Қазақстан республикасы мемлекеттік стандарт



Дата23.02.2016
өлшемі30.69 Kb.
#7008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ


__________________________________________________________________________________________________

UMTS/WCDMA СТАНДАРТТЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ Радиосәулелену параметрлеріне техникалық талаптар

ҚР СТ______

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті
Астана

Алғысөз

1 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен ӘЗІРЛЕДІ
2 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ЕНГІЗДІ
3 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының _________ № _______ бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
4 Осы стандарт «ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандартардың құрылуына, жазылуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар», «ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын, стандарттау жөніндегібасқа нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі» стандартарында белгіленгенталаптарға сәйкес әзірленді.
5 Осы стандартта «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-ІІ, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-ІІ, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» 1997 жылғы 1 шілдедегі № 151-І Қазақстан Республикасы Заңдарының нормалары іске асырылды
6 Осы стандарт халықаралық талаптармен үндестірілген:

3GPP TS 34.108, 2009 3rd Generation Partnership Project; Technical Specification Group Radio Access Network; Common test environments for User Equipment (UE); Conformance testing (Үшінші ұрпақ технологиялар саласындағы серіктестік жобасы. Радио қол жеткізу желілері үшін техникалық ерешеліктерді әзірлеу тобы. Абоненттік құрал-жабдықты тексерудің жалпы шарттары. Сәйкестікті дәлелдеу).




3GPP TS 25.141, 2011 3rd Generation Partnership Project; Technical Specification Group Radio Access Network; Base Station (BS) conformance testing (FDD) (Үшінші ұрпақ технологиялар саласындағы серіктестік жобасы. Радио қол жеткізу желілері үшін техникалық ерешеліктерді әзірлеу тобы. Базалық станциялардың (FDD) сәйкестігін тексеру).




3GPP TS 25.143, 2011 3rd Generation Partnership Project; Technical Specification Group Radio Access Network; UTRA repeater conformance testing (Үшінші ұрпақ технологиялар саласындағы серіктестік жобасы. Радио қол жеткізу желілері үшін техникалық ерешеліктерді әзірлеу тобы. UTRA ретрансляторлардың сәйкестігін тексеру).





7 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ ______

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ ______
8 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Осы стандартқа енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтик құжаттар» ақпараттық сілтемесінде, ал мәтін бойынша өзгерістер мен түзетулер ай сайын шығарылатын «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланады. Осы стандартты қайта қарастыру (ауыстыру) немесе жою жағдайда ай сайын шығатын «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде сәйкес мәлімдеме беріледі
   
     

Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды    





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет