Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын бақылау үшін құжаттарға толассыз индекс берудің әдістемесі



Дата04.03.2016
өлшемі61.69 Kb.
#38741




№ исх: 24-1715, 6/4734 от: 29.03.2012

Ақпарат және мұрағат

комитеті төрағасының

2012 жылғы 26 наурыздағы

№ 19 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын бақылау үшін құжаттарға толассыз индекс берудің әдістемесі
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын бақылау үшін құжаттарға толассыз индекс берудің әдістемесі (бұдан әрі – бақылаушылық құжаттар) мониторинг жасау үшін және құжаттардың жылжуын көру мақсатында әзірленген.

1. Мемлекеттік органның ішінде пайда болатын және қолданылатын, басқа ұйымдарға жолданатын, жоғары тұрған, ведомствоға қарасты және басқа ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, есепке алу мен орындауды қажет ететін барлық құжаттар тіркеуге жатады.

2. Құжаттарды индекстеу кезінде бақылаушылық құжат нөмірінің орналасуы тұрақты болуы қажет.

Құжаттың индексі, тіркеу - бақылау нысанындағы реттік нөмірден (Бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесіндегі базадағы (бұдан әрі – БЭҚАЖ)) және бақылаушылық құжаттың нөмірінен тұрады.

Мысалы: 124//41-19.50 (ПӘ) индексі:

124- БЭҚАЖ түскен құжаттың реттік нөмірі;

41-19.50 (ПӘ) – Президент Әкімшілігінің бақылаушылық тапсырмасының нөмірінен тұрады.

3. Бұл нөмірлер, құжатта авторларды көрсету тәртібімен екі көлденең сызықшалар арқылы ажыратылады.



2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде құжаттарды тіркеудің ерекшеліктері
4. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасы Премьер–Министрі Кеңсесіне, мемлекеттік органдарға бақылаушылық құжаттарды жолдаған кезде, өзінің бақылаушылық тапсырмасының нөміріне әріптік аббревиатура қосу арқылы орындалатын негізгі құжатқа сілтеме жасайды Ж (жарлық), Ө (өкім), ДТ (дербес тапсырма), ХТ (хаттамалық тапсырма), ЖТ (жеке тұлғаның өтініші), ЗТ (заңды тұлғаның өтініші).

Мысалы: 01-39.40//976(Ж), бұнда 01-39.40-Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі, 976-орындау үшін іс-шаралар жоспары әзірленген Жарлықтың нөмірі;

01-39.40//5(Ө), бұнда 01-39.40- Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі, 5(Ө) - Өкімнің нөмірі;

01-25.36(ДТ), бұнда 01-25.36 – Ел басының дербес тапсырмасы бойынша Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі,

01-36.121(ХТ), бұнда хаттамалық тапсырма бойынша Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі,

ЖТ-К-6,1 жеке тұлғаның өтініші бойынша Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі,

ЗТ-К-7,1 заңды тұлғаның өтініші бойынша Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі.

Әкімшіліктің бастамашылық бақылаушылық тапсырмаларын жолдаған кезде ПӘ (Президент Әкімшілігі) әріптік аббревиатура қосылады.

Мысалы: 41-19.50(ПӘ), бұнда 41-19.50 - Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі.

3. Қазақстан Республикасы Премьер–Министрі Кеңсесінде, мемлекеттік органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде құжаттары тіркеудің ерекшеліктері
5. Кіріс немесе шығыс (жауап) құжатты Қазақстан Республикасы Премьер–Министрі Кеңсесінде, мемлекеттік органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі - БҚҚ) тіркеу кезінде, міндетті түрде Әкімшіліктің бақылаушылық құжатының индексі қосылады.

Бұл ретте индекстің құрамдас бөліктері:

- БЭҚАЖ кіріс немесе шығыс құжаттың тіркеу, реттік нөмірінен,

- Әкімшіліктің бақылаушылық құжаттың нөмірлерінен тұрады.



Мысалы: 55//41-19.50 (ПӘ), бұнда 55-БЭҚАЖ түскен құжаттың реттік нөмірі;

41-19.50 (ПӘ) Әкімшіліктің бастамашылық бақылаушылық тапсырманың нөмірі.

6. Құжат айналымды қысқарту мақсатында шығыс (жауап) құжатты тіркеу кезінде, тіркеу нөмірі кіріс (бастамашылық) құжаттың реттік нөмірінен, жауапты дайындаған құрылымдық бөлімшенің және істің нөмірінен тұрады.

Мысалы: 55//41-19.50 (ПӘ) нөміріне, жауап құжат мына нөмірлерден тұрады: 55/07-15//41-19.50, бұнда 55/шығыс (жауап) құжаттың нөмірі, 07-құжатты құрастырған құрылымдық бөлімшенің нөмірі, 15-істің нөмірі, //41-19.50 - Әкімшіліктің бақылаушылық тапсырмасының нөмірі.

7. Бастамашылық шығыс құжат БЭҚАЖ «Шығыс» базасында тіркеледі.




М
ҚР Президентінің № 976 Жарлығы
ысалы:








ПӘ құрылымдық бөлімшесіне орындау бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыру, ПӘ басшысымен бекіту және ПМК жолдау үшін жолданады.

ПӘ шығыс құжатының тіркеу индексі былай рәсімделеді:

01-39.40//976(Ж), бұнда 01-ПӘ құрылымдық бөлімшесі, 39-істер номенклатурасы бойынша істің нөмірі, 40-шығыс №




ПМК тікелей жолданады, онда былай тіркеледі:

01-3//976(Ж)

01-3 – БЭҚАЖ тіркеу, кіріс №,

976-Жарлықтың №










ҚР ПМК кіріс №
004-174//01-39.40//976(Ж)
(004-174 – ПМК БЭҚАЖ реттік №, 01-39.40//976(Ж) – ПӘ бақылаушылық құжатының №)


Мемлекеттік органдарға тікелей жолданады, онда былай тіркеледі:

154//976(Ж),

154 - БЭҚАЖ реттік №, 976(Ж)- Жарлықтың №







ПМК шығыс №

004-174/22-10// 01-39.40//976(Ж)


(004-174 – ПМК БЭҚАЖ реттік №, 22- ПМК құрылымдық бөлімшесі, 10 – істің №

//01-39.40//976(Ж)

- ПӘ бақылаушылық құжатының №)







Мемлекеттік органның жауап №

154/08-10//976(Ж)

(154 – БЭҚАЖ реттік №/ 08- құрылымдық бөлімше, 10 – істің №; 976(Ж) – ПӘ бақылаушылық құжатының №)









ҚР МАМ кіріс №

124// 01-39.40//976(Ж)


(124 – МАМ БЭҚАЖ реттік №, 01-39.40//976(Ж) – ПӘ бақылаушылық құжатының №)






ҚР МАМ шығыс №

124/15-10// 01-39.40//976(Ж)


(124 – МАМ БЭҚАЖ министрдің реттік №, 15МАМ құрылымдық бөлімшесі; 10-істің №/01-39.40//976(Ж) – ПӘ бақылаушылық құжатының №)



8. Іс-шаралар жоспарының нақты тармақтарын орындау кезінде, бақылаушылық тапсырманың нөмірінен кейін үтір арқылы ақпарат ұсынылған тармақтың нөмірін көрсету қажет.



Мысалы:

ҚР МАМ шығыс №

124/15-10//01-39.40//976(Ж), 15 т.


(124 – МАМ БЭҚАЖ реттік №/ 15- МАМ құрылымдық бөлімшесі; 10 – істің №// 01-39.40//976(Ж) – ПӘ бақылаушылық құжатының № ), 15 т. – тармақтың №

9. Орталық мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарға Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Парламентімен, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер–Министрі Кеңсесімен, Мемлекеттік хатшымен мәселені жедел шешуді талап ететін жағдайлардан басқа, жағдайда хат алмасуға тыйым салынады.

10. Егер бақылаушылық құжаттарды орындау орталық мемлекеттік органның басшысымен ведомствоға қарасты ұйымдарға (Комитет) жүктелсе, бұл жағдайда бақылаушылық құжат орталық мемлекеттік органның БҚҚ қызметінде орталықтандырылып тіркеледі. Орындалған құжат орындаушыда істер номенклатурасына сәйкес қалыптастырылады.



Мысалы:

ҚР ПМК шығыс №

004-174/22-10








ҚР ПМК кіріс №

124//004-174/22-10


(124 – МАМ БЭҚАЖ реттік №, 174/22-10 - ПМК бақылаушылық тапсырмасының №)



ҚР ПМК кіріс №

004-174, 1 т.


(004-174 – ПМК БЭҚАЖ реттік №)



ҚР МАМ шығыс №

124/15-10//004-174/22-10


(124 – МАМ БЭҚАЖ реттік №, 15 – құрылымдық бөлімшенің реттік, 10 – істің №//004-174/22-10 – ПМК бақылаушылық тапсырмасының №)




__________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет