Қазақстан Республикасы Президентiнiң



Дата04.07.2016
өлшемі128.09 Kb.
#178068





Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН



 

 

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»



мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді


(бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімше) мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 30-бабының 5-тармағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының д-2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы қорытынды беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының ғимаратында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметтер заңды тұлғаларға - екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметтер тұтынушы өтініш жасаған және осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың пакеті ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттар пакеті кезек күтпестен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшігіне салынады;

3) қорытындыны не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшенің жауапты орындаушысы кезек күтпестен поштамен жібереді не тұтынушыға не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенімхат негізінде) береді.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Құжаттарды қабылдау және беру жұмыс күндері сағат 13.00-ден
14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызметтер көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының ғимаратында, сондай-ақ банктің автоматтандырылған банк жүйесін сол жерде тексеру арқылы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының ғимараты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі



 

11. Тұтынушының қорытындыны алуы үшін талап етілетін құжаттар:

1) сауалнама-өтініш;

2) қорытынды беру туралы еркін нысандағы өтініш;

3) автоматтандырылған банк жүйесін сатып алу туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

4) бизнес-жоспардың нотариат куәландырған көшірмесінің бір данасы.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұтынушының бастамасымен автоматтандырылған банк жүйесін тексереді.

Қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптар сақталған жағдайда беріледі.

12. Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған сауалнама-өтініш осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша толтырылады. Шетел тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

13. Құжаттарды хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшіктен алуды және тіркеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырады.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Құжаттарды алынғаннан кейін құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше тіркейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына бұдан әрі мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшенің қарауына жолдау үшін жібереді.

14. Қорытындыны мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшенің орындаушысы тұтынушыға поштамен жібереді не тұтынушыға не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенімхат негізінде) береді.

15. Ұсынылған құжаттардың пакеті осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда қорытынды беруден бас тартылады.

Қорытынды алу үшін құжаттарды қайта тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жауапты бөлімшесіне оларды соңғы берген сәттен бастап өзгермеген құжаттар ұсынылмайды. Бұл ретте құжаттар жалпы негізде қаралады және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі тұтынушының өтінішті және қажетті құжаттардың пакетін қайта берген күнінен бастап есептеледі.

Қорытынды беруден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде беріледі. Жауап поштамен жіберіледі.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

16. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелері тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуі;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде олардың сақталуы.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшесінің жұмысы бағаланатын сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

19. Іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағымды дайындауға көмек көрсету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты бөлімшесі осы Стандарттың


5-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырады.

20. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселені жоғары тұрған сатының қарауы талап етілсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына берілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

21. Тұтынушы мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшенің жауапты орындаушыларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшенің басшысына шағым жасай алады.

22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

23. Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметтері, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.

Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.

24. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

25. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың
1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының ғимаратында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.nationalbank.kz).

 
_______________

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік

қызметтер стандартына

1-ҚОСЫМША

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының



мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшесінің мекенжайы және

байланыс деректері

 


Орталық аппарат бөлімшесінің атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмірі

Коды, телефоны

Бухгалтерлік есеп департаменті

050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21

445

8 (727) 2596807

қабылдау бөлмесі



Бухгалтерлік есеп департаментінің қаржы ұйымдарының және арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасы




445/3

8 (727) 2704911

 
_______________

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты

автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандартына
2-ҚОСЫМША

 

 



Сауалнама-өтініш

 

Өтініш берушінің атауы ___________________________________________



________________________________________________________________

СТН___________________________

Өтініш берушінің орналасқан жері:

Облыс_________________________

Қала___________________________

Аудан__________________________

Көше___________________________

Үй_____________________________

Автоматтандырылған банк жүйесінің атауы ___________________________

_________________________________________________________________

Автоматтандырылған банк жүйесін әзірлеуші__________________________

_________________________________________________________________

Нұсқасы __________________________________________________________

Автоматтандырылған банк жүйесі құрылған күн________________________

_________________________________________________________________

Әзірлеушінің орналасқан жері:

Облыс ______________________

Қала ________________________

Аудан _______________________

Көше ________________________

Үй __________________________

Өтініш беруші пайдаланылатын автоматтандырылған банк жүйесінің бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретіндігін растайды.


 Басшы __________________________ Аты-жөні

(қолы)


 Мөрдің орны

_______________

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты

автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандартына

3-ҚОСЫМША

 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының



келіп түсетін хат-хабарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге

асыратын бөлімшесінің мекенжайы және байланыс деректері

 


Орталық аппарат бөлімшесінің атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмірі

Коды, телефоны

Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21

604

8 (727) 2596853

қабылдау бөлмесі



Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментінің ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы




211

8 (727) 2704566,

2704921


 
_______________

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты

автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандартына

4-ҚОСЫМША

 
 Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

 


Көрсеткіштің нормативтік мәні

 


Көрсеткіштің жылғы мақсатты мәні

Көрсеткіштің жылғы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)


100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


90%

 


 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсыну сапасына және ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпараттың қызметтерінің пайызы (үлесі)

50%

 

 

4. Шағымдану процесі

1

2

3

4

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%







5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

_______________

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты

автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандартына

5-ҚОСЫМША

 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының



мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды

ұйымдастыруға жауапты бөлімшесінің мекенжайы және байланыс

деректері

 


Орталық аппарат бөлімшесінің атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмірі

Коды, телефоны

Ішкі аудит департаменті

050040,
Алматы қаласы,
«Көктем-3» шағынауданы, 21

239/1

8 (727) 2596817

қабылдау бөлмесі


_______________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет