16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments=… 3/32
1) əскери қызметке (əскери жиындарға) шақырылғандар үшін - жергілікті əскери
басқару органынан (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне
астананың) əскери қызмет өткеру (жиындардан өту)
орнына кету туралы тиісті
командирдің (бастықтың) бұйрығы шыққан күн;
2) келісімшарт бойынша əскери қызметке кіргендер үшін – əскери бөлім (мекеме)
командирінің (бастығының) əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдеріне енгізу туралы
бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде –
жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;
3) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру
бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер үшін,
егер оған дейін
олар əскери қызметшілер болып табылмаса - ұландарды қоспағанда, əскери оқу орындары
үшін əскери оқу орны бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы
шыққан күннен бастап, ал шетел əскери оқу орнына түскен кезде - уəкілетті орган
басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
4) негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың
екінші курсын бітірген
ұландар үшін - əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа көшіру
жəне кадет ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан
күннен бастап саналады.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
) 9-тармақ өзгертілді
9. Əскери қызмет мерзімдері «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі
туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының
Заңында
(бұдан əрі - Заң)
белгіленген жəне:
1) əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретіндер үшін - əскерге шақыру
бойынша əскери қызметтің аяқталу мерзімінің соңғы айының соңғы күнінен
кешіктірілмей;
2) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретіндер үшін - егер осы Қағидаларда
өзгеше
көзделмесе, келісімшарттың аяқталу мерзімінің соңғы айының тиісті күні
аяқталады.
Əскери қызмет мерзімінің аяқталуы ондай күн болмайтын айға тура келген
жағдайларда көрсетілген мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады.
Əскери қызметтен шығарылуына (əскери жиындардың аяқталуына), сондай-ақ
қызметтен
шығару
бірінші
басшының
бұйрығымен
ресімделетін
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік күзет
қызметін қоспағанда, əскери бөлім (мекеме)
командирінің (бастығының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының
арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауысуына байланысты əскери
бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығарылған күн əскери қызмет аяқталған күн болып
саналады.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574
Жарлығымен
10-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
);
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
10-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
10. Əскери қызметшінің əскери бөлімді (мекемені) немесе əскери қызмет (əскери
жиындар) орнын өз бетімен
тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі
қылмыстық немесе əкімшілік жазаны өтеу уақыты оның əскери қызмет мерзіміне
есептелмейді.
Əскери қызметшілердің əскери бөлім (мекеме) орналасқан жерді немесе қызмет
(əскери жиындар) орнын нақты тастап кету уақыты, сол сияқты оның белгіленген мерзімде
əскери қызмет (əскери жиындар) орнына негізсіз келмеуі – əскери бөлімді (мекемені)
немесе əскери қызмет (əскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кету кезеңінің басталуы,
əскери қызметшінің өзінің əскери бөлімге (мекемеге), əскери басқару органдарына немесе
құқық қорғау органдарына келу уақыты не оны ұстап алу
уақыты оның аяқталуы болып
табылады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
11-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
11. Əскери қызметшінің əскери қызметінің (еңбек сіңірген жылдарының) жалпы
ұзақтығы оның əскерге шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да əскери
қызметінің
барлық уақытын, сондай-ақ əскери жиындардан өту уақытын қамтиды.
16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments=… 4/32
Əскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тəртіппен күнтізбелік есептеумен де, жеңілдікті есептеумен де жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: