Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

жүктеу 2.36 Mb.
бет7/14
Дата22.02.2016
өлшемі2.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

3. Жұмыс қағидаттары

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) ) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің сақталуы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 

5. Шағымдану тәртібі

 20. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде –kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Сақтандыру холдингі немесе

сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының ірі қатысушысы

мәртебесін иеленуге келісім

беру» мемлекеттік қызмет

стандартына

ҚОСЫМША
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

Қазақстан Республикасы

Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін Жарлықтарының

тізбесіне

10-қосымша

 Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

«Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-1-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы қаулысы.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап үш ай ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.Өтініш берушілердің жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін Комитетке:

1) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға:

Ережеде көзделген мәліметтер көрсетілген өтінішті;

жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (ол бар болса);

өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болған жағдайда осы қорды қайта капиталдандыру жоспарын;

растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген өтініш берушінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына тапсырылатын жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;

2) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға:

жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы өтінішті;

жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімінің көшірмесін;

жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (ол бар болса);

өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болған жағдайда осы қорды қайта капиталдандыру жоспарын;

өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

 аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

 өтініш берушінің және жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер бар болса, өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сату, жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру немесе іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын;

3) Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға:

Заңның 36-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингісінің болуын растайтын құжатты;

4) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы:

жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы өтінішті;

жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (ол бар болса);

 өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

 жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорын қайта капиталдандыру жоспарын;

 жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімінің көшірмесін;

өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

өтініш берушінің және жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер бар болса, өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сату, жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру немесе іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын;

өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы елдің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болғаны туралы жазбаша растауын, не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

5) өзі тұрған елде шоғырландырылған қадағалауға жатқызылатын жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын сатып алуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы Заңның 36-1-бабының 7-1-тармағына сәйкес:

жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы өтінішті;

Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісінің болуын растайтын құжатты;

 өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;

өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін беруі тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш Ережеде көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту:

1) Заңның 40-бабының 2-тармағының 3) - 5) тармақшаларының талаптары сақталмаған (жеке тұлға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыз болған;

3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;

4) өтініш беруші жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарын бұзған;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иелену бойынша мәміледе тараптардың бірі тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған;

6) өтініш беруші Заңда жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшыларына және акционерлеріне қатысты белгіленген өзге де талаптарды сақтамаған;

7) өтініш беруші қаржы ұйымы өзі тұрған елінде шоғырландырылған негізде қадағалануға жатқызылмаған;

8) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдардын талдауда жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің нашарлауы болжанған;

9) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктері болмаған;

10) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғада Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингісі болмаған;

11) жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал болған жағдайда ұсынылған жинақтаушы зейнетақы қорын қайта капиталдандыру жоспары тиімсіз болған;

12) өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі болмаған;

13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде өтініш беруші ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) ) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің сақталуы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет