Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2013 жылғы 28 қараша №279 Астана қаласы



бет6/6
Дата30.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#167844
1   2   3   4   5   6


8. Қосымша мәліметтер / Дополнительные сведения







2011

2012

2013

2014

2015

1



















2



















3



















4



















5



















6




















Қолдары / Подписи




2011

2012

2013

2014

2015

1 қаңтарға /

на 1 января



Шаруашылық басшысы /

Глава хозяйства


















Жазуды жүргізген адам /

Лицо, проводившее запись


















1 шілдеге /

на 1 июля



Шаруашылық басшысы /

Глава хозяйства


















Жазуды жүргізген адам /

Лицо, проводившее запись



















20__ жылғы ______________

года


кітапта ______________________ бет

в книге страниц


нөмірленді және бауланды

пронумеровано и прошнуровано


мөр орны қолы ____________

место печати подпись


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қараша № 279 бұйрығына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 279 бұйрығына 2-қосымша
«Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабы»

(коды 1827114 , индексі 1-фермер, кезеңділігі 5 жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың «Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі 5 жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тəртібін нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) шаруа немесе фермер қожалығы – ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді өңдеумен жəне өткізумен үздіксіз байланысты жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі;

2) бизнес сəйкестендірме нөмірі (БСН) – қызметін бірлескен кəсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын заңды тұлға мен жеке кəсіпкер үшін қалыптастырылған бірегей нөмір;

3) жеке сəйкестендіру нөмірі (ЖСН) – қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға соның ішінде жеке кəсіпкер үшін қалыптастырылған бірегей нөмір;

4) ауыл шаруашылығы алабы – ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Оның құрамына егістік, тұрақты дақылдар егілетін жерлер, шабындықтар мен жайылымдар кіреді.

5) егiстiк – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылатын, жүйелі өңделіп отыратын ауыл шаруашылығының пайдалы жерлері, оған көпжылдық шөптерді егетін, жерлер мен таза сүрі жерлер де кіреді;

6) көп жылдық екпелер – жемiс-жидек, техникалық жəне дəрi-дəрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, қолдан отырғызылған (орман ауданысыз) немесе шөптік көп жылдық өсімдіктер, жасанды бұта екпелеріне пайдаланылатын ауыл шаруашылығы алабы. Көп жылдық екпелер құрамында бақша, жүзімдік, жидектік, жемісті көшеттіктер, плантациялар бөлініп көрсетіледі.

7) шабындықтар – шөп шабу үшін жүйелі пайдаланылатын жер учаскелері;

8) жайылымдар – мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын (осындай пайдалану негізгі болып табылатын) ауыл шаруашылығы алқаптары, сондай-ақ шабындыққа пайдаланылмайтын жəне тыңайған жерлерге жатпайтын мал жаюға жарамды жер учаскелері;

9) тыңайған жер – бұрын егiстiк құрамында болған жəне күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын жəне сүрі жерлерге əзiрленбеген жер учаскесi;

10) егістік жерлер – ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы. Оның құрамына, қысқы солғандарын есептен шығарып тастағандағы өткен жылғы егілген күздіктер, дербес ауданға, соның ішінде солған күздіктердің орнына қайта себілгендерді қоса, ағымдағы жылы егілген жаздық дақылдар жəне берілген жылы егілген көпжылдық шөптер (бүркемесіз), бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптердің биыл жиналатын ауданы, яғни көктемге сақталған шабындық ауданы кіреді.

3. Заңды тұлға құрмай жəне оның нышандарынсыз кəсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар шаруа немесе фермер қожалығының субъектілері болып табылады. Шаруа немесе фермер қожалығы мынадай нысандарда құрылуы мүмкін:

кəсіпкерлік қызмет жалпы бірлескен меншік базасында құрылған отбасылық кəсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы. Жер учаскесін жалдау немесе тұрақты пайдалану құқығын беретін мемлекеттік актіні алу негізінде құрылады;

жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыру негізінде құрылған фермер қожалығы. Ауыл шаруашылығы қызметіне патент алу негізінде құрылады;

бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.

4. Статистикалық нысан қатаң түрде осы нұсқаулыққа сəйкес жүргізіледі. Бұл құжаттарда тазартуға жəне мəтіндік жазбада көрсетілмеген түзетулерге жол берілмейді. Кез-келген түзетулер мен сызып тастау кенттік, ауылдық əкімшіліктің Əкімімен немесе маманымен келісілуі жəне қолымен расталуы тиіс.

Статистикалық нысанды толтыруды жүргізу қарамағындағы елді мекендері бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері жүргізеді. Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітаптары кенттік, ауылдық əкімшілікте ақшалай құжаттармен жəне бағалы қағаздармен тең дəрежеде сақталуы қажет.

Олардың сақталуына жəне жазбалардың уақытылы жəне дұрыс жазылуына жауаптылық кенттің, ауылдық округ əкімдеріне жүктеледі.

Кенттік, ауылдық əкімшіліктер бес жылда бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітаптарының бетін белгілеуді жүргізеді. Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабы 1-15 қаңтар аралығында кенттік, ауылдық əкімшілікте шаруа немесе қожалықтарының басшылары болған кезде толтырылады.

Келесі төрт жылда жылына екі рет кенттік, ауылдық əкімшіліктер жаппай салыстырып тексереді жəне шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабындағы бұрын жазылған жазуларды нақтылайды. Жазбаларды тексеру жəне нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 1-15 қаңтарда, 1 шілдедегі жағдай бойынша – 1-15 шілдеде жүргізіледі. 1 2 Жекелеген шаруа немесе фермер қожалықтарының қамтылмай қалуын болдырмау үшін, кенттік, ауылдық əкімшіліктің бас маманы толтырудан немесе шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабындағы жазуларды жаппай тексеру мен нақтылаудан бұрын кенттік, ауылдық əкімшіліктің аумағында орналасқан барлық шаруа немесе фермер қожалықтарының тізімін нақтылайды.

Ірі елді мекендерде кенттік, ауылдық əкімшіліктің бас маманы барлық шаруа қожалықтарын 15 күнтізбелік күннің ішінде жеке аралап, осы мерзімде шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітаптардың бетіне белгі қоюды немесе ондағы жазбаларды анықтауды жүзеге асыра алмаса, онда оған көмекке кенттік, ауылдық əкімшілік кенттік, ауылдық əкімшіліктің басқа мамандарын қосымша тартады. Тартылған адамдардың барлық жұмысына кенттік, ауылдық əкімшіліктің Əкімі басшылық етеді:

ол шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабын оны толтыру немесе ондағы жазуларды тексеру мен анықтау үшін береді;

жеке толтырылған (тексерілген) кітаптарды қабылдайды, сонымен бірге жазулардың дұрыс толтырылуын, енгізілген анықтаулардың айқындылығы мен дəлдігін, шаруа қожалықтары басшыларының қолы қойылған ба, бақылайды.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының жаңа кітаптарына белгі соғу кезінде немесе кітаптарына бұрыннан енгізілген жазуларды тексеріп жəне анықтау үшін, сондай-ақ осы жұмыстардың аяқталуына байланысты мемлекеттік статистиканың аумақтық органдардың мамандары кітаптардың кенттік, ауылдық əкімшіліктердің дұрыс жəне толық толтыруына тексеру жүргізеді жəне оларда табылған кемшіліктерді жоюға көмектеседі.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітаптарының деректерін: жұмыс істейтіндердің саны, мал есебі, ауыл шаруашылығы техникаларының нақты бары жəне басқа да көрсеткіштерді алу үшін – статистикалық органдар пайдаланады.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабының титульдық бетіне əрбір беттердің нөмірлеріне қарама қарсы белгімен елді мекендердің атауы жазылады, оның əрқайсысында осы елді мекендердегі жеке шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша мəліметтер орналастырылған. Кенттік, ауылдық əкімшіліктердің шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабы оларды толтырғаннан кейін тураланып нөмірленеді.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының басшысы басқа көшеге немесе басқа елді мекенге түрғылықты жайың өзгерткенде, «Шаруа немесе фермер қожалықтары басшыларының тұрақты тұратын жері» жолында бұрынғы мекенжайы сызылып, оған жаңасы жазылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының басшысы сол шаруашылықтың құрамындағы басқа адаммен ауыстырылған жағдайда (мысалы, өлімге немесе басқа себептерге байланысты), шаруа немесе фермер қожалықтарының бұрынғы басшысының аты-жөнін сызып тастап, дəлелді құжаттарға сүйене отырып жаңасын жазады.

Егер шаруа немесе фермер қожалықтары бірнешеге қожалыққа тарап кетсе, онда бұрынғы қожалықтың мекенжай бөлігін сызып тастап себептерін жазады: «….-ке бөлінді», жерге ие болу туралы жаңадан берілген актінің нөмірі жəне күні қойылады. Содан кейін жерге ие болу актісі мен басқа да құжаттарға сəйкес, жаңадан құрылған шаруашылықтарды шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабына толтырады.

Егер шаруа немесе фермер қожалықтары таратылса немесе қожалықтың барлық мүшелері осы əкімшіліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетіп қалса, оның мекенжай бөлігін сызып тастап, таратылған күні мен себептерін қояды (жерге ие болу құқынан бас тарту, банкротқа ұшырау).

«Қосымша мəліметтер» бөлімінде осы шаруашылық бойынша: «№… шаруашылықтан бөлінді» немесе «№… шаруашылықтан шықты» деген белгілер қойылады жəне бұрынғы шаруашылық ресімделген бөлім құжатының атауы жəне күні көрсетіледі.

Негізгі шаруа немесе фермер қожалықтарының мекенжай бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналып берілген жер үлесінің нақты тұрған жеріне сəйкес болуы керек. Егер оның филиалы болса, онда ол «шаруа немесе фермер қожалықтары филиалының мекенжайы» жолында көрсетіледі.

Шаруа немесе фермер қожалықтары қызметінің негізгі бағытына жатуы мүмкін: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе аралас (өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы). Басқа қызмет түрлері болуы мүмкін: ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, балық аулау, ара шаруашылығы немесе басқалары (қандай екендерін көрсету).

6. «Шаруа немесе фермер қожалықтарының құрамы туралы мəліметтер» бөлімі жылына бір рет толтырылады – 1 қаңтар күні.

1 - жол бойынша ауылшаруашылық өндірісімен шұғылданатын қызметкерлердің орташа жылдық санын көрсетеді. Оларға жататындар: шаруа немесе фермер қожалықтарының барлық жұмыс істейтін мүшелері жəне шаруа немесе фермер қожалықтарына жалданып жұмыс істейтін азаматтар (еңбек шарты немесе контрактпен қабылданған), сондай-ақ маусымдық жұмысқа тартылғандар.

Қызметкерлердің орташа жылдық санын есептеу үшін есеп айырысу жолымен анықталатын қызметкерлердің орташа айлық саны пайдаланады.

1 мысал. 3–20 мамыр аралығында жалдамалы қызметкерлер 18 күнді жұмыспен өтеді. Мамырдағы жалдамалы қызметкерлер санының жиынтығы, 1 күнде жұмыс істейтіндердің санын осы айдағы жұмыспен өтелген күн санына көбейтумен есептелінеді (5×18=90 адам-күндер). Мамырдағы жалдамалы қызметкерлер санының жиынтығы 90 адам-күнді құрайды, мамырдағы күнтізбелік күннің саны 31, жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны орта есеппен мамырда 3 адамды (90/31) құрады, оған шаруа қожалықтарының тұрақты жұмыс істейтін мүшелерінің санын қосамыз, мысалы 4 адам, сонда 3+4=7 (адам).

Шаруа қожалығының қай айда тіркелгеніне қарамастан қызметкерлердің орташа жылдық саны қызметкерлердің орташа айлық санын жұмыстың барлық айларына қосу арқылы жəне алынған соманы 12-ге бөлу жолымен анықталады.

2 мысал. Шаруа немесе фермер қожалығы 1 сəуірде тіркелген. Тұрақты жұмыс істейтін шаруа қожалықтары мүшелерінің саны 4 адам. Мамырда маусымдық жұмысқа 5 адам 18 күнге жəне қыркүйекте – 3 адам 10 күнге қабылданған болатын. Қызметкерлердің орташа айлық саны сəуірде 4 адамды, мамырда – 7 адамды (5×18/31+4) 1 3 құрады, маусым, шілде жəне тамызда 4 адамнан, қыркүйекте – 5 адам 3×10/30+4), қазан, қараша жəне желтоқсан 4 адамнан болды. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 3,3 адамды [(4+7+4+4+4+5+4+4+4)/12] құрады.

2 - жол бойынша, жұмыс істейтіндердің жалпы санынан жұмыс істейтін əйелдердің орташа жылдық саны жеке көрсетіледі, ұқсас тəсілмен есептеледі.

3 - жол бойынша жалдамалы қызметкерлердің (еңбек шарт немесе келісімшартпен қабылданған), сондай-ақ маусымдық жұмысқа тартылғандардың орташа жылдық саны көрсетіледі. [2 мысалыда мамырда 5 адам 18 күнге жəне қыркүйекте 3 адам 10 күнге тартылды. Жалдамалы қызметкерлердің орташа жылдық саны 0,3 (5×18/31+3×10/30)/12 құрады]

4 - жол бойынша тек қана ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен жəне басқа да қызмет түрлерімен (ауыл шаруашылығынан басқа) шұғылданатын қызметкерлердің орташа жылдық саны көрсетіледі.

7. 1 - жол бойынша «1 қаңтардағы негізгі қорлардың құны, мың теңге» бөлімнің 1 – жолы бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің органдарына шаруа немесе фермер қожалықтарын тіркеу кезінде «Жер учаскелеріне меншік құқығын беретін мемлекеттік актіге» қоса берілетін, «Жер учаскелерінің құнын анықтап есептеу» деректері бойынша жер учаскелерінің бағалау құны көрсетіледі, мың теңгемен.

2 - жол бойынша 5 бөлімде көрсетілген ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының жалпы құнын (жүк жəне жеңіл автомобильдердің құнынсыз) тозғанын шегеріп, ағымдағы жылғы бағада көрсетіледі, мың теңгемен.

8. «1 қаңтардағы кенттік, ауылдық əкімшілік аумағының шегінде жəне шегінен тыс жерде жалға алынған шаруа немесе фермер қожалықтарының меншігіндегі жер» бөлімнің А бөлігінде иелік етуге немесе уақытша пайдалануға алынған жалпы жер алаңы (үй шаруашылықтары бойынша есепке алу кітабында ескерілетін үй жанындағы учаскелерден басқа – №1 нысан), шаруа немесе фермер қожалықтарын тіркеу кезінде алынған жерді пайдалану құқығы актісі негізінде толтырылады жəне 1 жолға қойылады. Егер осы жер немесе оның бөлігі жалға берілсе, онда ол алаң 8 жолда көрсетіледі. Егер жер алаңының актісі бойынша тіркелгеннен басқа жер қосымша жалға алынса, онда осы алаңды 9 жолда көрсету керек. Жер бойынша барлық көрсеткіштер гектармен толтырылады.

Жер шаруашылық меншігінде болған жағдайда ғана 8, 9 жолдар толтырылады. Егер жер жалға алынған болса (соның ішінде ұзақ мерзімді) 8 жəне 9 жолдар толтырылмайды.

2 жол бойынша ауыл шаруашылығының пайдаланымындағы жерлерге егістіктер, көпжылдық екпе ағаштар (орман қорғау жолақтарынан басқа), шабындықтар, жайылымдар жəне тыңайған жерлер жатады. 2, 4, 6, 8 жəне 10 бағанында ауылдық округтың шегінен тыс, бірақ сол шаруа немесе фермер қожалықтарының иелігіне жататын барлық жерлер көрсетіледі.

Б бөлігінде ағымдағы жылы астыққа арналған егіс алаңы шаруашылық басшысынан (немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінен) сұрау арқылы толтырылады.

10 жол бойынша қатараралық бақтардағы егістерге тиісті дақылдардың егіс алаңының қорытындысы жəне барлық егіс алаңының қорытындысы кіреді. Қатараралық жыртылып өндірілетін дақылдардың егістігі, сондай-ақ егіс алаңына қайталап егілетіндер (аңыздықтар) кірмейді. Егістік алаңына есептелмейтіндер: ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген егістік, бақшалардың егістік алаңы, жидекті дақылдар, жасыл гүлзарлар, сүрлеулер жəне басқа да алаңдар.

11 - жолдан 12, 13, 14, 15 жолдар бойынша есепті жылы егілген дəнді дақылдардың түрлері бойынша егістіктер белгіленеді. Жүгері егісіне сүрлем мен жасыл азыққа пайдаланатын, сүттенгенге дейінгі балауыз, сүтті-балауыз жəне балауызданып піскендерді алып тастағанда, толық піскен жүгерінің дəні кіреді. Бұл дақылдар «азықтық дақылдар» бойынша 21 жолда көрсетіледі.

«Картоп» 26 - жолы бойынша себу мерзімі мен оның бағытына қарамастан картоптың барлық алаңы көрсетіледі.

«Көкөністер» 22 - жолы бойынша ашық топырақтағы егістер көрсетіледі. Ашық топырақтағы көкөністерге қырыққабат, қияр, қызанақ, қызылша, асханалық сəбіз, бас пияз, жасыл бұршақ, бұрыш, шомыр, тарна, шалғам, баялды, кəді, асқабақ, жасыл дақылдар (көк жуа, ақ сүттіген, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, қымыздық, саумалдық, рауғаш, кинза) жəне басқа да көкөністер жатады.

16, 17, 18, 19, 20, 27, 29 - жолдары бойынша тиісінше майлы дақылдардың, оның ішінде күнбағысқа, темекіге, қант қызылшасына, мақта, бақша жəне басқа да дақылдарға арналған алаңдар көрсетіледі. Күнбағыс егісіне ағымдағы жылы өндірілген егістер, сондай-ақ қыстың алдында өндірілген күнбағыстың дəнге сақталған егістері кіреді.

Күнбағыстың сүрлемдік егістері бұл көрсеткішке кірмейді. Қант (фабрикалық) қызылшасы бойынша өнімдері қант жəне басқа зауыттарда өңделетін қызылша егістері көрсетіледі. Мал азығына арналған қант қызылшасының егістері 19 жол бойынша көрсетіледі. Мақта бойынша мақта егісінің барлық нақты алаңы есептелінеді, оған көлеңкелеу үшін жағалай отырғызылған тұт ағашының жолақтары, жеке тұрған ағаштардың көлеңкелік алаңдары жəне т.б. кіреді.

«Азықтық дақылдар»21 - жол бойынша барлық азықтық дақылдардың егістері: азықтық дақылдар, тамыр-жемістілер, бақшалық, дəндік жəне дəнді-бұршақтық (азықтық темір-жемістілер, мал азығына арналған қант қызылшасы, азықтық бақша (азықтық асқабақ, азықтық қарбыз жəне азықтық кəділер), азықтық жүгері, азықтық қырыққабат), дақылдық себілген пішендіктер жəне жайылымдар (көпжылдық жəне біржылдық) жəне т.б. көрсетіледі.

28 - жол бойынша гүл егістігіне арналған алаңдар көрсетіледі, «басқа дақылдар»

29 - жол бойынша 11-28 жолдарда көрсетілмеген дақылдар көрсетіледі (зығыр, кəдімгі кенепшөп жəне рамидан басқа кендір жəне өзге де тоқыма талшықтар; кəдімгі зығыр жəне кенепшөп; парфюмерия мен фармацияға арналған өсімдіктер; тірі өсімдіктер өсірілетін алаңдар: жуашық, түбір жəне

тамыр; шегіншектер жəне шыбықтар; саңырауқұлақ өсіретін жерлер; көкөністердің тұқымдық дақылдарының алаңы).

Көпжылғы ағаштардың алаңдары бойынша деректер жеке көрсетіледі: жүзімдіктер (31 - жол), бау-бақшалар (32, 33, 34 жолдар) жəне жидектер (35 - жол).

Шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша егіс алаңы туралы деректер жерді үй жанындағы үлеске есептемей қамтиды.

«Су қоймалары су бетінің жалпы алаңы, шаршы м.» 36 - жол В бөлігі бойынша тауарлық балықтарды өсіру бойынша қолда бар жеке меншік жəне бекітілген су қоймаларының барлық алаңдары шаршы метрмен көрсетіледі.

37 - жол бойынша «Онда ауланған балықтар, кг» аулаған балықтардың саны килограммен көрсетіледі.

Мына жағдайда, егер су қоймасының алаңы бірнеше округтардың арасында орналасқан болса (1 округтен көп), онда су қоймасының алаңы аудандық жер комитетінің шешімі бойынша кімге бекітілсе сол толтырады. Ал балық аулау барлық округтер бойынша есептеледі.

9. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)» бөлімде шаруа немесе фермер қожалықтарын аралау, шаруашылық басшысынан жауап алу жəне малдарды тірі күйінде есептеу, малдардың фермада (қоныста) болған кезінде жүргізіледі.

Есепті жылғы 31 желтоқсанның түнінде сағат 12-ден кейін сатылған, сойылған немесе өлген малдар, бар малдармен бірге сол шаруашылық бойынша есептелінуі тиіс, ал 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 қаңтарына қараған түні сағат 12-ден кейін алынған төл, жəне басқа да көрсетілген мерзімнен кейін əкелінген мал есепке кірмейді.

Шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша малдардың жалпы санына сол немесе басқа шаруашылықта (жəне үй шаруашылықтары бойынша есепке алу кітабында ескерілген – №1 нысан) қызметкерлердің жеке меншігіне жататын мал басы кірмейді.

Ондай мал бар болған жағдайда шаруа қожалығының басшысы ауылдық округке отарында (табынында) малдары бар азаматтардың тізімін беру керек. Бұл мал шаруашылық жөніндегі кітапқа халықтың малы ретінде жазылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабына ол малдардың жайылымда жəне өрісте не болмаса жұмыста немесе басқа шаруашылықтың қарауында жүргеніне қарамастан шаруашылықтың иелігіндегі барлық мал көрсетіледі.

Егер шаруа немесе фермер қожалығы малды жұртшылық шаруашылығына өсіруге (бордақылауға) беретіндігі анықталған болса, мұндай жағдайда міндетті түрде осы мал төлдерінің үй шаруашылықтары бойынша есепке алу кітабына кірмегенін анықтау қажет.

Осындай фактілерді анықталған жағдайда малдардың есебін жүргізуші есепші бұл туралы аудандық статистика бөлімінің маманын хабардар етуі тиіс, ол ауылдық округтің бас маманымен бірлесіп үй басы тізіміне қажетті түзетулер енгізеді, яғни бұл малды «үй шаруашылық» санатынан алып тастайды. Бұл жағдайда тағы да бір рет сол мал санының шаруа немесе фермер қожалығына енгізілгенін тексеру керек.

Егер шаруашылықта келісім-шарт бойынша бордақылауға қойылған мал болса мұндай малдың саны туралы мəлімет кітапқа жазылмайды.

Егер шаруашылықта сол кенттік, ауылдық əкімшіліктің аумағында тұрмайтын адамның иелігіндегі мал бағуда болса, онда ондай малдың саны туралы мəлімет шаруа немесе фермер қожалығының есеп кітабына, яғни «қосымша мəліметтер» бөліміне жазылады.

Малдың есебін жүргізу кезінде малдар мен құстардың түрлері мен жыныс-жас топтары шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабына сəйкес белгіленеді.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының есеп кітабын қайта толтыру немесе ондағы жазуларды анықтау кезінде өріс, жайылымдарда жүрген малдарды айқындау қажет. Болған жағдайда сол малдың санын «одан басқа» бос жолдарға бөлек жазу керек. Кенттік, ауылдық əкімшіліктің маманы осы жазуларды кенттік, ауылдық əкімшіліктің жайылымдағы малдар жөнінде жасаған тізімімен салыстыру қажет.

Басқа шаруашылықтардан ұзақ ұстауға қабылданған малдардың есепке алынбай немесе өткізіп алмауды болдырмау үшін, есеп барлық жағдайда малдың тұрған жері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар бұл малдың нақты

кімдікі екендігі мұқият тексеріледі.

Осы малдың басқа шаруашылыққа қарайтындығы туралы тексерілген қолда бар деректер болса, ұзақ ұстауға қабылданған малға жазылады, одан бөлек шаруашылықтың айрықша тізіміне қай малдың ұзақ ұстауда жүргендігі, сондай-ақ мал иесінің (шаруа қожалығының басшысы) аты-жөні жəне нақты мекенжайы қоса жазылады. Бұл тізімді малды тексеріп жəне енгізу үшін оның иесі тұратын жері бойынша ауылдық округтің маманы пайдаланады. Мына жағдайда, егер мал иесі басқа ауылдық округте тұратын болса, онда осы тізімнің деректері шұғыл түрде мал иесі тұратын сол округ бойынша малды тексеріп жəне енгізу үшін аудандық статистика бөлімінің маманына жіберіледі.

Мал иесінің тұрған жері бойынша мал есепке алынды деген хабарды алғаннан кейін, аудандық статистика бөлімінің маманы малдың алғашқы есебі жазылған қожалық бойынша шаруашылық жөніндегі кітапқа тиісті түзетулер енгізеді.

10. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мəліметтер» бөлімінің «ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері бойынша» жолы бойынша бос жолдарда:

барлық маркадағы (шынжыр табанды жəне доңғалақты) тракторлар, соның ішінде машина құрастырылған

тракторларды қосқанда;

жүккөтергіштігіне қарамастан, трактор тіркемелерінің бары;

жүк автомобильдерінің;

жеңіл автомобильдерінің;

автобустардың;

арнаулы автомобильдердің;

астық жинайтын комбайндардың барлық маркалары мен түрлерінің бары, күріш жинайтынды қосқанда;

тракторлық тұқым сепкіштердің барлық түрлері мен маркілерінің;

арнаулы жəне жалпы мақсатқа арналған тракторлық соқалар, жалпақкескіш-терең қопсытқыштардың;

тракторлық культиваторлардың барлық түрлері мен маркілерінің (жалпақкескіш-терең қопсытқыштарсыз);

шөптерді, жүгеріні, күнбағысты жəне басқа да пішендік өсімдіктерді, көк азық пен сүрлемдерді оруға

арналған аспалы жəне жартылай аспалы тракторға тіркелген шалғылар мен орақтар;

құрғатылған тырмалауға немесе жаңа орылған шөпті дестелеуге, орылған шөптерді қопсыту жəне тезірек кептіру үшін дестелерді айналдыруға, сондай-ақ астықты жинағаннан кейін сабандарды тырмалауға арналған

тіркемелі жəне аспалы трактор тырмаларының бары;

сауын _____құрылғыларының – сиырлар мен басқа да ауыл шаруашылығы малдарын саууға жəне сүтті бастапқы өңдеуге арналған бір-біріне байланысты машиналар мен аппараттардың кешені;

қойды, ешкіні, түйені жəне басқа да малдарды қырқуға арналған электрмен қырқатын агрегаттардың, қолда барын көрсетеді.

Егер шаруашылықта нұсқаулық бөлімінде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы техникасы бар болса, онда сол техниканы да бос жолдарға жазу керек.

«Өнімдерді өңдеуге арналған жабдықтар» жолдары бойынша бос жолдарда астық, мал жəне құс еті, сүт, көкөністер мен майлы дақылдарды өндіру жəне ұн өндіру бойынша (диірмен) жабдықтардың нақты барын көрсетеді.

Егер қандай да болмасын шаруашылықтың нұсқаулық бөлімінде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін басқа да жабдықтары болған жағдайда, оны да сол бос жолдарға жазу керек.

11. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар» бөлімде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен ғимараттардың сыйымдылығы, өндіріс алаңдарын толық пайдалану, механикаландыру құралдарын жəне агротехникалық жəне өнімдерді сақтаудың техникалық нормасына сəйкес жасанды ортаны жасау есебімен анықталады жəне төменде келтірілген сақтау орындары, қоймалар немесе ғимараттардың пайдалы алаңдарын орташа салмағы 1текше м. өнімдерге көбейту жолымен есептелінеді:
Дəн күйіндегі бидай 760 кг

Дəн күйіндегі қара бидай 690 кг

Дəн күйіндегі арпа 625 кг

Дəн күйіндегі сұлы 450 кг

Картоп 650 кг

Қызылша 600 кг

Пияз 400 кг

Сəбіз 550 кг

Қырыққабат 360-404 кг

Жемістер 350 кг


Сақтау орындары, қойма немесе ғимараттардың толық көлемі, биік (қалың) өнім қабаттарын сақтауға арналған пайдалы алаңдардың мөлшеріне көбейту жолымен есептелінеді. Сақтау орындарының сыйымдылығы (бірмезгілде сақтау) тоннамен есептелінеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстардың саны «бірлік» 1 жолға қойылады. 1 жол бойынша «сыйымдылық, т» бір мезгілде тоннамен сақтайтын барлық сақтау орындары, қоймалар жəне имараттардың

жиынтық сыйымдылығын көрсетеді.

Бос жолдарда сақтау орындарының түрлері көрсетіледі: астыққа, картопқа арналған, ортақ сақтау орындары жəне басқа да түрлерге арналған.

Көмбелерде сақталатын картоптар мен көкөністер есепке кірмейді.

«Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыс» бөлім 4 жолы бойынша ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналып салынған қора-қопсылардың саны көрсетіледі - «барлығы», ал «мал орындарының саны» 4 жолы бойынша ауыл шаруашылығы малдарын (мал басы) ұстауға арнап салынған барлық қора-қопсылардың жалпы сыйымдылығы көрсетіледі. Осы есеп үшін түрлері бойынша негізгі мақсатқа арналған малдарды ұстау үшін мөлшері шамадағы алаңдар пайдаланылады.


Малдардың түрі 1 басқа арналған алаң мөлшері (шаршы метр)
Ірі қара мал жəне жылқылар 4 – 5

Бұзаулар мен құлындарға арналған 1,5 – 3

Қойлар мен ешкілер 0,5 – 2

Шошқалар 1 – 7


«Мұнай өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылықтардың қолда бары» жолы бойынша мұнай өнімдерін сақтауға арналған тұрақты жəне жылжымалы металл резервуарлардың қолда бары, бірлікпен жəне олардың тиісті сыйымдылығы – текше метрмен.

«Өсіруге арналған жылыжайлар» жолдар бойынша көкөністер, гүлдер, саңырауқұлақтар жəне басқа өсіруге арналған алаңдар бойынша деректер жазылады. Алаң шаршы метрмен көрсетіледі.

«Ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған жайлар» жолы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған жайлардың саны көрсетіледі: күрделі, бейімделген жəне аспалы, бірлікпен жəне оларға тиісті алаң шаршы метрмен.

«1 қаңтардағы сатып алынатын кооперативтiк бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары» бөлімінде тауарлар бойынша деректер заттай тұлғалауда толтырылады.

«Қосымша мəліметтер» бөлімінде жалға берілген (немесе алынған) жер туралы деректер, кімге оның берілгені (немесе кімнен алынғаны) көрсетіліп, сондай-ақ басқа да қосымша мəліметтер жазылады.

12. Арифметикалық-логикалық бақылау: 2 жол =8 жолды алып тастағанда 3-9 жолдар қосындысы.


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9014 болып енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет