Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ



Pdf көрінісі
бет41/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

2.5 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ 
 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының 
қызметін күшейту, олардың мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет қорын 
айтарлықтай жаңарту міндеті қойылды. 
Мектеп кітапханаларының қызметі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары 
кітапханаларының қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау қағидаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 
жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен реттеледі. 
Мектеп кітапханаларының қызметіндегі негізгі міндеттер: 
- мектептің ақпараттық, білім беру мен мәдени орталығы және 
педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде мектеп кітапханаларының рөлін 
арттыру: ақпараттың барлық түрлеріне оқушылардың қол жетімділігін 
қамтамасыз ету; ақпаратты өз бетінше таба алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеу 
мақсатында білім алушыларға ақпарат көздерін (каталогтар мен файлдық 
шкафтар, библиографиялық көрсеткіштер және басқа да іздеу құралдарын) 
пайдалану бойынша сабақтар өткізу; 
- мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің тікелей байланысын 
нығайту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруда мұғалімдермен 
бірлескен жұмысты жандандыру: оқу іс-әрекетін қолдау және оның 
мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мұғалімдерге сабаққа дайындық 
материалдарын таңдауда көмек көрсету
- мектеп кітапханаларын цифрландыру: кітапхана оқырмандарының 
сұранысын қанағаттандыратын цифрлық ресурс – мектеп кітапханасының веб-
сайтын құру; электронды оқулықтар қорын құру және толықтыру; Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық 
кітапханасының цифрлық кітапханасы негізінде электрондық кітапханалар құру; 
- кітап және оқуды насихаттау үшін мектеп кітапханашыларының әртүрлі 
құралдар мен әдістемелерді пайдалануын арттыру; мектеп кітапханаларының 
қызметінде әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану (кітап көрмелерін безендіру, әдеби 
байқаулар, поэзия кештері, әдеби марафондар, квесттер, буккроссингтер, 
челлендждер, буктрейлерлер және т.б. өткізу); 
- сабақтан тыс қызмет кеңістігін аймақтарға бөлу және ресімдеу (білім 
беру сапасын арттыру ресурстарының бірі болып табылатын қазіргі заманғы оқу 
кеңістігі – коворкинг-орталықтар құру); 
- мектеп кітапханаларының тиімділігін арттыру үшін жаңа ақпараттық 
технологияларды 
енгізу 
(компьютерлермен, 
Интернетке 
байланысты 
қамтамасыз ету): кітапханалық-ақпараттық қызметтің негізгі процестерінде 
компьютерлік технологияларды пайдалану;
- мектеп кітапханашыларының кітаптарды талқылау, оқырмандардың 
пікірлерін жариялау, өткізілген іс-шаралар туралы және т. б. ақпараттармен 
бөлісіп отыруы үшін әлеуметтік желілерді пайдалануы. 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет