Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің



жүктеу 100.98 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі100.98 Kb.


Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігі Басшысының

2011ж. 14 қаңтардағы

№ 01-38.8 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау

ӘДІСТЕМЕСІ

1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (бұдан әрі – Бағалау) сәйкес әзірленген.

2. Әдістеме Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын (бұдан әрі актілер мен тапсырмалар) орындаудың нәтижелілігі мен тиімділігінің деңгейін айқындауға арналған.

3. Бақылаудағы актілер мен тапсырмалардың мынадай түрлері орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау объектілері болып табылады:

1) мемлекеттік органдарға тапсырмалар қамтылған Президентінің жарлықтары мен өкімдері, оның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, стратегияларды бекіту туралы жарлықтар;

2) қоғамдық маңызы бар іс-шараларды жүргізу барысында берілген, сондай-ақ Президентінің қатысуымен өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалар;

3) ел өңірлеріне сапарлар барысында және олардың нәтижелері бойынша Президенті берген тапсырмалар;

4) халықаралық іс-шаралар мен шетелдік сапарлар қорытындылары бойынша Президенті берген тапсырмалар;

5) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Президенті берген тапсырмалар;

6) Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары;

7) Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің актілерде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары;

8) Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын, Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларын орындау жөніндегі Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары;

9) Мемлекеттік хатшысының және Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмалары;

10) Үкіметінің қаулылары;

11) Премьер-Министрінің өкімдері;

12) Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалар;

13) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының депутаттық сауалдарға, хаттарға жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындыларды енгізу жөніндегі тапсырмалары;

14) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде берген тапсырмалары.

4. Мыналар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың актілер мен тапсырмаларды орындауының сапасын бағалау өлшемдері болып табылады:

1) актілер мен тапсырмалардың толық іске асырылуын көздейтін және өткізілген іс-шаралардың тапсырмада немесе актіде түпкілікті орындаушының алдына қойылған міндеттерге сәйкестігінің дәрежесін көрсететін орындаудың толықтығы. Орындау толықтығының дәрежесі Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындысы және Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылары негізінде бағаланады;

2) іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде орындалуын, актілер мен тапсырмаларды орындау мерзімін екі рет және одан көп ұзартудың, орындау мерзімдерін уақтылы ұзартпаудың болмауын көздейтін орындаудың уақтылылығы.

5. «Орындаудың толықтығы» өлшемі шеңберінде тапсырмаларды орындау сапасы бағаланады, ол актілер мен тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдар берген ақпаратты баяндаудың нақтылығы мен айқындығын, нақты қол жеткізілген нәтижелердің актілер мен тапсырмаларда қойылған міндеттерге сәйкестігін көздейді.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады:

актілер мен тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған ақпарат;

актілер мен тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған материалдар (есептер, анықтамалар, ақпарат, мүдделі мемлекеттік органдардың хаттары;

актілер мен тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған ақпаратқа Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары және олар бойынша Президент Әкімшілігінің басшы лауазымды адамдары қабылдаған шешімдер;

тиісті актілер мен тапсырмаларды орындау үшін Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары;

Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпараттары;

стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырудың индикаторлары мен көрсеткіштерінің межелі нәтижелерімен салыстырғандағы ағымдағы деңгейі;

мемлекеттік инспекторлардың және Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің тексеру қорытындылары бойынша жасалған, Президент Әкімшілігінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің басшы лауазымды адамдарына жіберілген ақпарат, анықтамалар мен актілер;

Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорынан электрондық бақылау карточкалары;

БАҚ-тағы жарияланымдар, қоғамдық бірлестіктердің, депутаттар мен азаматтардың хаттары мен өтініштері.

Бұл өлшем сапасыз орындалған, тапсырма авторына байланысты айыппұл коэффициенттеріне көбейтілген тапсырмалар санын алып тастау жолымен айқындалады (1 қосымша). Айыппұл баллдарын есептеу кезінде тапсырма бастапқы қағидат бойынша ескеріледі, яғни бастапқы автордың тапсырмасы есепке алынады. Мысалы, Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің атына тапсырма жіберді, ол өз бұрыштамасымен оны тиісті мемлекеттік органдарға жібереді. Мұндай жағдайда мұндай тапсырма есептеу кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы ретінде ескерілетін болады.

Бұл өлшем бойынша бағалау сапасыз орындалған тапсырмаларды қоспағанда, толық көлемде орындалған, айыппұл коэффициенттерін ескере отырып түзетілген актілер мен тапсырмалардың есепті кезеңде орындалған актілер мен тапсырмалардың жалпы санына жүзге көбейтілген қатынасы ретінде айқындалады (2-1 және 3-1 қосымшалар).

Бұл өлшем бойынша бағалауды есептеу формуласы: ((N-Z1)/N)*100, мұнда:

N – есепті кезеңде орындалған тапсырмалар саны;

Z1 – «орындау толықтығы» өлшемі бойынша айыппұл массасы;

Айыппұл массасы мына формула бойынша есептеледі:

Z1 = (k1*H1+k2*H2+…kn*Hn), мұнда:

k – «орындау толықтығы» өлшемі бойынша ескертумен орындалған тапсырмалардың тиісті саны;

H – белгіленген ескертуге және тапсырма авторына сәйкес айыппұл коэффициенті.

Мысалы:


мемлекеттік орган бойынша есепті кезеңде орындалған тапсырмалардың жалпы саны 258 тапсырманы құрады;

оның ішінде 2 тапсырма сапасыз орындалған, оның біреуі Мемлекет басшысының тапсырмасы, ал екіншісі – Премьер-Министр тапсырмасы;

бұл көрсеткіш бойынша айыппұл коэффициенттері тиісінше 6 және 5 болады;

осы өлшем бойынша айыппұл массасы мынаған тең:

(1*6+1*5) = 11

Бұл өлшем бойынша баға мынаны құрайды:

95,74 балл = ((258 – 11)/258)*100.

6. «Орындаудың уақтылылығы» өлшемі шеңберінде мынадай көрсеткіштер бағаланады:

1) Президент Әкімшілігіне ақпарат берудің белгіленген мерзімінде орындаушы мемлекеттік органнан актілер мен тапсырмаларды орындау үшін есепті ақпараттың түсу уақтылылығы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады:

Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары және Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылары;

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорларынан электронды бақылау карточкалары;

2) актілер мен тапсырмаларды орындау мерзімдерін бір рет ұзарту фактісінің болуы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады:

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары және Мемлекет басшысының, Мемлекеттік хатшысының, Премьер-Министрдің, Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің басшы лауазымды адамдарының олар бойынша қабылдаған шешімдері;

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорларынан электронды бақылау карточкалары;

3) актілер мен тапсырмаларды орындау мерзімдерін екі рет және одан көп ұзарту фактілерінің болуы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады:

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары және Мемлекет басшысының, Мемлекеттік хатшысының, Премьер-Министрдің, Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің басшы лауазымды адамдарының олар бойынша қабылдаған шешімдері;

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорларынан электронды бақылау карточкалары;

4) актілер мен тапсырмаларды орындау мерзімдерін уақтылы ұзартпау фактілерінің болуы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады:

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары және Мемлекет басшысының, Мемлекеттік хатшысының, Премьер-Министрдің, Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің басшы лауазымды адамдарының олар бойынша қабылдаған шешімдері;

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорларынан электронды бақылау карточкалары.

6.1, 6.2, 6.3, 6.4-тармақтарда көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысы ескертумен орындалған, тапсырма авторына байланысты 1 қосымшада көрсетілген айыппұл коэффициенттеріне (2, 3, 4, 5-жолдар) көбейтілген тапсырмалар санын алып тастау жолымен айқындалады.

Бұл өлшем бойынша бағалау ескертулерді қоспағанда, толық көлемде орындалған, айыппұл коэффициенттерін ескере отырып түзетілген актілер мен тапсырмалардың есепті кезеңде орындалған актілер мен тапсырмалардың жалпы санына жүзге көбейтілген қатынасы ретінде айқындалады (2-2 және 3-2 қосымшалар).

Бұл өлшем бойынша бағалауды есептеу формуласы: ((N-F)/N)*100, мұнда:

N – есепті кезеңде орындалған тапсырмалар саны;

F – «орындаудың уақтылылығы» өлшемі бойынша айыппұл массасы;

Айыппұл массасы мына формула бойынша есептеледі:

F = (s1*H1+ s2*H2+…sn*Hn), мұнда:

s – «орындаудың уақтылылығы» өлшемі бойынша ескертумен орындалған тапсырмалардың тиісті саны;

H – белгіленген ескертуге және тапсырма авторына сәйкес айыппұл коэффициенті.

Мысалы:


мемлекеттік орган бойынша есепті кезеңде орындалған тапсырмалардың жалпы саны 258 тапсырманы құрады, оның ішінде:

2 тапсырма есепті ақпарат уақтылы түспей орындалған (1-қосымшаның


2-жолы), оның біреуі Мемлекет басшысының тапсырмасы, ал екіншісі – Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы;

бұл көрсеткіш бойынша айыппұл коэффициенттері тиісінше 5 және 3 болады;

6 тапсырма орындау мерзімін 1 рет ұзарта отырып орындалды
(1-қосымшаның 3-жолы), оның үшеуі Мемлекет басшысының тапсырмасы, екеуі Премьер-Министрдің тапсырмасы және біреуі Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы;

бұл көрсеткіш бойынша айыппұл коэффициенттері тиісінше 4, 3, 2 болады;

5 тапсырма орындау мерзімдерін екі және одан көп рет ұзарта отырып орындалған (1-қосымшаның 4-жолы), оның үшеуі Мемлекет басшысының тапсырмасы, біреуі Премьер-Министрдің тапсырмасы және біреуі Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы;

бұл көрсеткіш бойынша айыппұл коэффициенттері тиісінше 5, 4, 3 болады;

Мемлекет басшысының 1 тапсырмасы актілер мен тапсырмалардың мерзімдерін уақтылы ұзартпай орындалған (1-қосымшаның 5-жолы);

бұл көрсеткіш бойынша айыппұл коэффициенті тиісінше 2 болады.

Бұл өлшем бойынша баға мынаны құрайды:

(1*5+1*3+3*4+2*3+1*2+3*5+1*4+1*3+1*2) = 52 (ескертумен орындалған және тиісті айыппұл коэффициенттеріне көбейтілген тапсырмалар саны).

79,84 балл = ((258 – 52)/258)*100.

7. Актілері мен тапсырмаларын орындауы бойынша атқарушылық коэффициентін есептеу мынадай деректер негізінде жүргізіледі:

1) әрбір орталық және жергілікті атқарушы орган бойынша орындалған тапсырмалар саны;

2) мерзімін бұза отырып орындалған, сапасыз орындалған, орындау мерзімі екі рет және одан көп ұзартылған, орындау мерзімдері уақтылы ұзартылмаған тапсырмалар саны.

Р1 = ((N – K)/N)*100, мұнда:

Р1 – атқарушылық коэффициенті;

N – орындалған тапсырмалардың жалпы саны;

К – ескертумен орындалған тапсырмалар саны.

Әдістеменің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген мысалдардың деректеріне сүйене отырып, атқарушылық коэффициенті мынаны құрайды: ((258 – 16)/258)*100 = 93,8.

8. Жалпы қорытынды бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:

қорытынды бағалау = ((N – (Z1 + F))/N)*100, мұнда:

N – орындалған тапсырмалардың жалпы саны;

Z1 – «орындау толықтығы» өлшемі бойынша айыппұл коэффициенттерін ескере отырып, ескертумен орындалған тапсырмалар саны;

F – «орындаудың уақтылылығы» өлшемі бойынша айыппұл коэффициенттерін ескере отырып, ескертумен орындалған тапсырмалар саны.

Әдістеменің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген мысалдардың деректеріне сүйене отырып, қорытынды бағалау мынаны құрайды: ((258 – (11 + 52))/258)*100 = 75,58 балл.

Соңғы формуланы есептеген кезде теріс мән алынған жағдайда бағаланып отырған мемлекеттік органға автоматты түрде нөлдік баға қойылады.

9. Барлық өлшемдер бойынша бағалау қорытындыларының негізінде актілер мен тапсырмалардың сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды
(4-қосымша) жасалады.

10. Қорытындыда мынадай құрауыштар қамтылуға тиіс:

1) бағаланып отырған мемлекеттік орган бойынша актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы талдамалық есеп, мұнда осы өлшем бойынша бағалаудың негіздемесін, тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсете отырып, әрбір өлшем бойынша бағалау келтіріледі;

2) бағаланып отырған мемлекеттік орган бойынша актілері мен тапсырмаларын іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдар;



3) бағалау нәтижелеріне қарай мемлекеттік органға актілері мен тапсырмаларын одан әрі іске асыру, мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөніндегі және басқа ұсынымдар.
_________________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет