Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 2.36 Mb.
бет13/14
Дата22.02.2016
өлшемі2.36 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының



құрылтай құжаттарына

өзгерістер мен толықтыруларды

мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

ҚОСЫМША
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

21-қосымша
Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы қағаз тасымалдауыштағы куәлікті (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) беру, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) мәліметтерді енгізу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) болуға ниет білдірген заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы өтініш түрінде жазбаша нысанда жіберген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Бұл мемлекеттік қызмет бойынша алдын ала жазылу, сондай-ақ жедел қызмет көрсету жоқ.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:

1) өтінішті;

2) Жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

4) Комитеттің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берген лицензиясының нотариат куәландырған көшірмесін;

5) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің болуы туралы мәліметтер;

6) брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның орналасқан жерін растайтын құжаттар (мыналар брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның орналасқан жерін растайтын құжаттар бола алады: жалдау, сатып алу-сату шартының, үй-жайға құқықты тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не азаматтық заңнамада көзделген өзге құжат);

7) бірінші басшы қол қойған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрімен расталған құжаттарды тапсыру және алу кұқығына сенімхат (құжаттарды өкілі тапсырған жағдайда).

12. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу туралы өтініш Ережеде белгіленген нысан бойынша жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің құжаттарды қабылдауға уәкілетті қызметкеріне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің құжаттарды қабылдауға уәкілетті қызметкері өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарларды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісінше ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне беріледі.

16. Мынадай жағдайларда:

осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған;

тұтынушының брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тоқтата тұрған не тоқтатқан немесе лицензиядан айырған;

ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттік қызметтің уақтылы көрсетілуі;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және конфиденциалдылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау рәсімдерін реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде олардың сақталуы.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000,
Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413
кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге
асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді. Қызмет көрсету дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn.@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушыларын аккредиттеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

қосымша


Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері







Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің

нормативтік

мәні


Көрсеткіштің

_________

жылдағы

мақсатты


мәні

Көрсеткіштің _________

жылдағы


ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы




1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде

100%







мемлекеттік қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)










2. Сапасы




2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің

100%







сапасына қанағаттанған










тұтынушылардың пайызы (үлесі)










3. Қол жетімділік




3.1. Қызметтің сапасына және

100%







оны ұсыну тәртібі туралы










ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)










3.3. Электронды форматта қолжетімді болатын










қызметтердің пайызы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі




4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне

100%







қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)










5. Әдептілік




5.1. Қызметкерлердің

100%







әдептілігше қанағаттанған










тұтынушылардың пайызы (үлесі)









Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

22- қосымша
Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 1168 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда

алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21, мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 8) тармақшасы және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 523 қаулысы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) негізінде көрсетіледі.

4. Осы Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде) орналастырылған.

5. Өтініш берушіге Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы хабарлау (бұдан әрі – аудитке жұмсалған шығындарды эмитентке өтеу) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Аудитке жұмсалған шығындар эмитентке 12000 (он екі мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтеледі.

Осы Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда эмитентке мемлекеттік қызметтен бас тартуға негіздемелер анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтен бас тарту себебі туралы дәлелді жауап беріледі.

6. Мемлекеттік қызмет қаржылық есептілікке бұрын аудит жүргізбеген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын орналастыруды жүзеге асырған заңды түлғаларға - қаржы құралдарының эмитенттеріне (бұдан әрі – эмитент) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен бірге өтініш ұсынылған сәттен бастап он бес жұмыс күнді құрайды;

2) құжаттарды тапсырған кезде, мемлекеттік қызмет нәтижелерін алған кезде күтуге жұмсалатын ең көп уақыт – 15 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Ұлттық Банктің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі, заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Үлттық Банк орталық аппаратының үйінде көрсетіледі. Ұлттық Банк орталық аппаратының үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет