Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы



Дата23.02.2016
өлшемі52.5 Kb.
#5523
Қазақстан Республикасы Президентінің

2001 жылғы 26 маусымдағы

 643 Жарлығымен бекітілген

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы 
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі-Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) сәйкес судьялыққа каидидаттың тағылымдамадан өту талаптары мен тәртібін айқындайды.



Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.18 № 329 Жарлығымен.

2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.

Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың іскерлік, кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 № 1177 Жарлығымен.

2-1. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап бес жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.

Мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған тұлғалардың оқуды аяқтаған күннен бастап бес жыл ішінде тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан немесе өзге мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.



Ескерту. 2-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.18 № 329 Жарлығымен.

3. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады.

4. Тағылымдамадан өту мерзімін облыстық соттың және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) төрағасы тоғыз айдан бір жылға дейінгі шекте белгілейді.

Заңгерлік мамандығы бойынша бес жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ құқықтың белгілі бір саласында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі оның еңбек өтіліне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметіне және судья қызметіне орналасу үшін оның кәсіби даярлығының деңгейін айқындайтын негіздердің басқа да деректеріне байланысты алты айдан тоғыз айға дейін шекте белгіленеді.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.

5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.

 

2. Машықтанушы-кандидатқа қойылатын талаптар

6.Тағылымдамадан өтуге:

1) жиырма бес жасқа толған;

2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар;

3) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.

Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.02.27 N 292, 2011.04.01 N 1177Жарлықтарымен.

 

3. Тағылымдамадан өтудiң шарттары мен тәртiбi

7. Судья қызметіне орналасуға конкурсқа қатысу үшін тағылымдамадан өтуге тілек білдірген адам облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді.

Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жерi бойынша тiркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.



Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.02.27 N 292, 2011.04.01 N 1177Жарлықтарымен.

8. Өтiнiшке мынадай құжаттар: кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, өмiрбаян, диплом мен оның қосымшасының көшiрмесi, бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтiк мiнездеме қоса тапсырылуға тиiс.

Өтiнiшке сонымен қатар оның кәсiби бiлiмiнiң деңгейiн сипаттайтын басқа да құжаттар (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлгенi, арнаулы курстарды бiтiргенi және т.б. туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi) қоса тапсырылуы мүмкiн.

9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi облыстық соттың төрағасы:

1) мерзiмiн көрсете отырып, тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы;

2) тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.

9-1. Егер адам тағылымдамадан өтуге жіберілсе, тағылымдамадан өту жүзеге асырылатын аудандық сотты не аудандық соттарды, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін жалпы үйлестіру мен бақылау жүктелетін облыстық сот судьясын - тағылымдама үйлестірушісін облыстық соттың төрағасы өкіммен белгілейді.

Облыстық соттар төрағаларының өкімдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері) басшылары мен машықтанушы-кандидаттардың арасында тағылымдамадан өту туралы келісім жасау үшін негіз болып табылады.

Тағылымдамадан өту туралы келісімде:

1) тараптардың атауы;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

3) тағылымдамадан өту орны;

4) тағылымдамадан өту талаптары, тәртібі мен мерзімдері қамтылуға тиіс.

Тағылымдамадан өту туралы үлгі келісімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесі машықтанушы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.



Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ЌР Президентінің 2011.04.01 N 1177Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.05.18N 329 Жарлығымен.

10. Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелді болуға тиіс.

Тағылымдамадан өтуге мынадай жағдайларда:

1) тұлға жиырма бес жасқа толмағанда;

2) жоғары заң білімі, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі болмағанда;

3) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттар болмағанда;



4) оның моральдық-этикалық бейнесін теріс жағынан сипаттайтын дәйекті мәліметтер болғанда;

5) осы Ереженің 2-1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайлар болғанда рұқсат берілмейді.

Өтініш иесіне сол уақытта машықтанушы-кандидаттар санының көбейіп кету себебіне байланысты тағылымдамадан өтуіне бас тартуға болмайды.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.18 N 329 Жарлығымен.

11. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiткен судьялыққа кандидаттың тағылымдамасының типтiк бағдарламаларына енгiзiлген арнайы іс-шараларды орындауын, сондай-ақ iс жүргiзудi ұйымдастыруға, статистикалық есептердi, анықтамаларды, талдауларды жасауға және сот практикасын қорытуға байланысты мәселелердi шешудi қамтиды.

12. Тағылымдама облыстық соттың судьясы - тағылымдама үйлестірушісімен келісім бойынша аудандық соттың төрағасы бекiткен жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады. Жоспарға кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол жөнiнде машықтанушы-кандидатты дереу хабардар етедi.

Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.

13. Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейін соттың төрағасы судьялардың арасынан аудандық сот судьясын - тағылымдама жетекшісін тағайындайды.

Тағылымдама жетекшісі:

1) жұмыстың қажетті көлемін айқындайды;

2) машықтанушы-кандидатқа кәсіби білім деңгейін арттыруда және практикалық дағды алуда көмек көрсетеді;

3) тағылымдамадан өту жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.



Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.

14. Тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша машықтанушы-кандидат тағылымдамадан өтуі туралы жазбаша есеп жасайды,  онда оның жеке жоспарды орындағаны, сондай-ақ тағылымдама жетекшісі айқындаған тапсырмаларды орындағаны туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Бір мезгілде аудандыќ соттың судьясы - тағылымдама жетекшісі машықтанушы-кандидатқа пікір жазады, оны аудандық соттың төрағасы бекітеді. Пікірде оның тағылымдама барысында алған практикалық дағдылары мен білімі, машықтанушы-кандидаттың дайындық дәрежесі, іскерлік және моральдық қасиеттері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

Аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшісі машықтанушы-кандидатқа пікірді, тағылымдамадан етудің жеке жоспарын, оны орындағаны туралы белгілермен бірге және машықтанушының тағылымдамадан өту қорытындылары туралы жазбаша есебін облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестірушісінің қарауына ұсынады. Оларды қарау  нәтижелері бойынша облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестірушісі материалдарды облыстық соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді.



Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.

15. Тағылымдаманың қорытындыларын қарау үш айдан кешiктiрiлмей, жалпы отырыста машықтанушы-кандидаттың есебi тыңдала отырып жүргiзiледi. Машықтанушы-кандидаттың есебi жөнiнде жалпы отырыстың пікірі көпшілік дауыспен қабылданатын қорытынды түрiнде ресiмделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.

 

4. Қорытынды ережелер

16. Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің қорытындыларын қарайды және Қазақстан Республикасының Жоєары Сот Кеѕесіне тиісті ќорытынды ўсынады. Облыстыќ соттыѕ жалпы отырысыныѕ оң қорытындысы бес жыл бойы жарамды болады.



Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен. см. Z080079

16-1. Облыстық соттың жалпы отырысы тағылымдама қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша мынадай жағдайларда:

машықтанушы-кандидат теріс қылық жасағанда;

тағылымдамадан өту жоспары орындалмағанда;    

машықтанушы-кандидаттың моральдық-этикалық бейнесін теріс жағынан сипаттайтын мәліметтер болғанда теріс қорытынды береді.

Машықтанушы-кандидаттың дәлелді себептер бойынша уақытша болмауы тағылымдамадан өту жоспарының орындалмауына әкеп соққан жағдайда, облыстық соттың жалпы отырысы тағылымдама мерзімін ол болмаған тиісті кезеңге ұзарту туралы шешім қабылдайды. Машықтанушы-кандидат теріс қорытынды алған жағдайда жалпы негіздерде тағылымдамадан қайта өтуге, теріс қорытындыны алған күнінен кемінде бір жыл өткеннен кейін жіберіледі.



Тағылымдама қорытындыларын қараудың теріс қорытындысы судья қызметіне теріс қорытынды алған кандидаттардың есебін жүргізу үшін облыстық соттарға жіберілуге жатады.

Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177Жарлығымен.

17. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың негiзгi жұмыс орнын қалдыруына әкеп соқпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет