Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1457



Дата24.02.2016
өлшемі85.89 Kb.
#11838



Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы
№ 1457
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы
    № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережесін бекіту туралы» Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 483-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 тамыз


№ 623

Қазақстан Республикасы Президентінің


2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 623 Жарлығына

ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің


2004 жылғы 11 қазандағы
№ 1457 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН




Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау,
қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
ҚАҒИДАЛАРЫ




1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленген және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау (бұдан әрі – даярлау) – жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру-оқу бағдарламаларын игеру нәтижесі бойынша тиісті академиялық (ғылыми) дәреже алу үшін мемлекеттік органның жолдамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы (бұдан әрі – Академия) оқыту процесі.

3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау (қайта мамандану) (бұдан әрі – қайта даярлау) – «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіруіне немесе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалуына байланысты қосымша кәсіби білім алу үшін Академиядағы және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарындағы (бұдан әрі – орталықтар) оқыту курстары.

Қайта даярлауды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжат беріледі.

Қайта даярлау курстарына:

1) «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген;

2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

4. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру (бұдан әрі – біліктілігін арттыру) – олардың кәсіби, басқарушылық және жеке құзыретін жетілдіру үшін атқаратын лауазымдарының санаттарына байланысты білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде шетелдік ұйымдардағы оқыту семинарлары.

Біліктілігін арттыруды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге біліктілігін арттыруды аяқтағанын растайтын құжат беріледі.

5. Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға жұмсалатын шығындардың нормативтерін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Орталықтар туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға

жұмсалатын шығындарды жоспарлау
6. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.

7. Жергілікті атқарушы органдар қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.

8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қызметшілерді оқытуға жұмсалатын шығындарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын ескеріп, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жоспарлайды.

Біліктілікті арттыру мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларына қоятын талаптары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

9. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметi) құрылған жағдайда ол құрылымына кіретін мемлекеттік орган қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылады.
3. Даярлау
10. Даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

Даярлаудан Академия белгілеген тиісті талаптарға сәйкес және Академиядан даярлаудан өтуге конкурстық іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілер өтеді.

11. Даярлау Академия бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

12. Даярлаудан өтуге конкурстық іріктеу тәртібі мен даярлаудан өту тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Академия айқындайды.


4. Қайта даярлау
13. Академияда қайта даярлаудан «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ «Б» корпусының А, В санаттары тобының, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2 санаттарынның мемлекеттік әкімшілік қызметшілері өтеді.

Орталықтарда қайта даярлаудан «Б» корпусының С-О-3, С-О-4, С-О-5,


С-О-6, С-R-1, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер өтеді.

14. Мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қайта даярлауға жіберіледі.

15. Мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі негізде өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген адамдарға қашықтан білім беру технологиялары арқылы қайта даярлаудан өтуге болады.

16. Қайта даярлау мерзімінің ұзақтығы кемінде 120 академиялық сағаттан тұрады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлау басталған күннен бастап үш ай ішінде көрсетілген көлемде қайта даярлаудан өтуге жол беріледі.

17. Академияда қайта даярлауды ұйымдастыру талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Академия айқындайды.



5. Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру


18. Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияда жүзеге асырылады.


19. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру менеджмент, стратегиялық жоспарлау салаларында, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдау, кәсіби, басқарушылық және жеке құзыретін жетілдіру мәселелері бойынша жүргізіледі.


20. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері біліктілігін арттырудан:

1) мансаптық жоспарларда көзделген жағдайларда үш жылда кемінде бір рет;

2) мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау аясында үш жылдың қорытындысы бойынша екі рет «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда – мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалаудың нәтижесі бойынша үш ай ішінде өтеді.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшінің тиісті функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметші қызметінің қанағаттанарлықсыз деп танылған бағыты бойынша жүзеге асырылады.

21. Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияның шетелдік оқытушылар шақыртылатын оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.


6. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

біліктілікті арттыру
22. Мемлекеттiк қызметшілердің бiлiктiлiгiн арттыру Академияда, орталықтарда, ведомствалық және басқа бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

23. Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби сертификаттаудың болуы көзделетін мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру тиісті бейіндегі мамандады даярлауға маманданған ведомстволық және басқа білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

24. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері біліктілігін арттырудан:

1) үш жылда кемінде бір рет;

2) мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау аясында үш жылдың қорытындысы бойынша екі рет «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда – мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалаудың нәтижесі бойынша үш ай ішінде өтеді.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшінің тиісті функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметші қызметінің қанағаттанарлықсыз деп танылған бағыты бойынша жүзеге асырылады.

25. Біліктілігін арттырудың ұзақтығы 24-тен 80-ге дейінгі академиялық сағаттан тұрады.

26. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияның шетелдік оқытушылар шақыртылатын оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Мемлекеттік қызметшілердің өзге қаражат есебiнен шетелдерде

бiлiктiлiгін арттыру
27. Халықаралық ұйымдардан немесе шетелдік мемлекеттердің үкiметтерiнен, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аясында қаражат және техникалық көмек бөлінген жағдайда не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржат бөлінген жағдайда, мемлекеттік орган функционалдық міндеттері біліктілікті арттыру тақырыбына сәйкес келетін мемлекеттiк қызметшіні біліктілігін арттыруға жібереді.
8. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша қызметті үйлестіру
28. Даярлау, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жанында үйлестіру кеңесі құрылады. Үйлестіру кеңесінің ережесі мен құрамын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

29. Даярлау, қайта даярлау мен біліктілікті арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Академияның жанында ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің ережесі мен құрамын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Академия бекітеді.

30. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметтерi) жылдың қорытындысы бойынша, келесі жылдың 10 қаңтарына дейiн мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкiлеттi органға қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудан өткен қызметкерлер туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.


_______________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет