Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің



бет2/4
Дата21.09.2023
өлшемі139.25 Kb.
#478142
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Қазақ тілі №399 16.09.

жазылым:





5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1. Жос
пар құру

5.3.1.1
берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

6.3.1.1
әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

7.3.1.1
әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру

8.3.1.1
тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

9.3.1.1
жинақтал
ған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру

2. Әртүр
лі жанрда мәтіндер құрастыру

5.3.2.1
жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

6.3.2.1
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу

7.3.2.1
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

8.3.2.1
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу

9.3.2.1
мақсатты аудитория
ның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

3.
Жазба жұмыстарын әртүрлі форма
да ұсыну

5.3.3.1
сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

6.3.3.1
ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру

7.3.3.1
мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

8.3.3.1
мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

9.3.3.1
мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу

4.
Эссе жазу

5. 3.4.1
эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

6.3.4.1
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жазу(«келісу, келіспеу» эссесі)

7.3.4.1
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

8.3.4.1
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

9.3.4.1
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу

5.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

6.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу

7.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

8.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

9.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

6. Мәтіндерді түзету және редакциялау

5.3.6.1
мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

7.3.6.1
мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру,
синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

8.3.6.1
БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау

9.3.6.1
жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет