3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Адам физикалық аспап, физикалық құбылыс, физикалық шама
Зерттеу барысында мен зерттелген барлық объектілердің (соның ішінде адамның) жалпы заңдылықтары, бірдей әрекет принципі және бірдей физикалық заңдылықтарға бағынатындығына назар аудардым.
Мысалы, құс пен ұшақтың, балық пен сүңгуір қайықтың, тырна мен көтергіш кранның, тікұшақ пен инеліктің, батпақ қоңызы пен өрмекшінің құрылымы мен жұмыс принципінің ұқсастығы анық. Бұл мәселелерді зерттеумен бионика ғылымы айналысады.
Адам табиғаты бойынша өте жан-жақты, өйткені ол көптеген физикалық құрылғылардың әрекеттерін өз бойына біріктіре алады, адамның денесі физикалық құбылыстардың, заңдардың көмегімен және физикалық шамалармен сипатталады. Осы тұжырымдарды талдай келе мен өз ойымды жүйелеп, кесте түрінде жинақтадым.
Бұл зерттеу жұмысымның нәтижесі 1-қосымшасында көрсетілген. Сонымен қатар 2 және 3 қосымшаларда адамның физикалық параметрлері және адам физикасы» бойынша оқушыларға арналған жадынама келтірілді. Бұл параметрлер мен мәліметтерді білу – әрбір адам үшін үлкен маңызға ие деп ойлаймын.
4. АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Адамның «техникалық сипаттамалары» мен мүмкіндіктерін анықтау үшін мен мұғаліміммен бірге физика пәнінен алған теориялық және практикалық білімімді пайдалана отырып, бірқатар зертханалық жұмыстар мен шығармашылыққа құрылған тәжірибелік жүйелі зерттеулер жүргіздім.
4.2.1. Адам денесінің көлемі мен тығыздығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Адам денесінің (өз денеңнің) көлемі мен тығыздығын анықтау
Жұмысты орындаудың тәртібі
Өз пәтерімдегі ваннаның ұзындығы l (м) мен енін b (м) өлшеп алдым.
L=1,33 м b=0,55 м
Ваннаға жылы су құйып қаламмен оның деңгейін белгіледім. Суға түсіп, су көтерілгендегі жаңа деңгейді белгілеп алдым. Судың көтерілу биіктігін Δh (м). өлшеп алдым. Ол Δh=0,073 м – ге тең болды.
Ығыстырылған су көлемін су көлемін және денемнің көлемін Vr (бастың көлемін қоспай) Vm= lb Δh формуласы арқылы есептедім:
Достарыңызбен бөлісу: |