Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік басқару үшін − озық білім!



Дата03.07.2016
өлшемі41.94 Kb.
#174082
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Мемлекеттік басқару үшін − озық білім!

Академияда оқудың артықшылығы:

  • Әрбір 10-шы түлек саяси немесе оған теңестірілген лауазымды иеленді.

  • Академияны бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы түлектердің 30 %-ының қызметі жоғарылайды.

  • Академия түлектері әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кадрлар резервіне қабылданады.

  • Академияда оқу мерзімі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.

  • Академия тыңдаушыларының негізгі контингенті республикалық бюджет қаржысы есебінен оқиды, ол оқу шығындары мен соңғы жұмыс орнында алған еңбекақысы мөлшеріндегі стипендиямен қамтамасыз етеді.

  • Академия сонымен бірге, халықаралық ұйымдар гранттары есебінен оқу мүмкіндігін ұсынады: Total E&P Kazakhstan (Франция) – 10 грант, Ханнс Зайдель қоры (ГФР) – 20 грант.

  • Академия тыңдаушылары жыл сайын мына оқу орталықтарында: Оксфорд және Кембридж университеттері (Ұлыбритания), Калифорния мен Беркли университеті (АҚШ), Франция ұлттық магистратура мектебі ENM (Франция), ROI мемлекеттік басқару институтында (Нидерланды) тағылымдамадан өтеді. Мемлекеттік басқарудың ұлттық мектебінің тыңдаушылары үшін Академия мен Duke University (АҚШ) екі диплом алу мүмкіндігі берілген.

Академияда оқу мына мамандықтар бойынша жүргізіледі:

Магистратураның 9 бағдарламасы:

Докторантураның 5 бағдарламасы:

«Мемлекеттік және

жергілікті басқару»



«Әлемдік экономика»

«Мемлекеттік және

жергілікті басқару»



«Юриспруденция»

«Экономика»

  • «Халықаралық қатынастар»

«Халықаралық

қатынастар»



«Менеджмент»

«Экономика»

«Саясаттану»




«Философия»

«Халықаралық құқық»




«Әлеуметтік жұмыс»

Академия магистратурасына оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:

  • құжаттарды тапсыру сәтіне мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 1,5 (бір жарым) жыл болуы тиіс;

  • жоғары білімінің болуы және оқудың барлық кезеңіне жалпы рейтинг балы 4.0-ден төмен емес

(4 балдық дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша) немесе GPA 3.0-ден төмен болмауы тиіс.

Академияда оқу коммерциялық негізде де жүргізіледі (бір жылдық оқу ақысы − 500 мыңнан 5.800 мың теңге аралығында).

Академияға түсу үшін қажетті құжаттар:

Академия ректорының атына

жазылған өтініш

Зерттеу тақырыбы бойынша Академия бекіткен нысандағы

қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған автореферат түріндегі

негіздеме

3,5x4,5 фотосурет (6 дана)

086-У нысандағы медициналық анықтама

Жеке куәліктің көшірмесі

Магистр академиялық дәрежесі және/немесе ғылым кандидаты

ғылыми дәрежесін беру туралы құжаттардың немесе жоғары

арнайы білім туралы дипломның нотариальдық

расталған көшірмелері және дипломның түпнұсқасы

Жұмыс орнынан мінездеме

Еңбек қызметін растайтын құжаттың (еңбек кітапшасы, еңбек

шарты және басқалар) нотариалдық расталған көшірмелері

Ғылыми және

ғылыми-әдістемелік жұмыстардың

тізімі мен көшірмелері

Мемлекеттік органның басшысы қол қойған жолдама

Жұмыс орнынан категория мен

мемлекеттік қызмет өтілі

көрсетілген анықтама

Жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған кадрларды

есепке алу жөніндегі жеке іс-парағы

Академияға оқуға түсушілер мынадай қабылдау емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдерінің бірінен (ағылшын, француз, неміс) ҚР БҒМ ҰТО әзірлеген технология бойынша (тестілеу);

2) мамандығы бойынша (ауызша).

Өтініштерді қабылдау 2011 жылдың 1−30 шілдесі аралығында жүргізіледі.



Қабылдау емтихандары 2011 жылдың 1−20 тамызы аралығында өткізіледі.

Қосымша ақпарат: WWW.PA-ACADEMY.KZ, тел: +7 7172 75 31 37, Gulnur.Makulbayeva@apa.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет