Қазақстан Республикасы салық қызметінің даму стратегиясы



жүктеу 67.2 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі67.2 Kb.


Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Салық комитеті Төрағасының

2007 жылғы 12 қазандағы

№ 734 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы

салық қызметінің даму стратегиясы

Астана қ., 2007 жыл



МАЗМҰНЫ

І. Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен

көрінісi …………………………………………………………………….. 3

1. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету ……………………….. 3

2. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның

қанағаттануын қамтамасыз ету ………….………………………..… 3

3. Тиімділігі жоғары салық қызметін құру ……………………………… 4

ІІ. Салық қызметінің стратегиялық мақсаттары ……………………........ 4

1. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету ………………………..... 4

1-мақсат - Салық мәдениетін көтеру …………………………………… 4

2-мақсат - Салық бақылауын арттыру …………………………………… 4

3-мақсат - Салық заңнамасын оңайлату ………………………………… 5

2. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның

қанағаттануын қамтамасыз ету ………….………………………..…… 5

1-мақсат - Қоғамның салық мәселелерін білуін арттыру ………………. 5

2-мақсат - Көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру …………… 5

3. Тиімділігі жоғары салық қызметін құру ……………………………….. 5

Мақсат - Салық қызметі органдарында басқару жүйесін

жақсарту ……………………….…………………………………………..…5

І Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісi
Миссиясы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушімен салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру.
Көрінісi Салық комитеті – салықтардың барынша түсуін және оның

қызметіне қоғамның барынша қанағаттануын қамтамасыз

ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар мемлекеттік орган.
Мемлекеттік орган ретінде салық қызметінің миссиясы стратегиялық бағытымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуді анықтайды. Салық қызметінің Көрінісіне жету үшін тағы да екі стратегиялық бағыт белгіленеді: салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары салық қызметін құру.


  1. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.

Салық қызметі органдарының қызметінің осы стратегиялық бағыты басым болып табылады және оны жүзеге асыру үшін мынадай бағыттарға баса көңіл бөлу кажет:



  • салық мәдениетін көтеру: мемлекет алдында әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру міндеті тұрғанын ескере отырып, дамыған елдердің салық мәдениетінің деңгейі қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуы үшін үлгі болуы қажет.

  • салық бақылауының тиімділігін арттыру: көлеңкелі экономика көлемін азайту және салық төлеушілердің салық заңнамасын сақтау аясында қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізуде салық қызметі органдары жұмысында тиімді салық бақылауы маңызды мәнге ие.

  • салық заңнамасын оңайлату: салықтардың толық жиналуын қамтамасыз ету үшін салық салудың қолданылып жүрген жүйесін оңтайландыру және оңайлату қажет.




  1. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.

1. Осы құжатта «Салықтар» түсінігімен барлық салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналарыжәне Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар түсініледі.


Қазір салықтық әкімшілендіру аясында салық төлеушілермен салықтық қызмет көрсету сапасымен қанағаттанбауында және қоғамның салықтық заңнама мен салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша ақпаратпен нашар қамтылғанынан көрінетін проблемалар бар.

Осыған байланысты, мынадай бағыттарда жұмыстарды күшейту қажеттігі туындайды:



  • қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру: қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізу және салық қызметінің оң көзқарасты беделін қалыптастыру үшін БАҚ, семинарлар, дөңгелек үстелдер, брошюралар мен буклеттер шығару арқылы қоғаммен ұдайы өзара іс-әрекет жасасу қажет.

  • көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру: көрсетілетін салық қызметінің сапасы халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс.




  1. Салық қызметінің стратегиялық мақсаттары.

Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісiнен жуық 5 жылда мынадай мақсаттар мен міндеттер тұр:




    1. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.

1-мақсат- Салық мәдениетін көтеру.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.

Орта білім беру жүйесінде салық салу негіздерін оқытуды енгізу.

БАҚ-да мемлекеттің жүргізетін салық саясаты, оның маңызы мен қоғамның дамуы үшін басым бағыттары туралы жариялау.

Қолданыстағы салық салу жүйесі туралы буклеттер, анықтама жүйелері және кәсіби салық кеңесшілері арқылы ақпарат тарату.
2-мақсат- Салық бақылауының тиімділігін арттыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет.

Салық бақылауы рәсімін жетілдіру және оңайлату.

Салық бақылауы рәсімін реттеу.

Мемлекеттік, өзге уәкілетті органдардың шет мемлекеттердің құзырлы салық органдарымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.

Салық бақылауы рәсімін автоматтандыру.

Жүйелі түрде салық салудан жалтаруда қолданылатын жаңа тәсілдер мен схемалар анықтау және олардың тууына ықпал ететін себептерді жою аясында әрі қарай шаралар енгізу.
3-мақсат - Салық заңнамасын оңайлату.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етіледі.

Салықтарды есептеуді оңайлату.

Салық есептілігі нысандарын оңайлату.





    1. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.

1-мақсат - қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру.

Ақпараттық-үгіттеу кеңістігін құру: пресс-конференциялар, брифингтер, кездесулер, теле-радиохабарлар, бейнероликтер; салық міндеттемелерінің тууы және орындау туралы түсіндіру ақпаратын құрайтын газет, журнал, брошюралар, буклеттер, жаднамалар, күнтізбелер шығару.

Салық органының әкімшілік процесстерінің ашықтылығын қамтамасыз ету және салық төлеушілерді оның қызметтері, толтырылатын құжат нысандары үлгілері, құжаттарды электронды түрде толтыру және тапсыру, құжаттар айналымы реттілігі, шешімдерді даулау және шағымдану тәртібі туралы ақпараттандыру.

Арнай салықтық пресс-қызметтер құру.

Салық салу аясындағы нормативтік-құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді дайындау кезінде бизнес-құрылымдар мен кәсіби салық кеңесшілерін «кері байланыс» қағидасы бойынша тарту.
2-мақсат- Көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру.

Осы мақсат мынадай міндеттерді шешу арқылы жеткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу.

Электрондық салық қызметтері санын арттыру.

Қазіргі кезгі салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және дамыту.


    1. Тиімділігі жоғары салық қызметін құру.

Мақсаты - Салық қызметі органдарында басқару жүйесін жетілдіру.

Даму стратегиясын жүзеге асырудағы жетістік көп жағдайда басқару жүйесінің тиімділігі мен оның салық органы алдында тұрған міндеттерді шешудегі мақсаттылығымен анықталады.

Бизнесс-процесстерді реттеу, оңтайландыру және реинжинирингтеу.

Салық органдарында Теңгерілген көрсеткіштер жүйесін (ТКЖ) енгізу.

Тәуекелдерді басқару процесін енгізу.

Нәтижеге көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған ынталандыру қағидаларын енгізу.

Кадрлық тағайындаулар және ауыстырулар, сонымен қатар салық органдарына жұмысқа қабылдау кезінде карьералық өсу, ашықтық, объективтік қағидаларын енгізу.

Жоспарлау нәтижелеріне негізделген икемді, мақсатты қаржы және материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету.

Қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, ТМД және алыс шет ел мемлекеттерінің салық қызметтерімен, сондай-ақ аумақтық салық органдары қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу.

Салық қызметі органдарының болашақ кадрларын дайындау бөлігінде ҚР ЖОО-мен өзара әрекет ету.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет