Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
WWW- 2~1

ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 94-1-тармақпен толықтырылды
94-1. «Запастағы кіші сержант» («запастағы екінші сатылы старшина») əскери атағы
запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша əскери даярлықтың толық курсын аяқтаған
жəне белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа беріледі.
«Запастағы кіші сержант» («запастағы екінші сатылы старшина») əскери атағын əскери
кафедра бастығының ұсынуы бойынша жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың жəне астананың) əскери басқару органының басшысы береді.
95. Егер əскери қызметші əскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары
əскери атақ көзделген əскери лауазымды атқаратын болса, бұрынғы əскери атағында еңбек
сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін оған кезекті əскери атақ беріледі.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
96-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
96. Осы Қағидалардың 
89-тармағының 4), 5) тармақшаларына
сəйкес кезекті əскери
атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының алғашқы əскери атағын беруге алынбаған тəртіптік
жазасы бар болған кезде, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті
командирлердің (бастықтардың) қарамағында тұрған (оның ішінде бос немесе бос емес
лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезде) əскери қызметшілер
ұсынылмайды.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 97-тармақ өзгертілді
97. Əскери атақтарда еңбек сіңірген мерзім əскери атақ берілген күннен бастап
есептеледі.
Сот үкімімен (қаулысымен) тағайындалған қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны
не əкімшілік жазаны өтеу уақыты əскери қызметшілерге кезекті əскери атақ беру үшін
еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне есептелмейді.
Əскери қызметке кірген кезде əскери атақтағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімі
запастағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімін ескере отырып есептеледі.
98. Əскери оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша адъюнктурада,
магистратурада, докторантурада оқитын əскери қызметшілерге кезекті əскери атақтар осы
əскери атақтарда белгіленген еңбек сіңірген мерзімі өткеннен кейін жəне берілетін атақ
оқуға түсер алдында олар атқарған əскери лауазым үшін əскери лауазымдар тізбесінде
көзделген əскери атаққа сəйкес келген жағдайда беріледі.
99. Əскери борышын үлгілі орындайтын, жауынгерлік кезекшілікті атқару немесе
əскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жоғары кəсіби шеберлік пен ынта-
жігер танытқан əскери қызметшілерге кезекті əскери атақ мерзімінен бұрын берілуі
мүмкін, бірақ олар атқаратын əскери лауазымдар бойынша əскери лауазымдар тізбесінде
көзделген əскери атақтан жоғары болмайды.
Мерзімінен бұрын əскери атақ əскери атақтағы белгіленген еңбек сіңірген мерзімінің
кемінде жартысы өткеннен кейін жəне берілетін атақ əскери лауазымдар тізбесі бойынша
əскери атаққа сəйкес келген кезде беріледі, бірақ əскери қызмет өткерген кезеңде екі реттен
артық берілмейді.
100. Оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын жəне ғылыми дəрежесі бар
офицерлер құрамының əскери қызметшілеріне, сондай-ақ емдеу қызметін жүзеге асыратын
медициналық мамандықтары бар офицерлерге кезекті əскери атақ полковникке дейінгіні
қоса алғанда, атқаратын əскери лауазымы бойынша көзделген əскери атақтан бір саты
жоғары берілуі мүмкін.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 101-тармақ жаңа редакцияда
101. Қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны немесе əкімшілік жазаны өтеген
уақытта əскери қызметшіге əскери атақ берілмейді.
102. Əскери міндеттіге кезекті əскери атақ ол үшін əскери лауазымдар тізбесінде тең
немесе анағұрлым жоғары əскери атақ көзделген лауазымда əскери жиындардан өткеннен
кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген 
тəртіппен
 беріледі.
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 
Жарлығымен
103-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
19/32
103. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары əрі жұмыс тəжірибесі мол жəне Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын
атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған),
олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскерге
шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерлерге запас
бойынша кезекті əскери атақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген
тəртіппен əскери жиындардан өтуіне қарамастан берілуі мүмкін.
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 
Жарлығымен
104-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
104. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары əрі жұмыс тəжірибесі мол жəне Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын
атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған),
олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскерге
шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген адамдарды қоспағанда, запастағы
офицерлерге «запастағы полковник» кезекті əскери атағы соғыс жағдайы енгізілген кезде
осы Қағидаларға сəйкес беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет