Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 2.36 Mb.
бет9/14
Дата22.02.2016
өлшемі2.36 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 
4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

ҚОСЫМША

 

 



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

13-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын



мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – инвестициялық пай қорларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын тіркеу туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімнің көшірмесін;

3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қордың ережесін;

4) кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың жобаларын;

5) егер көрсетілген құжаттар бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілмеген болса, басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеу және жұмысын тоқтату бойынша қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компанияның ішкі құжаттарын беруі тиіс.

 12. Өтініш беруші инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған өтінішті еркін нысанда жасайды.

 13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда:

1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) инвестициялық пай қорының ережелерінде, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе шынайы емес мәліметтер болса;

3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметі туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.

  
3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Инвестициялық пай қорлары

пайларының шығарылымын

мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

ҚОСЫМША
 



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

14-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру» мемлекеттік қызмет



СТАНДАРТЫ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама және қағаз тасымалдауыштағы ілеспе хатпен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі өтінішті;

2) есепті айдың аяғындағы немесе акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікті;

3) Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті беруі тиіс.

12. Өтініш беруші акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге арналған өтінішті еркін нысанда жасайды.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартылады.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет