Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

 
 



Құрметті әріптестер! 
 
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру 
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 
осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі 
орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың 
бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді. 
Әдістемелік нұсқау хат келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік 
ұсынымдарды қамтиды: 
- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім 
беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға 
сілтемелер; 
- құндылыққа бағдарланған, құзыреттілік, STEAM/ STEAM педагогикалық 
тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар; 
- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу 
сауаттылығы, 
математикалық, 
ғылыми 
жаратылыстану 
сауаттылығы) 
қалыптастыру бойынша ұсыныстар; 
- пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді; цифрлық құзыреттер мен 
дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар. 
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұруы тиіс. Барлық 
оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталуы қажет.
Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау 
өзекті міндет болады. 
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық 
пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін 
қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады. 
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу 
жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады 
деп сенеміз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет