Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Курс жұмысының міндеттері



бет4/14
Дата09.05.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ағылшын тілі сабағында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту әдісі. (1)

Курс жұмысының міндеттері:

  1. Лексика ұғымына ғылыми-теориялық тұрғыдан толық қанды сипаттама беру.

  2. Лексиканың салалары мен қорлану жүйесі туралы сипаттау.

  3. Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету.

  4. Шет тілін үйретуде лексиканы оқытудың тиімді жолдарын сипаттау.

  5. Шет тілі пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Курстық жұмыстың пәні: шет тілі үрдісі.
Курстық жұмыстың нысаны: шет тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту жолдары, әдіс-тәсілдері.
Курстық жұмыстың гипотезасы: шет тілі пәнінің негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптастырып, сөздік қорларын молайту. Сондықтан оқушылардың шет тілінде жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін лексиканы меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, іс жүзінде, жүйелі түрде іске асыру ерекшеліктерінің мәнін, үйрету мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын және оқушы бойында шет тілінде дұрыс сөйлеудің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Курс жұмысының әдістері:

  1. Педагогикалық және шет тілін оқыту бойынша әдебиеттерді талдау.

  2. Журналдардағы және мерзімді басылымдардағы шет тілі пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен танысу, зерттеу, байқау.

  3. Оқытудың әртүрлі әдістерді қолдану.

  4. Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімінен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.








1. ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

1.1 Тілдің лексика жүйесі мен құрамы


Лексика тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады.
Басқа тілдер секілді, ағылшын тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қамтиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.[5;5]
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала. Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксисте қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан қарастырады. [2;9-10]
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады.
Сөз дегеніміз — басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны немесе солардың сындық, сандық сипатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды [2; 15].
Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысатын, қарым-қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше [2; 17]. Сондай-ақ, тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұттық дәстүрінің, сана сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.
Ал, қай тілде болсын, сол тілдің мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, бала-бақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Тілі мен әдебиеті, өнері мен мәдениеті өркендеген елдің қашанда рухы жоғары болатыны белгілі. Тілі жойылған ел бірте-бірте тарих саханасынан ысырылып қалатыныда өмірдің өзі дәлелдеп келеді.
Тіл ерекшеліктері түрлі-түрлі тұрғыдан, әсіресе тілдің түрлі бірліктері тұрғысынан зерттелініп, тексеріледі. Тілдегі түрлі бірліктер ұғымына кіретіндер: тілдің дыбыстық және мағыналық жақтары, сөздер мен морфемалар, сөз тіркестері мен сөйлемдер. Бұлар – тілдің жалпы жүйесінің негізгі элементтері, бөлшектері. Былайша айтқанда, бұлар – «тіл жүйесінің жүйелері» деп аталады [2; 31].
Тіл деңгейі бір-бірімен тығыз байланыста болатыны мәлім. Мәселен, әрбір морфема фонемадан құралады. Олай болса, фонема мен морфема – тіл деңгейінің екі жағы: бірі – тілдің фонемалық жағы. Бұл – тілдің «ең кіші» деңгейі. Екіншісі – тілдің морфемалық жағы. Бұл – тілдің «жоғары» деңгейі.
Морфемалардан лексема құралады. Ал, лексемалар тіркесі синтаксистік конструкцияларды құрайды. Бұдан келіп тіл деңгейінің тағы да 2 түрі: лексика және сөз тіркесі, яғни синтаксис атты түрлері келіп шығады. Қысқасы, кез-келген мәтін фонемаға, морфемаға, лексемаға, синтаксистік конструкцияларға жіктеледі. Бұлардың ішіндегі ең қысқа бірліктің бірі – сөз; ал сөз мағынасын ажырататын бірлік – фонемалар.
Пікірімізді тағы бір нақтыласақ, бұдан тілдің фонемалық деңгейі, тілдің сөз деңгейі деген ұғымдар, сондай-ақ, фонологиялық – лексика – морфология – синтаксис деңгейі дегендер келіп шығады. Бұлар, тұтасынан алғанда, тіл құрамы мен жүйесін құрайды.
Тілдің лексикасы – белгілі бір жүйелер жиынтығы дедік. Тілдің фонетикалық және грамматикалық жүйелері мен құрамына қарағанда, тілдің лексикалық құрамы әлдеқайда күрделі де, көлемді, өзгеріске бейімделген келеді, үнемі дерлік даму, жетілу, баю, толығу процесінде болады.[21]
Тіл-тілдің лексикалық ерекшеліктерін жан-жақты және өзара байланысты түрде қарастырылады. Мәселен, тіл білімінің үлкен саласы лексикологияның негізгі объектісі – сөз десек, тілдегі сөз тағдыры мен қыр-сырының өзін алуан түрлі жағынан: сөз мағынасы, сөз мағынасының ақиқат шындыққа қатысы, сөз жасау амал-тәсілдері, сөздің басқа бір топтарымен байланысы т.б. жатады.
Тілдің осындай сан алуан қыр-сыры мол сөз байлығы лингвистиканың үлкен саласы лексикологияда қарастырылып, зерттеледі. Лексикология – тілдің лексикасы туралы ілім. Тілдің лексикасы дегеніміз – бір тілдің барлық сөздерінің жиынтығы, яғни тілдің сөздік құрамы болып табылады.
Мұнымен қатар лингвистикада лексика термині тағы да бірнеше мағынада қолданылады:
Лексика – тілдегі сөздердің жасалуы мен шығу тегі, негізіне қарай топтасқан сөздердің барлық жиынтығы.
Лексика – тілдегі сөздердің қолданылу аясы мен шеңберіне қарай топтасқан сөздер жиынтығы.
Лексика – тілдің сөздік құрамының белгілі бір стилистикалық қабаттарында қолданылатын сөздер тобы.
Лексика – белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздер жиынтығы; нақты бір жазушының немесе көркем шығарманың сөздік құрамы [16; 7].
Сонымен, лексика дегеніміз – белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы жиынтығы деп аталады[17; 34]. Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, түр-түсі, саны мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет