Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі



жүктеу 2.45 Mb.
бет1/11
Дата08.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ АҚПАРАТТЫ - АНАЛИТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
УДК 551.588.7(574)

Мемлекеттік регистр. № О.0411



БЕКІТЕМІН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Вице-министр

______________М.А.Тұрмағамбетов


« _______»_____________ 2010 Ж.


ЕСЕП

БАҒДАРЛАМА 001 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органның жұмысын қамтамасыз ету»

Кіші бағдарлама «Орталық органның аппараты»

Ерекшелік: 149 «Басқа жұмыстар мен қызметтер»


тақырып:

« БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛІЛІК ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ»

«ҚОҚ АТО» РМК О.Сыздықов

Бас директоры

Астана 2010


ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ



Жауапты орындаушы,

ҚР ҚОҚМ «ИАЦ ҚОҚ» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биология ғылымдарының кандидаты, (Мемлекеттік лицензия №01240Р 25.07.2007 ж. «Табиғатты қорғауды жобалау, нормалау, экологиялық сараптама)
Консультант,

биология ғылымдарының докторы,

профессор





Шабанова Л. В.

Байтуллин И.О.




Орындаушы, «Ботаника» ботаника және фитоинтрадукция институтының аға ғылыми қызметкері




Лысенко В.В.


Жауапты орындаушы,

Ғылым және кадрлардың білімін көтеру бөлімінің бастығы





Жүсіпов А. Е.



Орындаушы, бас маман






Серғазина Ж. К.




РЕФЕРАТ

Есеп 164 бет.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛIЛIК ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, БIРҚАЛЫПТЫ ДАМУ, ПОПУЛЯЦИЯ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАР, ЭКОСИСТЕМА.

Зерттеу нысаны - биологиялық әр түрлiлiктiң сақтауы, орнықты қолдану оның компоненттерi және пайдалардың әдiл және тең негiзiнде бiрлескен алу.

Жұмыс мақсаты - Қазақстанның Республикасындағы әртүрлi тiршiлiгi туралы ұлттық есептеу нәтижесiн дайындау.

Зерттеулер процессте елдiң биологиялық әр түрлiлiгi туралы қазiргi мәлiметтiң жиын, өңдеу, жүйелеу және талдауы орындаған, конвенцияның мақсатқа жетуi тиiмдiлiк туралы да конвенцияның жағдайларының жүзеге асыруы мақсат қабылданған шаралар туралы көздiң нүктесiмен.



ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

БТК

Биологиялық Түрлілік туралы Конвенция

ЕҚТА

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЖЭҚ

Жаһандық Экологиялық Қор

ЮНЕСКО

Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ

АБР

Азиаттық даму банкі

ҚР АШМ

Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі

МҚТП

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк

МТР

Мемлекеттік табиғи резерват

МТҚ

Мемлекеттік табиғи қорық

ҚОҚІҰЖ/ТД

Қоршаған ортаны қорғау іс- әрекеттің Ұлттық жоспары/ тұрақты даму

ҮҚ

Үкімет Қаулысы

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

7

1. БИОТҮРЛІЛІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІНЕ, ОСЫ ОБЛЫСТАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРҒА, ҚАУІПТІЛІК ФАКТОРЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

14

1.1. Табиғи экожүйелер

14

1.1.1. Орманды

14

1.1.2. Далалы

16

1.1.3. Шөлейтті

17

1.1.4. Тау экожүйелері

20

1.1.5. Су және жағалық

24

1.1.6. Агроэкожйелер

26

1.2. Видовое разнообразие

29

1.2.1. Флора

29

1.2.2. Фауна

32

1.2.2. Микроорганизмдер

37

1.3. Биотүрлілікке төнетін қауіптілік факторларына шолу

39

2. БИОТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ІС ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЛАРЫ БАРЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ

45

3. САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛААРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРДЕ БИОТҮРЛІЛІК ТАҚЫРЫБЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ.

59

3.1 Елдің табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар

2.

2.1.


63

3.2 Биологиялық түрлілік бойынша халықаралық конвенциялвр мен келісімдер.

74

4. ҚОРЫТЫНДЫ: СТАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР МЕН 2010 ЖЫЛЫ ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

91

4.1. Биотүрлілілік компоненттерін қорғау

91

4.2. Биотүрлілілікке қауіп төндіру факторларын болдырмау

109

4.3. Адамдар өмірінің детңгейін көтеру мақсатында, биотүрлілікті қамтамасыз ететін тауарлар мен қызметтерді қолдау

171

4.4. Дәстүрлі білім, жаңалық және тәжірибені қорғау

121

4.5. Генетикалық ресурстарды пайдалануда тең және әділ пайда алу негізінде бірлескен пайдалануды қамтамасыз ету.

123

4.6. Адекватты ресурстарды беруді қамтамасыздандыру

124

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

128

А ҚОСЫМША

130


КІРІСПЕ

Адамзаттың кездестіретін проблемаларының ішінде ең бастысы, бұл- адамның өзінің өмір сүруі тәуелді болатын биологиялық түрлілікті сақтау. Дегенмен, биота барлық стрестік факторлерге төзімсіз, әсересе антропогендік факторлерге. Сондықтан да әлемдік қоғамдастықты тамақ, оттегі, таза ауа, шикізат ресурстары, Жер–Күн звеносын байланыстыратын, биосфераның негізгі тұрақты реттеушісі болып табылатын биотаға, көбіне адамзаттың өмір сүру жағдайын күйрететін әсер беретін, ғылыми–техникалық прогресстің салдарлары толғандырады. Биотаның осы негізгі ұлы рөлі биологиялық түрлілілік туралы Конвенция талаптарын орындауда негізгі қағида болып табылады.

Билолгиялық түрлілілікке барлық түрлер, ішкі түрдегі формалар, барлық өсімдіктер типтерінің, микроорганизмдердің, жануарлар, сол сияқты экожүйелердің табиғи жағдайларда және сорттарды, породаларды, түзулер мен штаммтарды адамдардың өсіріп және көбейтіп алуы арқылы популяциясы кіреді.

Осы маңызды өмір сүру көзін дұрыс пайдалану мен сақтау проблемасын өзектілігі жағынан адамзаттың басқа проблемаларымен салыстыруға болмайды. (Биологиялық түрлілікті дұрыс пайдалану және сақтау бойынша іс –әрекет жоспары мен Ұлттық стратегия, 1999 ж.).

Қазақстан Республикасы биологиялық түрлілік туралы БҰҰ Конфенциясын 1994 ратификациялады, сонымен ұлттық бағдарламада, бағдарламаларда, саясатта, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау мен мониторингінде биотүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау бойынша шаралар жүргізуге, өзіне міндеттер алды.

Конвенцияның 26 бабына сәйкес, Келімге келген Тараптар, Тараптар Конвенциясы анықтаған тәртіппен, Хатшылыққа осы Конвенция мақсаттарына жету үшін жүргізілген шаралар мен олардың тиімділігі туралы баяндамалар беріп отырады.

Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, ерекше экологиялық, ғылыми және реакциондық маңызы бар бірегей эталонды учаскелерді, табиғи, тарихи–мәдениет кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (әрі қарай - ЕҚТА) жасау болып табылады

Қазақстандағы ЕҚТА ауданы елдің барлық ауданының (қорықтар, ұлттық парктер және басқа қорғалатын аумақтар түрлері) 8,2% құрайды, ал әлемдік танылған стандарт бойынша 10-12% кем емес.

Қазіргі кезде елде 10 мемлекеттік, табиғи қорық, 11 мемлекеттік ұлттық парк, 3 мемлекеттік табиғи резерват, 50 мемлекеттік табиғи тапсырылымдар бар. Сол сияқты, 127 геологиялық, 58 геоморфологиялық және 19 республикалық маңызды мемлекеттік табиғи – қорықтық қордың гидрогеологиялық нысандары, 5 мемлекеттік қорықтық аймақ, 26 табиғи ескерткіштер, 5 республикалық маңыздағы мемлекеттік ботаникалық бақшалар, 2 жергілік маңыздағы мемлекеттік табиғи парк бар.

Қазақстан аумағында 835 астам омыртқалы жануарлар түрлері, оның ішінде: сүт қоректілер - 178, құстар - 489 (олардың 396 осы жерде ұя салады, қалғандары қыстауға немесе көктем мен күзде ұшып өтеді), бауырымен жорғалаушылар - 49, жер бетіндегілер 12, балықтар - 104 және дөңгелек қауыздылар- 3 түрлі. 5754 түрлі жоғарғы өсімдіктер өседі, 68 түрлі ағаш, 669 бұталар мен талдар, 2598 түрлі көпжылдықтар, 849 түрлі біржылдық шөптер. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 387 түрлі өсімдіктер кіреді.

Қазақстан Республикасы табиғи–қорықтық қорының қазіргі күйін талдау 178 түрлі сүтқоректілердің 140 (78,6%) қоғалатынын, 22 түрі Қызыл кітабқа енгенін (1991 жылғы шығарылымы), құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%), осылардың өзі Қазақстанның бірегей фауна мен флоралық биотүрлілігін сақтауды және табиғи экожүйенің барлық кешендерінің тұрақты күйін қолдауды қамтамасыз ете алмайды

Қазақстанда жаһандық маңызы бар экожүйелер қатары бар, оған солтүстік шөлейттер, реликтілі қылқанды ормандар мен тау экожүйелері кіреді. Қазақстанның шөлейт және тау жүйелері, ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық–азиялық шөлейттер мен ортаазия таулы далалары және орманды массивтерді) қамтитын Әлемдік жабайы табиғат Қорының Жаһандық Тізіліміне енгізілген

Рамсар конвенциясының халықаралық маңыздағы су–сазды жайылымдары тізіміне Каспий теңізі жағалауына жақын жатқан Орал өзенінің дельталық аумағы, Алакөл–Сасықкөл және Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі енген.

Қазақстанда ландшафтық және биологиялық түрліліктің азаюы мен жойылуының негізгі факторлары болып, өмір сүру ортасына антропогенді және техногенді әсер ету және аридизация мен шөлейттенудің табиғи үдерістері жатады. Биологиялық түрлілікті жоғалту табиғи экожүйелердің бұзылуы, аумақтың су режимінің өзгеруі, орман массивтерінің жоғалуы, биологиялық ресурстарды шектен тыс пайдалану, өндірістік және иррагациялық сулардың шығарылуы, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін енгізу әсерінен жалғасуда.



Биологиялық түрлілілік туралы БҰҰ Конвенциясын бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстанда қабылданған шаралар

  1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша республикалық заңдылықты қалыптастыру үдерісі жалғасуда. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жүйесіне 2007 жылы 9 қаңтарда N 212 қабылданған Қазақстан Республикасының Экологиялық көдексі маңызды өзгеріс енгізді.

  2. 2010 жылы 10 қыркүйекте ҚР Үкіметінің «2010-2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" салалық Бағдарламасын бекіту туралы» № 924 Қаулысы қабылданды

  3. Ел басы ҚР биоқауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасын ратификациялау туралы Заңына қол қойды (№ 43-IV от 17.07.2008 г.)

  4. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы қабылданды 21.07.2007 жылы № 301-III.

  5. Халықаралық талаптарға сәйкес ҚР Үкіметінің «Халықаралық талаптарға сәйкес аргоөндіріс кешені өнімдері қауіпсіздігі мен сапасы қауіптілігін бағалау жүйесін қалыптастыру бойынша шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысы 24.09.2007 жылы N 828 қабылданды.

  6. Астана қаласында «Қазақстан Республикасының биотехнологиялық ұлттық орталығы», «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы», Жамбыл облысында «Биологиялық қауіпсіздік проблемасының ғылыми–зерттеу институты»ғ Алматы қаласында «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты» ғылыми –зерттеу кешендері құрылды.(ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 742 Қаулысы);

  7. ҚР Үкіметінің 05.2006 жылғы №363 Қаулысымен 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биотехнологиялық Ұлттық орталықтың даму Концепциясы бекітілді.

  8. Өсімдіктер карантині мен қорғау бойынша ынтымақтастық туралы ТМД, Болгария, Турция, Монғолия, Румын, Қытай Халық Республикасы, Иордания мемлекеттерімен кесісім жасалды.

  9. Республикада жануарларды қорғау мен өсуі облысында құқықтық база құрылған. 2004 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін пайдалану, қорғау және өсіру туралы» № 593-II Заңы қабылданды (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 09.01.2007жылға);

  10. Қазақстан Республикасында аңшылық жайылымының ауданы 235,3 млн. га, оның 113,4 млн. га аң аулаушыларға бекітілген;

  11. 2006 жылы 7 шілдеде ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы қабылданды. ҚР Үкіметінің 2006 жылы 13 қарашада Қаулысы қабылданды.

  12. Негізгі ұлттық стратегиялық құжаттар – Стратегия «Қазақстан –2030», ҚР 2010 жыллға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, 2030 жылға дейінгі ерекше қорғалатын аумақтарды орналастыру мен дамыту Концепциясы, ҚР 2004–2015 жылдарға экологиялық қауіпсіздік Концепциясы, 2007-2024 жылдарға ҚР тұрақты дамуға өту Концепциясы, биологиялық түрлілікті пайдалану мен сақтау сұрақтарын қамтиды;

  13. Қазақстанның Қызыл кітабының жаңа редакциясы шығарылымға дайындалды. «Сирек кездесетін және жоғалу қаупі бар өсімдік түрлерінің тізбесіне » 387 түрлә өсімдік кірген (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы Қаулысымен бекітілген);

  14. ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен сирек кездесетін және жануарлардың жоғалу қаупі бар түрлерінің тізілімі бекітілген: сүтқоректілер – 40, құстар – 57, бауырымен жорғалаушылар – 10, жер мен сула өмір сүретіндер – 3, су жануарлары – 18, буылтық құрттар – 2, моллюскалар – 6, шаянтектілер -1, өрмекшітектілер -2, шыбын– шәркейлер – 85;

  15. Қазақстан аумағындағы жабайы аңдар СИТЕС Конвенциясының Қосымшасына енгізілген.

  16. 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» Бағдарламасы шеңберінде биологиялық түрлілілік пен ормандарды сақтау мақсатында екі халықаралық жоба іске асырылды:

 «Батыс Тянь– Шань биологиялық түрлілігін сақтау» МЭҚ Жобасы бірегей би ологиялық қоғамдастықтарды қорғауды күшейту мен Оңтүстік –Қазақстан облысы аумағында ерекше қорғалатын аумақтарды кеңейтуді көздейді.

 «Ормандарды қорғау мен Республикада аумағында ормандарды өсіру» толықмасштабты жоба әзірленді, ол Ертіс алқабында қылқанды борларды сақтау мен қайта қалпына келтіруге және Қызылорда облысында сексеуіл екпелерін, республиканың орманшаруашылық саласына қолдау жасауға, сексеуіл ормандарында жайылым алқаптарын пайдаланудың экологиялық нормаларын практикаға енгізуге бағытталған.



  1. 2005-2007 арналған Бағдамаңызы рламаны іске асыру барысында, 108,7 мың га ауданда орман отырғызу мен тарату жұмыстары жүргізілді ;

  2. Бағдарлама шеңберінде селекция–тұқым және селекция–генетикалық маңызды нысандарды анықтау арқылы, тұрақты ормантұқымдық база қалыптасуда, бұл екі кәсіпорынмен өамтамасыз етіледі– МРҚК «Алматы орман селекция орталығы» және МРҚК «Көкшетау орман селекция орталығы» ;

  3. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысымен бекітілген. ЕҚТА тізілімі республикалық маңызды. Оған табиғи –қорықтық қордың 107 нысаны кіреді.

  4. 2006– 2008 жылдары республикалық маңыздағы ЕҚТА ауданы бар аумақтарды кеңейтужәне жаңа ЕҚТА жасау арқылы өсті. Республикалық маңызды ЕҚТА ауданы 21118,7 мың га құрады, оның ішінде 3769,1 заңды тұлға ретінде тіркелген, мемлекеттің барлық ауданының - 1,4 %;

  5. 2007 жылы Республикалық маңызды ЕҚТА ауданы 22 038,7 мың га, оның ішінде – 4 689,1 заңды тұлға ретінде тіркелген, мемлекеттің барлық ауданының - 1,7 %; ( ЕҚТА–тың 1,44% мемлекеттік қорықтар мен Ұлттық парктер), 2008 жылы 22,2 млн. га, заңды түлғалық мәртебеде – 4,8 млн. га.;

  6. 2008 әртүрлі мәртебедегі ЕҚТА республмканың барлық ауданының 8,1 % жақындады;.

  7. 2007 жылғы қаңтарда табиғи кешендерді сақтау үшін Алматы облысында МҰТП үлкейтілді;

  8. 2006 жылы сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты аңдар түрлері мен сайғақтарды сақтау мен қалпына келтіру бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру және көшіп–қонатын жабайы аңдарды сақтау бойынша Конвенция шеңберінде, Анадай МТҚ аумағында 30 құлан интродукциясы жасалды, «Алтын–Емел» МҰТП –те 7 тоғай елігі жіберілді.

  9. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 109 Қаулысымен сайғақтарды қорғау тиімділігін арттыру мақсатында, ауданы 711549 га Ырғыз– Торғай МТР жасалды;

  10. Қазақстанның барлық аумағында 2011 жылға дейін сайғақтарды аулауға тиым салынды;

  11. 2005 жылы сайғақтар саны 39,6 мың, 2008 жылы 61,0 мыңға дейін өсті, ал 2003 жылы олардың саны 21,2 мың болатын;

  12. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазанындағы № 914 Қаулысымен су ресурстарын, жануарлар әлемін рационалды пайдалану мен сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту Бағдарламасы бекітілді;

  13. Биотүрлілілікті сақтау бөлімі бойынша Концепция басымдықтарын іске асыру үшін келесі жобалар жүзеге асырылуда: 1. Қазақстанда табиғи өсіп жатқан жерлерде агро–биотүрлілікті сақтау (МЭҚ); 2. Алтай–Саян экоаймағында (МЭҚ) биотүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау; 3. Жаһандық маңызды сулы–саздақ алқаптарды –суда жүзетін құстардың ортасы ретінде, кешенді сақтау(МЭҚ);

  14. «Алтай–Саян аймағының Қазақстандық бөлігінде биологиялық түрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау» Жобасының қолдауымен 2007 жылы ақпанда Батыс––Алтай МТҚ аумағы 30044 гектарға, Марқакөл МТҚ ауданы 27931 гектарға кеңейтілді;

  15. 2007 жылы АШМ, ҚОҚМ, ПРООН арасында бірлескен жұмыстарды іске асыру жобасы шеңберінде, Қазақстанда ВБУ бойынша Жоба шеңберінде Каспий теңізі жағалауына жақын жатқан Орал өзені дельтасы үшін, Алакөл–Сасықкөл –және Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі үшін, су ортасына жүйелі мрнитроинг жүргізу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды;

  16. 2007 жылы 2 мамырда, Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі Конвенциямен ерекше қорғалатын халақаралық маңыздағы сулы–саздақ алқаптар Тізіміне енгізіліп, Қазақстан мен Орта Азияда өзекті орнитологиялық аумаққа айналған соң, Қазақстан Рамсар конвенциясына қосылды;

  17. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір сұрақтары туралы» қаулысымен қорықтың ауданы 284,208 га кеңейтілді. Енді Қорғалжын қорығының ресми ауданы 543,171 гектарды құрайды;

  18. 2008 жылы 7 шілдеде Бүкіләлемдік мұрагерлер Комитетінің 32 сессиясы «Сары–Арқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» номинациясын ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Тізіміне енгізу туралы № 1102 шешім қабылдады;

  19. МЭҚ «Стерх пен басқа да сулысазды құстар түрлерін сақтау және сулы–саздақ алқаптар мен көш–қон маршруттарын дамыту» мен қоршаған орта бойынша ПРОООН жобаларын әске асыру және сулы–саздақ алқаптардың биотүрлілігін сақтау бойынша халықаралық келісімді орындау шеңберінде, «Алтын Дала» МТР жасау көзделіп отыр;

  20. Ғылыми–техникалық мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану мен басқару мақсатында, аграрлық сферада «ҚазАгроИнновация» АҚ (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 «Ауылшаруашылық Министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысымен) құрылды.

 Қазір «ҚазАгроИнновация» АҚ 22 ғылыми–зерттеу ұйымы кіреді, олар ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтиды, кейбірінде филиалдар жүйесі бар.

 042 «Агроөндіріс кешендері облысында Қолданбалысы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2006–2008 жылдары зерттеулер жүргізілді. 2007 аграрлық ғылымда келесі нәтижелерге қол жетті:

Өсімдік өсіру мен жерөңдеу облысында:


  1. Мемлекеттік сорттарды сынауға 64 жаңа сорт және ауылшаруашылық гибридтер, жемісжидек жіне басқа дақылдар жасалып, берілді;

  2. өсімдіктердің генетикалық ресурстары бойынша ұлттық ақпараттық жүйе әзірленді;.

  3. Орман шаруашылығын жүргізу жүйесі жетілдірілуде, бейімделу–ландшафтық жерөңдеу бойынша және басқа да әдістемелік нұсқаулар әзірленіп жатыр.

Малшаруашылығы облысында:

  1. Ауылшаруашылық жануарларының 3 типі шығарылып, сыналды, оның ішінде еділбайлық қой тегінің 4 қатары, қаракөл қойларының 2 ішкі тектік типтері, «Ақырыс» сүтті сұр ірі қараның ішкі тектік типтері, әулиекөл тегі ірі қарасының 2 зауыттық қатары.

  2. ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының 1 тегі, 12 типі, 5 қатары және бір кросы ҚР АШМ Мемлекеттік комиссиясының байқауында.

  1. 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық құрылымының отандық селекциясын дамыту үшін селекциялық–техникалық кешен құрылысы салынып басталады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет