Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы



жүктеу 80.25 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі80.25 Kb.



Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 16 қазан №313-ө Астана қаласы
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 184 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6188 болып тіркелді, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 135 (26196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды).

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр Н.ҚАППАРОВ.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы №313-ө бұйрығымен бекітілген


Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған,

сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі
1. Жалпы ережелер

1. Осы Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабы 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін анықтайды.

2. Осы Ереженің күші сарқынды суларды жинақтағышты, балық питомнигі су айдындарын, уылдырық шашу-өсіру су айдындарын, тоғандық және көл-тауар шаруашылықтарының су айдындарын, сондай-ақ балық және басқа су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын басқа да жасанды су айдындарын қоспағанда, барлық балық шаруашылық су айдындарына таралады.

3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) кеме – Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздiгiнен жүзетiн немесе өздiгiнен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);

2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.


2. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған су көлігі қозғалысының ережесі
4. Су көлігінің қозғалысы балық және басқа да су жануарларының ортасына және мекендейтін жағдайына кері әсер етпеуді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

5. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және олардың уылдырық шашу көші-қоны кезінде балық ресурстарына теріс әсер етуді төмендету мақсатында:

1) түптереңдету және түптазарту жұмыстарын жүргізуге;

2) тіркелмеген және есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің, сондай-ақ борттық нөмірлері жоқ кемелердің жүзуі;

3) белгіленген балықтардың уылдырық шашу орындарында, олардың көбею кезеңінде және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындарында катерлердің, моторлы қайықтардың және моторы қосылған басқа да кемелермен жүруге;

4) қоныстану аялдамаларын, бакен орнатуға арналған балық қабылдау бекеттерін және өте қажет жағдайларды (дауыл, апат) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шекараларда су көлігінің тоқтауына рұқсат етілмейді.

6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын, апаттан құтқару жұмыстарын, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды атқарушы кемелерге қолданылмайды.

7. Балық және басқа да су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар туғызу үшін балық шаруашылығы су айдындарында кемелердің, шағын көлемді флоттардың және басқа да су көлігі құралдарының қозғалысына кемелерді пайдалануға және кемелерді жөнелту санына шектеу қою арқылы, олардың тиістілігіне тәуелсіз уылдырық шашу кезеңі жарияланғаннан бастап, оның аяқталуына дейін шектеу қойылады.

8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға келесі шектеулер қойылады:

1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан аспауы керек;

2) жеке меншік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың қуаттылығы 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) аспауы қажет, бекітілген балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 40 а.к. көп емес; ал стационарлық қозғалтқыштың қуаттылығы 100 а.к. көп емес; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес; қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган), ішкі істер департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелері, транспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар үшін шектеусіз.

9. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді жөнелту санын шектеу кеме иесіне және кеме жүргізушіге осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісімді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

10. Кеме қатынасының режимін келісу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы электронды немесе қағаз түрінде осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, онда келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) кеменің атауы мен техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, тұнуы);

2) жеке тұлғаның, кеме жүргізушінің (капитанның) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және кеме иесі заңды тұлғасының атауы;

3) кеменің түрі, маркасы, тіркеу нөмірі, қозғалыстың қуаттылығы және ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы;

4) кеме қатынасының мақсаты;

5) қозғалыстың мерзімі мен бағдары;

6) кеменің тұрағы;

7) кеме құжаттарының көшірмелері (кеме билеті немесе кеме куәлігі).

11. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтінімді 3 жұмыс күні ішінде қарайды және кеме қатынасының режиміне келісім береді немесе дәлелді бас тартуды жолдайды.

12. Келісім беруден бас тартуға мәліметтердің толық көлемде ұсынылмауы және кемені уылдырық шашу кезеңінде пайдалану үшін оның ұсынылған талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

13. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы жеке және заңды тұлғалардың дәлелді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтінім беруіне тыйым салмайды.
3. Қорытынды ережелер
14. Өтінім бойынша қабылданған шешімге және оны қарау тәртібін бұзуға келіспеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің әрекетіне уәкілетті органға немесе аталған аумақтық бөлімшенің тікелей басшысына, сондай-ақ сот органдарына шағымдана алады.

Шағымды қарау нәтижелері өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының Ережесіне

1 қосымша


Нысан
Нөмірі:_______ Берілген күні_________
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған,

сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін

КЕЛІСУ
Берілді: ________________________________________________________________________

(жеке/заңды тұлғаның толық атауы, тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))


Кеменің атауы __________________________________________________________________
Кеменің тіркеу нөмірі ____________________________________________________________
Кеменің техникалық параметрлері: _______________________________________________

Ұзындығы (м.) _________________________________________________________________

Ені (м.) __________________________________________________________________

Тұнуы (см., м.) __________________________________________________________________

Кемедегі ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы (айн/мин) ______________________
Кеменің түрі ____________________________________________________________________

Кеменің маркасы _______________________________________________________________

Қозғалыстың қуаттылығы _______________________________________________________
Кеме қатынасының мақсаты _____________________________________________________
Қозғалыс мерзімі 20__жылдың _______ нан ________дейін
Қозғалыс бағдары_______________________________________________________________
Кеменің тұрағы _________________________________________________________________
Қосымша шарттар ______________________________________________________________
Аталған келісімнің көшірмесі бақылау үшін жіберіледі

Аумақтық бөлімше

басшысы: ______________________________________ _______________________

Тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған жағдайда) (қолы)

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының Ережесіне

2 қосымша


Нысан

________________________________

(мемлекеттік органның толық атауы)

________________________________

(жеке/заңды тұлғаның толық атауы, тегі,

аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))


Мекен-жайы________________________

(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №,

телефоны)

Өтініш берушінің реквизиттері________

(Заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді мемлекеттік

тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе

анықтаманың №,банктік сәйкестендіру

нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)




Өтініш
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы.
Кеме иесінің атауы _____________________________________________________________

Кеме жүргізушінің аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Кеменің атауы _________________________________________________________________

Кеменің тіркеу нөмірі ___________________________________________________________

Кеменің техникалық параметрлері: ______________________________________________

Ұзындығы (м.) _________________________________________________________________

Ені (м.) _________________________________________________________________

Тұнуы (см., м.) __________________________________________________________________

Кемедегі ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы (айн/мин) ______________________

Кеменің түрі ____________________________________________________________________

Кеменің маркасы _______________________________________________________________

Қозғалыстың қуаттылығы _______________________________________________________

Кеме қатынасының мақсаты _____________________________________________________
Қозғалыс мерзімі 20__жылдың _______ нан ________дейін
Қозғалыс бағдары_______________________________________________________________

Кеменің тұрағы _________________________________________________________________
Өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________________________

Өтініш берген күні ____________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8918 болып енгізілді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет