Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



бет6/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#130510
1   2   3   4   5   6   7
Іс-шара: Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:

1) «Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 70;

2) проблемалық активтердің сапасын жақсарту жөніндегі барлық іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ үмітсіз берешекті кешірудің кредит бойынша үмітсіз берешекті кешірудің тәртібі мен негізін көздейтін критерийлерін оңтайландыру үшін КАБҰ өкілеттіктерін кеңейту жолымен әкімшілік кедергілерді оңтайландыру жөніндегі шараларды көздейтін «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71.



Іс-шара: Екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық кредиттеуінің өсуін шектеу жөнінде шаралар қабылдау

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 27 мамырдағы № 98 қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар тұтынушылық кредиттеу секторындағы жүйелік тәуекелдерді шектеу мақсатында ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 қаулысы қабылданды, оған сәйкес 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап 30%-дың деңгейде жыл сайынғы өсім енгізілді, сондай-ақ банктердің меншік капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде тұтынушылық кредиттер бойынша саралау тәуекелі 75%-дан 100%-ға дейін қатаңдатылды.

6-стратегиялық бағыт.

Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын

одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
6.1-мақсат. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігін арттыру

Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша қаржылық орнықтылығының біріктірілген индексінің мәні (2,4 артық емес).

Бұл индикатордың мәні 2015 жылғы 1 желтоқсанда – 1,7-ді (қалыпты, тәуекел деңгейі қалыпты), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша – 1,7.


6.1.1-міндет. Халықаралық стандарттар негізінде сақтандыру ұйымдарын пруденциялық реттеуді одан әрі жетілдіру және исламдық сақтандыруды ендіру, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігін арттыру

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Меншікті капитал жеткіліктігі нормативінің жиынтық мәні (төлем қабілеттілігі маржасы) – 1,4.

Бұл көрсеткіштің мәні 2015 жылғы 1 қаңтарда - 3,3-ті (яғни сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру деңгейі жоспарланған көрсеткіштен жоғары), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша - 3,4-ті құрады.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сақтандыру сыйлықақыларының сомасы – 255 млрд. теңге

01.01.2015ж. жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 266,1 млрд. теңгені құрады.


Іс-шара: Сақтандыру ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру

Бұл іс-шара ұзақмерзімді сипатта болғандықтан, ол Solvency II стандарттарын енгізу шеңберінде 2015 жылы іске асырылатын болады. Бұл ретте 2014 жылы сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Мәселен, салық салу және бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін сақтандыру резевтерін қалыптастырудың тәсілдерін үйлестіру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысы қабылданды, ол қабылданғаннан кейін:

- сақтандыру резервтерін қалыптастыруды реттейтін екі нормативтік құқықтық актінің (салық салу мақсаттары үшін әзірленген № 751 қаулы және реттеуіш мақсаттары, оның ішінде пруденциялық нормативтерді есеп үшін әзірленген № 612 қаулы) қайталануы алынып тасталды;

- 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жинақтап сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша тарифтік және резервтік базистің теңдігі қамтамасыз етілді, яғни сақтандыру резервтерін есептеудің бірыңғай қағидалары белгіленіп, сақтандыру резервтерімен айла-шарғы жасау алынып тасталды;

- РПНУ және РЗНУ есептеу тәртібі нақтыланды;

- меншікті капитал қаражатының есебінен қосымша сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптар (КТР – көзделмеген тәуекелдер резерві, ТР – тұрақтандыру резерві) пруденциялық нормативтерге ауыстырылды.

Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды жетілдіру шеңберінде 2014 жылғы 6 мамырда Ұлттық Банк Басқармасының:

- медициналық сақтандыруға маманданған монокомпаниялардағы тәуекелдің төмен деңгейін ескере отырып, медициналық сақтандыруға маманданған сақтандыру ұйымдары үшін ең төменгі кепілдік қорын 10%-ға төмендету;

- ерікті жеке сақтандырудың сыныптары (жазатайым жағдайлардан сақтандыру, ауырған жағдайдағы сақтандыру) үшін тұрақтандыру резервін қалыптастыру жөніндегі талаптарды алып тастауды көздейтін «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 77 қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар 2014 жылғы 24 желтоқсанда Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасының бағалы қағаздар ресми тізілімінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысы қабылданды, оған сәйкес:

- өтімділігі жоғары активтердің баланстық құнын дисконттаудың қолданыстағы тәсілі («В-»-ден төмен борыштық БҚ, рейтингсіз, бірінші және екінші санаттағы акциялар) тоқтатылды, бұл 12,4 млрд. теңгені немесе сараланған активтердің 2,6%-н босатуға мүмкіндік береді;

- Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының рейтингіне байланысты ең төменгі төлем қабілеттілігі маржасын ұлғайту тәсілі ырықтандырылды («ВВВ-»-тен жоғары – қайта сақтандыруға берілген міндеттемелер көлемінің 0%, «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейін – 0,21%, «В+»-тен «В-»-ке дейін –0,75%және «В-»-тен төмен немесе рейтингі жоқ – 22%);

- қайта сақтандырушыны рейтингтік бағалау тәсілі ырықтандырылды, яғни рейтингтік бағаның мәні немесе нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні қайта сақтандыру шартын жасау күніне есептеледі.

Іс-шара: Ерікті сақтандыру жүйесін жетілдіру

ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы шеңберінде басқалармен бірге исламдық сақтандыруды енгізу көзделген (исламдық сақтандырудың негізгі қағидаттарын айқындау, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу және пайдалану тәртібін белгілеу). Сонымен бірге, көрсетілген ҚР Заңының жобасы шеңберінде сақтандырудың ерікті түрлерін (зейнетақы аннуитеттерін және ЖОМС бойынша аннуитеттерді алып тастау көзделеді).



7-стратегиялық бағыт.

Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
7.1-мақсат. Тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құру
Нысаналы индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Жергілікті қор биржалары арқылы қаржыландыру» көрсеткіші (жоспар бойына ҚР-дың орны – 100)

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес 2014-2015 жылдар аралығында осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 87 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 13 позиция жоғары.

Осы көрсеткіштің пікіртерім жолымен бағаланатынын ескере отырып, қабылданатын реттеу шараларының ықпалын бағалау мүмкін емес, дегенмен, келесі іс-шаралар Дүниежүзілік Банкінің рейтингінде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының жоғарлауына әсер етуі мүмкін деп санаймыз:

1) «ҚазТрансОйл» АҚ мен «KEGOC» АҚ-тың акцияларын орналастыру арқылы «Халықтық ІРО» бағдарламасын өткізу. Қазіргі кезде ҚТО мен КЕГОК акциялары өтімділігі ең жоғары компаниялардың акциялары кіретін KASE-нің өкілдік индексіне кіреді,

2) инвесторларға бағалы қағаздар нарығына өз тапсырыстарын дербес қалыптастыруға және өздеріне қызмет көрсететін брокерлерге қашықтан жіберуге мүмкіндік беретін тікелей қол жеткізу жүйесін енгізу (DMA). Бүгінгі күні қор биржасының 13 мүшесі қызмет көрсетуде;

3) Т+n схемасы бойынша есеп айырысу жүйесіне өтудің бірінші кезеңін іске асыру, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметімен байланысты мәселелерді жетілдіру;

4) эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа рұқсат берілетін (рұқсат берілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптарды қайта қарау;
7.1.1-міндет. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және қор нарығының өтімділігін арттыру, қаржы нарығында инвесторлардың жандануын және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асырудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Бағалы қағаздар нарығын реттеу» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингідегі ҚР-дың орны – 90)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 жылдары кезеңіне арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 86 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 4 позиция жоғары.

Осы көрсеткіштің пікіртерім жолымен бағаланатынын ескере отырып, қабылданатын реттеу шараларының ықпалын бағалау мүмкін емес, дегенмен, келесі іс-шаралар Дүниежүзілік Банкінің рейтингінде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының жоғарлауына әсер етуі мүмкін деп санаймыз:

Осы көрсеткіштің пікіртерім жолымен бағаланатынын ескере отырып, қабылданатын реттеу шараларының әсерін бағалау мүмкін емес, дегенмен, келесі іс-шаралар Дүниежүзілік Банкінің рейтингінде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының жоғарлауына әсер етуі мүмкін деп санаймыз:

1) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ базасында сауда репозитарийін жүргізуді көздейтін туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін жүргізу тетігі, басқарушы компаниялардың, брокерлік (дилерлік) ұйымдардың және екінші деңгейдегі банктердің Орталық депозитарийге ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты беру бойынша міндеті белгіленді;

2) Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздарын шығару рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, «АА»-дан төмен емес рейтингі бар ХҚҰ-дың бағалы қағаздарды тіркеу бойынша жеңілдетілген рәсімнен өту, облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындысы туралы есептерді жеңілдетілген нысан бойынша ұсыну, левередж мөлшері бойынша ХҚҰ-дың ішкі құжаттарында белгіленген деңгейдегі талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының сайтында ақпаратты жария етудің жеңілдетілген рәсімнен өту мүмкіндігі көзделген;

3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі белгіленді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша көрсетілген тәртіп жетілдірілді;

4) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық реттеуі қайта қаралды.


Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғау» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингінде ҚР-дың – 74)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 жылдары кезеңіне арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 69 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 5 позиция жоғары.

Көрсетілген бағыт бойынша жұмыс «Doing Business» рейтингінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту шеңберінде жүргізілді.

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингіндегі Қазақстанның орны – 61)

Осы көрсеткіш «Сіздің еліңізде инвесторлар мен директорлар кеңесінің тарапынан корпоративтік басқаруды қалай сипаттар едіңіз?» деген пікіртерімді жүргізу арқылы бағаланады. (1 – атқарушы орган төмен деңгейде акционерлерге және директорлар кеңесіне есеп береді, 7 – атқарушы орган жоғары деңгейде акционерлерге және директорлар кеңесіне есеп береді)

Акционерлік қоғамдардың органдары мен олардың инвесторлары арасында тиімді әрекеттесу корпоративтік басқаруға оң әсерін тигізеді. Өз кезегінде, кәсіпорындардың корпоративтік басқаруының тиімді тәжірибесі оларға қосымша құн қосады, бұл өз кезегінде елдегі ұлттық экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді.

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 8 позиция жоғалтқан.

Заңнаманың осы саласындағы түбегейлі реформалар жүргізілмегенін ескере отырып, құлдырауды осы көрсеткіш бойынша пікіртерім жүргізілген нысаналы сегментті (аудиторияны) таңдау ерекшелігімен, не осы индекс бойынша басқа елдердің позициясының өзгеруімен (жақсаруымен) түсіндіруге болады.

Осы көрсеткішті жақсарту мақсатында қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі корпоративтік басқарудың реформасын, оның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының жекелеген нормаларының құқық қолдану мәселелері қаралатын, Қазақстанда корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері жөніндегі Басқарушы және Техникалық Комитеттерінің жұмысына қатысу нәтижелері бойынша реформа жүргізеді.


Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша орны (жоспар бойынша рейтингіндегі ҚР-дың орны – 22)

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасы 2014 жылы 21 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден бір позиция жоғары.

Көрсетілген рейтингте позицияны жоғарлату шеңберінде мынадай жұмыс жүргізілді:

1) 2016 жылға қарай Дүниежүзілік банктің «Doing Bussiness» рейтингінің алғашқы 30 елінің қатарына ену жөніндегі шаралар жоспарына енгізілген іс-шаралар әзірленді;

2) ҚРҰБ бекітілген тиісті индекстердің проблемалық мәселелерін реттейтін қолданыстағы құқықтық аяны (кепілді кредиторлардың құқықтарын, директорлардың жауапкершілігін қамтамасыз ету, мәміле туралы ақпаратты ашу, кредиттік тарихтар жүйесінің жұмыс істеу тәртібі/тетіктері) түсіндіру шеңберінде түсіндіру мақсатында Дүниежүзілік Банктің өкілдерімен 2 бейнеконференция өткізілді;

3) «Reformatics» Грузия компаниясымен бейнеконференция өткізілді, онда тиісті ұсынымдар алынды;

4) «Doing Business» рейтингінің «Кредиттерді алу» және «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторларын жақсарту бөлігінде заңнамаға қосымша түзетулер, оның ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ҚР Заңында көзделген алынған ұсынымдар шеңберінде түзетулер әзірленді.
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитенттерінің саны (жоспар бойынша 129 бірлік).

«Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитенттерінің саны» көрсеткіші эмитенттердің қор нарығы арқылы қаражатты тартуға мүдделілігін сипаттайды, тиісінше осы көрсеткіштің ұлғаюы нарықта ұсыныстың ұлғаюына ықпал етеді.

Қаржыландыруды қор нарығы арқылы тартатын эмитенттердің санын ұлғайту бағалы қағаздар нарығында ұсыныстарды арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде бағалы қағаздар нарығында сұраныстың көбеюін ынталандыратын болады. Ал қор нарығының дамуы елдегі экономикалық өрлеуге ынталандыру болып табылады.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осы индикатордың мәні өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

Бағалы қағаздар нарығында ұсыныстар көлемінің өсуін ынталандыру бойынша, және салдары ретінде қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің санын ұлғайту бойынша шаралар Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында көзделген.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелердің көлемі (жоспар бойынша 637 млрд.теңге).

 «Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелердің көлемі» көрсеткіші отандық қор нарығының өтімділігін сипаттайды.

Өтімді қор нарығы ұлттық экономиканы дамытуды ынталандырады, себебі шетелдік және жергілікті инвесторлардың қаражатын Қазақстан Республикасының экономика объектілеріне тартудың және қайта бөлудің тиімді тетігі болып табылады.

Осы индикатордың мәні 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 503,4 млрд. теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің мәнінен төмен.

Ішкі қор нарығының өтімділігі деңгейінің төмен болуы мәмілелер көлемінің төмендеуінің негізгі проблемасы болып табылады. Отандық қор нарығы өтімділігінің төмендеуіне 2014 жылдың екінші жартысындағы валюта және ақша нарығындағы құбылмалылық пен институционалдық инвесторлардың инвестициялық белсенділігінің төмендеуі кері әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының қор нарығында өтімділік көлемдерінің өсуін ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында көзделген.


Іс-шара: Айла-шарғы мәмілелерін бақылау мен жолын кесу және инсайдерлік ақпараттың пайдаланылуына және таратылуына бақылауды күшейту жұмысын жалғастыру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасының «Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы» 2014 23 сәуірдегі № 70 қаулысы қабылданды.



Іс-шара: T+n схемасын ендіру арқылы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы есеп айырысу жүйесін жетілдіру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 27 мамырдағы № 98 қаулысы қабылданды.



Іс-шара: Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімінің жүргізілуін ұйымдастыру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасының мынадай қаулылары қабылданды:

1) «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9;

2) «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10;

3) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 11.

8-стратегиялық бағыт.

Қаржы орнықтылығын арттыру және жинақтаушы зейнетақы

жүйесінің одан әрі дамуына жағдайлар жасау
8.1-мақсат. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылардың қаржылық орнықтылықтың тәуекелдерді бағалауға негізделген мазмұнды мониторингіне негізделетін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеудің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге, дағдарысты жағдайлардың алдын алуға және салымшылардың (алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ықпал ететін жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша қаржылық тұрақтылығының 14 біріктірілген индексінің мәні (2,5 артық емес).

Осы кезеңде ешбір ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тіркелген жоқ, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылар жоқ. Осылайша, көрсетілген индекс 2014 жылғы жағдай бойынша есептелмейді.


8.1.1-міндет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын арттыруға және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ зейнетақы қызметтерін тұтынушылардың (салымшылардың, алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдерді шектеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «К1 меншікті капитал жеткіліктілігі» пруденциялық нормативі (1-ден кем емес).

Осы кезеңде ешбір ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тіркелген жоқ. Осылайша, көрсетілген индекс 2014 жылғы жағдай бойынша есептелмейді.


Іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіру

ҚР Премьер-Министрінің 24.01.2014 жылғы № 4-ө өкімін орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға БЖЗҚ-нан зейнетақы жинақтарын ЕЖЗҚ-на және сақтандыру ұйымына аудару тәртібін белгілейтін өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

БЖЗҚ-ның жарияланымдар тәртібіне инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына және БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне сәйкес келтіру, зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің орташа есептеу формуласын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданды.

9-стратегиялық бағыт.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету
9.1-мақсат. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту
Нысаналы индикатор: Қаржы нарығына сенім білдіретін тұтынушылардың үлесі (жоспар бойынша сұратылғандардың 35%-ы)

Мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылмауына байланысты 2014 жылға жоспарланған халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін айқындау жөніндегі социологиялық пікіртерім өткізілген жоқ.

Мәселен, 2014 жылғы 16 қазанда Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметті қамтамасыз ету орталығы» АҚ-на Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын қамтамасыз ету деңгейін бағалауға арналған социологиялық зерттеу жүргізу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін өтінім жіберді.

Конкурс рәсімінің ұзақ болуына байланысты әлеуетті жеткізуші 2014 жылғы 29 желтоқсанда айқындалды. Социологиялық зерттеу жүргізу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша 2014 жылғы 30 желтоқсанда әлеуетті жеткізуші халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін, халықты қаржы нарығына тартуды және Ұлттық Банк іске асыратын іс-шаралардың тиімділігін бағалау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету жөнінде «ABP Kazakhstan Group» ЖШС-мен шарт жасады. Социологиялық зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету мерзімі - 6 апта (2015 жылғы 1-тоқсан).


9.1.1-міндет. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерінің орташадан жоғары деңгейі (жоспар бойынша сұратылғандардың 15%-ы)

Тұтынушылардың қаржы құралдары туралы хабардар болуының орташадан жоғары деңгейі (жоспар бойынша сұратылғандардың 20%-ы)

Мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылмауына байланысты 2014 жылға жоспарланған халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін айқындау жөніндегі социологиялық пікіртерім өткізілген жоқ.

Мәселен, 2014 жылғы 16 қазанда Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметті қамтамасыз ету орталығы» АҚ-на Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын қамтамасыз ету деңгейін бағалауға арналған социологиялық зерттеу жүргізу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін өтінім жіберді.

Конкурс рәсімінің ұзақ болуына байланысты әлеуетті жеткізуші 2014 жылғы 29 желтоқсанда айқындалды. Социологиялық зерттеу жүргізу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша 2014 жылғы 30 желтоқсанда әлеуетті жеткізуші халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін, халықты қаржы нарығына тартуды және Ұлттық Банк іске асыратын іс-шаралардың тиімділігін бағалау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету жөнінде «ABP Kazakhstan Group» ЖШС-мен шарт жасады. Социологиялық зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету мерзімі - 6 апта (2015 жылғы 1-тоқсан).


Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің құны» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингіндегі орны – 58)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 жылдар арасындағы кезеңге арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2014 жылы 55 орын алды.


Іс-шара: Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асырды:

1) қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және оларды алатын қарыздары туралы барынша хабардар ету үшін «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысы қарыздың негізі өлшемдерін (қарыз сомасы және мерзімі, төлемнің мөлшері, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі, төлемдер саны, міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбының мөлшері) көрсете отырып, шартқа міндетті тәртіппен жадынаманы қосу туралы талаппен толықтырылды.

2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, іске асыру мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында Ұлттық Банк Басқармасы алдын алу шаралары ретінде 22.10.14 ж. мынадай қаулыларды әзірлеп, қабылдады:

- «Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) бекіту туралы» (ҚР Әділетминінде 25.11.14 ж. № 9898 тіркелді);

- «Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Әділетминінде 25.11.14 ж. №9899 тіркелді).



Қаулылар тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасау талаптарын болдырмау мақсатында олардың клиенттерге ұсынуына дейін Ұлттық Банктің келісімін алуды қажет ететін қаржы өнімдерінің тізбесін және қаржылық және микроқаржылық ұйымдардың өнімдерін Ұлттық Банктің келісу тәртібін белгілейді.

3) 29.09.14 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамасын мақұлдады.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қабылданатын заңдар санын қысқартуға қатысты тапсырмасына сәйкес Заң жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы біріктірілді.

Осыған байланысты, Заң жобасы ұсынатын қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрсетілетін болады.

Осы заң жобасы банктер үшін бірқатар тыйымдар мен шектеулер белгілеуді жоспарлайды, олар:

- қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу кезінде ақша бөлудің ерекше тәртібін белгілеу;

- банктік, микроқаржылық қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты алынатын комиссиялардың санын шектеу.

4) 2015-2016 ж. аралығындағы кезеңде техникалық көмек көрсету шеңберінде Азия Даму Банкі Ұлттық Банкпен бірлесіп қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормативтік базаны құруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жасау мен іске асыруды жоспарлады.



Іс-шара: Тренингтерді, семинарларды, лекцияларды, мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу

1) Тренингтерді, семинарларды, лекцияларды, мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Ұлттық Банк мынадай іс-шараларды жүргізді:

- қоғамдық бірлестіктердің, банктердің, банк омбудсманының, Алматы қ. Әкімдігі өкілдерінің қатысуымен 8 дөңгелек үстел;

- 2014 жылғы 29 қазанда мемлекеттік қызметшілерге «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін құқықтық реттеу» тақырыбына семинар өткізілді, ол аяқталғаннан кейін филиалдың мұражайына экскурсия жүргізілді;

- 2014 жылғы 30 қазанда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің есеп және қаржы кафедрасының студенттеріне «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары» тақырыбына сабақ өткізілді;

- 2014 жылғы 13 қарашада Ұлттық Банктің Батыс-Қазақстан филиалында «Ұлттық Банк» РММ филиалының Батыс Қазақстан облысының партияларының және ҮЕҰ филиалдарымен өзара іс-әрекеті» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болып өтті, оған «ҚР Ұлттық Банкі» РММ өкілдері, партиялардың және ҮЕҰ филиалдарының басшылары, «Надежда», «Орал өңірі», «Жайық үні», «Приуралье», «Мой город» газеттері сияқты бұқаралық ақпарат құралдары, ТДК-42 телеарнасы, сондай-ақ БҚО Ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты;

- 2014 жылғы желтоқсанда Орал қаласының орта білім беру мектептерінде (екі лекция: №17 мектеп - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекциялық және инвестициялық монеталары», ЭБГ ОБМ - «Теңге – Қазақстан Республикасының валютасы») және БҚО жоғары оқу орындарында (үш лекция: «Қаржылық тәуелсіздікке қалай қол жеткізуге болады» Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, «Еуразия» институтында - «Теңге – тәуелсіз Қазақстанның валютасы», «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін құқықтық реттеу» - М. Өтемісов атындағы БҚМУ) лекциялар оқылды;

- 2014 жылғы екінші тоқсанда Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалаларының және Қарқаралы ауданының әкімдіктерінде төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған РОS – терминалдарды пайдалану мәселесі жөнінде, оның ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары туралы 4 көпшелі семинар-отырысы жүргізілді;

- Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалаларының және Қарқаралы ауданының әкімдіктерінде екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен, қалалардың мемлекеттік мекемелері, қоғамдық бірлестіктері басшыларының және кәсіпкерлердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 4 көпшелі семинар-отырысы жүргізілді, олар мынадай мәселелерді талқылады: «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық негіздері және қаржылық сауаттылықты оқыту», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуларды РОS – терминалдар арқылы жүзеге асыру туралы, ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары», «Зейнетақы активтерін Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіру үдерісін аяқтау туралы»;

- Қарағанды Экономикалық Университетінің, Қарағанды Экономикалық Университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері үшін «ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылға арналған акша-кредит саясатының негізгі бағыттары», «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгені жасау тарихы», «Ұлттық Банктің мемлекеттің төлем жүйесін дамытудағы рөлі», «ҚР Ұлттық Банкінің қызметі туралы» тақырыптары бойынша лекциялар өткізілді;

- «Қаржылық сауаттылық аптасы» өткізілді, оның шегінде С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының базасында оқушылармен кездесулер өткізілді, олардың шегінде балаларға театрланған нысанда және викторина нысандарында түсінікті тілде қаржы, ақша тарихы туралы айтылды;

- Алматы қаласы Әкімінің Орынбасары З.Ж. Аманжолованың төрағалығымен банктер, қоғамдық бірлестіктер, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ қатысуымен «Нұр Отан» Партиясының алаңында өткізілген отырыстарға (25.07.14 ж. , 25.09.14 ж. және 25.11.14 ж.) қатысты, оларда қатысушылар жүргізіп жатқан қарыз алушыларға көмек көрсету жөніндегі іс әрекеттер талқыланды;

2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейін арттыру, сондай-ақ Ұлттық Банк қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелеріндегі жаңалықтарды зерттеу мақсатында, ағымдағы жылы мыналарға қатысты:

- халықаралық семинарға – «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылық» дөңгелек үстелге - Дилижан қ., Армения;

- «ҚР заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалаудың сапасын арттыру» тақырыбындағы семинарға - Астана қ.;

- «High-level Global Symposium on Financial Education for Long-term Savings and Investments» конференцияға – Сеул қ., Корея.

Іс-шара: Мақалаларды, жадынамаларды/қалта брошюраларын жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу

Мақалаларды, жадынамаларды/қалта брошюраларын жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу шегінде Ұлттық Банк мына іс-шараларды жүргізді:

1) медиялық іс-шаралар, оларда түрлі теле/радио бағдарламаларға қатысу, БАҚ сұратуларына жауап ұсыну, бастамашылық ақпараттық хабарламалар, баспасөз-релиздері, Ұлттық Банктің ресми сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлікті толтыру қамтылады:

- кезеңдік баспасөз басылымдарының сұратуларына 30-дан астам сұхбат және жазбаша жауап берілді;

- Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының 54 бастамашылық ақпараттық материалдары келісілді;

- 800 астам ақпараттық материалдар жарияланды;

- ағымдағы жылғы ақпанда «Алатау жарығы» газетінде Ұлттық Банктің доллар бағамына қатысты, сондай-ақ бірқатар қазақстандық банктердің қаржылық жай-күйі туралы баспасөз-релиздері жарияланды;

- Ұлттық Банктің «Экономикалық шолу» журналында ағымдағы жылы 4 мақала жарияланды («Алматы облысында төлемдердің қолма-қол ақшасыз жүйесін дамыту», «Қазақстан Республикасындағы төлемдер және аударымдар туралы», «Өңірдегі қолма-қол-ақша айналысы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Алматы облысындағы уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерінің қызметі», «Павлодар облысы нақты секторының жай-күйі: 2014 жылғы 2-тоқсандағы мониторингтің нәтижелері», «Қазақстанның коллекциялық монеталары»);

- «Қызықты қаржылар» балаларға арналған телевизиялық бағдарламаның жазбасын трансляциялау жүргізілді;

- БАҚ-та 1500 астам сөз сөйлеу ұйымдастырылды;

2) Ұлттық Банктің ресми сайтында шағын бөліктерді тиісті түрде толтыра отырып «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлігі ашылды;

Қаржылық қызметтерді тұтынушылармен жұмыс:

2. Ұлттық Банктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірмелері

3. Тұтынушының назарына!

4. Ұлттық Банктің филиалдары

5. Омбудсмандар

6. Калькуляторлар

3) екінші деңгейдегі банктермен және «Қазпочта» АҚ-пен бірлесе отырып www.profinance.kz. интернет-ресурсында кредит пен депозиттер бойынша мөлшерлемелер мен тарифтердің дерекқоры жасалған;

4) Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz ресми сайтында қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін сақтандыру бойынша «Сақтандыру қаржылық қорғау құралы ретінде», салымдар бойынша «Жинақтар. Белгілеген мақсаттарға қалай жетуге болады» және қарыздар бойынша «Сауатты қарыз алудың 5 қадамы» деген жадынамалар әзірленді және орналастырылды;

5) «Хоум энд Кредит Финанс Банк» АҚ қаржылық сауаттылықты арттыруға қоғам назарын тарту және балалар мен ересектер үшін қаржы ақпараты және қаржы білімінің қолжетімді болу мақсатында «Өңірлік БАҚ-ты дамыту: Интернет-нұсқаның тиімділігі. БАҚ пен банктердің креативті серіктестігі. Қазақстанның әл-ауқаты өсуіне өңірлік БАҚ-тың әсері күшеюі» деген семинарға қатысты.



Іс-шара: Азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесулерді ұйымдастыру және жүргізу

Ұлттық Банк азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесулерді ұйымдастыру және жүргізу шегінде 2014 жылғы қазанда Азаматтарды қабылдау бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

2014 жылғы қазан-желтоқсан аралығында Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш берген 150 азаматқа қабылдау жүргізілді және консультациялар ұсынылды.

Ұлттық Банк 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 300-ден астам кездесулерді өткізді. Бұдан басқа, Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу мақсатында қоғамдық бірлестіктердің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, Алматы қаласын Әкімшілігінің, «Нұр-Отан» Партиясы және банк омбудсмандарының өкілдерімен тікелей ынтымақтастықты жүзеге асыруда, олардың нәтижелері бойынша банк заңнамасының нормаларына түсіндірмелер және қарыз алушылардың кейінгі іс әрекеттері бойынша ұсынымдар беріледі.



10-стратегиялық бағыт. Ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру
10.1-мақсат. Қоғамды, мемлекетті және халықаралық ұйымдарды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Ресми статистиканың деректеріне сенім деңгейі (пікіртерім жасалған респонденттердің жалпы санының 70%-нан аз емес).

Ұлттық Банктің статистикалық қызметіне қатысты стратегиялық бағыт үшін пайдаланушыларға кестелер, ресми басылымдар түрінде және өзге де түрде ұсынылатын жиынтық статистикалық ақпарат қызметтің негізгі нәтижесі мен соңғы өнімі болып табылады.

Ұлттық Банк ҚРҰБ-тың Интернет-ресурсында қалыптастыратын және жариялайтын статистикалық ақпараттың сапасы туралы пайдаланушылардың пікірін зерттеу мақсатында пікіртерім жүргізді, оның шегінде статистиканы пайдаланушылар сенім деңгейін, қанағаттану дәрежесін бағалады, сондай-ақ өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Ресми статистиканың деректеріне сенім деңгейі сұратылған респонденттердің жалпы санының 75%-ын құрады. Пайдаланушыларға өткізілген пікіртерімнің нәтижелерін талдау қорытындысы жарияланатын статистикалық ақпаратты жетілдіру үшін пайдаланылды.
10.1.1-міндет. Статистика көрсеткіштерін тарату.

Тікелей нәтиженің көрсеткіші: ҚРҰБ Интернет-ресурсын пайдаланушылардың кіру саны (жылына 7,0 кіру санынан кем емес (млн. кірушілер).

Ресми статистиканың сапасын бағалаудың халықаралық қағидаттарына сәйкес статистикалық деректердің сапасы мына критерийлер бойынша бағаланады: өзектілігі, дәлдігі, уақтылығы мен нақтылығы, қолжетімділігі және айқындығы, салыстыру мүмкіндігі, өзара байланыстығы. Бұл ретте оларды Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында орналастырудың уақтылығы мен нақтылығы, сондай-ақ Ұлттық Банк өндіретін статистикалық ақпараттың қолжетімділігіне жету тәсілінің бірі болып табылады.

ҰРҰБ Интернет-ресурсы пайдаланушыларының кіру саны ҚРҰБ Интернет-ресурсында орналастырылатын статистикалық және басқа да ақпараттың қажеттілігі мен таралуын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады және 2014 жылы 13,9 млн. кіруді құрады. Нақты мәннің жоспардан елеулі түрде артық болуы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің интернет-ресурсынан және Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің арнайы бөлігінен ақпаратты (www.afn.kz) Ұлттық Банктің интернет-ресурсына ауыстыру себепші болды. Бұдан басқа, интернет-ресурсты пайдаланушылардың саны ұлғаюы 2014 жылғы ақпан және қазанда тіркелген.
1-іс-шара. Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1209 қаулысымен бекітілген 2014 жылға арналған статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес банк статистикасын қалыптастыру шегінде Ұлттық Банк 2014 жылы «Банктердің статистикасы» нысандары бойынша (1-СБ—9-СБ, 11-СБ), сондай-ақ «Экономика секторлары бойынша талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» нысаны бойынша, оның ішінде күн сайынғы, әр апталық, әр ай сайынғы, әр тоқсан сайынғы және жылдық негізде ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізілді.

Монетарлық статистиканы қалыптастыру шегінде монетарлық шолуларды жасау үшін ай сайын банктерден, банктік емес қаржылық ұйымдардан, ҚРҰБ бөлімшелерінен алынған деректерді жинау, өңдеу және жинақтау жүзеге асырылды.

Ақша-кредит және банк статистикасы бойынша жүргізілген ведомстволық байқалардың және жұмыстардың негізінде ай сайын ҚРҰБ Интернет-ресурсында жиынтық деректерді қалыптастыру мен жариялау жүргізілді:

- есепті кезеңнен кейінгі 6 жұмыс күні ­– Ұлттық қордың халықаралық резервтері мен активтері, ақша базасы, айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы бойынша статистикалық ақпарат;

- есепті кезеңнен кейінгі 25 күні – монетарлық шолулар (5 кесте), ақша агрегаттары бойынша статистикалық ақпарат (1 кесте); депозит (7 кесте), кредит (14 кесте), валюта (4 кесте) нарықтарының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат;

- есепті кезеңнің 30-шы күні – ҚР Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Статистикалық бюллетені», «Статистический бюллетень Национального Банка Казахстана», «Statistical Bulletin of National Bank of Kazakhstan» мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдары.

2-іс-шара. Ақша-кредит және банк статистикасы мәселелері жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның шегіндегі жұмыс топтарына қатысу.

Жыл ішінде қызметкерлер Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) қаржы статистикасы жөніндегі кіші комитеттің статистикалық көрсеткіштердің тізбесі, Шағын комитет қызметінің деректер форматы және басқа мәселелері бойынша 2 жұмыс отырысына және ақша-кредит статистикасы жөніндегі жұмысы тобының көрсеткіштерді салыстырып тексеруді арттыру мәселелері бойынша, сондай-ақ деректерді ұсыну форматына өзгерістерді енгізу мәселелері бойынша 2 отырысына қатысты.

Талқылаудың нәтижесінде дара кәсіпкерлер бойынша, экономикалық қызмет түрлері тұрғысынан көрсеткіштер бойынша, ақша агрегаттарының құрылымы бойынша деректерді салыстырып тексеруді арттыру туралы келісімге қол жеткізілді, көрсеткіштерге әдістемелік түсіндірмелер жақсартылды.

Ақпаратты ұсыну форматтарына сәйкес ЕЭК-ке ақша-кредит және банк статистикасының көрсеткіштері бойынша ақпарат жіберілді (7 кесте).



3-іс-шара. Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржы және нақты секторлардың субъектілеріне ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен бекітілген 2014 жылға арналған Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес Ұлттық Банк сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру шеңберінде 2014 жылы 17 зерттеуді (ведомстволық статистикалық байқау) жүзеге асырды, оның ішінде 1 зерттеу 16ТБ нысаны бойынша ай сайынғы статистикалық байқау, 15 зерттеу 1-7 ПБ, 9-10-ПБ, 11-ПБ-ОС, 11-ПБ-СЖ, 14-15 ПБ, 17-ПБ, 11-ОБ нысандар бойынша тоқсан сайынғы статистикалық байқаулар, сондай-ақ біржолғы «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» (ОПБ-1). Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері 2013 жылдың, 2014 жылғы 1, 2 және 3-тоқсанның қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық шоттар бойынша есептерді және оларға талдама кестелерді қалыптастыру кезінде пайдаланылды.

Жүргізілген ведомстволық байқаулардың және сыртқы экономикалық статистика бойынша жұмыстардың негізінде жиынтық деректерді және талдама материалдарды ҚРҰБ Интернет-ресурсында қалыптастыру және жариялау жүзеге асырылды:

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30-ші күні - шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік бойынша (1 кесте);

тоқсан сайын:

есепті кезеңнен кейінгі 90-ші күні - төлем балансы бойынша (4 кесте), халықаралық инвестициялық позиция бойынша (2 кесте), салым бағыттары бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша (3 кесте), сыртқы борыш бойынша (3 кесте);

есепті кезеңнен кейінгі 100-ші күні:

халықаралық инвестициялық позиция бойынша (3 кесте), салым бағыты бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша (4 кесте), сыртқы борыш бойынша (10 кесте);



есепті кезеңнен кейінгі 110-ші күні:

халықаралық инвестициялық позиция бойынша (2 кесте), салым бағыты бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша (8 кесте);



есепті кезеңнен кейінгі тоқсаннан кейін 35-күні – ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» және «Платежный баланс и внешний долг Республики Казахстан» басылымдары.

4-іс-шара. Валюталық реттеу, төлемдер және аударымдар саласында әкімшілік деректерді жинау және өндеу.

ҚР Ұлттық Банкі мына нормативтік құқықтық актілер бойынша сыртқы сектор статистикасы мен талдаудың жекелеген көрсеткіштері мен кестелерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын деректерді жинауды және өндеуді жүзеге асыруда:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (26.04.2013 ж. өзгерістерімен)» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы (2009 жылғы 30 қарашадағы өзгерістерімен және толықтыруларымен)» 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы (2013 жылғы 11 желтоқсандағы өзгерістерімен және толықтыруларымен)» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысы.

Жинақталған әкімшілік деректер сыртқы сектордың статистикасы мен талдауының жекелеген көрсеткіштері мен талдамалық кестелерін қалыптастыруға арналған дерек көздері ретінде пайдаланылды.

5-іс-шара. Сыртқы сектордың статистикасын қалыптастырудың және талдаудың әдіснамасы, тәжірибесі жөніндегі жарияланымдар және/немесе семинарлар өткізу.

Есепті жылы 2 жарияланым дайындалды: 1) «Кедендік одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы сауда-саттық» (ҚР Ұлттық Банкінің «Экономикалық шолу» басылымы (2014 жыл, №3 шығарылым); 2) «Төлем балансы бойынша статистикалық есептілік нысандарының өзгерістері туралы» баспасөз релизі.

ҚР Ұлттық Банкі жаңа әдіснамаға (Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция, 2009 жылғы алтыншы басылым – РТБ6) сәйкес статистикалық байқаулардың жаңа нысандарын ендіру шеңберінде 2014 жылы Алматы қаласының респонденттері үшін 5 семинар, Астана қаласындағы мемлекеттік органдар үшін 1 семинар және ҚРҰБ аумақтық филиалдарының қызметкерлері үшін 1 семинар өткізді.

6-іс-шара. Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар жөніндегі шарттардың мониторингі және борыштық міндеттемелері барынша маңызды болып табылатын ұйымдардың сыртқы борышының жай-күйін бағалау.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борыштарды басқару жөніндегі тұжырымдаманы (бұдан әрі – № 234 тұжырымдама) орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне 30.09.2013 жылғы, 31.12.2013 жылғы, 31.03.2014 жылғы, 30.06.2014 жылғы жағдай бойынша ақпарат ұсынылды (ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне 20.01.2014 жылғы №25301/62, 30.04.2014 жылғы №25301/388, 18.07.2014 жылғы №25-2-01/95, 13.10.2014 жылғы №25-2-01/183 хаттармен жолданды).

2014 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша таңдалып алынған кәсіпорындардың, ұйымдар мен банктердің сыртқы міндеттемелерінің үлесі елдің сыртқы борышының 81,9%-ын құрады. Есепті күні қаржылық емес сектордың кәсіпорындары және 100 млн. АҚШ долларынан көп сыртқы берешегі бар (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты ескергенде) банктік емес қаржылық ұйымдар және 300 млн. АҚШ долларынан артық сыртқы берешегі бар банктер бойынша таңдау жүргізілді. Бұл ретте, егер 2013 жылғы 30 қыркүйекте аталған тізбе 104 кәсіпорынды қамтыса, 2014 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша олардың саны 111-ге жетті, ал банктердің саны 1 бірлікке (6 банкке) қысқарды.

7-іс-шара. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышын кеңейтілген анықтамада бағалау.

2014 жылы №234 тұжырымдаманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 30.09.2013 жылғы, 31.12.2013 жылғы, 31.03.2014 жылғы және 30.06.2014 жылғы жағдай бойынша ақпарат ұсынылды (09.01.2014 жылғы №25302/15, 09.04.2014 жылғы №25302/312, 02.07.2014 жылғы №25-2-02/65, 06.10.2014 жылғы №25-2-02/170 хаттар).

Хаттарда мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындардың сыртқы борышының жай-күйі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері және №234 тұжырымдаманың 4.1-тармағына сәйкес келетін құрылымдағы жеке сектордың борышы туралы жиынтық ақпарат ұсынылды. Есептер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес қалыптастырылған мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін ескере отырып жүргізілді.

8-іс-шара. Нақты тиімді айырбастау бағамының мониторингі.

ҚРҰБ-тың Интернет-ресурсында орналастырылатын нақты тиімді айырбастау бағамының индекстері жөніндегі ақпарат.

Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің орнықты көрсеткіштерінің бірі ұлттық валютаның Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі болып табылады. Индекстің артуы/төмендеуі бәсекеге қабілеттіліктің ықтимал нашарлауы/жақсаруы туралы айтуға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық Банкі ай сайынғы негізде теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының есебін жүргізеді. Нақты тиімді айырбастау бағамдары жөніндегі жиынтық кесте ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі 50-ші күні) ҚР Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсында орналастырылды.



9-іс-шара. Еуразия экономикалық комиссиясының шеңберіндегі жұмыс топтарына қатысу, Кедендік одаққа және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен сыртқы сектордың статистикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

2014 жылы ЕЭК шеңберінде сыртқы сектордың статистикасы мәселелеріне және қаржы статистикасының жалпы мәселелеріне қатысты мынадай:

- ЕЭК статистикасы жөніндегі консультативтік комитеттің, сондай-ақ оның шағын комитеттерінің сыртқы және өзара сауда-саттық статистикасы мен қаржылық статистика бойынша (5 отырысы);

- сыртқы сектордың статистикасы жөніндегі жұмыс тобының (2 отырысы);

- Кедендік одаққа және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының тұрақтылығын айқындайтын Макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының;

- «Макроэкономикалық модельдеу және болжалдау» бағыты бойынша жұмыс тобының «Ықпалдасуды ұзақмерзімді болжалдау, өзара әсер етуді және нәтижелерін бағалау» шағын тобының (4 отырысы) отырыстары мен бейнеконференцияларына қатысты.

Форматтарға сәйкес ақпарат ұсынылды, ЕЭК-ке сыртқы экономикалық статистика көрсеткіштері жөніндегі ақпарат (8 кесте) жіберілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет