Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы



жүктеу 75.44 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі75.44 Kb.



Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы

  Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласының, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану тұрақтылығы мен оларды тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңес туралы ереже;

      2) Кеңестің құрамы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     
Қазақстан Республикасының
Президенті                                 Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 қазан

№ 659

Қазақстан Республикасы 


Президентінің      

2013 жылғы 3 қазандағы 1


№ 659 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы ереже



  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды тұрақты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.

2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы ережені басшылыққа алады.


2. Кеңестің міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша;

2) Қазақстанның ірі тау-кен металлургия саласының кен орындарында жұмыс істейтін шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

5. Кеңестің белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге;

2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын қалыптастыруға;

3) мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

4) осы Ереженің 4-тармағында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;

5) Кеңестің құзыреті шеңберінде оның тиімді қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеңесті қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру
      6. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      7. Кеңесті Кеңес төрағасы басқарады. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

3) Кеңес отырыстарын өткізу орнын және уақытын айқындайды;

4) Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;

5) жылына 2 рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің жұмысы туралы баяндайды.

Төраға болмаған кезде оның функцияларын төраға тиісті өкілеттіктерді беретін орынбасары орындайды.

8. Кеңес мүшелері:

1) Кеңес отырысының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) Кеңес отырысына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға құқылы.

9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен өткізіледі және оның мүшелерінің кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысқан кезде заңды болып саналады. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.

10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

11. Кеңестің жұмыс органы:

1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен бұрын қабылданған шешімдер негізінде Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;

3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

5) Кеңестің хаттамалық шешімдерін ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;

6) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді.

12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады, оған Кеңестің отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.

13. Кеңестің шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

14. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе тау-кен металлургия саласы субъектілерінің назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен жеткізілуі мүмкін. Жариялауға не тау-кен металлургия саласының субъектілеріне беруге арналған ақпараттың тізбесі мен көлемін Кеңес айқындайды.
     

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      15. Кеңестің қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негіз болып табылады.

_______________________________

Қазақстан Республикасы   


Президентінің       

2013 жылғы 3 қазандағы 1 № 659 Жарлығымен       


БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің

ҚҰРАМЫ


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға


Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары


Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы


Кеңес мүшелері:


Қазақстан Республикасының Әділет министрі


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі


Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі


Қазақстан Республикасының Қаржы министрі


Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі


Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі


Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі


Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі


Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрі


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
___________________________________






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет