Қазақстан республикасы мемлекеттік стандарт



Дата03.07.2016
өлшемі29.85 Kb.
#175204

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ


__________________________________________________________________________________________________

CDMA – 450 СТАНДАРТТЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ Радиосәулелену параметрлеріне техникалық талаптар

ҚР СТ 2169-2011

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті
Астана

Алғысөз

1 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен ӘЗІРЛЕДІ
2 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ЕНГІЗДІ
3 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының _________ № _______ бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
4 Осы стандарт «ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандартардың құрылуына, жазылуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар», «ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын, стандарттау жөніндегібасқа нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі» стандартарында белгіленгенталаптарға сәйкес әзірленді.
5 Осы стандартта «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-ІІ, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-ІІ, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» 1997 жылғы 1 шілдедегі № 151-І Қазақстан Республикасы Заңдарының нормалары іске асырылды
6 Осы стандарт халықаралық талаптармен үндестірілген:

3GPP2 C.S0011-D, 2011 3rd Generation Partnership Project 2; Recommended Minimum Performance Standards for cdma2000 Spread Spectrum Mobile Stations (Үшінші ұрпақ серіктестігінің екінші жобасы. CDMA2000 стандартты мобильды станциялардың кеңейтілген диапазонында ұсынылған ең төменгі пайдалану көрсеткіштері)




3GPP2 C.S0051-0, 2006 3rd Generation Partnership Project 2; Recommended Minimum Performance Standards for CDMA2000 Repeaters. (Үшінші ұрпақ серіктестігінің екінші жобасы. CDMA2000 стандартты ретранслятордың ұсынылған ең төменгі пайдалану көрсеткіштері).




3GPP2 C.S0002-E, 2011 3rd Generation Partnership Project 2; Physical Layer Standard for cdma2000 Spread Spectrum Systems. (Үшінші ұрпақ серіктестігінің екінші жобасы. CDMA2000 стандартты кеңейтілген диапазонның физикалық деңгейі).





7 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ ______

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ ______
8 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Осы стандартқа енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтик құжаттар» ақпараттық сілтемесінде, ал мәтін бойынша өзгерістер мен түзетулер ай сайын шығарылатын «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланады. Осы стандартты қайта қарастыру (ауыстыру) немесе жою жағдайда ай сайын шығатын «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде сәйкес мәлімдеме беріледі
   
     

Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды    





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет