету.
Ұжымдық жапсыруда ортақ композиция құрып, қағаздың бетін толықтыруға, заттарды бір сызықтың бойымен жалпақ жолақшаға (жоғары, төмен, 2-3 жоспар), бүкіл параққа орналастыруға үйрету. Аспанды, жерді немесе өзен мен көлді (теңізді) бөлуге, жердің (аспанның) түсін таңдауға үйрету. Жаңа жылдық мерекеге залды безендіруге қатыстыру.
Үйрету керек:
- үлгілер және трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеу;
- өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құру;
- қайшыны дұрыс қолдану;
- екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қию;
- ұлттық өнердің желісімен түрлі пішіндегі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыру;
- заттарды қазақтың ою-өрнектерімен безендіру;
- еңбек қауіпсіздігі жіне жеке гигиена ережелерін сақтау.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Заттық жапсыру
Түрлі пішіндер қию дағдыларын бекіту. Симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе ойдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру.
Күрделі жапсырмалар құрастыруды қалыптастыру. Жырту тәсілімен жапсыруға, ғажайып құс, алтын балық, қызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.
Алған білімдері мен дағдыларын ойнау үшін, үйшікті, орындықтарды, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлары бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сәндік жапсыру
Балаларға:
- аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың өз ойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
- мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою-өрнектермен безендіруге;
- бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерді;
- «Қошқар мүйіз» өрнегін түрлендіріп қолдануды: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектер;
- қазақ өрнектеріне тән ашық түстерді қолдануды: қызыл күрең, жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл;
- жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауға;
- топ бөлмесін безендіру үшін көктем мәнерінде ұжымдық панно жасауды;
- жұқа бұйымдарды әзірлеу үшін күрделі ойық өрнектерін қолдануды үйрнту.
Мазмұнды жапсыру
Балаларға жапсыруда сюжетті композиция құру іскерлігін дамытуды жалғастыру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- жұмыс тәсілдерін таңдайды және дәлелдейді;
- жұмыс материалдарын тиімді қолданады;
- көз алдына елестету арқылы бірнеше бөліктерден заттарды құрастырады;
- халықтық кәсіптік бұйымдарын негізгі элементтермен бейнелейді;
- жырту тәсілімен жапсыруды орындайды;
- Қазақстан табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, ұжымдық копозицияларды орындайды;
- еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, перспективасына назар аудара отырып заттарды бейнелейді;
- өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырады, жұмыс кезінде тәртіп сақтайды.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Музыка
Музыка тыңдау
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын «Күй» жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.
Ән салу
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын әндерде қабылдау.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
Жаттығулар: Музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгерту, марш сипатын анық ырғақтық жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, қозғалысты музыкамен сәйкестендіріп жартылай отыруларды («серіппені») анық, ырғақты орындау, қимылдарды музыкамен келістіріп, бөлшек адымды би қимылын меңгерту.
Ойындар мен қол ұстасып шеңбер бойында айтылатын әндер: музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.
Билер: әуеннің би сиаптын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін уйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Би шығармашылығы: Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. лирикалық, байсалды әуендерді тыңдау, олардың аттарын білу, қайта тыңдау барысында тану. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау аспаптарында анық және тәртіппен ойнау.
Күтілетін нәтижелер:
- қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш);
- музыкалық мәнерліліктің құралдарын (темп, динамика, регистр), музыкалық шығармалар түрлерін (әннің кіріспесін, басын, қайырмасын) ажыратады;
- қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын біледі;
- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды, оның сипатына сәйкес музыкамен қозғалады;
- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерді біледі;
- балаларға арналған музыкалық аспаптардың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады және оларды атайды;
- жеке және бүкіл топпен ойнай біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Музыка тыңдау
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыру. Қазақтың халық әндері, күйлері мен би музыкаларының үздік үлгілерін тыңдауға тәрбиелеу.
Ән салу
Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен орындауға үйрету. Т
ерция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Қолмен бағытын көрсете отырып әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату; фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті бере отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
Жаттығулар: Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Қазақ және орыс ұлттық билерінің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар мен қол ұстасып шеңбер бойында айтылатын әндер: Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес жалаушалармен немесе ленталармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып кеңістікте еркін бағдарлау: үш шеңбер, үлкен шеңбер. Сюжетті ойындарды сахналау.
Билер: Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып әндерді сахналау.
Би шығармашылығы: Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Күтілетін нәтижелер:
- музыкалық жанрларға тән белгілерді ажыратады және атайды;
- музыкалық мамандықтарды, композиторлардың есімдерін атайды;
- жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз күрделі емес әнге қосылып өз бетімен орындайды;
- музыканың сипатына сәйкес музыкамен қозғалады;
- балаларға арналған музыкалық аспаптардың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады және оларды атайды;
- балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген;
- музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрдің негізгі сипатын ажыратады;
- әншілік суырып салма қабілеттілігіне және балалардың музыкалық аспаптарында әуенді ойлап таба білу қабілеттілігіне ие;
- таныс би элементтерін біріктіру негізінде (немесе өзі ойдан шығару) би композициясын шығарады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны келесідей:
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология негіздері;
- көркем әдебиет;
- өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлерінде жүзеге асырылады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымды меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне қосу мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: қоғамдық өмірде қоршаған ортамен және құбылыстармен таныстыру негізінде балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- ересектермен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін қалыптастыру;
- ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, жігерлілік, дербестік, тәуелсіздік, әлеуметтік бейімділік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық сияқты жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту;
- құрбы-құрдастар мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру
Өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары
Балаларды:
- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиісті шешім қабылдауға;
- өзінің және жолдастарының қылығы бойынша пікір айтуға болатынын және қажеттілігін түсінуді;
- ересектерді және кішілерді құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын сақтауға үйрету.
Ересектермен немесе құрдастарымен келіспей қалған жағдайда балаларды «өзара келісуге» ниеттендіру, басқаларды тыңдай білу, олардың тілектерін, қажеттіліктерін, қиындықтарын түсіне білу, өз тілегі мен мәселесін айтуға мүмкіндік жасау, дау-жанжалдарды бірге шешуге, татуласуға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру процесінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын бекіту.
Адамдардың мінез-құлықтары мен кәсіби әрекеттерін, этникалық мәдениетке ұқыптылықпен қарау, құқықтық білімдерін құрметтеу әрекеттерін балаға түсінікті болатындай гендерлік тәсілмен жеткізе отырып, әлеуметтік-мәдениет негіздерін қалыптастыруды жалғастыру.
Балалардың мінез-құлқында қарапайым этикет ережелерін бекіту, ересектердің сөзін бөлмеу, орын беру, ойыншықтармен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін ұстай білу сияқты этикалық құнды өзара әрекет үлгілерін қолдау.
Ересектермен және құрдастарымен өзара қатынасы
Өзара сыйластық негізінде отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуді бекіту.
Туыстарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Өзін-өзі дұрыс бағалап өзіне сенімінің бекуіне мүмкіндік туғызу, өзін қадірлеп дербестігін дамытуға, түрлі әрекеттерде өзінің жетістіктерін нақты бағалауын дамытудағы қажеттіліктерін қолдау.
Бала санасын «Мен және менің сенімдерім, этикалық нормалар жөнінде түсініктер», «Мен және қоршаған ортаға менің қарым-қатынасым (құқықтар және міндеттер)» бағыттары бойынша қалыптастыру.
Балаларда өзін құрметтеу, әлеуметтік мәнділік сезімін, өзін таныту, өзінің қайталанбастығын, құрдастарының алдында жеке даралығын сезінуді тәрбиелеу.
Айналасындағы ересек адамдармен және құрдастарымен өзара әрекеттестік және қарым-қатынастың түрлі жағдайларында әлеуметтік бейімделу, ашықтық, әлеуметтік икемділік дағдыларын қалыптастыру. Балалардың төзімділіктерін дамыту.
Құрдастарымен және ересектермен бірлесіп әрекет жасай білуді қалыптастыру. Топтағы балалар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жөнінде түсініктерін молайту: кім кіммен көбірек қатынаста болады, ойнайды, суретті не үшін салады, кім кіммен жолдас.
Ересектердің еңбегіне және оның нәтижесіне қызығушылықты қалыптастыру, балаларды ересектермен бірге еңбектенуге кірістіру.
Қатынас жасау үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолдануға жағдайлар жасау: ересектерді аты және әкесінің атымен атау, құрдасын атын айтып шақыру, рөлдерге бөлгенде олардың атын білу, тілдік және тілдік емес тәсілдерді қолданып басқа адамның көңілін өзіне аудару, көзіне тура қарау, ашық жүзбен өтінішке үн қату, басқа баланың жауабын тыңдау.
Жақын туыстары мен құрдастарына сенімі мен тілектестік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Айналасындағы ересектер мен балаларға көңіл бөліп және қызығушылықтарын (соның ішінде өзінің отбасы мүшелеріне) қолдау, дамыту, басқа адамдарға қамқорлық, мейірімділіктерін көрсету, басқа балалармен қатар және бірлесіп, оларға кедергі жасамай, алуан түрлі іс-әрекет түрлеріне қатысу.
Нәтижеге жету барысындағы топтың барлық мүшелерінің теңдігін білдіретін, ойындағы біріншілік құқығы мен серігін таңдау құқығы барлығын белгілейтін балалардың өздері белгілеген ережелерді меңгеруге көмектесу.
Әртүрлі балалармен (үлкен, кіші, құрбы, ұл бала, қыз бала, дамуында ерекшеліктері бар балалармен, балабақшаға жаңадан келген балалармен) қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Баланың ересектермен және балалардың бір-бірімен түрлі әрекеттер түрлерінде мазмұнды қатынасына жағдай жасау, ондағы баланың рөлдерді, ойыншықтарды, материалдарды таңдап алуына, еркімен шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Балаларды бақылау, салыстыру, теңестіру, өзінің және өзгенің әрекетін бағалап, ерекшеліктерін айта білу іскерлігіне, өз әрекетінің салдары өзге адамдардың эмоционалдық жағдайына әсер ететінін түсінуге тәрбиелеу.
Ұл балалар мен қыз балалар сюжеттік-рөлді, театрландырылған және басқа ойын түрлеріне бірге қатысып, тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік туғызу.
Қоршаған ортаға, ересектер мен балаларға зейіндері мен қызығушылықтарын арттырып, басқа адамдарға қамқор болу ниеттерін білдіру.
Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер
Балаларды әлеуметтік құзіреттілігі мен мінез-құлқын көрсететін тәртіп нормаларымен, салт-дәстүрлермен, ережелермен таныстыру арқылы тәрбиелеу. Оларды алуан түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға жаппай қатыстыру.
Ұлтжандылық сезімдерін – өз отбасына, балабақшасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Баланың өзіне құрметпен қарап, мейірімді, қайырымды және басқа да ізгі қасиеттерді бойына сіңіруіне мүмкіндік туғызу, ересектер балаларының жетістіктеріне қуанатынын, сәтсіздігіне қамығып, аяныш білдіріп, көмек беретінін түсіндіру.
Экология негіздері
Табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары
Табиғат құбылыстарын бақылау кезінде өз сезімдері жайлы айта білу, табиғат мекендеушілерін сақтап қалуда адамдардың дұрыс өзін-өзі ұстауының маңыздылығын түсінуді қамтамасыз ету.
Ересектермен және құрдастармен өзара қатынасы
Балалардың:
- өзіне-өзі қызмет көрсету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық қызмет дағдылары негізінде баланың қоғамда өмір әрекетіне дайындығын;
- ересектермен бірлесе отырып өсімдіктердің өсіп-жетілуі мен жануарлардың мінез-құлықтарына бақылау және күтім жасау процестеріне жауапкершілікпен қарауын;
- адам табиғаттың бір бөлігі ретінде және оның тіршілік әрекетінің ортасы туралы қарапайым ұғымдарын;
- табиғаттағы адамгершілік мінез-құлық қағидалары туралы ұғымдарын;
- өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің адамның сауатты күтіміне байланыстылығы туралы түсініктерін;
- экологиялық қауіпсіздіктің алғашқы дағдыларын және адам денсаулығы қоршаған орта мен өзін-өзі ұстауына байланысты екендігі жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- қоршаған ортаға қатысты өз іс-әрекетін болжау іскерлігін;
- тірі және өлі табиғатпен қарым-қатынаста өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын, ересектер мен құрдастарының табиғат объектілеріне қатысты теріс қылықтарын бағалай білуге үйрету;
- өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау жұмыстарының әр алуан түрлерін бірлесіп орындауларын қамтамасыз ету. Қалыптастыру.
Көркем әдебиет
Өзін-өзі ұстау мәдени дағдылары
Көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру процесінде сыпайылық, мінез-құлық этикеті мен мәдениетінің дағдыларын бекіту. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің қылықтарын олардың мінез-құлқы тұрғысынан, адамгершілік нормаларға сәйкестігі жағынан талдау.
Ересектермен және құрдастарымен өзара қатынасы
Балаларды топтағы жағдайларға байланысты адамның эмоционалдық жай-күйі мен оның себебі арасындағы байланысты, сонымен бірге көркем әдебиетті, ертегі желісі бойынша ойындарды, ән айту, сурет салу, адамдардың қарым-қатынасын және сезімдерін бейнелейтін ересектер мен балалардың қатысуымен театрдың әр түрін анықтауға үйрету.
Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Әдеби шығарма кейіпкерінің іс-әрекетіне өзінің қатынасы жөнінде әңгімелей отырып, оны адамгершілік қағидалар мен түсініктер тұрғысынан бағалауға, кейіпкерлер мінез-құлқындағы жасырын себептерді түсінуге үйрету. Шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлықпен, аяушылықпен қарауға тәрбиелеу.
Адамдардың эмоционалдық жай-күйі, іскер және жеке қасиеттері, мүмкіндіктері, қарым-қатынас сипаты жөнінде балалардың түсініктерін молайту. Осы мақсатта шығармалар желісімен драмалау ойындарын қолдану, эмоцияларын көрсете білуді дамыту, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасай білу, өзара түсіністікке қол жеткізу.
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» бөлімінің мазмұны әрбір баланың өзінің табиғи қабілеттері мен өзінің ішкі әлемін құратын құрал шығармашылық әлеуетті ашуға, өзінің қайталанбас даралығын ұғынуға бағытталған.
Мақсаты: өзіне және қоршаған әлемге қатынасқа себепші болатын балаларда әлеуметтік-мәнді бағыттарды қалыптастыру.
Міндеттері:
-
адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру;
-
басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;
-
адамгершілік мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мазмұнның «Мен – Адаммын», «Қатысу шаттығы», «Адамгершілік әліпбиі», «Мен және менің әлемім» негізгі базалық бөлімдерінде барлық білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтижелер:
- адамгершілік мінез-құлық қағидалары, табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері, әдептілік ережелері жөнінде біледі;
- әртүрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешім қабылдайды, өзі мен өз құрбыларының әрекеттері жайында өз ойын айтуға болатындығын және айту керектігін түсінеді;
- келеңсіз көңіл күйін көрсетпейді, кешірімді, әдеби шығармалардың кейіпкерлері мен адамдардың тек жағымсыз жақтарын ғана байқамай сондай-ақ жағымды да жақтарын байқайды;
- әдеби шығарма кейіпкерінің нақты әрекетіне өз ойын айтады, оны адами тұрғыдан бағалайды;
- ересектерді құрметтейді, халық дәстүріне негізделген адами мінез-құлық ережелерін сақтайды;
- жақындарына қарапайым қамқорлық таныту, қоршаған адамдарға жанашырлық пен шыдамдылық таныту;
- заттық-ойын ортасын өздігімен ұйымдастырады, ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысуға тырысады;
- экологиялық қауiпсiз мiнез-құлықтың дағдыларын біледі және адамның денсаулығы өз әрекеті мен қоршаған ортаның күйiне тәуелді екені туралы қарапайым ұғымдарға ие;
- адамгершілік ережелерді бұзған жағдайда күйзеледі, жағымды әрекеттерге риза болып, қуанады;
- өз-өзін құрметтеу және өзге де адамдардың қадір-қасиетіне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың бүгінгі күннің қаhармандарының ерліктеріне құрметпен қарайды.
Ойын әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты: ойын әрекеті процестерінде әлеуметтік белсенділігі мен жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту, білімін, іскерліктері мен өз тәжірибелерін ойын әрекетінде қолдану.
Міндеттері:
- балалардың қоршаған тіршіліктің жағымды жақтарын бақылау және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен алған білімдері негізінде ойын мазмұнын дамыту және молайту;
- әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту;
- бірлескен ойын әрекетінде жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білуге құмарлық пен танымдық қабілеттілікті дамыту, қимылдарды жетілдіру;
- ойыншықтар мен ойын материалдарына қамқорлықпен қарауға, өз бетімен ойыншықтарды ретке келтіруге тәрбиелеу.
Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде мазмұндық-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасау.
Балаларды ұжымдық ойындарда басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру, бірлестікке, ынтымақтастыққа көмектесу: шағын топтарға бірігу, әрекет мазмұнын бірлесіп ойластыру, рөлдерді бөлу, мақсатқа жету құралдарын табу. Белсенді балалардың басқа балаларды басынбауын қадағалау, жасық, ұялшақ балалардың ойынға қатысуына көмектесу.
Рөлдерді орындауда икемді болуды дамыту, ойында ортақ мүддеге сай ойынды дамыта білу және өзінің жеке тілектестігін көрсету.
Заттық-ойын ортасын үнемі өзгерту, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Ойындағы бала бастамасын дамыту, ойындағы шығармашылыққа еркіндік беру, ойын желісіндегі тәрбиелік мәні қажетсіз жақтарын түзеу. Ойнаушылардың арасындағы жолдастық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Балалар шартты түрде дайын бейнелерді, ауыстырғыш заттарды қолданатын, өзіне жақсы таныс оқиғаларды (ертегіден, фильмдерден, тұрмыстан) бейнелейтін жеке және бірлескен режиссерлік ойындарды қолдау.
Балалардың ойындағы бастамасын, ұжымдық ойында жеке дара көрінуін мадақтау.
Балалардың дене, әлеуметтік, этномәдениет жағынан дамуына көмектесетін дәстүрлі ережелі халық ойындарын қолдану.
Сахналанған және мерекелік-шеру ойындарын ұйымдастыру.
Сахналау ойындары
Мектепке дейінгі ересек жас балаларының балалар әдебиетінен таныс көркем шығармалары бойынша көріністерді сахналай білуін дамыту. Ол үшін арнайы атрибуттар қолдануға үйрету.
Тәрбиеші-режиссердің ойлаған ойына бағына білу, сонымен бірге сахналық ойында өзінің рөлін мәнерлі орындау.
Орындаушылық біліктерді жетілдіру.
Музыкалық сахналық ойындар
Балаларға қимылы, сөзі, ән айтуы, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы сияқты рөлдік бояуы бар сахналық ойындарды ұсыну.
Музыкалық ойынды музыкалық-қимыл жүйесімен дайындау.
Балаларды түрлі кейіпкерлердің ұжымдық әрекетінен жеке әрекетке көшуін бейнелей білуге үйрету.
Балаларды ойын кейіпкерлерінің ерекшеліктерін, бейнелі, пантомимикалық, мимикалық және дауыс ырғақтық сипаттамаларын өздігінен таба білуге үйрету, шығармашылық қабілеттілікті дамыту.
Ойында орын ауыстырғыш заттарды, қиялдағы заттарды, «бейнеге ене білуді», сол бейнеде ойын аяғына дейін қала білуді меңгерту.
Құрылыс материалдарымен ойындар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануға үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық құрылыс жасауға қатыстыру, жұмысты бірлесіп жоспарлауға, көре білуге, мақсат қоюға, келісуге, ойлаған ойларын ортаға салуға үйрету.
Ойында табиғат материалын кеңінен қолдануға жағдай жасау.
Қимылды ойындар
Балалардың қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамыту.
Балалардың негізгі қимылдарын жетілдіретін, дене қимылдарын қалыптастыратын өз еркімен ойнайтын қимылды ойындарын мадақтау. Достық сезімге, шыдамдылық және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындауға, әділ болуға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыратын ойындарды қосу.
Балаларды спорттық ойындарға және эстафета ойындарына қатыстыру.
Дидактикалық ойындар
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.
Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.
Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.
Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
- ойынның тақырыбын өз бетінше таңдайды, сюжетін дамытады;
- ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға талаптанады;
- қоршаған ортадағы шындықты сюжеттік-рөлдік ойындарда бейнелейді және өзгертеді;
- барлық ойынға қатысушы ұйымдастырушының және орындаушының рөлін өзіне алалады;
- ойын тәртібін анық сақтайды және олардың орындалуына риза болады;
- таныс сюжеттерді драмалайды;
- театрландырылған ойын, ойын-сауық ұйымдастырады;
- өзара әрекет етудің жалпы ережелері негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатысады;
- ойында қойылған нәтижеге жетуге талаптанады;
- ойында әрекет логикасымен жүреді;
- қимыл ойындарын, жарысу элементтері бар ойындарды, спорттық ойындарды өз бетімен ұйымдастырады;
- ұлттық ойын ерекшеліктерін, оны сипаттайтын белгілерді және оның ұлттық мәдениетке жататынын ажыратады;
- бірін-бірі түсінеді, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетеді;
- ойында өзінің мінез-құлқын және құрдастарының әрекеттерін бағалайды.
Еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын дамыту;
- еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындау іскерлігін қалыптастыру, еңбекке деген қызығушылығын және сүйіспеншілігін дамыту;
- өзінің, ересектердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу. Материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру.
Өзіне-өзі қызмет көрсету
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тазалық пен тәртіп әдетін қалыптастыру.
Өзінің сыртқы түрін қадағалау қажеттілігін дамыту.
Өзінің сыртқы түріндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.
Өзара көмек сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы түріндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.
Үйде және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, ересектерге дастарқан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбегі
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды топ бөлмесін және балабақша ауласын ретке келтіріп ұстауға үйрету.
Асханада кезекшілік міндетін орындау. Өз бетімен және жауапкершілікпен дастарқан мәзірін әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға көмектесуге үйрету.
ҰОӘ кезекшілік міндетін орындау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге үйрету.
Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру.
Табиғаттағы еңбек
Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен және жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру. Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.
Балаларды төмендегі жұмыс түрлеріне:
- күзде ересектерге балабақша ауласын, көкөністерді, тұқымдарды жинауға;
- қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге;
- көктемде гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын себуге, олардың өсуін бақылауға, ауланы жинауға;
- жазда гүлзардағы топырақты қопсытуға, арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді шабықтауға, оларды суаруға қатыстыру.
Бау-бақшада өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға, көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге қатыстыру.
Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға үйрету.
Жұмыс барысында өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.
Қол еңбегі
Қол еңбегімен айналысу ынтасын тәрбиелеу.
Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма қағазбен жұмыста құрастыру мен қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.
Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек процесінде материалдың қасиеттері туралы білімдерді бекіту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- өзіне-өзі қызмет көрсетудің, тазалық пен реттіліктің қарапайым дағдыларына ие, өзінің сырт-келбетіне ұқыптылықпен қарайды;
- өзара көмектесу сезімін білдіруді, құрбысының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт-келбетіндегі олқылықтарды түзетуге көмектесуге ниет білдіреді,
- үйде және мектепке дейінгі ұйымда берілген тапсырмаларды және еңбек тапсырмаларын қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өздігімен және адал ниетпен орындайды;
- табиғи материалмен, қағазбен, картонмен жұмыс істеу үшін құрастыру және қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білік пен дағдыларын қолданады, тапсырмалардың орындалу барысын жоспарлап ұжыммен орындайды.
4. КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Күн тәртібінің элементтері
|
Уақыты
(сағ., мин)
|
Балаларды қабылдау, ойындар.
Топтық жиын, өзіндік іс-әрекет, жеке жұмыс, кезекшілік.
|
8.00 – 8.35
|
Ертеңгілік гимнастика.
|
8.35 – 8.45
|
Гигиеналық шаралар. Таңғы ас.
|
8.45. – 9.10
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
|
9.10 – 10.40
|
Серуенге дайындық. Серуен.
Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек.
Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
|
10.50 – 12.40
|
Түскі ас
|
12.40 – 13.00
|
Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Күндізгі ұйқыға жатқызу.
|
13.00 – 15.00
|
Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары.
|
15.00 – 15.20
|
Бесін ас.
|
15.20 – 15.40
|
Үйірмелер, студиялар.
Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.
Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар.
Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
|
15.40 – 17.20
|
Кешкі ас
|
17.20 - 17.40
|
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас.
Балалардың үйге қайтуы.
|
17.40 - 18.00
|
5. Ата-аналармен жұмыс
Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу;
- педагогтар мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.
- өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.
- отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мазмұны:
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.
Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері ата-аналар бұрыштары және т.б.
Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.
Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.
Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.
Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәстүрлерін енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдын алуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.
Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар (ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу, сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс, ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.), сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп (ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер, ашық есіктер күні, викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар, газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.) іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.
Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтарымен т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.
Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.
Ата-ана — әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.
Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасын меңгерудің жоспарланған нәтижелері:
- негізгі мәдени-гигиеналық дағдыларды меңгерген, денесінің дамуы;
- білімқұмар, белсенді;
- эмоциялық елгезек;
- ересектермен және құрдастармен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара әрекет тәсілдерін меңгерген;
- өзін-өзі ұстаудың жалпы қабылданған ережелер мен қағидаларын сақтайтын алғашқы құнды ұғымдар негізінде өзін өзі ұстауға және өз әрекетін жоспарлауға қабілетті;
- жас ерекшелігіне сай зияткерлік және тұлғалық міндеттерді шешуге қабілетті;
- өзі және отбасы, қоғам, мемлекет, әлем және табиғат туралы алғашқы ұғымдары бар;
- оқу іс-әрекетін жан-жақты алғышартын меңгерген – ереже және үлгі бойынша жұмыс істеу іскерлігі, ересектерді тыңдау және оның нұсқауларын орындау;
- қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгерген.
Мониторинг жүйесіне балалардың жеткен Бағдарламаны меңгеруге жоспарланған нәтижелері (бұдан әрі – мониторинг жүйесі) Бағдарламаны меңгерудің қорытынды бағалауына және аралық нәтижеге кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.
Мониторинг үдерісінде балаға бақылау жасау, әңгімелесу, сараптамалық бағалау, тестік емес критериалдық-қалыптасқан әдіс-тәсілдерді, критериалдық-қалыптасқан тестер, скрининг-тестер және т.б. арқылы баланың дене, зияткерлік және тұлғалық сапасы зерттеледі.
Мониторинг мазмұны балаларды тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламасымен тығыз байланысты болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымға алғаш келген күннен бастап педагогтың балаға мақсатты әсер ету барысында ғана Типтік бағдарламада тәрбие мен оқытудың берілген мақсаты мен міндеттерін шешу мүмкін болып табылады.
Әрбір педагогтың педагогикалық шеберлігінен оның адамгершілік қасиеті нық алынған дәрежеге бала жетсе, оның мәдениеті мен балаларға деген махаббаты жалпы даму деңгейіне байланысты. Балалардың денсаулығы мен жан-жақты тәрбиесіне қамқор бола отырып, мектепке дейінгі ұйым педагогтары отбасымен бірге әрбір баланың балалық шағын бақытты етуге талпыну керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (27. 07. 2007ж № 319-III).
-
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (23.08.2012 ж. №1080 ҚРҮҚ).
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары (20. 12. 2012 ж ҚР БҒМ №557 бұйрығы).
-
Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Издательство «Мектеп». – Алма-ата, 1989.
-
Общеобразовательная программа предшкольной подготовки детей пяти (шести) лет в условиях школы под редакцией Татауровой Н.С., Саймасаевой Г.А. – Астана, 1999.
-
Дошкольная образовательная программа (воспитания, обучения и развития детей 5 лет). Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. – Алматы, Алматыкитап, 2006
-
От рождения до школы. Основная общеобразовательная программа дошкольного образования / Под ред. Н. Е. Вераксы, Т. С. Комаровой, М. А. Васильевой. - М.: МОЗАИКА-СИНТЕЗ, 2010.
8. Учебная программа дошкольного образования / М-во образования Респ. Беларусь.- 2-ое изд. – Минск :НИО; Аверсэв, 2014.
9. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы, құрастырушы-авторлар: Б.Ж. Ноғайбекова, И.А. Тирская, Г.К. Мақсұтова. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2010ж.
10. Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы, құрастырушы-авторлар: Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И. Матвиенко, Г.Ю. Жигайло. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2010ж. 11. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы, құрастырушы-авторлар: Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А. Дрыгина, Г.Г. Корчевская, С.И. Шелипова, С.Г. Шақабаева, И.И. Митрофанова. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2010ж. 12. «Балбөбек» бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, авторлары Б.Б. Баймұратова, М.С. Сәтімбекова және басқалар. Алматы, 2006. -
13. Дошкольная образовательная программа воспитания и обучения «Қарлығаш» – Астана: «Арман ПВ» баспасы, 2008 – 176 стр каз/рус.
-
14. Программа воспитания, образования и развития детей дошкольного возраста в условиях детского сада «Кайнар», Доронова Т.Т., Аймагамбетова К.А. и др. – Алматы, «Просвещение-Казахстан», - 2006.
15. Методические рекомендации к программе воспитания и обучения в детском саду. / Сост. Л.В. Русскова. – М.:Просвещение, 1986.
Мазмұны
Түсіндірме жазба
|
3
|
Ерте жастың бірінші тобы (туғаннан бастап 1 жасқа дейін)
|
12
|
Ерте жастағы екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін)
|
26
|
Бірінші кіші топ (2 жастан 3 жасқа дейін)
|
43
|
Екінші кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін)
|
64
|
Ортаңғы топ (4 жастан 5 жасқа дейін)
|
91
|
Ересек топ (5 жастан 6 жасқа дейін)
|
132
|
Қорытынды
|
187
|
Пайдаланылған әдебиетер
|
188
|
Достарыңызбен бөлісу: |