«Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтер стандарты



бет1/2
Дата17.07.2016
өлшемі458 Kb.
#206065
  1   2


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «5» қыркүйектегі

№ 1153 қаулысымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел

мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру»

мемлекеттік қызметтер стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет):

1) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багаждарды тұрақсыз тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдiк рұқсаттарды берген кезде – осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) балама негізде осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша;

2) отандық тасымалдаушыларға жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды берген кезде – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті ХҚКО арқылы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7-бабының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4 «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдау және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды уәкілетті органның беруі, отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды Комитеттің беруі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру қағаз тасығышта болып табылады.

6. Мемлекеттік кызмет дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға өтініш берген кезде:

1) өтінішті берген сәттен бастап – мемлекеттік қызметті алушыға үш жұмыс күні ішінде отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға шетел рұқсаттарын беру туралы хабарлама немесе жазбаша дәлелді жауап;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын мемлекеттік қызметті алушы төлеген сәттен бастап – бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға отандық тасымалдаушылар жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаты беріледі;

3) осы стандартың 11-тармағында көрсетілген, құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) шетелдік рұқсатты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

өтініш беру кезінде:

1) ХҚО аудандық бөліміне:

белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органға немесе Комитетке өтініштің келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні (уәкілетті органға немесе Комитетке құжаттарды жеткізуге кеткен 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсатты беру, отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру мерзімі уәкілетті органға немесе Комитетке төлемді құжаттың келіп түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні (уәкілетті органға немесе Комитетке құжаттарды жеткізуге кеткен 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық бөліміне:

белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органға немесе Комитетке өтініштің келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдауға және жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсатты беру, отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру мерзімі уәкілетті органға немесе Комитетке төлемді құжаттың келіп түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген, қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) шетелдік рұқсатты немесе тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсатты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексімен (Салық кодексі) белгіленген алым ставкалары бойынша республикалық бюджетке төленеді:

1) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдау және жүк тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру, алым төленген күні қолданыстағы екі еселенген айлық есептік көрсеткіші;

2) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру, алым төленген күні қолданыстағы он еселенген айлық есептік көрсеткіші.

9. Мемлекеттiк қызмет:

1) уәкiлеттi органға өтініш берген кезде:

уәкiлеттi органның белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiсi бар, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін күнде көрсетiледi.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2) ХҚО өтініш берген кезде:

жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, ХҚО түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін күнде көрсетіледі.

Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стенділермен жарақтандырылған, дене мүмкiндіктері шектеулi адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкiлеттi органның ғимараттарында осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы еркін нысанда өтінішін ұсынады.

Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдау және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру, көрсетілген автокөлік құралдарына халықаралық автомобильмен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі, рұқсат карточкасы және халықаралық техникалық байқау сертификаты болған кезде беріледі.

Отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттарын беру, көрсетілген автобустарға және (немесе) микроавтобустарға жолаушылар мен багажды халықаралық және қалааралық қатынастағы автобустармен, микроавтобустармен тасымалдауға лицензиясының, лицензияға қосымшасының және есепке алу құжаттарының және халықаралық техникалық байқау сертификаты болған кезде беріледі.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш уәкiлеттi органға және ХҚО еркін нысанда ұсынылады.

13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесімен жүзеге асырылады.

ХҚО құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» қызметкерлер арқылы көрсетiледі.

14. Уәкiлеттi органға немесе ХҚО мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:

1) сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;

2) сұратылатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.

15. Уәкілетті органда және ХҚО мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, жеке келген, жеке басын куәландыратын және сенімхат құжаттарын ұсынған кезде, қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет беруге:

1) көрсетілген автокөлік құралдарына халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға отандық тасымалдаушының рұқсат беру куәлігі және рұқсат карточкалары болмаған (шетел рұқсаты үшін);



2) көрсетілген автокөлік құралдарына халықаралық техникалық байқау сертификаты болмаған (шетелдік рұқсат үшін);

3) халықаралық, қалааралық, облысаралық және ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынастарда жолаушылар мен багажды автобуспен және шағын автобуспен тасымалдауға лицензиялар, лицензияға қосымшалар мен есептік құжаттар болмаған (тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттар үшін);

4) шетел рұқсаттарын немесе жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетел рұқсаттарын беру туралы отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберген күннен күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын төлеу болмаған;

5) уәкілетті органда және уәкілетті орган резервінде шетелдік рұқсаттар болмаған;

6) бір автокөлік құралына екі және/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкасы анықталған;

7) Қағиданың 33-тармағында белгіленген мерзімде пайдаланылған және пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар тапсырылмаған;

8) автомобиль көлігі және кеден ісі салаларындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары бірнеше рет бұзған жағдайда бас тарту негіздері болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтіледi.



5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа  2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық – анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

________________________

«Қазақстан Республикасы

ратификацияланған халықаралық

шарттарға сәйкес Қазақстан

Республикасының тасымалдаушыларына

шетел мемлекеттері аумағы бойынша

жүрiп өтуіне рұқсаттар беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына



1-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi


Р/с


Бөлiмше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95

8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107

8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114

8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131

8 (7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11

8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 а

8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz


8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1

8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4

8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1

8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24 а

8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105 а

8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122

8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5

8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28

8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет