Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі



жүктеу 28.44 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі28.44 Kb.



Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі


«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

Түсіндірме жазба

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау Келісімде ескірген, өзектілігін жоғалтқан және қолданылмайтын нормалардың болуына байланысты туындап отыр, ал бұл нормалар қолданылатын азаматтардың құқықтарын іске асыруға нұқсан келтіреді.

Хаттама мыналарды қамтиды:

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімді бірқатар ТМД қатысушы-мемлекеттердегі заттай жеңілдіктердің ақшалай төлемдермен ауыстырылуын (Хаттаманың 1-бабының 1-тармағы) ескере отырып жандандыруды;

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісім қолданылатын, тұрақты тұратын адамдардың санаттары үшін кепілдіктер тізбесін (Хаттаманың 1-бабының 1-тармағы) нақтылауды;

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісім мемлекеттерінің аумағына уақытша келетін адамдардың кепілдіктер тізбесін (Хаттаманың 1-бабының 6-тармағы) нақтылауды;

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімге 1-қосымшаның атауын (Хаттаманың 1-бабының 6-тармағы) нақтылауды;

Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарында 1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде заңсыз құралымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдар санаттарын (Хаттаманың 1-бабының 7-тармағы);

Бұрынғы КСР Одағы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдері Тізбесін (Хаттаманың 1-бабының 9-тармағы);

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімге 2-қосымшаның атауын (Хаттаманың 1-бабының 10-тармағы) нақтылауды қамтиды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімді (бұдан әрі - Келісім) жандандыру, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері заңнамаларының жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен алмастыру жөнінде өзгерген нормаларымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Хаттамаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының Душанбе қаласында 2015 жылғы 30 қазанда өткен отырысында қол қойылған.

Аталған Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылай қаражат бөлуді қажет етпейді және әлеуметтік-экономикалық әрі құқықтық теріс салдарларға әкеп соқтырмайды. Аталған Келісімге Хаттамада көзделген өзгерістер мен толықтырулар мынадай:

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңына;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына толықтырулар енгізу талап етіледі.



Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарауға енгізеді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет