НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! кестеде сары түспен белгіленген КС орнына өз профиліңіз бойынша КС енгізу керек.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес (14-бап): «Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді".
Білім беру бағдарламалары келесі құжаттарға сәйкес әзірленеді:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ТжКОББ кадрлар даярлау бөлігі;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, орта білімнен кейінгі білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышы;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламалары;
Ұлттық біліктілік шеңбері;
Кәсіптік стандарттар (бар болса);
WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса).
Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің мақсаты білім беру ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып жұмыс берушілердің талаптарына сай оқыту мазмұнын келтіру.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде құзыреттік тәсіл қолданылады – оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқу процесін құру әдісі.
Білім беру бағдарламасының құрылымына қойылатын талаптарды МЖБС айқындайды. Білім беру бағдарламасының құрылымына:
1. Білім беру бағдарламасының паспорты;
2. Құзыреттер тізімі;
3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:
3.1. Модульдердің (пәндердің) мазмұны;
3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде игерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кесте;
3.3. Құзырет бойынша пәндер матрицасы (модульдік бағдарламалар үшін).
Білім беру бағдарламасы білім алушыларды даярлау жүргізілетін оқыту тілінде әзірленеді.
МЖМБС сәйкес жұмыс оқу бағдарламасы-ТжКБ ұйымы жұмыс оқу жоспарының нақты пән және (немесе) модулі үшін әзірлейтін құжат.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 7-қосымшаға сәйкес жұмыс оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының жүргізуі үшін міндетті құжаттар тізбесіне жатады.
Педагогтардың құжаттарды енгізуі қағаз және (немесе) электрондық форматта жүзеге асырылады. Білім беру ұйымын ақпараттық жүйеге қосу кезінде құжаттарды қағаз нұсқада толтыру міндетті емес.
Жалпы білім беретін, арнайы пәндер педагогы, өндірістік оқыту шебері:
Достарыңызбен бөлісу: |