Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Академиялық дербестік кезінде ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру (125 Бұйрық)



бет45/65
Дата07.10.2023
өлшемі2.69 Mb.
#480103
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
УММ Педагог образования каз (1) (2) (3) (1)

Академиялық дербестік кезінде ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру (125 Бұйрық)
Академиялық дербестік кезінде ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:

  • біліктілік емтиханы-теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткіліктілігін объективті анықтауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін тағайындауға мүмкіндік беретін рәсім;

  • біліктілік комиссиясы-техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді игеру қорытындылары бойынша жұмыс біліктілігін беру рәсімін жүргізу үшін құрылатын алқалы орган;

  • білім алушыларды аралық аттестаттау-білім алушылардың бір оқу пәнінің, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • білім алушыларды қорытынды аттестаттау-тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау-пәннің және (немесе) модульдің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың білімін жүйелі тексеру;

  • дипломдық жұмыс (жоба) - бітіруші біліктілік жұмысы, білікті жұмысшылар мен орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлау бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысы;

  • қорытынды аттестаттау комиссиясы-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегін қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін құрылатын алқалы орган.

  • оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі-халықаралық тәжірибеде қабылданған цифрлық баламасы бар әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балдардағы оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі.

Білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі: (5-"өте жақсы", 4-"жақсы", 3-"қанағаттанарлық", 2-"қанағаттанарлықсыз").
Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша балдармен бағаланады (оң бағалар, кемуіне қарай "А"-дан "D" - ге дейін, "қанағаттанарлықсыз" - "F") осы қағидаларға қосымшаға сәйкес 4 балдық шкала бойынша тиісті цифрлық баламасы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет